Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:11, курсовая работа
Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері,Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау,Қаржылық жағдайды талдау бағалау әдістері т.б.
Кіріспе...............................................................................................................3
1 Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері....................5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау....................5
1.2 Қаржылық жағдайды талдау бағалау әдістері.........................................8
2 “Торғай боксит кен басқармасының” экономикалық сипаттамасы.........13
2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама........................................................13
2.2 “Торғай боксит кен басқармасы” ашық акционерлі қоғамының төлем қабілеттілігін тұрақтылығын талдау...............................................................16
3 Кәсіпорынның тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдау........... 20
3.1 Кәсіпорынның өтімділігін талдау ............................................................20
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................23
3.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау..........................................26
4 Кәсіпорынның төлем қабілетсіз қаржылық жағдайын талдау..................30
Қорытынды........................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі....................................................................35
Кәсіпорынның табыстылығын талдауда табыстың қалыптасуына көңіл бөлу қажет, яғни негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстарды есептеу. Сонымен қатар жалпы капиталдың, өндірістік қорлардың және өткізілген өнімнің тиімділігіне әсер ететін факторларды зерттеу қажет.
Табыстылық көрсеткіштерінің деңгейіне және серпініне келесі өндірістік-шаруашылық факторларының жиынтығы әсер етеді: өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейі, капитал және оның көздерінің құрылымы, өндірістік қорларды пайдалану дәрежесі, өнімнің көлемі, сапасы және құрылымы, өндіріс шығындары мен өзіндік құны. Кәсiпорының нарықтық экономика жағдайында қызмет етуiнiң экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргiзудiң нәтижесiн, жанды және затқа айналған еңбектiң өнiмдiлiгiн көрсетедi. Оны кейбiр экоомистер экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерiне жатқызса, ендi щбiреулерi оны кәсiпорцын жұмысының тиiмдiлiгiне жатқызады. Бiздiң ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткенi табыстың абсолюттi сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкiндiк бермейдi.
Кесте 6
Кәсiпорынның табыстылықтылық көрсеткiштерiн талдау
Көрсеткiштер | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | Өзгерiс (+;-) |
Өнiмдi өткiзуден түскен табыс | 375464 | 456432 | 572762 | 197298 |
Өнiмнiң өзiндiк құы | 201921 | 229203 | 321893 | 119972 |
Жалпы табыс | 175543 | 227229 | 250869 | 75326 |
Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi | -64722 | -56425 | -62449 | 2273 |
Кәсіпорынның өкімінде қалатын табыс | -263738 | -109798 | -60484 | 203254 |
Табыстылықты талдау барысында табыстылық көрсеткiштерiн талдау кестесiнiң мәлiметтерiнiң мағынасы өте зор. Өйткенi осы көрсеткiштер негiзiнде табыстылық тиiмдiлiгiнiң негiзгi коэффициенттерi анықталады. Көрсеткiштердiң iшiнде орын алатын өнiмдi өткiзуден түскен табысты қарастыратын болсақ, 2008 жылы ол 197298 мың теңге құраған болса, 2010 жылы 197298 мың теңгеге өсiп, 572762 мың теңгеге жеткен. Өнiмнiң өзiндiк құны 2008 жылы 201921 мың теңге болатын болса, 2010 жылы 321893 мың теңге көлемiнде көрiнiс табады. Ал жалпы табысқа келсек, 2008 жылы 175543 мың теңге болған. Ол өнiмдi өткiзуден түскен табыстан өнiмнiң өзiндiк құнын алып тастағанна шығады. Алайда 2010 жылы жалпы табыс көлемi 250869 мың теңгег өссе де , кәсiпорынның өкiмiнде қалатын табыс мөлшерi терiс мәнге иеболады, бұл көрiнiс шығынды, бұл кәсiпорынның соңғы 4 жыл iшiнде боксит кенiн өндiрiп алуда бiрiнщiде - жоспар көлемiнiң орындалмауы, екiншiден – боксит өндiрiлiп алынатын жерледiң шарттарына байланысты шығындардың өсуi, сол себептi кәсiпорынның соңғы 3 жылда өз меншiктi құралдардың аз болуынан қарыз құралдар мөлшерiнiң өсуiне әкелiп отыр. Сондықтан кәсiпорынның өткiзуден түскен табыс өссе де, өзiндiк құны да өсiп отыр және меншiктi құралдардың үстем болу есбiнен кәсiпорынның өкiмiнде қалатын табыс терiс мәнде болады.
Кәсiпрорынның құралдарының қандай мөлшерi қаншалықты тиiмдi және қаншасы көбiрек пайда әкелетiн сипаттайтын негiзгi тиiмдiлiк көрсеткiштерiн қамтитын табыстылықтың тиiмдiлiк көрсеткiштерiн талдау кестесiнен көре аламыз.
Кесте 7
Кәсiпорынның табыстылығын талдау
Көрсеткiштер | 2008 жыл | 2009жыл | 2010 жыл | Өзгерiс (+;-) |
А | 1 | 2 | 3 | 4 |
Активтердiң орташа шамасы | 1860071 | 2027427 | 1827196,5 | -32874,5 |
Меншiктi капитал | 43477 | 40241 | 35035 | -8442 |
Қарыз капитал | 565158 | 699969 | 1418019 | 852861 |
Мiндеттемелердiң құрамындағы ағымдағы пассивтер | 4485 | 45 | 50 | -4438 |
Ағымдағы активтердiң орташа шамасы | 604063,5 | 632563,5 | 508257 | -95806 |
А | 1 | 2 | 3 | 4 |
Өнiмдi өткiзуден түскен табыс | 375464 | 456432 | 572762 | 197298 |
Кәсiпорынныiң өкiмiнде қалатын табыс | -263738 | -109798 | -60484 | 203254 |
Жалпы активтердiң тиiмдiлiгi | -14,1 | -5,41 | -3,3 | 10,8 |
Ағымдағы активтер тиiмдiлiгi | -43,6 | -17,3 | -11,9 | 31,7 |
Меншiктi капитал тiмдiлiгi | -606,6 | -272,8 | -172,6 | 434 |
Өнiмдi өткiзудiң тиiмдiлiгi | -70,2 | -24,05 | -0,01 | 70,19 |
Кәсiпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуiнiң экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргiзудiң нәтижесiн, жанды және затқа айналған еңбектiң өнiмдiлiгiн көрсетедi. Оны кейбiр экоомистер экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерiне жатқызса, ендi щбiреулерi оны кәсiпорцын жұмысының тиiмдiлiгiне жатқызады. Бiздiң ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткенi табыстың абсолюттi сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкiндiк бермейдi.
Кәсiпорынның тиiмдiлiгiн сипаттайтын негiзгi тиiмдiлiк көрсеткiштерiн талдау нәтижесiнде кәсiпорынның қызметiн тиiмдi деп айтуға болмайды. Өйткенi қарастырылып отырған 3 жыл iшiнде де кәсiпорынның залалға ұшырағанын анықтауға болады. Сондықтан меншiктi капитал, өнiмдi өткiзудiң жалпы және ағымдағы активтердiң тиiмдiлiгiн анықтаған кезде олар оң емес, терiс мәнде көрiнiс табады. Яғни тиiмсiздiгiн сипаттайды.
3.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық аспектіде оның құралдар айналымының жылдамдылығында көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау айналымының әр түрлі қаржылық коэффициентерінің деңгейлерін және өзгерістерін зерттеуде тұжырымдылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттар қаншалықты тез нақты ақшаға айналғанына тікелей байланысты болады. Активтердің әр түрлері ақша нысанына әр түрлі жылдамдығымен айналады. Құралдардың айналымда болған кезеңі біріншіден, кәсіпорын қызметінің ішкі шарттарымен, әсіресе, активтерді басқару стратегиясының тиімділігімен анықталады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі келесі коэффициенттерімен анықталады.
Айналымды құралдардың айналымының жылдамдығы - өндірістік шаруашылық қызметінің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының өсуіне өндіріс уақытының және айналым уақытының қысқаруы себеп болады. Өндіріс уақыты технологиялық үрдісімен және қолданылатын техниканың сипатымен шартталады. Айналым уақытының қысқаруы мамандыруымен, тікелей шаруашылық байланыстарды жақсартумен байланысты болады. Кәсіпорынның ағымдағы активтердің айналым көрсеткіштерінің қозғалысын төмендегі кестеде қарастыруға болады.
Дебиторлық берешектің айналымының коэффициенті дебиторлық берешектің сапасын бағалау үшін қолданылады, ал айналымының мерзімі сатып алушыларға тапсырылған құжаттарды төлеуге қажетті уақытты көрсетеді.
Кредиторлық берешектің айналымының коэффициенті кәсіпорынға ұсынылатын коммерциялық несиенің кеңейгені немесе кемігені туралы куәландырады. Кредиторлық берешектің айналымының коэффициентінің өсуі кәсіпорынның берешектерін төлеудің жылдамдығының өсуін сипаттайды.
Кесте 8
Есеп айырысулардың айналымының көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіштер
| 2010 жыл басына
| 2010 жыл аяғына | Ауытқу (+:-)
|
А | 1 | 2 | 3 |
1. Дебиторлық берешектің орташа шамасы, мың теңге | 237460 | 203743,5 | -33716,5 |
2.Дебиторлық берешектің айналымының коэффициенті | 1,7832 | 4,0921 | 2,3089 |
3.Дебиторлық берешектің айналымының мерзімі, күндер | 0,0015 | 0,0017 | 0,0002 |
4.Кредиторлық берешектің шамасы, мың теңге | 2161053 | 1417969 | -387584 |
5. Кредиторлық берешектің айналымының коэффициенті | 0,2101 | 0,4039 | 0,1938 |
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау