Дамыған елдердің оталық банктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:02, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................3
Негізгі бөлім
I Бөлім. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1.Орталық банктердің мәні және түпкі мақсаты..........................................4
1.2.Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары.................................................................................................................7
ІІ Бөлім. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1.Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi кезеңдегi Қазақстан республикасына шолу.…………………………....................................................................................11
2.2.Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие саясатына талдау жасау.............................................................................................20
Қорытынды........................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер...........

Файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 69.92 Кб (Скачать)

      - Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;

      - Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

      - Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі пруденциялық нормативтер белгілейді;

      - Қазақстан Республикасында ресми мөлшермелерді өзгерту арқылы пайыз мөлшермелердінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

      - Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшермелерін өзгертуге құқықтар береді;

      - Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және ұзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;

      - Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;

      - Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды.

      - Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;

      - Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;

      - Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;

      - Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыру және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монелардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;

      - Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;

      - Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;

      - Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;

      - Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне қадрларды дайындауға қатысады;

      Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің  қаражаттары арқылы қаржыландырылатын  несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады. 

      2.2. Дамыған елдердің Орталық банктерінің  ақша-несие саясатына анализ.

      Қазіргі кездегі әлемдік экономикалық қатынастарды интеграциялық процестердің дамуымен сипаттауға болады. Оған мысал ретінде бірыңғай ақша айналысысын құру мен реттеуді және еуропа аймағындағы валюта интеграциясын жатқызуға болады.  

      Ақша  – несие саясатын (АНС) Еуропалық  орталық банктердің жүйесі (ЕОБЖ) жүзеге асырады. ЕОБЖны Еуропалық орталық  банктер құрайды. ЕОБЖның ақша-несие саясатын құрастыру мен орындауды Еуропалық орталық банктің Басқарушы кеңесі мен Атқарушы дирекциясы жүзеге асырады. АНСның жалпы бағыттары экономика мен қаржы министрлерінің кеңесімен үйлестіріледі. Еуропалық орталық банк (ЕОБ) тәуелсіз статусқа ие және ресми түрде тек Еуропалық парламенттің алдында есеп береді.

      ЕОБның  ақша нарығындағы пайыздық қойылымды  тұрақтандыру және банктік жүйенің  өтімділік құрылымына әсер ету үшін қолданатын АНСның негізгі құралы болып  ашық нарықтағы операциялар болып  табылады.

      АНСның құралдары мен мақсаттарына және ЕОБЖнің қызметіне ( 2008ж мен 2009ж басы) анализ жасау келесі қорытындыға әкеледі: ЕОБЖ еуроны біртіндеп қолма – қолсыз ақша айналымына енгізе алды және бірыңғай ақша нарығын құра алды; ЕОБЖның бұл жетістіктерге жетуі Еуропалық валюталық институт жүргізген айтарлықтай дайындық жұмыстардының нәтижесі болып табылады. ЕОБтің қызметін қиындататын және инфляцияға әкелетін факторларды атап өткен дұрыс: ЭВС тың экономикалық дамуы АҚШқа қарағанда төмен болуы, еуроның әлсізденуіне және әлемдік қаржылық капиталдардың американдық нарықпен шоғырлануына(аккумуляция) әкеледі; Энергетикалық ресурстардың бағаларының жоғарылығы және Азиядағы жаңа қаржылық кризистың болу қаупі. [3] Осы факторлар ЕОБның валюта бағамын қолдауға ерекше көңіл бөлу керектікігінің дәлелі.

      1987 ж заңға сәйкес, Англия банкі  банктік мекемелерді бақылау  бойынша Кеңес комитетін құрады. Кеңес  ex officio ның үш мүшесінен (басқарушы мен оның орынбасары және Англия банкінің атқарушы директоры) және қазынашылық канцлері мен Англия банкісінің басқарушысымен сайланған 6 тәуелсіз мүшеден тұрады. Кеңестің жұмысы туралы есеп жыл сайын жасалады. 2008 ж заңға сәйкес, басқарушы, оның орынбасарлары және тағы үш тұлға (Англия банкінің қызметкерлері) банктік салымдарды сақтау бойынша Кеңесін құрайды. Бұл Кеңес банктік салымдарды қорғау қорына басшылық етеді. Бұл қор қаражатқа мұқтаж мекемелерге көмек көрсету үшін құрылады. Англия банкі банктік мекемелердің қызметіне байланысты нұсқаулар беруге тиіс. Ондай нұсқаулар: белгілі бір шараларды іске асыру немесе керісінше, қызметтерді тоқтату, көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту (салымдардың көлемін азайту, несиелеу сомасын және т.б.), белгілі бір мәмілелердің түрін жасауға тиім салу, белгілі бір мекемелердің директорын, бақылаушысын немесе басқарушысын жұмыстан босату. Бұндай нусқаулар жазбаша түрде жасалады және мотивацияланған болу керек. Олардың қызмет ету мерзімі жөнелтілген күннен бастап 28 тәулікті құрайды. Англия банкінің басқа банктермен қарым қатынасының өзіндік ерешеліктері бар. Мұндай қарым қатынастар заңнамада көрсетілген жарғыларға сүйенбейді, яғни олар көбінесе «джентьмендік келісімдер» арқылы жүзеге асады. Англия банкі өзінің нұсқауларын банктерге өтініш түрінде жібереді.

      Испания банкінің құзырына несиелік мекемелердің ұсақ заң бұзушылықтары үшін санкция  қолдану жатқызылады, ал одан ірі заң бұзушылықтары үшін  Экономика мен Қаржы Министрліктері Испания банкімен келісе отыра санкция қолданады. Испания банкі негізінен көлемі 1 млн -нан 10млн –ға дейін айыппұлдық санкцияларды сала алады. Кейбір жағдайларда санкция түрінде несие саласында қызмет көрсетуге рұқсатты жою болуы мүмкін, сонымен қоса сөгіс жариялау, несие мекемесінің қызметін тоқтату. Санкцияларды жүзеге асыру үшін Испания банкі сәйкес резолюцияларды шығарады.

      Бұдан басқа, егер несие мекемесін тексеру  кезінде оны тарату туралы шешім шығарса, экономика және қаржы министрліктері осы тексерудің нәтижесін бекіту керек және инспекциялайтын органдардың қорытындыларын негіздеу керек.

      Испания банкі сонымен қоса банктік мекемелердің капиталына қатысты үлестердің бөлісуіне  бақылау жасайды. Мысалы, егер банктік мекемелердің капиталына қатысты үлестерді жеке және заңды тұлғалармен сатып алу кезінде, жарғылық капиталдан 15%ға асып кетсе, мұндай операция тек Испания банкінің рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Испания банкінің бақылау функциясына банктік  қызметті жүзеге асыруға және ұйымдастыруға  қатысты әртүрлі рұқсаттарды  беру жатқызылады.         

        Италия банкі несиелік мекемелерге жаңа филиалдар мен агенттіктерді Италия аумағында немесе тыс аумақта ашуға рұқсат береді. Сонымен қоса, Италия банкі жаңа несиелік мекемелерді құруға керек капиталдың немесе дотациялық қордың минималды көлемін белгілейді.

      Италия  банкі барлық несиелік мекемелер  тіркелетін арнайы кітап жүргізеді. Әрбір несиелік мекемелер жайында  келесідей мәліметтер көрсетілу  керек:

  1. атауы
  2. құқықтық форма, мекеменің құрылған датасы
  3. соңғы баланстың мәліметіне сәйкес капиталдың немесе дотация қорының және резервтердің көлемі
  4. орталық органдары мен филиалдарының орналасқан жері

      Несие мекемелері Италия банкі белгілеген мерзімде және белгілеген шарттарға  сай, баланс туралы мәліметтерді Италия банкіне беріп тұру керек.

      Италия  банкі несиелік мекемелердің қызметіне  қайта-қайта тексерулер өткізіп тұруға өкілетті. Тексерулерді шенеуніктер өткізеді. Ол шенеуніктер ревизия өткізуге керек болатын кез – келген құжатты талап ете алады.

      АҚШ Федералды резерв банктерінің жүйесінде инспекция қызметі маңызды роль ойнайды. Ол федералды резервтік банктерді бақылайды. Оған әрдайым Федералды резерв банктері өздері жүргізетін аудиторлық қызметтің инспекциялық операциялары туралы мәлімет түсіп отырады. Баяндама басқарушылар кеңесіне беріледі және оның ішінде ФРЖны жақсарту жөнінде ұсыныстар болады. Инспекция қызметі басқарушылар Кеңесіне келесідей мәселелер бойынша жәрдемдеседі: ФРЖне мүшелік ету, шетел банктік және қаржылық корпорацияларды құру, компаниялар, банк-филиалдар ашу.

      2006 – 2007 ж валюта нарығында АҚШ долларының әлсізденуі, еуро, ағылшындық фунт стерлингтің қатаюы байқалды. 2008ж екінші жартысында экономикалардың өсуі тоқтады. Еуропа мен Жапонияда өсудің тоқтауын ұлттық валютаның күшеюі мен инвестициялардың азаюуымен себептестіреді.

      АҚШ та өсудің тоқтауы «sub-prime» ипотека кризисімен және соның натижесінде болған тұтыну сенімділігінің төмендеуімен байланыстырылады. Сонымен қоса, АҚШ тың ипотекалық қарыздар нарығындағы дағдарыс локалдықтан ғаламдыққа өсіп кетті. Осы себептердің арқасында әлемдік қаржы нарығында өтімділік дағдарысы пайда болды. Қауіптердің өсуі – портфельді инвесторлардың дамушы нарықтардағы капиталдарын қайтарып алуға әкелді.

      АҚШ Федералды резервті жүйесі, Еуропалық  орталық банкі кризиске қарсы  тұру үшін несиелік интервенцияны өткізді. Ол өз елдерінің банктік жүйесінің  өтімділігіне жәрдемдесу үшін жасалды. Негiзiнен, әлемдiк экономика құбылмалылық уақытына кiрдi. Жағдайдың уақытша тұрақтануына қарамастан әлемнің ірі банктері ипотекалық қарыз берумен байланысты бағалы қағаздарға инвестицияланған активтерді шығарып салуды жалғастыруда. (АҚШ, еуроодақ, Ұлыбритания, Канадалық және Швейцария) 2007 жылдың желтоқсанындағы әлемнiң дамыған елдерiнiң орталық банктерi өтiмдiлік дағдарысынан шығу үшін күш-жiгердi бiрiктiру туралы жариялады.[4]

      Кризистің салдары ретінде инфляция деңгейінің өсуі болды. Осылай, АҚШ тың жылдық инфляция деңгейі 2008ж 2,5%дан, 2009ж 4,3% дейін өсті, Еуроаумағында 1,9%дан 3,1%дейін, соның ішінде Германияда 1,4%дан 3,1% дейін. 
 
 

                                    Қорытынды. 

            Осы курстық жұмысты  жасау кезінде негізгі мақсат орындалды – дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің қызметі  мен ролін зерттеу. Орталық банктердің алдында тұратын негізгі міндет – ұлттық ақша бірлігінің сатып алу қабілетін қолдау және несие-банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Барлық Орталық банктер ұқсас функцияларға ие және реттеу әдістері ұқсас. Бұл олардың ұйымдастырылған құрылымдарының бiртiндеп жақындауы, олардың қызметiнiң үйлестiруiне, ал Батыс Еуропада бірыңғай ақша-несие және валюталық саясатты құруға  себепшi болды.

            Орталық банктердің негізгі функциялары – банкноталар эмиссиясы, ақша-несие саясатын өткізу, банктерді қаржыландыру, несие-банк мекемелерінің қызметіне бақылау жасау, төлемдер жүйесінің жұмыс істеуін қадағалау және ұйымдастыру, валюта саясатын өткізу, үкімет агенті функциясын атқару. Аталған функцияларды жүзеге асыру арқылы Орталық банктер алға қойылған мақсаттарын орындайды. Экономикаға мемлекеттік әсер ету шараларында шетел орталық банктері маңызды роль атқарады. Олар ақша эмиссиясы бойынша және несие-банктік институттардың қызметі бойынша мәселелерді шешу кезінде салыстырмалы дербестікке ие болады.

            Соңғы он жылда, қоғамдық капиталды жаңғырту жағдайларының өзгерісінің әсерінен ақша-несие саясаты қатты эволюцияға ұшырады. Сонымен қоса, интернационалдық шаруашылық байланыстардың тереңдеуі және бірыңғай әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы елдердің ішкі экономикалық саясатын қайта қарастырып, толықтыру енгізуге себеп болды. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан реттеудің автономды және қатал әдістерін қолдануды шектеу. Бұл өзгерістер ақша-несие саясатының жоғарғы икемділігін талап етті және нарықтық жағдайлардың өзгерістеріне жылдам көңіл бөлу, сонымен қоса, орталық банктердің ынтымақтастығын арттыру. Ақша-несие саясатының сипаты өзгерді: ол макроэкономикалық реттеуде басымдылыққа және жанама әсер ету әдістеріне ие болды. Ақша-несие саясатының бірінші кезектегі мақсаты ақша массасының өсуін шектеу және инфляциялық процестерді әлсірету.

Информация о работе Дамыған елдердің оталық банктері