Қазақстандағы кедейшілік пен күресу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 13:23, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………………….3

I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ........................................................................9

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау...............................................12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ................................17
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары..................................................................................25


Қорытынды ........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер ........................................

Файлы: 1 файл

Банк.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

  ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше – банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша барлық және ФРЖ-нің мүше – банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше – банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше – банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.

  Депозиттік  мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше – банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз банктер.

  Екінші  дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің  бұл ұйымдастыру формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына  жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг- компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.

  Банктердің  бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банктік холдинг – компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдану, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді ( мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары ).        

  Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 34 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.

  Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы – несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұғымды бағыттауға мүмкіндік береді.

  Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай делінген: "Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі –  Қазақстан Республикасының валютасын  реттеудің негізгі органы болып  табылады".

  "Валюталық реттеу" түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

  Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

  Орталық банк елдегі ақша – несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша – несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша – несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

  Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет игілігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке есеп береді.

  Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ – та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы заңға ғана бағынады.

  АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын – Федералды резервті жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін – сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі келіспеушілік бойынша қызметіне босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессі алдында есеп беріп отырады.

  Біздің  еліміз бен шет елдердегі несие  жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты  дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша – несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама  тәуелсіздігінің негізгі жағдайы  бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципиалдық мәні бар.

  Президенттің " Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар  жарлығында былай деп жазылған:  "Жүргізіліп отырған мемлекеттік  ақша-несие саясатының және оны заңға  сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк:

а) Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігіне  заем алушының  кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

б) осы  шарттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді".

  Осылайша  Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.

  АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа  елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей  несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі. 

  Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді. 
 

         III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және

      жетілдіру жолдары 

      2003 жылы  Қазақстанның қаржы секторы  үшін мерейтой жылы болды 15жылы  қарашада  ұлттық валютаның енгізілгеніне  10 жыл толды. Он жыл ішінде  Қазақстанның қаржы секторының  барлық сегменттерін дамытуда  қомақты нәтижеге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД ның басқа елдеімен салыстырғанда едәуір дамыған және мелекеттің араласуынан қорғалған болып табылады.

      2003 жылы акша несие саясатын жүргізу  қаржы рыногында тұрақтылықты  қамтамасыз етті, сонымен қатар  елде жоғарғы экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылы номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі  жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа  шығарды. Бұл шараға бірқатар факторлар  себепші болды және ұлттық валютаны қолдан жасаудан қорғауды күшейтуге бағытталған.  
 2006 жылы  жалпы инфляция денгейі 5.4пайызды құрады. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай тенгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаю үрдісімен сипатталады. Тенгенің нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының едәуір әкелуіне ықпалын тигізеді.

      2006 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық  резервтері 58 пайызды 4958,9 млн. долл. Дейін ұлғайды, бұл 4,8 айдан  астам тауарлар мен қызмет  көрсету импортының орнын жабуды  қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 69,3 пайызға  8565,2 млн.долл. дейін өсті.

      Ұлттық  банктің таза халықаралық резервтерінің  өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне алып келеді: ақша базасы 52,2% ға 316,9 млрд. Тенгеге  дейін, қолма қол ақша   47,6% ға дейін  238,7 млрд, тнгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде  2006 жылы экономиканы модернизациялау  17,3 % дан  22%ға дейін өсті.

        

      2006  жылы екінші денгейдегі банктердің  жиынтық активтері 46,5 ға 1,7 трлн. Тенгеге дейін ( 11,7 млрд. АҚШ долларына  жуық), ал жиынтық меншік капиталы  45,1% ға  233,9 млрд тенгеге дейін ұлғайды. 2006 халықтың  (резидент еместерді есептегенде)  салымдарының өсуі жалғаса түсті, олар 33,4% ға  343,2 млрд тенгеге дейін (2,4млрд АҚШ долларына жуық) өсті. 2006 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына несиенің  45,5% ға 978,1 млрд тенгеге дейін өсуәне ықпал етті.

      Барлық  қадағалау қызметтерінің 2004 жылы 1қаңтарда құрылған Қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау  жөніндегі агенттікке берілуіне  байланысты Ұлттық банк өз қызметін сапалы дамытудың келесі сапасына өтті. Енді негізгі күш жігер өз ақша несие саясатын және валюталық реттеуді дамытуға шоғырландыратын болады. Таяу жылдардағы басым бағыт ретінде ақша несие саясатын Еуропалық Одақ стандарттарына барынша жақындату айқындалды.

      2006 жылдан бастап Ұлттық банктің  негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын қамтамасыз ету  ақша несие саясатындағы мүлдем  жаңа айқындама болып табылады.

      Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке келесідей міндеттер жүктелген:

      - мемлекеттің ақша несие саясатын әзірлеу;

      - төлем жүйелерінің жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

      - валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

      - қаржы жүйесінің тұрақтыығын  қамтамасыз етуге ықпал ету. 

      Ұлттық  банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банктің жауапкершілігін күшейтеді және ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

      Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзыында қалады. Осы міндетті  шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан  Республикасының Қарды нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.

      2007 жылы Америкадан басталған қаржы дағдарысы әлемнің көптеген мемлекеттерінде өз әсерін тигізіп отырғаны анық. Соған орай барлық елдер өздерінің қаржы жүйесін қорғап қалу мақсатында іс шаралар жасап жатыр. Біздің Үкімет те қаржы тұрақтылығын қорғау үшін банктерге қолдау жасауда. Альянс Банк, БТА Банк, Халық Банкі және Казкомерцбанк Үкіметтің қолдауына ие боды.

      Жалпы, банктердің қаржы айналымын тұрақты  жүргізудегі қызметтері алуан түрлі болатыны анық. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындарына, шағын кәсіпкерлік иелеріне, жеке тұлғалардың үй алуына және басқа да жобалар бойынша несиелер береді. Банктердің қызметі сонысымен қарқынды жүргізіледі. Алайда, ондай қызметтерді кең көлемде жүргізуге қазіргі таңда банктердің қаражаты жетпей жатыр. Сондықтан Үкімет төрт банкке қолдау жасап отыр.

      Берілген  қаражатты банктер тиімді пайдалануы қажет. Яғни, ел азаматтарының сұранысын  қамтамасыз етіп, шағын кәсіпкерлерге, басқа да жобаларды жүзеге асыруға, құрылысы жүріп жатқан ірі нысандардың жұмысы тоқтап қалмауы үшін несие беруі керек.

      Үкіметтің «Қазақстанның Халық банкі» АҚ және «Казкомерцбанктерінің» несиелік саясатындағы ең басты артықшылықтардың бірі Қазақстанның барлық аумағындағы нақты секторлар жобаларын қаржыландыру болып табылады. Мәселен, биылғы 2008 жылдың 1 қазанындағы банк жүйесінің активтерінің үлесі -34,8 пайыз, займда  -36,9 пайыз, жеке тұлғалардың депозиттерінде -41,6 пайыз және заңды тұлғалардың депозиттерінде 42,6  пайызды құрайды. 2007 жылы бұл екі банк өз акциялары мен депозитерлық қолхаттарын Лондон қор биржасында орналастырған атты белгі банктер блып саналатындықтан көп нәрседен хабар болып отыр.

Информация о работе Қазақстандағы кедейшілік пен күресу жолдары