Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:38, курсовая работа
Коммерциялық банктер жеке фирмалардың шетел валютасын сатып алу-сату турулы тапсырмасын орындап, брокерлер ролін атқаруы мүмкін. Валюта нарығы өте үлкен нарық, сондықтан осы үлкен нарықта банктік емес диллерлік және брокерлік фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады. Экономикасының жағдайы төмен және демократиялық жүйелер дамымаған елдерде «қара» валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің делдалдары мен мүшелерінің саны өте көп болады.
Кіріспе............................................................................................3
І –бөлім. Валюта нарығының қалыптасуы
1.1. Валюта нарықтары................................................................5
1.2. Халықаралық валюта нарықтары.......................................7
1.3 Халықаралық валюта курсының қалыптасуы.....................................10
ІІ-бөлім. Халықаралық қаржы нарығындағы
валюта жүйесі
Валюта жүйесі....................................................................11
Халықаралық валюта жүйесінің қаржы
нарығындағы маңыздылығы..............................................14
Қорытынды................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................22
Жоспар
Кіріспе.......................
І –бөлім. Валюта нарығының қалыптасуы
1.1. Валюта нарықтары.....................
1.2. Халықаралық валюта нарықтары.....................
1.3 Халықаралық валюта
курсының қалыптасуы...........
ІІ-бөлім. Халықаралық қаржы нарығындағы
валюта жүйесі
нарығындағы маңыздылығы...................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
«Валюта» деген терминді екі мағынада қолдануға болады. Біріншіден, елдің ақша бірлігі-оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі. Екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлемқұралдары көрінісін алады.
Ал жалпы түсінікке келсек, валюта халықаралық төлем-есеп айыру айналымындағы ұлттық ақшаны пайдаланудың ерекше әдісі болып табылады. Валюта қатнастары деп,ұлттық ақша бірлігін халықаралық есептесуде қолданғанда пайда болатын, экономикалық қатнастардың жиынтықтары аталады.
Қандай ел болмасын, ол
басқа елдермен есептескенде, шетел
валютасын қолданады. Сондықтан
шетел тауарлары мен
Сыртқы валюта нарығының институттарына Орталық банк, ірі комерциялық банктер, банктік емес диллер мен брокерлер жатады. Комерциялықбанктер валютамен жасалатын сатып алу-сату операцияларыныңірі мүшесі болып табылады. Диллер ретінде бұлар «валютаның деңгейін» қолдайды, яғни олардың қарамағында корреспонденттенген банктардағы ұлттық ақша салымы болады. Бұл банктерге пайда табуға валютаны «сатып алушы бағасынан» жоғары болатын «сатушы бағасымен» сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер жеке фирмалардың шетел валютасын сатып алу-сату турулы тапсырмасын орындап, брокерлер ролін атқаруы мүмкін. Валюта нарығы өте үлкен нарық, сондықтан осы үлкен нарықта банктік емес диллерлік және брокерлік фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады. Экономикасының жағдайы төмен және демократиялық жүйелер дамымаған елдерде «қара» валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің делдалдары мен мүшелерінің саны өте көп болады.
І –бөлім. Валюта нарығының қалыптасуы
1.1. Валюта нарықтары
Валюта нарығында есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Біріншіде валюта, немесе, жол шегі қолданылады. Қолма-қол ақша айналымы қаржы операцияларының өте аз шамасын құрады. Жол шегі валюталық аккредитивтің бір түрі болып табылады. Демек, «Американ Экспрес» компаниясының кең тараған жол шегін, белгілі бір дисконт бойынша, шетелде коммерциялық банкте қолма-қол валютаға айырбастап алуға болады, немесе, ірі қонақ үйлерде, ресторанда, әмбебап дүкенде, сауда орталығында есеп айырысуға болады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді коммерциялық банктер телеграф арқылы, немесе, аударылатын вексель арқыла орындайды. Осы вексельдер немесе, белгіленген мерзімде төленуі мүмкін және ел ішіндегі айналымда жүретін қарапайым вексель түрінде айналуы мүмкін.
Экспортерлер мен импортер лердің шығындары ұлттық валютада белгіленеді, бірақ сатушыға өз елінің ұлттық валютасы қажет. Бұны алу үшін ол шетел валютасын өз елінің валютасына сатады. Ұлтық ақша түрінде түскен түсімнің көлемі, осы екі валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатнасымен белгіленетін валюта курсына тәуелді болады. әдетте, валюта курсы- бұл басқа елдің ақша бірлігі түрінде белгіленген, ұлттық ақша бірлігінің бағасы болып табылады. Бұның екі жақты көрінісі болады: шетел валютасының бірлігін сатып алу үшін қажет, теңгенің саны, немесе бір теңгені сатып алу үшін қажет, шетел валютасы бірлігінің саны.
Валютаның сұранысы мен ұсынысының көлемі оның бағасына – валюта курсына тәуелді болады.
Біртұтас халықаралық валюта нарығының әр орталығында бір валютаның өзінің курсы әртүрлі болып қалыптасуы мүмкін. Валюта диллерлері бір жерде валютаны сатып алып, оны екінші жерде сатып, біртұтас халықаралық валюта нарығының шеңберінде валютакурсының бір дәрежеде қалыптасуына ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір мерзімге және белгілі бір күнге деп екіге бөлінеді.
Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің ара қатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген, бір елдің ақша өлшемінің бағасы – валюта бағамы деп аталады. Валюта бағамы: халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы, шетел валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің валютасы бұл мемлекеттің жерінде, күнбе-күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы, шетелден сатып алған тауарларға төлеу үшін, шетел валютасын сатып алады.
Валюта бағамының қалыптасуы – көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:
1. инфляция қарқыны;
2. пайыз мөлшерінің деңгейі;
3. бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;
4. төлем балансының жағдайы.
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырғанда, елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын, оның валютасының бағамы соғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляцияның құнсыздануы, рның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағамының құлдырау тенденциясын тудырады.
Мемлекеттік активтік төлем балансында, оның валютасына шетел борышқорларының сұранысы артады, сол кезде оның бағамы көтерілуі мүмкін. Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде пайыз мөлшері жоғары болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың көтерілуіне, оның бағамының жоғарлауына әсер етуі мүмкін. Мысалы, 80-жылдардың алғашқы жартысында АҚШ жоғары пайыздық мөлшер саясаты (басқа да факторлармен қатар) Батыс Еуропа мен Жапониядан 500 млрд. доллардан астам мөлшерде инвестициялық құйылуға жағдай жасады. Қорытындысында доллардың бағамы көтерілді, ал осы факторлар да әсер етуі мүмкін. әрбір мемлекет, валюта бағамының реттеу әдістерінің әр түрін қолданады. Ол әдістемелердің негізгілері мыналар:
- валюталық интервенция
(орталық банктің –
валютасын сатып алып, сатуы);
- орталық банктің – ашық нарықтағы операциялары (бағалы
қағаздарды сатып алып, сатуы);
- орталық банктің – пайыздық мөлшер деңгейін немесе қорлар
нормасын өзгертуі.
Валюта бағамын белгілеу, яғни, валюталарды айырбастау қатынасын анықтауды – валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығында – валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта бағамын қайта есептеу коэффициенті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен көрсетілген, осы мемлекеттің ақша өлшемінің «бағамы». Валюта бағамын валюта нарығында қалыптастырудың негізі не? Тауардың бағасы, оның құны – шығыны негізінде құралатын сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.
1.2. Халықаралық валюта нарықтары
Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары, дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатнастардың ең маңызды буындарының бірі. Қаржы нарығы дамуының негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уатытша бос капиталдар пайда болса, екінші жерде оған сұраныс қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы – несие нарықтары бұл қайшылықтарды дүние жүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді.
Дүниежүзілік валюта несие, құнды қағаздар нарықтары қалыптасуының, алғы шарттарына мыналар жатады:
1. капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;
2. шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;
3. банкаралық телекоммуникациялардың дамуы;
Валюта нарықтары дегеніміз - сұраныс пен ұсыныс негізінде, шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтары.
Ұлттық валюта нарықтары дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің барлығында қызмет атқарады. Ұлттық нарықтардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі арқылы, біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы қалыптасты. әдетте дүниежүзілік валюта – нарықтары дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз – банктердің маманданған несие – қаржы институттарының топтасқан жері. Онда халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең ірілері – Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Фракфрут, Париж, Цюрих, Токио валюта нарықтары.
Қазіргі валюта нарықтарында
мынадай ерекшеліктер тән:
а) дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың да әлемдік өріске шығуы және валюталықкелісімдерді жүзеге асыруда автоматты құралды қолдануы;
б) валюталық операцияларды орталықсыздандыру және олардың компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл әлемдік сипатқа ие болуы;
в) валюта операцияларын үйлестірудің мәнінің артуы;
г) алыпсатарлық келісімдеркөлемінің ұлғаюы;
д) валюта құндарының тұрақсыздануы;
Валюта нарықтары халықаралық есептеулерді жедел жүзеге асыруды, дүниежүзілік валюта нарықтарының несие және қаржы нарықтарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді.
Халықаралық несие – қаржы қатнастары дүниежүзілік несие және қаржы нарықтарындағы қарыз капиталының қозғалысының байланысуы мен қатнастар жүйесін қамтиды.
Халықаралық несие нарығында ақша капиталының елдер арасындағы қозғалысы қайтарымдылық, мерзімдік, пайыз төлеу жағдайларында жүзеге асады. Дүниежүзілік несие нарығы – қарыз капиталы нарығының бір бөлігі, оған дүниежүзілік капиталдар нарығы кіреді. Дүниежүзілік қаржы нарығы да қарыз капиталы нарығыныңбір бөлігін, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату және сатып алу жүзеге асырылады.
Еурорынок бұл – еуровалюта негізігде, несиелер мен қарыздар бойынша операциялар жүргізілетін нарық. Еуровалюта бұл – шығарушы елді қоса есептегенде, барлық шетелдік банктердің есеп шоттарына аударылған және барлық елдердің банк операцияларында қолданылатын, инвесторлардың, сондай-ақ жекелеген елдердің қажеттңіліктерімен байланысты. Еурорыноктағы операциялар нақты елдің, мемлекеттің валюталыұ реттеуіне немесе салық заңдарының ықпалында болмайды, Еуронарықтың пайда болу себептеріне мыналар жатады:
а) АҚШ долларын шетелдерге шығару мүмкіндіктерінің пайда болуы;
ә) долларға Еуропадағы сұраныстың ұлғаюы;
б) АҚШ-тың өзінде жасалатың валюталық операциялардың (доллармен) анағұрлым қолайлы болуы;
в) Еуропалық банктердің халықаралық валюта операцияларын қаржыландыру құралынжедел табуға ұмтылу;
Еуровалюта нарығында ең әуелі еуродоллар үстемдік етті. Еуродоллар – Батыс Еуропалық банктердің ақша салу (вклад) түрінде алған АҚШ-тың доллары. Еуронарықтың қазіргі операцияларының 70 % астамы еуродоллар арқылы , 20 % еуромарка және 6 %швейцарлық франк арқылы жүзеге асады.
80-жылдан бастап, құнды
қағаздар (еурооблегациялар, еуроакциялар,
еуровексельдер) нарығы жедел дами
бастады. Қаржы нарығында