Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2010 в 16:27, курсовая работа

Краткое описание

Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі :

Сатып алу ( өз қаражаттары есебінен )

Жалға алу.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алу қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе , осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине , бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес , көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.

Оглавление

Кіріспе...........................................................................................................3


1. Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы.

1.1 Лизинг пәні мен мазмұны......................................................................4

1.2 Лизингтің негізгі түрлері.......................................................................6

1.3 Әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері...........................11



2.Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері.

2.1 Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері............................................15

2.2 Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері мен маңыздылығы..............................................................................................16


3. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару мәселелері.

3.1 Қазақстандағы лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару.........................................................................................................21

3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру......................................................................................................25


Қорытынды................................................................................................26


Қолданылған әдебиеттер.........................................................................27

Файлы: 1 файл

Лизинг.Курсовая.doc

— 229.50 Кб (Скачать)

Лизинг алушы  мен лизинг беруші арасындағы қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне орай тура және жанама лизингті бөліп қарастыруға болады. Тура лизинг жағдайында лизинг  беруші мүлікті дайындаушы және мүлік иесі болады , ал жанама лизинг жалға беру үшінші тұлға арқылы жүзеге асырылғанда көрініс табады. Несие беру әдісі бойынша ол жедел және қалпына келетін лизинг болып бөлінеді. Жедел лизинг кезінде жалға беру бір рет жүзеге асырылады , қалпына келетін лизингте келісім-шарт мерзімі аяқталысымен қалпына келеді.

      Лизинг  операцияларының техникасы 1-2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.

        
 

           2 

      

        1 3

            4 

        

        

                                                   1 – сурет 

      1 – құрал-жабдыққа тапсырыс беру;  2 – құрал-жабдық үшін төлем; 

      3 – құрал-жабдықты жеткізу; 4 –  лизингтік төлемдер; 

      Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын  жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін , онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

      Тәжірибе  көрсеткендей , лизинг бойынша жасалатын  мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат  тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады. 
 
 
 

      

                                                   2-сурет

      1 – банк лизинг компаниясы арасында  несиелік келісімшарт жасалып  , несие беріледі;  2 – лизинг  компаниясы алған несиені құрал-жабдық  үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 –  жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді. 

      Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы  сомасының есебі мынадай формуламен есептелінеді:

                                ЛТ =  АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС ,

      Мұндағы: 

      ЛТ  – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

      АА  – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

      НТ  – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

      КТ  – лизингтік келісімшарт бойынша  мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

      ҚТ  – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

      ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен  қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық. 

      Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

    • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
    • Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ , жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып , өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
    • Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан , лизинг бойынша алған қолайлы , себебі , бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
    • Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты , өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып , мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп , лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
    • Несие берушінің көзқарасымен қарағанда , несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
 

      Лизинг  операцияларына тән кемшіліктер мыналар :

      • Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ( әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
      • Ұйымдастырудың күрделілігі;
      • Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары , бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет , сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

      Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында ; 3) лизинг алушы мен банк арасында .

      Әдетте , мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингтте , ең маңыздысы , бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен , ұрлықтан және т.б. ) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырған көшірмесін береді.

      Іс  жүзінде кез келген лизингтік  келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс :

    1. Объектісі.
    2. Жабдықтау мерзімі.
    3. Лизинг алу мерзімі.
    4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.
    5. Тәуекелдер , жаупкершілік , техникалық кепіл хат.
    6. Құрал-жабдықты пайдалану.
    7. Күту , жөндеу , жаңарту.
    8. Зиян , қолайсыз жағдайлар.
    9. Сақтандыру.
    10. Лизингтік төлемдер , комиссиялар.
    11. Төлемді кешіктірген үшін төлемақы өсімі.
    12. Сатып алу мүмкіндігі.
    13. Келісімшартты бұзу шарты.
    14. Құрал-жабдықты қайтару.
    15. Салықтар , баждар.
    16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
    17. Тараптардың қосымша құқықтары.
    18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
    19. Кешіктіру шарты.
    20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі ( мысалы , баланс ).
    21. Тараптардың қолдары.
    22. Тараптардың орналасқан жері.
    23. Қоысмша ( материалдардың және т.б. сипаты ).
    24. Қалдық құнын кепілдеу.
    25. Банктердің кепілдемесі.

 

       Дегенмен , Қазақстандағы лизингтік  сектордың дамуы бүгінгі күні  әлеуетіне сәйкес келмейді. Соңғы  уақытқа дейін оған қаржылық ресурстарға  деген шектеулі мүмкіндік , сонымен  қоса лизингтің тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы  заңнамалық кедергілер себеп болды. Сондықтан 2003 жылы қараша айында « Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы » заң қабылданды. Оның шеңберінде 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.

      Лизинг  инвестициялық қызметтің бір  түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы » заң мен Салық кодексінің 138 – 140- баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті салығы және мүлікке салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталады.

      Осылайша , республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете  бастады. Қазіргі кезде лизингтің  негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз ғана болғандықтан , бұл заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5 пайыздан жоғары.

      Егер  республикада  лизинг жалпы инвестициялар  көлемінде 4 пайыз деңгейіне жетсе , лизингтік нарық көлемі 320 млн АҚШ долларын құрайды. Егер Еуропалық  даму және қайта құру банкі болжамдарына жүгінсек , бұл көрсеткіш 10 пайыз құраса , лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллары көлемімен дамытады.

      Елдегі  лизинг дамуы үшін жағымды заңды  базаны құру барлық өндіріс сектор дамуына серпін болады , ал қосымша жұмыс орындарын ашу мен бюджетке салықтың түсімдерінің жоғарылауы Қазақстан экономикасының шикізаттық экспортқа тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды. 
 

1.3 Әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері. 

      Бүгінгі  күні әлемдік экономикалық қауымдастықта  « лизинг »  түсінігі өте кең түрде пайдаланылады.

      Әлемдік лизингтік нарықтың дамуын лизингтік  қатынастардың сипатының сапалық  өзгеруіне және лизингтік келісімдердің  санының өсуіне байланысты шартты түрде  5 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

      Енді  осы кезеңдердің әрқайсысына  толығырақ талдау жасап кетейін.

      Лизингтік қатынастар эволюциясының 1- кезеңі үшін « лизинг » түсінігін мүлікті жалдау операцияларының барлық түрлеріне араластырып жатқызу тән болды. Осыған байланысты , әсіресе , ағылшын тілді елдер үшін « lease » термині феодалдық қауымдастық құрылыс кезеңінің соңында жерді жалдау , мүлікті жалдау туралы келісім шарт түрінде пайдаланылды. Содан кейін бірте-бірте лизингті кез келген мүліктерді , яғни , үйлерді , көліктік құралдар мен механизмдерді және т.б. жалдау ретінде түсіне бастады. Американдық континентте  « leasing » сөзі , негізінен өнеркәсіпте , көлік , байланыс қызметінде және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы мүліктерді жалдау операцияларын көрсету үшін қолданылады.

      Осы уақыттан шамамен 300-400 жыл бұрын  АҚШ-да мүлікті жалдау операциялары , техникалар мен құрылғылардың әртүрлі  түрлерін жалдау операцияларын қаржыландыру белсенді түрде қолданылған. Мысалы , мүлікті жалдау туралы алғашқы  келісім – шарт  Солтүстік Америкада ХVIII ғасырдың басында тіркелген. Көптеген зерттеушілер лизингті ХХ ғасырдың 40 – жылдарының басында американдық кәсіпкерлер мұхит арқылы  Еуропаға әкелінген американдық өнертабыс деп есептейді. Ал , кейбір ағылшын авторлары бұл пікірге қарама- қайшы пікірлер айтады: яғни олар лизинг алғаш Англияда  пайда болған және содан кейін ХХ ғасырдың 2-ші жартысында кейбір өзгерістермен тағы да Еуропаға келген деген көзқарасты қолдайды. Шынында да , мүліктердің әртурлі түрлерін лизингке беру операциялары  орта ғасырларда Еуропада кеңінен пайдаланылған. Лизинг туралы алғашқы Заңдардың бірі ретінде 1284 жылғы Уэльс Заңын айтуға болады. Сол уақытта лизингтік операциялардың нысаны ретінде негізінен фермерлік құрылғылар мен аттар болған. Бірақ , лизингке ұқсас операциялардың орта ғасырларда Англияда жүргізілгендігіне қарамастан , көптеген зерттеушілер қазіргі түсініктегі лизингтің отаны ретінде АҚШ – ын  санайды. Менде осы пікірге толығымен қосыламын. Осы зерттеушілердің пікірі бойынша « лизинг » түсінігінің қазіргі мәні ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде , яғни , 1877 жылы Бэлл телефон компаниясы өзінің шығарған телефон аппараттарын сатпай , оларды уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдауымен байланысты пайдалануға енген. Осыған байланысты лизингтің көмегімен ХІХ ғасырдың соңынан бастап сату көлемін кеңейту және « ноу – хау » қорғау сұрақтары өз шешімін таба бастады. Сонымен , әлемдік лизингтік нарықтың дамуының 1- кезеңінде лизинг әлі де болса өзіндік сала ретінде бөлініп қарастырылмағанын атап өткен жөн. Лизинг тек айналыста артық тауарлар болған уақытта ғана тұтынушыларды тарту және кейбір маңызды міндеттерді шешу үшін пайдаланылған.

      1950 жылдың басында АҚШ - да лизингтік  қатынастардың нағыз төңкерісі  басталды. Сондықтанда осы кезеңді  – американдық кезең және әлемдік лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңі деп атауға болады.

      1950-жылдары  АҚШ-та технологиялық құрылғылар , машиналар , механизмдер ,ұшақтар  және т.б. өндіріс көлемдері  көп көлемде жаппай лизингке  беріле бастады. Осы жағдайда  АҚШ-тың өкіметі өте жоғары деңгейде бағалады , яғни АҚШ-да лизингті ынталандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар жасалынып , олар өте тез қарқынмен іске асырыла бастады.

      United States Leasing Corporation - бұл АҚШ – ғы қызметінің негізгі түрі лизингтік операциялар болып табылатын ең бірінші лизингтік компания болды. Бұл компания Сан – Франциско қаласында 1952 жылы құрылған Компанияның негізін құрушы Генри Шонфельд болды. Ол ең алғашында осы компанияны нақты бір келісімді жүргізу үшін ғана құрған. Содан кейін кәсіпкер лизингтік бизнестің болашағы бар қызмет түрі екенін түсініп , осы бизнесті дамыта түсті. Әлемдегі ең біріңші құрылған мамандандырылған  осы лизингтік компания лизингтік бизнестің әлемдік деңгейде дамуына күшті серпіліс берді , яғни лизингтік келісімдермен айналысатын жүздеген фирмалардың ашылуына септігін тигізді. Осы кезеңде , әлемдік лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңінде лизингті қаржылық – делдалдық операциялардың мамандандырылған институты ретінде қалыптастыру жүзеге асты. 1950- жылдардың соңында АҚШ-да және т.б. елдерде  де лизингтік операцияларды жүргізуді іске асыра бастаған лизингтік фирмалардың тұрақты құрылымы қызмет жасады.

Информация о работе Лизинг