Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:17, лекция
Құқықтану – арнаулы қоғамдық білімдер саласы. Бұл білімдер шегінде және осы білімдер арқылы мемлекеттік-құқықтық өмір шындығы теориялық-қолданбалы тұрғыдан игеріледі. Құқықтану тек құқықты, құқық жүйесін ғана емес, сонымен бірге мемлекетті және саяси жүйенің басқа да бөліктерін қамтитын білім салалары ретінде қалыптасты.
Заңгер
мамандықтары үшін
9.1-тақырып.
Құқықтану туралы түсінік.
Құқықтану – арнаулы қоғамдық білімдер саласы. Бұл білімдер шегінде және осы білімдер арқылы мемлекеттік-құқықтық өмір шындығы теориялық-қолданбалы тұрғыдан игеріледі. Құқықтану тек құқықты, құқық жүйесін ғана емес, сонымен бірге мемлекетті және саяси жүйенің басқа да бөліктерін қамтитын білім салалары ретінде қалыптасты. Құқықтану ғылыми топшылауларда, ұғымдарда (болжамдар, теориялар, тұжырымдамалар) көрініс тапты. Құқықтанудың теориялық-қолданбалы сипатына қарай оның мазмұнына ғылыми топшылаулар негізінде тұжырымдалып, құзырлы құқық шығарушы және құқық қолданушы органдарға, құқықтық тәрбиемен айналысатын ұйымдарға, азаматтарға жолданған ұсыныстар мен кепілдемелер, сондай-ақ көпшілікке арналып, оқулықта көрініс тапқан ғылыми материалдар да енгізілген.
Заңдылық – қолданылып жүрген құқық нормаларын оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, азаматтардың, барлық жеке және заңды тұлғалардың) қатаң және бұлжытпай сақтауы. Жұмыс істеуі тұрғысынан алғанда заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру әдісі ретінде, қоғамдық-саяси өмірдің режимі ретінде, түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Заңдылықты
нақты жүзеге асыру нәтижесінде
қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке
келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық
тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын
құқық тәртібі – мемлекет
жариялайтын заңдылықтың нақты
қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері
пәрменділігінің маңызды
Заңдылық
– мемлекетте заңдар мен заңдарға
негізделген акілердің
Сонымен заңдылық дегеніміз қоғамдық қатынастарға қатысушылардың (мемлекет, оның органдары, лауазым иелері, азаматтар) заңдар мен заңдарға негізделген актілердегі құқық нормаларын жүзеге асыруда өздеріне басшылық етіп алатын, ұстанатын принципі.
Бұлар жалпы жұртқа қойылатын талаптар ретінде Конститутция мен басқа да заңдарға өз байламын тауып бекіген қағида болып табылады. Сөйтіп, құқық субьектілерінің қызмет әрекетінің әдісі болып іске асырылады да, қоғам тіршілігін шартына айналады. Оның мәнісі – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың көпшілігі құқықтық талаптар мен ұйғарымдарды ұстанады, орындайды.
Заңдылықты қамтамасыз ету – мемлекет қызметі әрекетінің ең бір маңызды бағыты.
Тапсырма:
1. Мәтінде қолданылған кәсіби терминдердің қазақша-орысша сөздігін жаса.
2. Мәтінге аударма жаса.
3. Жаңа сөз, сөз тіркесін белгіле. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр, оған жауап бер.
4. Синтаксис. Сөйлемнің түріне (жай, сұраулы) талда.
5. Жай сөйлемді тап.
6.
Сұраулы сөйлемді тап.
Үй тапсырмасы:
Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.178.
92-93
жаттығу.
9. 2-тақырып. Құқық және заң.
Құқық
қоғамдық қатынастарды реттейтін
нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының
объективтік барысын формалды заң
шығару қызметімен шатастыруға болмайды.
Құқықтың жасалуы - қоғамдық қатынастардың
өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың
және олардың бірлестіктерінің байланыстары
әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен;
белгілі көлемде жүріп отыруына
байланысты. Мұнда шындық, әділдік,
дұрыстық – құқық қалыптасуының
негізгі принциптері болып
Тапсырма:
1.
Мәтін бойынша терминдердің
2. Мәтінге аударма жаса.
3.
Жаңа сөз, сөз тіркесін
4. Мәтіннің қысқаша мазмұнын айт.
5.
Бұйрықты сөйлем, интонациясын анықта.
Үй тапсырмасы:
Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.182.
99-жаттығу
9.3-тақырып.
Құқықтың белгілері.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі.
Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі
құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи
құқықтың мазмұны адам мен қоғамның
табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық
талаптармен анықталады. Мысалы, адамның
өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар.
Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз
етуге бағытталған құқықтық нормалар
табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының
Конституциясында былай деп жазылған:
«Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің
өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы
жоқ» (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші
бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын
барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық
жүйенің үшінші бөлігі - субъективтік
(тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер
бірімен-бірі табиғи түрде байланысты,
бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге
асыруға болмайды.
Тапсырма:
1.
Мәтін бойынша терминдердің
2. Мәтінге аударма жаса.
3.
Жаңа сөз, сөз тіркесін
4. Хабарлы сөйлемнің түріне (баяндау, суреттеу, түсіндіру) талда.
5.
Лепті сөйлем
Үй тапсырмасы:
Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.180.
97-жаттығу
9.4-тақырып. Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген құқықтар мен бостандықтар.
Жеке
құқықтар мен бостандықтар адам мен
азаматтың құқықтық мәртебесінің түпқазығы
болып табылады. Оларды шектеуге
болмайды. Сондықтан Қазақстан
Азаматтардың
жеке құқықтары мен бостандықтарына
өмір сүру (15-бап); жеке бас бостандығы
(16-бап); адамның қадір-қасиетіне
қол сұқпау (17-бап); жеке өміріне қол
сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы
болу, ар-намысы мен абыройын қорғау
(18-бап); өзінің қай ұлтқа, қай дінге
жататынын анықтау және оны көрсету-көрсептеу,
ана тілі мен шығармашылық тілін
еркін таңдап алу (19-бап); заң жүзінде
тыйым салынбаған кез келген тәсілмен
еркін ақпарат алу және тарату,
т.б. құқықтары жатады.
Тапсырма:
1. Мәтінде қолданылған кәсіби терминдердің қазақша-орысша сөздігін жаса.
2. Мәтінге аударма жаса.
3. Жаңа сөз, сөз тіркесін белгіле. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр, оған жауап бер.
4.
Атаулы сөйлемді тап.
Үй тапсырмасы:
Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: Атамұра, 2006. – Б.212.
123-жаттығу
9.5-тақырып. Жарнама
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. [1]
Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.[2]
Сұранысты қалыптастырып
және ынталандырып отыратын қызмет түрі
ретінде жарнама Қазақстан аумағында
ерте замандарда пайда болған. Қазіргі
заманғы Қазақстан аумағында қалалық
өркениет жедел дамыған ІХ-ХІІІ ғасырларда
кент тірлігін ұйымдастырудың өзіндік
жүйесі көрініс тапты. Хорасаннан Жетісуға
дейін созылып жатқан ұлан байтақ өңір
шаһарлары Шығыс өркениетінің қалыбынан
шыққанымен, сондай-ақ оларда Батыс мәдениетінің
нышандары да молынан табылатын. Бұған
осы қалалар тізбегінің Ұлы Жібек Жолының
бойында орналасуының зор әсері болды.
Мәселен, кез келген қалаға ортақ шахристанда
билік мекемелері орналасса, рабадта қолөнершілер
тұрды. Көне Түркістан, Сайрам мен Отырар,
басқа да қалалар туралы тарихи деректерде
әмірлер мен хандардың жарлықтарын орталық
майданда (алаңда) жаршылар дауыстап жария
ететіні баяндалады, сондай-ақ бұл пәрмендер
мешіт қабырғаларына ілінетіні де атап
өтіледі. «Жарнама» терминінің шығу төркіні
Қазақстанның оңтүстік өңірінде ислам
өркениетінің гүлденген дәуірі–ІХ-ХІІ
ғасырларға барып тірелетіні де сондықтан
(мұсылман Ренессансы Еуропаның орта ғасырынан
әлдеқайда ерте басталған). «Жар» сөзінің
«Қазақ диалектілер сөздігіндегі» бір
мағынасы–қабырға дегенді білдіреді.
Ал, «нама»-парсыша «жазу» деген мағынада.
Сөйтіп, «жарнама» дегеніміздің ежелгі
мәні-«қабырғадағы жазу, жазба» болса
керек. Бір таңданарлығы, осы сөз төркінінің
жоғарыда келтірілген ортағасырлық Еуропа
қала мәдениетіне тікелей ұштасып жатуы.
Капитализмге дейінгі кезеңде жарнама
саласының анағұрлым жандануы орта ғасырларға
тұспа-тұс келеді. Бұл дәуірде қазіргі
Қазақстан жері арқылы көптеген сауда
жолдары өткен, Жібек Жолы солардың бірі
болып табылады. Осы жолдың бүкіл өн бойындағы
жоғарыда атап өтілген Түркістан, Жент,
Отырар, Сайрам сияқты ірі қалалар Шығыс
пен Батыс арасындағы өркениеттік байланыстардың
маңызды нүктелері болды. Жәрмеңкелер
пайда болып, гүлдене түсті. Қазіргі Алматы
облысы Кеген кентінің маңындағы Қарқара,
Арқадағы Қоянды жәрмеңкелері күні кешеге
дейін түрлі өлкелерден келген сан мыңдаған
адамның басы қосылып, сауда-саттық қара
күзге дейін толастамауымен әйгілі еді.
Көпестер мен кірекештер, алармандар мен
сатармандар мидай сапырылысқан сауда
алаңдарында жаршылар өз өнімдерін, бар
өнерін жан сала жарнамалап жататын. Алармандар
негізінен қазақ жұртының өкілдері болғандықтан,
түрлі елдердің саудагерлері қазақша
тақпақтап сөйлеуге тырысатын. Алайда,
бұл жарнама бүгінгі ұғымдағы жарнама
ауылынан әлі де алыста еді.