Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының нарықтың экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып,табысты еңбек етуіне байланысты.

Оглавление

Кіріспе...........................................................................................................3-4
тарау. Кәсіпкерлік мәні,мазмұны және оның түрлері.
Кәсіпкерлік мәні мен түрлері........................................................5
Кәсіпкерлікке қажет экономиканың әлеуметтік және құқықтық жағдайлары ....................................................................................................8
Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі.........................................9
2-тарау. Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оны дамыту............................................................................................................13
2. 2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаумен қорғаудың
инфрақұрылымын пайдаланудың тиімділігін арттыру..................20
2.3. Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік мәселелері,оның шешілу жолдары....................................................................................................23
2.4.Шағын кәсіпкерлікті салықты төмендету оны ынталандыру........................................................................................... 26
3-тарау. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару..........................................30
3.2. Шағын кәсіпорындардың дамуын басқару...............................33
3.3.Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу...................................................35
Қорытынды...................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................39

Файлы: 1 файл

айнура2.doc

— 168.00 Кб (Скачать)

   Шағын кәсіпкерлік даму жеделдетудің  және бюджетпен өзара қарым-қатынастарды  тәртіпке келтірулердің маңызды факторы салық салу жүйесін барынша ықшамдау болуға тиіс.

   Мұнда ең өткір проблема салықтық  тексерулердің ретсіздігі болып  отыр. әрбір шағын кәсіпкерлік  субъектісі орташа алғанда 6-8 ресми салықтар мен алым түрлерін  төлейді,соны-мен бірге олардың  әрқайсысы бойынша өз есептеу әдістемесі, салық салу негізі,төлеу тәртібі мен мерзімдері,есеп беру деректемелерімен нысандары бар.

   Салаларды қайта құрылымдауды  және кәсіпорындарды реформалауды  жүргізу кезінде шағын кәсіпкерліктің  артықшылықтары әліде жете пайдаланылмауда.Мемлекет қолдануының осы саладағы пәрменді шараларының бірі болып өндіріс  және қызмет көрсетулер саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың осындай практикасын одан әрі дамыту ірі компаниялардың шағын кәсіпкерлік субъектілерімен соңғыларда өнімнің белгілі түрлерін өндіру бойынша тапсырыстарды орналастыру тұрғысында өзара іс әрекеттерін кеңейту арқылы мүмкін болмақ.

    Ең жиі кездесетін әкімшілік тосқауылдардың бірі кәсіпкерлік қызметі тіркеу және лицензиялау жүйеснің жетілмегендігі болып табылады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарында көзделетін тіркеу және лицензиялау жүйесін ықшамдау:

      Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бәсекеге неғұрлым қабілетті,ал кәсіпкерлікті ұйымдастыруды неғұрлым арзан ете отырып, кәсіпкерлік жүргізудің операциялық шығындарын азайтуға;

      Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары үшін қолайлы орта жасауды қамтамасыз етуге және құрылып жатқан шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыруға;

      Жер учаскелерін, жылжымайтын мүлік  орталығында құжаматтаманы рәсімдеу өнімдерді сертифи-каттау, үй жайларды қайта жоспарлау және қайта жаңару тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді, әсіресе төлеу құны мен құжаттарды рәсімдеу мерзімдерін реттеу талап етіледі.

     2.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаумен  қорғаудың құрылатын инфрақұрылымын  пайдаланудың тиімділігін арттыру.

     Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуын айқындайтын  басты шарттардың бірі шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің қызыметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жақсы дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын элементтерінің жолға қойылуы болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің өзіндік жүйесін құру мен қолдау – бұл нарықтық қайта құруларды жүзеге асырып жатқан елдердің аса маңызды міндеті.

  Қазіргі уақытта республикада шағын кәсіпорындардың өміршеңдігі мен өркендеуін арттыратын, жаңа отандық технологияларды жасауға және игеруге, жоғары пайдалы ғылымды қажетсінетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік туғызатын, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралы болып табылатын бизне – инкубаторлар технопарктер және шағын кәсіпкерліктідамыту жөніндегі орталықта жұмыс жасауда.

  Бірақ,  шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын  құру идеясы Қазақстанның көптеген  аймақтарында қолдау тапқанына және тарағанына қарамастан, жұмыс істеп  тұрған ұйымдардың туындап келе жатқан тәжірибесі республиканың шағын кәсіпкерлігін қолдаудың нарықтық  инфрақұрылымын табысты дамыту үшін жеткіліксіз. Шағын кәсіпкерлікті республикалық жүйесінің дамуын тежеп отырған бірқатар мәністер бар: шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы объектілерін құру жөнінде бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірлеген жоқ, жергілікті жерлерлдегі атқарушы өкіметпен өзара іс – қимыл жасау схемалары жасалған жоқ және т.б.

   Бизнес – инкубаторлар, технопарктер, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау  жөніндегі қауымдастықтар, мемлекеттік  өкілетті органдар көптеген кәсіпкерлер  есептеу, бизнес – жоспарлау  , маркетинг, қаржылық талдау,құқықтық  мәдениет машықтарын әлсіз меңгергендіктен, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін әдістемелік  қамтамасыз етуді күшейту керек.

  Шағын  кәсіпкерлікті  тиімді дамыту  жағдайларын жасау, шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдаудың икемді  жүйесін қалыптастыру үшін жергілікті  атқарушы өкімет пен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара үйлескен іс – қимылы қажет. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай бірінші кезектегі шараларды бөліп көрсеткен дұрыс:

     Мемлекеттік қолдаудың нақты шараларының  мазмұ-ны туралы толық және жариялы  ақпараттың болуы;

     Кез келген кәсіпкер ала алатын,заңдар,салықтар, әсекелестер,клиенттер,тауарлар,жұмыстар мен қыз-мет көрсетулер рыногының жай-күйі туралы іскерлік сипаттағы мәоіметтерді қамтитын ақпараттық желі қалыптастыру;

     Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөнінде  осы экономика секторының жай-күйін және оның даму үрдістерін айқындауды объективті түрде бағалау мақсатында жүйелі зерттеулер ұйымдастыру;

     Шағын кәсіпкерліктің есеп және мемлекеттік  ста-тистика жүйесін жақсарту;

     Шағын кәсіпкерлік секторының қызметін ынталандыруға,халықты және бизнеспен айналысуға даярлауға,кәсіпкерлер туралы тиісті қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған насихаттау және білім беру науқынын ұйымдастыру. 

        
     
     
     
     
     
     
     
     

2.3. Қазақстандағы шағын  кәсіпкерлік мәселелері,оны  шешу жолдары.

      Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуінің алғашқы кездерінен бастап кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің экономиканың саясатының маңызды бағыт-тарының бірі болып келеді.

      Нарықтық қатынастар көптеген  адамдардың өз ісіне деген  табиғи ұмтылуды тудырып,өздерінің  меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі-кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеліп соғады.

      Кәсіпкерлік дегеніміз-адамдар мен  олар құрған бірлестік-тердің  белсенді ,дербес шаруашылық қызметі.  Оның көмегімен адамдар мүліктік  жауапкершілікті сақтай отырып,пайда табу жолын көздейді.

      Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы  келмейтін қызметтің қандай да  болмасын түрімен айналыса алады.

      Шағын кәсіпорынның ел экономикасында  ролі аса үлкен. Біздің Республикамызда  шағын кәсіпкерліктің үлесі қазігі кезде 90% -ке жетеді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің  2001 жылғы 7 мамырдағы жарлығымен  Қазақстан Республикасында “Шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың  2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы” бекітілді және  оның басты мақсаты,негізінен өндірістік салада шағын кәсіпкерліктің серпінді дамуы қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

       Бағдарламаның міндеттері оның  мақсатымен айқындал-ды:

  • Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  • Қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудағы ролін арттыру;
  • Шағын кәсіпкерліктің өндірістік  саласындағы басымдылықты дамыту.

  Шағын  кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз  ету жүйесін жетілдіру және  дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

  Өзінің  құрылымымен шағын кәсіпорындар  жұмыс орындарын көбейтуге жағдай  жасайды,сөйтіп жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы  білімділігінің артуы барысында  азаматтар жаппай өзінің жеке қабілетін көрсете түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған биімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке ісін ашу,өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады.  Мұның өзі сондай-ақ,шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттікті тудырады.

  Мәселен,2003-2005 жылдар аралығында мемлекеттік  негізгі мақсаты болып шағын  және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-дегі  үлесін 25% -ға ұлғайту және осы  салада жұмыспен қамту деңгейін 1,6млн.адамға дейін жеткізу,сонымен  қатар бұл негіздер тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады.

  Қазіргі  таңда шағын бизнес мемлекеттік  бюджеттің 11% -ін қалыптастырады,ал  шағын және орта кәсіпкерлік  кәсіпорын-дардың саны 112,2 мыңды  құрайды. Мұндай өсімге жағымды  әсер ететін келесі факторларды атауға болады:кәсіпкерлік тұрғысында нормативті-құқықтық базаның қалыптасуы,мем-лекеттік органдарының кәсіпкерлердің бірігіп жұмыс істеуі негізінде әлі де жетілу үстінде,кәсіпкерлікті қолдайтын 200 астам қоғамдық кәсіпорындар жұмыс істеуде,кеңесші жиын органдар-президент жанында жұмыс істейтін кәсіпкерлер кеңесі құрылды,ҚР-дағы үкіметі жанында кәсіпкерлікті қолдау комиссиясы құрылды, сонымен қатар біршама қорлар қызмет жасайды,соның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры, “Евразия”қоры және т.б. жұмыс жасайды,жеке және заңды тұлғаларға тегін есеп ашатын екінші деңгейдегі банктер түрлі операциялар жүргізеді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру бір топ банктер мен Европалық даму және қайта құру банкінің бағдарламасы бойынша,кәсіпкерлікті қолдаудың  Орталық Азиялық Американдық қоры, Инвестиция және дамуы бойынша Неміс компаниясы қолдау жасайды,Халықаралық даму және қайта құру банкімен,Ис-ламдық даму банкілерімен бірігіп несиелік қызметтер атқаратын Тұран Әлем Банкі,Нұрбанк,Темірбанк, Қазком-мерцбанк сияқты біршама банктар қызмет атқарады. Несиелік кезең мұнда 1ай мен 7 жылға дейінгі аралықты қамтыса,жылдық пайыздық салым 16-27%-ті құрайды. Демек, кәсіпкерлік саласындағы координат жүйесі жақсы деңгейді көрсетеді. Дегенмен,статистикалық мәлеметтерге сүйенсек еліміздегі шағын кәсіпкерліктің үлесі жалпы қызмет етушілердің 13,8% құраса,ал оның даму қалпы 1999-2000 жыл аралығында 10,1% құрайды.  Мұндай санақ еліміздегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін кәсіпкерліктің дамуы интенсивті,яғни қарқынды қалыптастыру керектігін көрсетеді.

  Қазіргі  таңда кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі  инфрақұрылым әлі де болса  толық дамымаған,соған байланысты  тұрғындар арасында шағын және  орта кәсіпкерлік туралы және  түрлі заңдарға өзгерістер енгізілуі  туралы ақпаратпен аз қамтылған. 2000 жылы Экономикалық Зерттеу Институты жүргізген әлеуметтік зеттеу деректері бойынша кәсіпкерлердің ⅓ -і оларды қолдау жөніндегі мекемелермен қарым-қатынас жасамайтындығын көрсетті.

   Назар аударатын мәселелердің  бірі болып кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтататын түрлі тексерулер жатады. Бұл мәселені бірнеше рет президенттің өз талқылауға салды. Мұндай тексерулер қатарына: салықтық,әкімшілік,қаржылық, валюта-экспорттық эәне т.б. жатады. Бұл жөнінде үкімет тарапынан бірнеше қаулылар мен бұйырықтар қабылданды. Олар негізінен бріңғай статистикалық есеппен тіркеуді Орталық құқықтық  статистика арқылы жүргізеді. Қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайындағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қолдау негізіне кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталуы қажет. Ол үшін несиелік жеңілдіктер,экспортты сақтандыру,коммерциялық ақпарат-тардың экспортты сақтандыру Копропациясы,Қазақстандық инвестициялық қор,Инновациялық қор,Несиелік бюро және т.б. арқылы жүргізіледі.  

     2.4. Шағын кәсіпкерлікті салықты төмендету арқылы ынталандыру. 

  Шағын  кәсіпкерліктің нарықтық экономикады  алатын орны ерекше. Себебі ол  көптеген экономикалық саяси  -әлеуметтік мәселелерді шешуге  қабілетті. Бірақ шағын кәсіпорындар  санының өсіп,инфрақұрылымның дамуы  мен мемлекет тарапынан қолдау тапқанда ғана шағын бизнес бұл міндеттерін жүзеге асыра алады.

  Бәсекелестік  механизмнің іргетасы болғандықтан,бүкіл  дүниежүзі көлемінде шағын кәсіпкерлік  мемлекет тұрғысынан қолдау табады.

  Шағын  бизнесті ынталандырудың әдістері сан қилы.

  өндірістік  дамыған елдердің тәжірибесі  жоғарғы икемділікке ие болатын  мемлекетті қолдаудың жанама  шараларының неғұрлым нәтижелі  екендігін көрсетеді. Оларға шағын  кәсіпкерліктің қызмет ету жағдайын  жеңілдетуге арналған тоылп жатқан  салық шегермелер мен жеңілдіктер жатады.

  Салықтық  сипаттағы шаралардың ішінен  төмендегілерді атауға болады:

    • Шағын кәсіпорнындарды алғашқы 2-3 жыл бойына пайдаға деген салықтантолығымен босату, одан кейінгі 4-5 жылдан бірқатар жеңілдіктер беру;
    • Прогрессивті салық жүйесін қалыптастыру;
    • Салықтың кйбір түрлері бойынша берілетін жеңілдіктер;
    • Кәсіпкерлерді кешеуіл қалған аудандарға тарту үшін төмендетілген салық мөлшерін белгілеу;
    • Иновациялық бизнесті дамыту үшін берілетін салықтық жеңілдіктер;
    • Жеделдетілген амортизация тәртібі;
    • Мамандарды дайындауға арналған қаржылараға деген салықтық шегермелер;
    • Салық салынбайтын пайда резервін жасау.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару