Заңгер мамандықтары үшін

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:17, лекция

Краткое описание

Құқықтану – арнаулы қоғамдық білімдер саласы. Бұл білімдер шегінде және осы білімдер арқылы мемлекеттік-құқықтық өмір шындығы теориялық-қолданбалы тұрғыдан игеріледі. Құқықтану тек құқықты, құқық жүйесін ғана емес, сонымен бірге мемлекетті және саяси жүйенің басқа да бөліктерін қамтитын білім салалары ретінде қалыптасты.

Файлы: 1 файл

Зангер мамандықтарыdocx.docx

— 56.25 Кб (Скачать)

      2. Тіл дамыту жұмысы.

      4. Мәтінге аударма жаса.

      5. Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне талда.

      6. Тұрлаусыз мүшелерді атап жаз.

      7. Анықтауышты тап. 

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.198-200.

      114-115-жаттығу. 

9.10-тақырып.  Заң консультациясында. Кепілпұл 

      Конституция, Ата заңмемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзербайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді. 1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.[1Кепілпұл (задаток) – міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің бір жолы. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай құн. Кепілпұл туралы келісім оның құнына қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Міндетте менің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі бойынша не олардың кінәсінсізақ оны орындаудың мүмкіндігі болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепілпұл қайтарылуға тиіс. Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап кінәлі болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген құнын төлеуге міндетті. Оның үстіне міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл құнын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

      Тапсырма:

      1. Мәтінде кездескен кәсіби сөздердің орысша-қазақша сөздігін жаз.

      2. Тіл дамыту жұмысы.

      4. Мәтінге аударма жаса.

      5. Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне талда.

      6. Тұрлаусыз мүшелерді атап жаз.

      7. Пысықтауышты тап. 

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.193-195.

      111-112-жаттығу 
 

      9.11-тақырып. Адвокат кеңсесінде. Адвокатура 

      Адвокатура  – заңдардың (адвокаттардың) заңды  тұлға мәртебесі бар қоғамдық ұйымы. Бұл ұйымның мақсаты заңдылықты сақтай отырып, азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету, ал жұмыс істеу принципі заң көмегін көрсетуге оны тәуелсіз дербес түрде атқаруға негізделген. Бұл қоғамдық ұйымның негізгі мақсаты – азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету барысында олардың  құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, әділ сот ісінің жүзеге асырылуына заңдылықтың бұзылмауына және толысып нығаюына, азаматтардың заңды дәл және бұлжытпай орындау, еңбек тәртібін сақтау, адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Осы мақсатта мемлекетте, Қазақстан Республикасында, облыстар мен республикалық қалаларда адвокаттар алқасы, ал аудандар мен облыстарда, қалаларда заң консультацияларында құрылады.

      Адвокатураның азаматтар мен ұйымдарға заң  көмегін көрсетудегі міндеттері адвокатура туралы заңда көрсетілген.

Адвокат.

      Адвокат (қорғаушы) – сотта біреудің ісін жүргізуші, айыпталушыны қорғаушы немесе құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруші заңгер. Оның міндеттері азаматтарға және кәсіпорындар мен ұйымдарға, шаруа қожалықтарына көмек көрсету. Адвокаттардың заңда белгілеген тәртіппен бекітілген құқығы болуы шарт.

      Адвокаттар  заң мәселелеріне байланысты консультациялар  мен түсініктемелер береді. Азаматтардың тілегі бойынша ауызша немесе жазбаша  анықтамалар, құқықтың сипаты бар арыздар, шағымдар және т.б. құжаттар әзірлейді. Сот мәжілістерінде және мемлекеттік  ұйымдарға азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзылуы қаралғанда оған өкіл болып қатысады.

      Адвокат заң көмегін көрсету кезінде  орындалатын қосалқы жұмыстарда жоғары білімі бар заң мамандарын өзіне көмекші етіп алуы мүмкін. Адвокаттың іс жүргізудегі құқықтары оның көмекшілерінде болмайды. Сөйтіп, олар істерді алдын ала тергеуге, сот істерін жүргізуге қатыстырылмайды.

      Сотты қоғамдарға сондай-ақ өздерінің адвокаттыққа жат қылықтарымен беделін кетіріп алғандарға адвокаттық іс-тәжірибемен айналысуына рұқсат етілмейді.

АДВОКАТ - АДВОКАТ

ІС  – ДЕЛО

АЙЫПТАЛУШЫ – ОБВИНЯЕМЫЙ

ЗАҢГЕР  – ЮРИСТ

ШАҒЫМ – ЖАЛОБА

АРЫЗ  – ЗАЯВЛЕНИЕ

ҚҰЖАТ – ДОКУМЕНТ

ӨКІЛ  – ПРЕДСТАВИТЕЛЬ

ТЕРГЕУ  – ДОПРОС

БЕДЕЛ – АВТОРИТЕТ

АЗАМАТТЫҚ ІС – ГРАЖДАНСКОЕ ДЕЛО

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС – УГОЛОВНОЕ ДЕЛО

МАҒЛҰМАТ  – СВЕДЕНИЯ

ЖАРИЯ ЕТУ – ОГЛАШАТЬ

ХАҚЫСЫ  ЖОҚ – НЕТ ПРАВА

      Тапсырма:

      1. Мәтінде кездескен кәсіби сөздердің орысша-қазақша сөздігін жаз.

      2. Тіл дамыту жұмысы.

      4. Мәтінге аударма жаса.

      5. Сөздікті пайдаланып қысқаша мазмұнын айт.

      6. Тұрлаусыз мүшелерді атап жаз.

      7. Толықтауышты тап.

      8. Тура толықтауышты тап.

      9. Жанама толықтауышты тап. 

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.191-192.

      108-110-жаттығу 

      9.12-тақырып. Азаматтық талапкер прокурордың қабылдауында. Мәміле 

      Прокурор - жедел іздестіру қызметінін, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорла-прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардын орынбасарлары мен көмекшілері, прокуратурлардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.

Прокурор  айыпталушыға немесе оның іс-әрекеті үшін мүліктік жауаптылықта болатын тұлғаға:

1) өзінің дәрменсіз  күйіне, айыпталушыға тәуелді болуына  немесе өзге де себептер бойынша  талап қою және оны қорғау құқығын өз бетінше пайдалануға қабілеті жоқ жәбірленушінің;

2) мемлекеттің мүдделерін қорғап талап қоюға құқылы. Прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.

Мәміле (сделка) – азаматтар мен заңды  тұлғалардың азаматтық құқықтары  мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге  немесе тоқтатуға бағыталған әрекеттер. Мәмілелер бір жақты немесе көп  жақты шартпен жасалады. Заңға  немесе тараптардың еркін білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп есептеледі.

      Бір жақты мәміле – мәміле жасалған адамға міндеттер жүктейді. Мәмілелер  ауызша және жазбаша түрде жасалады. Мәміле жай жазбаша және нотариалдық  куәландыру арқылы жасалады. Мәміленің  жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды. Бірақ тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша  немесе куәгерлік арқылы дәлелдей алмайды. Мәміленің жасалғанын басқа дәлелдермен  растауға құқылы. Егер мәміле нотариалдық  куәландыру (свидетель) арқылы  жасалу керек болса, бұл тәртіпті сақтамаған жағдайда мәміле жарамсыз деп саналады. Егер мұндай мәміле жасалғаннан кейін  бір тарап өз міндеттемесін заңды  бұзбай орындаса, мәмілені жарамды  деп тануға құқылы. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың  әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанын бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса құнын ақшалай өтеуге міндетті.

      Тапсырма:

      1. Мәтінде кездескен кәсіби сөздердің орысша-қазақша сөздігін жаз.

      2. Тіл дамыту жұмысы.

      4. Мәтінге аударма жаса.

      5. Сөйлем мүшелерін қайтала. 

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.201-202.

      116-117-жаттығу. 

      9.13-тақырып. Жәбірленуші – қылмыстық істе.

Мемлекеттік айыптаушы

Мемлекеттік айыптаушы  — қызметі қылмыстық іс бойынша  айыпталушының кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында заңға  сәйкес негізде мемлекет атынан айыптауды  жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Мемлекеттік  айыптаушы қызметінің құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет қызмет жүйелерінде атқарылады. Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің құрамындағы қызметтік тармақ болса, басқаларында ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі. Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор лауазымының атқаратын міндеттерінің бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып, заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істің заңдылығын қадағалау барысында прокурор заңсыз қозғалған істі қысқартады не қайта саралайды немесе нұсқау беріп тергеушіге қайта жібереді. Ал заң талабына толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын талап еткен заңның орындалуын қадағалаудан туындайды.

     Қазақ елі мәдени, рухани дүниелерге бай  неше ғасырлық ұзақ тарихында заңға, тәртіпке өте мән берген. Қазақ  елінде әр-әр кезеңде «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды  аса маңызды заңдар, ережелер болған.

     Ертедегі  билердің айтқан сөзі, шешендердің  айтқаны заңға пара-пар дүние. Ата жолын кеспеген, ана тілегін  аттамаған, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтаған қазақ халқы қашанда  заңды құрметтейтін өркениетті ел болуға ұмтылған.

     Заң ғылымы – ерте кезден пайда болып, күні бүгінге дейін даму үстінде  келе жатқан ғылым. Бұл қоғаммен бірге  біте қайнасқан ғылым болғандықтан, қоғам, заман өзгерісіне байланысты бірге өзгеріп, әрдайым қоғаммен бірге жасасады.

     Заң ғалымы – күрделі де қызықты ғылым.

     Занның  ең басты мүддесі – адамның  жеке басының бостандығы мен құқығын  қорғау екені белгілі. Әйткенмен  адамдар да өзінің қүқығын қорғауды, өзгелердің мүддесіне нұсқан келтірмеуді  үйренуі тиіс.

Информация о работе Заңгер мамандықтары үшін