Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2010 в 16:27, курсовая работа

Краткое описание

Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі :

Сатып алу ( өз қаражаттары есебінен )

Жалға алу.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алу қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе , осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине , бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес , көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.

Оглавление

Кіріспе...........................................................................................................3


1. Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы.

1.1 Лизинг пәні мен мазмұны......................................................................4

1.2 Лизингтің негізгі түрлері.......................................................................6

1.3 Әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері...........................11



2.Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері.

2.1 Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері............................................15

2.2 Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері мен маңыздылығы..............................................................................................16


3. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару мәселелері.

3.1 Қазақстандағы лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару.........................................................................................................21

3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру......................................................................................................25


Қорытынды................................................................................................26


Қолданылған әдебиеттер.........................................................................27

Файлы: 1 файл

Лизинг.Курсовая.doc

— 229.50 Кб (Скачать)

     Бүгінгі күні  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар  лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және  әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Қаржыландырылатын жалғыз компания және ол ҚР-ның аграрлық секторындағы лизингтік қатынастарды дамыту бойынша ауыл шаруашылық министрлігінің операторы болып табылады. Бүгінгі күні компанияның  Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығындағы үлесі 53,8 % құрып отыр.

ҚР-ның  нарығында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан лизингтік компаниялардың 44,4% коммерциялық банктердің еншілес құрылымдары құрап отыр. Олардың анының көбеюіне  ҚР-ның  «Қаржылық лизинг»  туралы заңына  «банктік лизинг деген түсініктің енгізілуі  қолайлы әсер етті. Бұлар, бүгінгі  күні стандартты лизингтік қызметтерді кез-келген салаға  көрсетуге маманданған әмбебап компаниялар болып  табылады.  Құрылғылардың белгілі-бір  түріне маманданған  лизинггік  компаниялар халық шаруашылығының  белгілі-бір саласына  мамандығына  жұмыс   істейді.   Еліміздегі  салалық   лизингтік компаниялар  көбінесе,  ауыл шаруашылық  техникалары мен  автокөліктерді лизингке  беруге  маманданган.   Бұны  негізгі  корлардың  осы  түрлерінін нарықтағы  өтімділіктерінің  өте  жоғары  болуымен  түсіндіруге  болады. Аймақтық лизингтік компаниялар  белгілі-бір  аймақтарға ғана  лизингтік кызметтер  көрсетумен  айналысады.  Болашақта  осы  аймақтық  лизингтік компанняларды кластерлер жүйесінің бір  құрылымы ретінде дамытудың маңыздылығы бар деп ойлаймыз.

    Негізгі қорларға салынған инвестициялар, экономиканың ұлғаймалы ұдайы өндірісінің  даму болашағын көрсететіндіктен жұмыста  жалпы елдегі лизингтік нарықтың көлеміне кейбір макроэкономикалық  көрсеткіштердің, яғни негізгі қорларға саоынған инвестициялар және жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі ретінде бағалау жүргізілген (2- кесте). Талдау жасау барысында ҚР-дағы лизингтік нарық көлемінің жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, оның инвестиция мен жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесінің басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болуына экономиканың даму деңгейінің де әсер ететіндігі анықталды.

Кесте 2

Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың көлемі

 
Көрсеткіштер
Жылдар
2000 2001 2002 2003 2004
Лизингтік нарық  2,28 6,36 6,40 12,6 29,9
Негізгі қорларға салынған инвестиция млрд.т 59,7 934,4 1100,0 1259,3 1530,6
Инвестициядағы  лизингтің үлесі,5 0,38 0,67 0,59 1 1,9
Жалпы  ішкі өнімдегі лизингтің үлесі % 2599,9 3250,6 3776,3 4449,8 5542,5
Жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі % 0,09 0,2 0,2 0,3 0,5
Ескертпе- Кестені статистикалық жылнамалар негізінде автор құрастырған.
 

ҚР-дағы лизингтік қызметтер нарығының  дамуындағы өзекті мәселелердің тағы бірі лизинг нысанындағы инвестициялардың салалық құрылымы болып табылады.

      Қосымша В-да көріп отырғанымыздай, лизингтік операциялардағы ауыл шаруашылық техникаларының үлесінің басқа құрылғылармен салыстырғанда жоғары болуын 2004 жылғы ҚР-ның Үкіметінің 008 «Лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникаларын несиелеу» және 012 «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар үшін қажетті құрылғылар лизингін несиелеу» деген бюджеттік бағдарламалардың қабылдауымен түсіндіруге болады. Соңғы жылдары лизингтік портфельдің әртараптандыруланушының оң тенденциялары да  байқалады.

      Осы айтылғандардан, Қазақстанда лизингтік  нарық жұмыс істейді және лизингтік индустрия дамудың әлі бірінші кезеңінде, яғни лизингке алушы келісім- шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг объектілерін қалдық құны  бойынша сатып алатын және келісім-шартта көрсетілген мәмілелер оның күші  бар мерзім аралығында өзгеріссіз қалатын қаржылық лизингтің даму кезеңінде деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, кез- келген  саланың соның ішінде лизингтік саланың да дамуы экономиканың жалпы жағдайымен, нарықтық инфрақұрылымның дамуымен және заңнамалық базамен анықталатындығы белгілі. Ал ҚР-да қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан лизингтік компаниялар бірлесе отырып белгілі-бір жобаларды іске асыруға қатысып отырған жоқ, олардың бірлестігі көбінесе, елдегі лизингтік бизнесті  дамытумен байланысты  заңдардың қабылдануына әсер етуімен  шектелуде.

      Бірақ  лизингтік  компаниялар  тарапынан  байқалган осындай бірлескен  жұмыстардың   да  Қазақстандағы   лизингтік  қатынастардың  қалыптасу  кезеңіндегі маңыздылығы өте  жоғары.

      Экономикалық   қатынастардың   кез-келген   түрі   сияқты   лизингтік қатынастардың  да кажеттілігі  мен мақсаттылығы маңызды категориялардың бірі  - оны  жүзеге асырудың тиімділігіне негізделеді.  Жұмыста лизингтік қатынастардың  экономикалық  тиімділігін анықтау және бағалау  екі кезеңге

бөліп қарастырылган:

лизингтік қатынастардың жалпы тиімділігін  бағалау және соған байланысты оны  одан әрі қарай дамыту жолдарын анықтау;

лнзингтік қатынасқа қатысушы әрбір субъектілердің оған қатысу тиімділігін нақты багалау.

       Зерттеу жүргізу  барысында лизинггік  қатынастардың жалпы  тиімділігін анықтау  және  бағалау  үшін  ең   алдымен  оның қоғамдық  тиімділігін жоғарылатуға  әсер  ететін факторлар  анықталған.  Анықталған  факторлар арқылы  лизингтік қатынастарды  дамытудың  жалпы қоғамдық маңыздылығының бар  екендігі   дәлелденген. Біздің ойымызша, лизингтік келісімге  қатысушы  әрбір жаққа тиімділікті  қамтамасыз ететін лизингтік қатынастардың  экономикалық артықшылыгы нақты сандык  және сапалық бағалау алуы қажет. Өйткені,  сапалық жағынан бағалау белгілі-бір  маңызды көрсеткіштердің динамикасын  анықтауға мүмкіндіктер берсе, ал сан жағынан бағалау табыстылық және шығындылық  тұрғысынан есептеулер жүргізуге мүмкіндіктер береді. Курстық негізгі  қорларды лизингтік қатынастар орнату арқылы пайдалану мен банктік несие арқылы сатып алудың қайсысының   экономикалық  жағынан   тиімді   екендігін  бағалау  үшін дисконтталынған құнды деп аталатын көрсеткіш пайдаланылған. Дисконтталынш құнды есептеу үшін келесідей есептік формула қолданылды: 

    Мұндағы, PV- дисконтталынған құн, яғни болашақтағы ақшалай ағымдардың  бүгінгі күндегі күн.

    C- 1-ші жылдан п-ші жылға дейінгі  ақшалай ағымдар;

    r- дисконттық ставка 

    Кесте 3. Несие және лизинг есебінен құрылғыларды сатып алу құндарын салыстыру.

Көрсеткіштердің аттары Несиелік нұсқа Лизингтік нұсқа
Құрылғыны сатып алу шығындарының дисконтталған  құны PVтөлемдер 1318,8 1057,23
Корпоративтік табыс салығы бойынша үнемділіктің дисконтталынған құны PV үнем 395,2 363,64
Құрылғыны сатып алу шығындарының дисконтталған  құнының салық бойынша үнемділіктің дисконтталынған құнына азайтылуы 923,6 693,59
Салық бойынша үнемділік құнының құрылғынығң  алғашқы құнына пайыз түріндегі  қатынасы 29 34

     

    3-кесте  мәліметтерін пайдалана отырып, жұмыста экономикалық тұрғыдан  неғұрлым тиімді нұсқа құрылғыларды лизингке алу болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару мәселелері 

      Үшініші бөлімде лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару және олардың басқару тетіктерін жетілдіру сияқты мәселелер қарастырылған. Бұл бөлім өзінің құрамында лизингтік қызметтер нарығы.

 

3.1 Қазақстандағы лизингтік  қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару 

      Үшінші  тарауда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын дамыту, лизингтік келісімдердегі тәуелділіктерді  ескере отырып қатынастарды басқару мәселелері мен Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген.

      Тәжірибе  көрсетіп отырғандай , экономикалық қатынастардың  дамуының қазіргі кезеңінде лизингтік  қатынастарды белсенді түрде пайдалану қажеттіліктерін айтып қана қоймай , сонымен бірге , осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да өте көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар. Оны келесі 5-сурет түрінде көрсетейін:

 

              Сурет-3 . Лизингтік қатынастарды  басқару деңгейлері.

      Әр  түрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік  емес ұйымдардың , университеттердің , халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып , лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруда маңызды рөл атқарады. ҚР- да халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің қаржылық қолдауымен 2003 жылы  лизингтті дамыту бойынша жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизингтік қатынастарды реттейтін заңдылықтарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына және Парламентке ұсынастар беру , қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы танымдалық танымдылықты жоғарылату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы жобаның бірінші және екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаментімен бірлесе отырып , Орталық Азияда лизингті қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруды дамыту үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет.

      Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына  сәйкес келетін тиімді технологиясын  жасау үшін ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының  қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі . Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалатын талдаулар , көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады. Яғни , бүгінгі күні мемелекет лизингтік қатынастарға заңнамалық базаның көмегімен жергілікті деңгейлерде реттеулер жүргізіліп отырған жоқ. Сондықтан да , біздің қазіргі таңда ҚР-ғы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде басқарудың кейбір тетіктерін сапалық жағынан келесідей бағыттар бойынша қажет екендігін ұсынамыз:

  1. Лизингтік қатынастарды әр түрлі келісім шарттық қатынастардың элементтерінен тұратын инвестициялау тетігі ретінде оның әлеуметтік-психологиялық аспектілерін түсіндіруге мүмкіндіктер беретін қосымша заңнамалық нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Ол үшін лизингтік қатынастарға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсіндіретін « төменгі »  деңгейдегі , яғни әдістемелік нұсқаулар жасап оларды қолданысқа енгізу керек.
  2. ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең алдымен , « қаржылық лизинг » түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар « оперативті лизинг » деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі , шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе , құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде  пайдалану қаржылық  лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.
  3. Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр.Жалпы бұл норма «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр.Содықтан да,бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізді.
  4. Лизингке беруші субъектілердің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту мақсатында,олардың қызметтерін лицензиялау тәртібін қолдану қажет.Ол үшін «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңының 10-бабына өзгертулер енгізу қажет.Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға»мүмкіндіктер береді.Сонымен ,менің ойымша мемлекет тарапынан лизингті қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай тұзетулер мен толықтаулар енгізуеліміздегі лизингтік қызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді. Лизингке беруші субъектілердің қызметтерінің ерекше қарастыра отырып , олардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі жүйесінде экономиканың нақты және қызмет көрсетуші секторларының құрылымынан тұрақты аралық звено болып табылатынын атап өткен жөн. Елдегі лизингтік қызметтер нарығы экономиканың қаржылық нақты секторларының белгілі бір элементтерінен қалыптасатыны белгілі.

Информация о работе Лизинг