Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 16:06, курсовая работа
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарынды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жалпы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау – олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Кіріспе...................................................................................................................3
1. Басқару шешімдерін қабылдау....................................................................5
1.1 Ақпаратты басқару есебінің негізінде шешілген міндеттер. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі..................5
1.2 «Сатып алу немесе өзіміз өндіру» міндеттерін шешу. Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау................................................................................12
1.3 Шығындар шешім қабылдау.......................................................................15
2. Жоспарлау үшін жіктелуі............................................................................17
2.1 Өнім шығару мен сатудың көлемі және ассортиментін жоспарлау...........17
2.2 Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау...........................................18
2.3 Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы........................................24
Қорытынды.......................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................30
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы
экономика және статистика
академиясы
«Есеп
және аудит» кафедрасы
№_____________
«___» _________20__ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Басқару
есебі» пәні бойынша
Тақырыбы: Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі
№ 01-01тобының 2 курс студенті
Мамандығы: Есеп және аудит
Студенттің
аты-жөні: Сакенова
Ұлжан
Ғылыми жетекшісі: Даузова А.М.
_________________
«___»_____________20___ж
____________________
Алматы 2011 жыл
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.
Басқару шешімдерін
қабылдау......................
1.1 Ақпаратты басқару есебінің негізінде шешілген міндеттер. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі..................5
1.2
«Сатып алу немесе өзіміз өндіру» міндеттерін
шешу. Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау......................
1.3
Шығындар шешім қабылдау......................
2.
Жоспарлау үшін
жіктелуі......................
2.1 Өнім шығару мен сатудың көлемі және ассортиментін жоспарлау...........17
2.2
Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау.......................
2.3
Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы......................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарынды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жалпы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау – олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Бухгалтерлік басқару есебі – шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басұа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктерді дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды кәсіпорындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді.
Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің бірі болып табылатын кәсіпорынның коммерциялық құпияларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Менің курстық жұмысымның аталуы - Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі. Бұл курстық жұмыста менің қарастырылып өткен сұрақтарым:
- басқару шешімдерін қабылдау;
- жоспарлау үшін жіктелуі;
- басқару есебіндегі шешім қабылдаудың қолданылатын негізгі жіктелімі;
- бюджет түсінігі, түрлері;
- және т.б.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді. Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:
1) оперативті міндеттер:
2) ұзақ мерзімді стратегиялык маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:
Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.
Менің
курстық жұмысымның мақсаты –
толықтай осы тақырыпты қарастыру,
айқындап ашу, кестелер мен көрсеткіштерді
көрсету.
1.
Басқару шешімдерін
қабылдау
Басқару есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылығына аса қажетті ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.
Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердін арасындағы елеулі айырмашылық - оның біріншісін өзгерту оңай шаруа емес, ал екіншісі жиі өзгертіледі. Қысқа мерзімді шешімді орындау әрекеті жиі қайталанады, ал олардың кейбіреуі кешірек жузеге асырылуы мүмкін. Мәселен, өткізу бағасын немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге болады, ал капитал салудың (күрделі қаржы жұмсалымы) бағытын өзгерту туралы шешімге келсек, оны қысқа мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды (осының негізінде барлық одан арғы қорытындылар мен түйіндер қысқа мерзімді уақытқа қатысты).
Өнім шығару туралы қысқа мерзімді оңтайлы шешім қабылдау үшін мынаны білу қажет: өткізу бағасын түсіру мен көп сату табысқа қалай ықпал етеді, кәсіпорынды ұлғайтып отырумен және т.б. байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сатудың қандай көлемі керек. Осы және басқа сауалдарға сатудан, шығындардан және таза табыстан болатын жиынтық табыстың өзгерісі мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты қарастыруды қажет ететін өндірістің залалсыздық нүктесі туралы деректерді талдау арқылы жауап беруге болады. Бұл байланыстардың үлгісін (моделін) құрастыру үшін залалсыздық талдауы фирма қактығысатын нақты жағдайды оңайлатады, өйткені қандай да бір шешімді кабылдау барысында оны бір мезгілде мүмкін еместей көрінеді. Залалсыздықты талдаудағы максат - белгілі бір өндіру деңгейі немесе өндіріс көлемі өзгеретін болса, оның қаржылык нәтижесі кандай болатынын анықтау. Бұл акпарат кәсіпорын басшылығы мен менеджерлері үшін аса маңызды, өйткені бұл ақпараттың негізінде шығарылымның қатерлі деңгейін тіркеп отыруға болады. Мысалы, табыс ең көп шамада болатын деңгей немесе табыс та, залал да болмайтын деңгей.
Залалсыздықты талдау сатудан, шығыннан болатын табыс пен аз уакыттың ішіндегі, яғни өндіріс ресурстарының тұрақты қорына қатысты өндіріс қуаты белгілі бір деңгейде шектелген фирмалардың өнім шығаратын уақыт аралығындағы табыс арасындағы байланысқа негізделген. Мұндай талдау мыналарды аныктау қажет болғанда жүзеге асырылады:
Залалсыздықты талдау кәсіпорын өз шығынының орнын толтыруға қол жеткізетін және оның табысы нөлге тең болатын нүктені анықтайды. Бұл ақпарат кәсіпорынның бәсекелестікке баға белгілеудегі өзінің мүмкіндігін бағалауға, өз қызметінің қауіпсіз шегін белгілеуге, яғни бәсекелестік жағдай мен өндіріс жағдайы өзгеру барысында кәсіпорын өз шығындарын басқара алатын жағдайда мүмкіндік тудырады.
Мәселені шешу процесі кәсіпорын сол немесе басқа нұсқаны тандауына көмек беретін, кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады.
Дұрыс шешім қабылдау үшін ең алдымен барлық баламалы нұсқалар бойынша келешекте кездесетін шығындар туралы ақпараттың болуы аса қажет. Кейде есептеу барысында кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы ескеріледі.
Бухгалтерлік басқару есебі бастапқы ақпараттарды өңдеуге және қорытындылауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің тұтас арсеналына ие.
Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:
1) оперативті міндеттер:
2) ұзақ мерзімді стратегиялык маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:
Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.
Бухгалтерлік
басқару есебінің әдістері мен тәсілдері
кәсіпорынның алдында тұрған мәселені
шешуде дұрыс ұсыныс береді.
Басқару
шешімдерін қабылдауда
қолданылатын шығындардың
жіктелімі
Басқарушылық есептің жүйесінде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дүрыс шешім қабылдау ушін кәсіпорын ішінде әзірлеп, үсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу (жинау) жүйесінде көп назар аударылатын болжалды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса кажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады.
Шешім қабылдау және жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұскаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің (жүйеге келтіретін) мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:
Информация о работе Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі