Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 16:19, курсовая работа
Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма – қол ақшамен де (сауда ұйымдарының түсімі және басқалар) өтеледі.
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3
1. Ақша несие жүйесінің теориялық сұрақтары---------------------------------4
1.1.Ақша – несие жүйесінің экономикалық мәні-----------------------------------4
1.2. Ақша – несиенің жүйесінің маңызы мен атқаратын рөлі---------------------6
1.3. Ақша – несие жүйесінің принциптері мен формалары------------------------9
2. Қазақстан Республикасындағы ақша – несие жүйесін талдау----------10
2.1. Ұлттық ақшаны енгізу, қазіргі ахуалы------------------------------------------10
2.2. Қазақстан Республикасының ақша – несие жүйесінің ерекшеліктері-----15
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша – несие жүйесін дамытудың жолдары------------------------------------------------------------------------------------19
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------27
Қолданылған әдебиеттер-----------------------------------
Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің де рөлі маңызды болып табылады. Мұнда мемлекет өз қызметін ҚР Ұлттық Банкі және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы
ҚР – сы Президентінің № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы» жарлығына сәйкес бірқатар өзгерістер болды. Атап айтқанда ҚР Ұлттық Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агентікке жүктелінген болатын.
Ақша – несие статистикасын және бухгалтерлік есепті жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады. Несиелік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың шоттарын енгізе отырып, шоғырландырылған негізде қаржы секторына шолу жоспарлануда.
Төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша бірыңғай ұлттық желі (Төлем карточкаларының микропроцессорлық технология негізіндегі ұлттық банкаралық жүйесі) құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Несиелік ставкаларды төмендету мен шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді кеңейтуге ықпал ету бұрыңғыдай маңызды болып отыр. Осы міндетті шешу үшін ҰБ жанама әдістерді, қайта қаржыландыру ставкасын біртіндеп төмендетуді пайдаланады.
Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлікке берілетін несиелер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелдерін төмендету арқылы «Несиелік бюро және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» Заңның қабылдануы ықпал ететін болады.
Осылайша,
Ұлттық Банк 2004 жылы және одан кейінгі
жылдары қаржы секторын дамытуда
бұдан бұрынғы кезеңдерде жеткен жоғары
қарқындарға қолдау
көрсетуге тырысады.
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша – несие жүйесін дамытудың жолдары
Қазақстан Ұлттық банкі
ҚҰБ ақша – несие жүйесінің басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша – несие жүйесі – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша – несие жүйесінің макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша – несие жүйесінің Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюнктурасының
Рестрикциялық ақша – несие жүйесі - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай – ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша – несие жүйесі – несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша – массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады.
Соңғы жылдардағы ақша – несие жүйесінің басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша – несие жүйесін жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша – несие жүйесінің негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
Пайыз саясаты: ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша – несие жүйесі жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша массасы және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен
Ұлттық банктің мүдделендіру
мөлшерлемесі ақша нарығындағы
Қайта қаржыландыру
Ұлттық банктің ресми
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ – та міндетті резервтер категорияларына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ – тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осындай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р., Макконелл, Стэнли Л. Брю.
Федералды резервтік жүйе
Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциялдық нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілі қолданады:
Резервтік талаптарды
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсматында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Ашық нарықтағы операциялар - бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.
Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады, да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.
Ұлттық банктің валюталық
Ұлттық банктің валюталық
нарықтағы интервенция дербес
түрде кез келген банктер және
валюталық мәмілелер түрлерін
пайдалану негізінде жүзеге
Валюталық нарықтағы Ұлттық банктің интервенциясы жалпы ақша – несие жүйесі шегінде жүргізіледі. Валюталық интервенция, біздің тәжірибемізде, бүгінгі күні алтын валюта резервтері есебінен жүзеге асырылуда.
Алтын валюта резерві ұлттық валюта – теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады. Алтын валюта резервтері мыналардан тұрады:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша – несие жүйесін талдау