Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:02, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi.
Кіріспе....................................................................................................3
Негізгі бөлім
I Бөлім. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1.Орталық банктердің мәні және түпкі мақсаты..........................................4
1.2.Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары.................................................................................................................7
ІІ Бөлім. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1.Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi кезеңдегi Қазақстан республикасына шолу.…………………………....................................................................................11
2.2.Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие саясатына талдау жасау.............................................................................................20
Қорытынды........................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер...........
Англия банкi үкiметтен формальды тәуелсiздiгімен ерекшеленеді. Демек, ол қаржы министрлiгiнің басшылығымен жұмыс iстейдi. Англия банкінің жетекшісінің өкілеттік мерзiмi үкiметтiң ауысуына тәуелдi болмайды.[5]
АҚШ федералды резервтiк жүйесi
XX ғасырдың басында АҚШ аумағында 5 мыңнан кем емес эмиссиялық банктер болды. Оның әрбiрi өзінің негiзгi капиталының сомасына тең болатын банкноталардың массасын айналымға шығару құқығына ие болатын. Сонымен қоса әр Ұлттық банк өзге банктердiң билеттерiн қабылдауға мiндеттi болатын (олардың заңды төлем құралдары болмауына қарамастан). Қазір АҚШ банк жүйесi тұрады:
• Федералды резервтiк жүйеден, ол елдің орталық банкісі функциясын орындайды;
• Коммерциялық банктерден;
• Инвестициялық банктерден;
• Жинақ банктерiнен;
• Несие-жинақ ақша қауымдастығынан.
АҚШ федералды резервтiк жүйесiнiң ұйымдық құрылымы:
АҚШ банктері бөлек бағынышты. Яғни, коммерциялық банктердің (ұлттық банктердің) қызметін лицензиялау, бақылау, қадағалау және реттеуді федералды үкімет жүзеге асырады, ал қалғандары үшін жеке штаттардың өкiметтерi. Реттеуді есепке ала отыра барлық американдық банктер төрт топта бөлінеді:
• Ұлттық банктер;
• Штаттардың банктерi – ФРЖға мүше;
•
Банктер – ФРЖға мүше емес, депозиттерді
сақтандырудың федералды
• Банктер – ФРЖға мүше емес, олардың салымдары ДСФК да сақтандырылмаған.
Ұлттық банктер ақша айналымының Тексерушілеріне бағынады (Қаржы министрлігінің қызметі) және барлық федералды банктік заңдар мен ФРЖ, ДСФКнің ережелері мен нұсқауларына бағынады. ФРЖға мүше – Штаттардың банктерi, олар тiркелген және аймағында операцияларын жүзеге асыратын штаттың заңдары мен ережелерiне бағынады. ФРЖға мүше емес және ДСФКда сақтандырылған салымдары бар – банктер тиiстi штаттардың заңдарына және, сонымен бiрге, ДСФК ереже мен нұсқауларына бағынады. ФРЖға мүше емес, шоттары сақтандырылмаған банктер тек штаттардың заңнамасына бағынады. Демек, банктер өз юрисдикциясын таңдайды, яғни федералды өкiметтерге немесе штаттардың өкiметтеріне бағынуын таңдайды. Бұған қоса, елде федералды өкіметке де , не штаттардың өкіметіне бағынбайтын банктер жұмыс iстеуде (олар жеке деп аталады).
Федералды
резервтiк жүйенің қызметі
Қысқаша
айтқанда, Федералды резервтiк жүйе
өз саясатын дефляция мен инфляциялық
процесстермен күресуге бағыттайды.
Соңғы инстанциядағы несие
Мықты қаржы құрылымын ұйымдастыру несие - ақша саясатының тиімділігі мен экономиканың дамуының алғышарты болып табылады. Сондықтан Федералды резервтiк жүйеге көптеген бақылау және реттейтiн функциялар табысталған. Мысалы, ол бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға қатысты берілетін несиелердің санына жауапты, АҚШ банктерiнің шетелдегі қызметiн және шетелдiк банктердiң қызметін реттейді.
Банктік холдингтік компаниялардың қызметін бақылайтын заңдардың орындалуын қадағалайды, штаттар деңгейінде тіркелген және ФРЖ мүшесі болатын банктерді бақылайды, тұтынушылардың мүдделерін қорғайтын ережелерді бекітеді.
АҚШтың тәуелсiз орталық банкiсі бар екендігі бәріне мәлім. Федералды резервтiк жүйенiң шешiмдерiн Президент немесе үкiмет бөлiмiнің кез келген қызметкерi ратификациялауға құқығы жоқ. Бірақ ФРЖ өзінің саясаты үшін Конгресстiң алдында және барлық халықтың алдында жауапқа жүктеледі. ФРЖның басшылар кеңесiне және төраға мен вице төрағаны тағайындау президентпен жүзеге асырылады (Сенаттың рұқсатымен). ФРЖ мен өкіметтің қызметі ортақ экономикалық және қаржылық саясатты көздейді, бұл жағдайларды есепке ала отыра бұл жүйенi "Үкіметтің ішіндегі тәуелсiз мекеме" деп айқынырақ сипаттауға болар едi. ФРЖ үкіметтің ішіндегі (саясатты анықтайтын) топтармен үнемі байланыста болады. ФРЖ өкілі ретінде басқарушылар Кеңесінің меңгерушісі болып табылады. Ол Конгресстiң тиiстi комитеттерiнiң алдында ФРЖ саясаты, жүйенің экономикадағы жағдайға қатысты көзқарасы, қаржы және басқа сұрақтар бойынша есеп береді. Үкіметтің және федералды ведомствалардың құнды қағаздарымен жасалатын келісімдер депозиттік мекемелердің резервті қорларын үлкейтеді немесе кішірейтеді. Сонымен бiрге комитет операцияларға рұқсат береді және оған шетелдiк валюталардың нарықтарында басшылық етеді. Комитеттің құрамына басшылар Кеңесінің 7 мүшесі және 5 резервтік банктердiң президенттерi кiредi. ФРЖның басқа функциялары 12 Федералды резервтік банктердің желісі арқылы iске асады. Резервтік банктердiң филиалдары 25 қалада ұйымдастырылған. Әрбiр резервтік банктің өзінің Кеңесі бар. Ол банктың қызметкері болып табылмайтын, сырттан келген 9 директор тұрады. Заң бойынша әрбір ауданның ФРЖ банк-мүшесі, А класына жататын 3 директор (ФРЖ банктер-мүшесінің өкілі) және Б класына жататын 3 директор сайлайды. Басқарушылар кеңесі тағы 3 С класының директорын сайлайды. Б мен С класы қоғам өкілдері болып табылады
ФРБтің негізгі кіріс көзі – жүйенің бағалы қағаздарға қатысты салымдарының проценттері және депозиттік мекемелерге беретін ссуданың проценттері.
Франция банкi
Орталық банктiң кұрылу
Францияның несие жүйесінің орталығында Франция банкі орналасады. Франция банкi регламенттердi өз бетінше қабылдап және кәсіби қызметіне байланысты нормаларды шығаруға құқығы бар. Франция банкі несие саясатын дайындауға және шараларды іске асыруға өкіметпен бірге қатысады.
Қазіргі кезде Франция банкі несиелік мекемелер мен жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банк ретінде емес, «банктердің банкісі» ретінде қызмет етеді. Оның басты клиенттері үкімет пен банктер. Бірақ бұған қарамастан, заңнамада жеке тұлғаларға қызмет көрсету рұқсат беріледі.
Франция банкісінде бүкіл әкімшілік биліктің орталықтандырылуы басқарушыға жүктеледі. Басқарушы мен оның орынбасары Министрлер Кеңесінің декреті болып сайланады. Басқарушы республика Президентінің алдында ант береді. Жылына бір рет немесе керек болған жағдайда бірнеше рет басқарушы Франция банкісінің операциялары жайында Президентке есеп береді. Басқарушы банктің барлық қатынастарында өкілдік етеді және Франция банкінің атынан келісім шарттар мен мәмілелерге қол қою ерекше құқығына ие. Басқарушы Басты кеңесте басшылық етеді және оның күнтізбесін анықтайды. Басты кеңестің құрамына басқарушылар мен олардың орынбасарларынан бөлек, франция азматтығы бар 10 кеңесші және экономика, қаржы, бюджет министрлерімен тағайындалатын қаржы инспекторы мен оның орынбасары кіреді. Оның ішінде 9 кеңесшіні Министрлер Кеңесінің декреті сайлайды, ал біреуін банк қызметкерлері арасында өткізілетін құпия сайлау өткізу арқылы сайлайды.
Басты кеңестің құзырына келесілер кіреді: банкті басқарудың жалпы сұрақтарын қарастыру, бюджетті қабылдау және оған өзгерістер енгізу, баланстық бухгалтерлік есепті бекіту және басқа функциялар.
Басты кеңестің шешімі қабылданды деп танылады, егер оған 7 мүшесі дауыс берсе. Егер қаржы инспекторы қарсылығын білдірмесе, ол біржолата қабылданады. Кері жағдайда ол мәселені қайта қаралуға жібереді. Басты кеңестің бірде бір шешімі басқарушының келісімінсіз жүзеге асырылмайды. Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отыра Франция банкінің атқарушы өкіметке тәуелділігі байқалады.
Франция банкі шетелдердегі банктік операцияларға қадағалау жасайды. Банктік операцияларға қатысатын жеке және заңды тұлғалар, сонымен қоса несие мекемелері ай сайын жасалатын операциялары туралы декларацияны беріп отыру керек.
Франция банкі елдің ақша белгілерін шығаратын жалғыз банк. Ол Қазынашылық пен несиелік мекемелер арқылы ақшаны айналымға шығарады. Жыл сайын Франция банкі 600 млн жуық қағаз ақшаларды айналысқа енгізеді және сонша ақшаны айналыстан шығарады.
Орталық банк алтын валюта резервтерін сақтаушы ролін атқарады.
Орталық банктің Франция экономикасын ақша – несиелік реттеудегі негізгі әдістері:
Орталық банк қазыналық бон, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарының эмиссиялауына қатысады.Олар 5 жылға дейінгі мерзімге шығарылады.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Қазақстан
Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің негізгі міндеті- Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялану мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік жасау және жүзеге асыру;
- Ақша – несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау және негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық
банкі жұмысының негізгі
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығдағы нисиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Қазақстан Ұлттық банк төмендегідей қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан респубилкасының мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан аумағында банкноталар мен монеталар айналысқа шығарушы жалғыз болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қырызына қызмет корсетуге қытысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;