Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2010 в 16:27, курсовая работа

Краткое описание

Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі :

Сатып алу ( өз қаражаттары есебінен )

Жалға алу.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алу қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе , осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине , бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес , көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.

Оглавление

Кіріспе...........................................................................................................3


1. Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы.

1.1 Лизинг пәні мен мазмұны......................................................................4

1.2 Лизингтің негізгі түрлері.......................................................................6

1.3 Әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері...........................11



2.Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері.

2.1 Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері............................................15

2.2 Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері мен маңыздылығы..............................................................................................16


3. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару мәселелері.

3.1 Қазақстандағы лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару.........................................................................................................21

3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру......................................................................................................25


Қорытынды................................................................................................26


Қолданылған әдебиеттер.........................................................................27

Файлы: 1 файл

Лизинг.Курсовая.doc

— 229.50 Кб (Скачать)

      Лизингтік қатынастардың дамуының ІІІ – кезеңі АҚШ – ң көмегімен Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінде мүлікті жалдау құрылымын қайта қаржыландыру процесімен сипатталады. Мүлікті жалдау қатынастарын қайта қаржыландыру сапалық жағынан басқа деңгейде жүзеге аса бастады , яғни , өнеркәсіптік және саудалық компаниялардың лизингтік операцияларын мамандандырылған лизингтік қызмет алмастырды. 1960-жылдары лизингтік операциялар АҚШ-тың шекарасын тез асып өтіп , бүкіл әлемге тарай бастады. Соған байланысты осы кезеңде « халықаралық лизинг » деген лизингтік бизнестің дамуы үшін өте маңызды түсінік пайда болды.

      1960 жылы « United States Leasing International » ( қазір « ЮС Лизинг Интэнэшнл Инкваер » деп аталады ) компаниясының әсерімен Англияда « Мекентайл лизинг деген бірінші британдық лизингтік компания құрылды ». Осы компанияның капиталының 80 % «Мекентайл кредит» деген ағылшын компаниясының үлесінде болды. Осыдан кейін лизингтік компаниялар әлемнің т.б. елдерінде пайда бола бастады.

      Сонымен , ХХ ғасырдың 60- жылдарындағы лизингтің  танымалдылығы 100% қаржыландырудың  қамтамасыз етілуімен , лизинг мерзімін таңдау және лизингтік төлемдер сапасының икемділігімен түсіндіріледі. Ең бастысы көптеген клиенттер несие алу үшін  банк мекемелеріне қарағанда лизингтік компаниялармен іскерлік қатынаста болу тез және қолайлы екендігін түсінді. Сонымен бірге , клиенттерге берілген салықтық жеңілдіктер АҚШ-да лизингтік қатынастардың даму жетістігін дәлелдеді. Бірақ салықтық жеңілдіктерге  келісім – шарт тек АҚШ-тың Қаржы Министрлігінің ішкі табыстар Басқармасының мүліктерді жалдау үшін белгіленген Ережелерге сәйкес келгенде ғана ие болады. Ондай ережелерге төмендегілер жатқызылды:

    • Лизинг мерзімінің ұзақтығы 30 жылдан төмен болу қажет;
    • Лизинг мүлікті сатып алу мүмкіндігін нарықтық бағадан төменгі деңгейде қарастырмау қажет;
    • Лизинг төлем графигін алғашқы жылдарда жоғары , содан кейін төмен сомада қарастырмау керек. Бұл талап лизингті салықтан жалтару құралы ретінде пайдалануды куәландырмау үшін негізілген;
    • Лизинг лизинг берушіге қалыпты нарықтық деңегйде пайда алуды қамтамасыз етуі қажет;
    • Мерзім соңында лизинг объектісінің қалдық құны оның алғашқы құнының 20% - нен аз болмауы керек;
    • Лизинг мерзімін ұзарту мүмкіндігі құрылғының нарықтық құнын ескеруі керек; 
 

      Осындай жеңілдіктерге байланысты 60-жылдары  лизинг АҚШ-да өте жылдам қарқынмен  дамыды.

      1970-жылдар  мен 1980 мамандандырылған лизингтік компаниялар мен лизингтік ассоцияциялар пайда бола бастады.

      Лизингтік қатынастардың дамуының осы IV-кезеңінің тағы бір сипаттық белгісі – лизингтік қызметтің диверсификациялануы болып табылады , яғни , лизингтік операциялардың жаңа түрлері мен формалары көптеп пайда бола бастады. ( мысалы, левередж-лизинг , вендер-лизинг , лизинг-бэк , бөлінетін лизинг және т.б. ) .

      Сонымен , әлемдік лизинктік қатынастардың  дамуының  IV-кезеңінің маңыздылығы – ол лизингтік байланыстардың интернациализациялануы болып табылады , яғни көптеген лизингтік фирмалар шет елдерде сол елдердің жергілікті фирмаларымен бірлесе отырып өздерінің филиалдарын аша бастады. Олар бірлесе отырып лизингтік қаржыландыру бойынша әртүрлі келісімдерге қатысып отырды. Осы кезеңнің тағы бір ерекше сипаты – ұлттық лизингтік ассоцияциялардың , яғни 1971 жылы Ұлыбританияда « Эквипмент лизинг ассосиэйшэн » , 1971 жылы Германияда « Неміс лизингтік одағы » , 1972 жылы Жапонияда « Джапан лизинг ассосиэйшэн »  және « Халықаралық лизингтік клубтар » деп аталған лизингтік ассоцияциялардың құрылуы болып табылады.  Сонымен бірге , осы кезеңдегі маңызды оқиғалардың бірі ретінде 1972 жылы мамыр айында « Евролиз » лизингтік компаниялар ассоцияциясының Еуропалық Федерациясының Кеңесінің құрылуын атауға болады. Осы лизингтік ассоцияция әлемдегі неғұрлым ірі ассоцияциялардың бірі болып табылады және еворпалық лизингтік нарықтың 90% көбі осында жинақталған.

      1980 жылдан бастап әлемдік лизингтік  нарықтың дамуының жаңа кезеңі  V-кезеңі басталды және ол бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл кезең өзіне ғана тән ерекше белгілермен ерекшеленеді. Ең алдымен , лизингтік операциялар өте жақсы дамыған көптеген мемлекеттерде оның даму қарақынының  бірден төмендеуі байқалды. Оның негізгі себептеріне мыналар жатады:

    • Лизингтік келісімдерге деген сұраныстардың көбеюі лизингтік фирмалардың қызметтерін диверсификациялауға әкеледі;
    • Лизинг тәжірибесінде неғұрлым ірі объектілердің көбеюі;
    • Жергілікті лизингтік компаниялар капиталының шетелдік филиалдарға аударылуы;
    • Лизингтік компаниялардың халықаралық қызметтерінің ұлғаюы.

      Сонымен бірге , лизингтік келісімдерге көптеген салықтық және амортизациялық жеңілдіктер  беріп келген  елдерде лизингтік  операцияларға салық салуға байланысты  жаңа заңды актілердің қабылдануы лизингтік  қатынастардың даму қарқынын төмендетті.

      Әлемдік инвестициялық процестегі лизингтік қатынастардың ролін бағалай отырып , көптеген зерттеуішілер 2000 жылы лизингтің көмегімен әлемде 400 млрд. АҚШ долларынан көп сомада жаңа құрылғылар мен машиналарды қаржыландыру келісімдері жасалынған  және бұл сома тікелей шетелдік инвестиция көлеміне тең келетінін айтады.

      Қазіргі уақытта экономикасы дамыған  елдердегі негізгі капиталға  жұмсалған инвестициядағы лизингтің  үлесі 25-30 , болса ал , дамушы елдер  экономикасындағы оның үлесі 10-20 құрайды 

         
 

2 Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму          ерекшеліктері 

      Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері  мен Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері мен маңыздылығы, екінші бөлімде дұрыс орын алады деп ойладым. “Крамдс-Лизинг”, “Казтехлизинг”, “ТуранЛизинг”, “Алма Ата Лизинг” сияқты лизингтік компаниялар, отандық лизингтік компаниялардың алғашқылары болып саналды. Осы бөлімде оларға да тоқталып кеттім. 

2.1 Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері 

      Енді  отандық лизингтік қатынастардың  қалыптасуы мен даму кезеңдеріне сипаттама берейін. 2003 жылдың желтоқсан айында  "Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы" деген тақырыпта болып өткен халықаралық "дөңгелек столда" болған пікір алмастырулар нәтижесінде еліміздегі лизинггік бизнестің қалыптасу және дамуының 14 жылдық тарихының кезендері ІІІартты түрде анықталған. Осы

кезендерді  төмендегідей кесте түрінде көрсетуге  болады.

   Кесте 1. Казақстандағы лизингтік катынастардың даму кезеңдері.

Кезеңдер Аталуы I Сипаттама
1.1989-

1992жж.

Лизингтік;

қатынастар-

дың пайда

болу  кезеңі

Алғашқы лизингтік компаниялар

құрылымы және кейбір коммерциялық

банктер лизинггік операцияларды аз көлемде іске асыра бастады.

II. 1992 -1994

жж.

Лизингтік :

қатынастар-

дың баяулау  •

кезеңі !

Қазақстанның ішкі нарығындағы

экономикалық  дағдарыстардын әсерінен лизинггік; бизнестің қарқыны баяулай басады.

III. 1995-

2000жж.

Лизингтік :

қатынастар-

дың жандану,

қайта даму

кезеңі :

Лизингтік катынастарды мемлекеттік

қолдау  және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл кезеңді мемлекеттік кезеңі деп те атауға болады.

ІҮ.2000-

2003жж.

"банктік  •

лизинг' ;

кезеңі :

Банктік лизингтік компаниялардың құрылымен байланысты лизингтік қатынастар коммерциялық секторда

өте тез  қалыптасып, дами бастады.

 

           1989 жылдардың басында елімізде  нарықтық қатынастардың қалыптасып,  дамуымен  байланысты  экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лизинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг",  "Агролизинг" және  т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар  құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша ҚР-ның экономикасының  мемлекеттік емес секторында  20 лизингтік компания жұмыс істеген.

        1992 жылдан басталған еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз экономикалық жағдайлар мен  дағдарыстардын  нәтижесінде лизингтік бизнестің арқыны баяулай  бастады.

          1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай  мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады.  1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге  асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп  ақша қаражаттарын жұмсаған.  1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңын айтуға болады.

           2000 жылдың екінші жартысынан бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса  бастады. Заңға  "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен  "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.

           Бүгінгі күні  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар  лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және  әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді. 

2.2 Қазақстандағы лизингтік  жүйенің ерекшеліктері

мен маңыздылығы. 

      Курстық жұимыста Қазақстандық лизингтік қызметтер  нарығының негізгі операторларын, олардың қызметтерін ұйымдастыру  ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік  лизингтік компания, коммерциялық банктердің еншілес лизингтік компаниялары, құрылғылардың белгілі бір түріне маманданған лизингтік компаниялар және аймақтық лизингтік компаниялар деп бөліп қарастырылған. Зерттеу барысында «ҚазАгроКаржы» АҚ мемлекеттік лизингтік компания ретінде жеке топ ретінде бөлініп көрсетілген. Себебі, бұл компания республикалық бюджет есебінен 1989 жылдардың басында елімізде  нарықтық қатынастардың қалыптасып,  дамуымен  байланысты  экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лпзинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг",  "Агролизинг" жәис  т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар  құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша Кр-нің экономикасының  мемлекеттік емес секторында  20 лизингтік компания жұмыс істеген.

 1992 жылдан басталған еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз экономикалық жағдайлар мен дағдарыстардын  нәтижесінде лизингтік бизнестің арқыны баяулай бастады.

         1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай  мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады.  1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге  асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп  ақша қаражаттарын жұмсаған.  1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-ның Заңын айтуға болады.

     2000 жылдың екінші жартысынан бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса  бастады. Заңға  "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен  "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.

Информация о работе Лизинг