Дамыған елдердің оталық банктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:02, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................3
Негізгі бөлім
I Бөлім. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1.Орталық банктердің мәні және түпкі мақсаты..........................................4
1.2.Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары.................................................................................................................7
ІІ Бөлім. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1.Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi кезеңдегi Қазақстан республикасына шолу.…………………………....................................................................................11
2.2.Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие саясатына талдау жасау.............................................................................................20
Қорытынды........................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер...........

Файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 69.92 Кб (Скачать)

            Орталық банктердің қызметінің басты саласы – ақша айналымын реттеу. Дамыған мемлекеттердің Орталық банктерінің көбісінде реттеу қызметінің эволюциясы байқалуда. Оның себебі – экономикаларының дамуының ортақ заңдылықтары және ақша-несие мен банктік жүйелерді түрлендіру (трансформация) ерекшеліктері. Орталық банктің ақша айналымын заманауи реттеу ерекшелігі – реттеу механизмінің жоғарғы деңгейде болуы. Ақша айналымын ұзақ мерзімді реттеу кезінде Орталық банктердің қызметі антиинфляциялық сипатқа ие болу тенденциясы байқалуда. Тауарлар мен қызметтер төлемдері үшін қолданатын несиелік құралдардың кеңеюі байқалады. Орталық банкпен реттелетін несиелік мекемелердің саны көбейді. Оған негіз болған ақша айналымының  субъектілері категориясына кіретін несиелік институттардың қызметінің әмбебаптануы.

            Ең маңызды өзгерістер ақша айналымын реттеу құралдарында болды: оларды қолдану мақсаты өзгерді; кейбір әдістердің маңыздылығы өзгерді  – ашық нарықтағы операциялардың маңыздылығы өсті; дәстүрлі әдістерді  қолдану әдістері модификацияланды.

            Орталық банктердің қызметінің маңызды салаларының  бірі – несие-банктік институттарды қайта қаржыландыру. Ол банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Орталық банктердің қайта қаржыландыру құралдары келесідей әдістерді қамтиды – векселдер мен ломбардтық несиелерді есепке ала отыра ссуда беру, яғни қысқа- және орташа мерзімді қарыздар беру. Банктік мекемелердің өтімділік деңгейін жоғарылату үшін орталық банктер оларды әр түрлі елде әртүрлі жылдамдықпен қайта қаржыландырып отырады. Бірақ қайта қаржыландыру несиелерін тек уақытша қиындыққа тап болған тұрақты банктік институттар қолдана алады.

            Орталық банктердің тағы бір маңызды функциясы – мемлекеттік қарызды құрайтын үкіметтің, билік органдардың және мемлекеттік ұйымдардың міндеттемелерін басқаруға қатысу. Мемлекеттік қарыздарды басқару бір уақытта мемлекеттік қаржылық мәселелерді шешу және ішкі ақша-несие нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін қолданады. Соның арқасында бұл функция комлексті сипатқа ие болады, себебі ол жеке тапсырмаларды шешеді және бюджеттік пен ақша-несие саясатын үйлестіреді. Орталық банк мемлекеттің валюталық саясатының проводнигі болып табылады. Валюталық саясат валюта бағамын реттеуге бағытталады. Әр елдің өзіндік экономикалық ерешеліктеріне байланысты Орталық банктер  соған сәйкес келетін валюталық бағамның режимін (тиянақталған, еркін және т.б.) таңдайды. Орталық банктердің ақша-несие аясын реттеу әдістері мен құралдарының соңғы жылдарда өзгеріске ұшырауына себеп болған – экономиканың  интернационализациясы және қаржы нарықтарының халықаралық интеграциясы. Мемлекетаралық реттеудің дамуына түрткі болған жағдайлар: жекелеген елдердегі экономикалық даму қарқынының тербелістерінің әсерінен пайда болған банктік қауіптер; инфляция деңгейі, пайыздық қойылымдар мен валюта бағамының даму қарқынының бірқалыпты болмауы. Соның нәтижесінде, Орталық банктердің қызметін координациялау қажеттілігі туындады. Банктік қызметті мемлекетаралық реттеу орталығы болып халықаралық төлемдер Банкі (ХТБ) құрылды. Сол банктің құрамында банктік реттеу мен бақылау жүргізу комитеті (Базельдік комитет) құрылды. ХТБке мүше елдерде банктік мекемелердің қызметтерінің нормативтері мен оларды бақылау тәртібін енгізу туралы ұсыныстар жасалды.

            Орталық банктердің қызметінің мақсаттары, формасы және әдістерінің соңғы уақытта болған өзгерістеріне анализ жүргізе отырып, ортақ үрдістерді анықтай аламыз.

            Алғашында конънктуралық  реттеуге бағытталған ақша-несие саясаты, соңғы уақытта қаржылық ортаны жақсартуға бейімделе бастады: валюта бағамы мен қаржылық активтердің бағасын тұрақтандыру; қаржылық делдалдардың тәуекеліне бақылау жасау; несие-қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау. Осы мақсаттарға жете отыра, орталық банктер ақша-несие саясатының әдістерін өзгертті: реттеу кезінде қолданылатын көптеген құралдардың орнына бірнеше «дәл икемдеу» жанама құралдары келді. Олар конъюнктуралық тербелістерге тез жедел бейімделеді.

            Жалпы Орталық банктердің ақша-несие саясатының негізгі тенденциясы – жоғарғы бейімділікке ие болу

         
 

       

         

 

      

      Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

         1. Банки и банковские операции. под ред. Е.Ф. Жукова М.: «Юнити» 2000. 

         2. Антипова О. Н. Зарубежная  практика контроля за созданием коммерческих банков. // Банковское дело. 1999 - №5. - с. 28 

         3. Анулова Г.Н. Денежно-кредитное  регулирование: опыт развивающихся  стран. – М.: Финансы и статистика,1999. 

         4. Антипова О. Н. Регулирование  и пруденциальный надзор за  деятельностью банков за рубежом  // Банковское дело. 1999. - №6. - с. 28 

         5.  Банки и банковская деятельность: Англия // Банковские услуги. 2003- №1. - с.118 

         6. Казимагомедов А. А. Защита  и страхование банковских депозитов  в странах Западной Европы // Банковское  дело 2006 - №8. - с. 37 

         7. Кредитные карточки: практика банков  США. // Бизнес и банки 2007 - №18. - с. 7 

         8. Банковская деятельность: Франция  // Банковские услуги. 2002- №3. - с.79 

         9.  Крупнов Ю. С. Резервная  политика центральных банков  за рубежом // Банковское дело 2004 - №3. - с. 28; №4. - с. 34 

        10. Лаврушин И.О. Деньги. Кредит. Банки.  М: Финансы и статистика, 2003. 10. Матюхин Г. Г. Мировые финансовые  центры 

        11. Деньги, кредит,банки: Учебник/Под общ ред. Академика НАН РК Г.С. Сейткасимова.- Алматы,2006.-416с. 

        12. «Экономика», «Казахстанская правда» газеттері 

        13. www.mir.com,  www.nur.kz, www.rule.buy.com

Информация о работе Дамыған елдердің оталық банктері