Заңгер мамандықтары үшін

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:17, лекция

Краткое описание

Құқықтану – арнаулы қоғамдық білімдер саласы. Бұл білімдер шегінде және осы білімдер арқылы мемлекеттік-құқықтық өмір шындығы теориялық-қолданбалы тұрғыдан игеріледі. Құқықтану тек құқықты, құқық жүйесін ғана емес, сонымен бірге мемлекетті және саяси жүйенің басқа да бөліктерін қамтитын білім салалары ретінде қалыптасты.

Файлы: 1 файл

Зангер мамандықтарыdocx.docx

— 56.25 Кб (Скачать)

      Тапсырма:

      1. Тақырыпты талда.

      2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айт.

      3. Жаңа сөз, сөз тіркесін белгіле.  Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр, оған жауап бер.

      4. Жай сөйлем туралы түсінік.

      5. Жақты сөйлемді тап.

      6. Жақсыз сөйлемді тап. 

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б. 210-211.

      -жаттығу 
 

      9.6-тақырып.  Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.  

Құқықтық  мемлекетконституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде  билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік  билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының  сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау  ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. 
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі. 
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді. [1

       Заңдық жауапкершіліктің мағынасы мен мақсаты субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғау болып табылады. заңдық жауапкершіліктің міндеттері осыдан туындайды. Біріншіден, құқық бұзушылыққа кінәліні жазалау (жазалау міндеті). Екіншіден, құқықты қалпына келтіру және келтірілген зиянды өндіріп алу.

     Құқық  бұзушылықтардың түрлеріне қарай заңдық жауапкершілік былайша жіктеледі:

     - қылмыстық, тек қана қылмыс үшін және қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдарына сәйкес  соттың үкімі бойынша ғана қолданылатын ең қатаң түрі;

     - әкімшілік, яғни әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін, қызмет міндеттерін орындаумен байланысты жоқ түрі; 

     - азаматтық,  шарттық міндеттемелерді бұзудан туындайтын түрі;

     - тәртіптік, тәртіптік билігі бар лауазымды адамдардың  тәртіптік теріс қылық үшін қолданылатын түрі. 

      Тапсырма:

      1. Мәтінде қолданылатын сөйлемдердің  сипаттамасын бер.

      2. Өз мамандығыңа байланысты терминдердің  қазақша баламасын ізде.

      3. Жаңа сөз, сөз тіркесін белгіле.

      4. Мәтінге аударма жаса.

      5. Жай сөйлемнің түріне талда.

      6. Толымды сөйлемді тап.

      7. Толымсыз сөйлемді тап. 

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.212. –жаттығу 

      9.7-тақырып. Құқық бұзушылық пен заң алдындағы жауапкершілік. 

     Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың ісәрекеті немесе әрекетсіздігі  ретіндегі әрекеті. Оларға  табиғат  құбылыстары мен жануарлардың мінезін  жатқызуға болмайды.

Адам  өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі  елеулі әрекетсіздігі болмаса заң  үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның  ой және сезім жүйесі, оның биологиялық  жай-күйі мен әлеуметтік жағдайы, туыстық  және жеке байланыстары құқық бұзушылық  деп танылмайды.

     Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады, ол зиянның болуын және іс-әрекетке (әрекетсіздікке) қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға  қауіп  төндірмейтін әрекет құқық бұзушылыққа жатқызылмауға тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілікті нақты индивидтің  бірлі жарым қылығынан (мысалы, көшенің өтуге болмайтын жерінен немесе бағдаршамның тыйым салатын белгісі тұрғанда өту) ғана көріп қоймай, ең алдымен, адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық  тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.

      Тапсырма:

      1. Мәтінде кездескен кәсіби сөздердің орысша-қазақша сөздігін жаз.

      2. Жаңа сөз, сөз тіркесін белгіле.

      4. Мәтінге аударма жаса.

      5. Сөйлем мүшелеріне талда.

      6. Тұрлаулы мүшелерді атап жаз.

      7. Бастауышты тап, түбір күйі, көптік, тәуелдік тұлғасы. 

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.184-185.

      102-103-жаттығу 
 

      9.8-тақырып. Құқықтық сана. 

     Құқықтық  нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің  дамуына ықпал ететін факторларды  ерекше түрде тану құқықтық сана болып  табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құқықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән  ерекше объектісі бар.

     Құқықтық  сана дегеніміз - адамдардың қолданылып   жүрген  және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б.  түріндегі әсері.

     Құқықтық  сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты  қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін  анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға  деген белгілі бір көзқарасын  қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы  мүмкін. 

      Тапсырма:

      1. Мәтінде кездескен кәсіби сөздердің орысша-қазақша сөздігін жаз.

      2. Жаңа сөз, сөз тіркесін белгіле.

      4. Мәтінге аударма жаса.

      5. Сөйлем мүшелеріне талда.

      6. Тұрлаулы мүшелерді атап жаз.

      7. Баяндауышты тап, сұрағын анықта.

      Үй  тапсырмасы:

      Бектұров  Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.187.

      104-106-жаттығу 
 

      9.9-тақырып. Нотариустың қабылдауында. 

Мемлекеттік нотариат кеңсесі (ағыл. state notary office; нем. staatlues Notariatsbiiro n, Notariatskontor n) - Аумақтық әділет органының құрылымдық бөлімшесі.

Заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекіткен ереже негізінде жұмыс істейді. Мемлекеттік нотариальды кеңселер, Қазақстан Республикасының аудандары мен қалаларында шоғырланады.[

     Заң – қазіргі заманда мемлекеттің  ең жоғары нормативтік актісі. Ол қоғамды  ең күрделі, маңызды мәселерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың  «Атасы» деуге болады. Занның белгілі  – нышандары:

  • заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
  • заң күрделі, маңызды мәселер бойынша қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуі тиісті);
  • заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
  • заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.

     Заңның  үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік  билік, саясат іс жүзінде асады. Заң  арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа да талаптары  қалыптасады. Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. 

      Тапсырма:

      1. Мәтінде кездескен кәсіби сөздердің орысша-қазақша сөздігін жаз.

Информация о работе Заңгер мамандықтары үшін