Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:09, дипломная работа
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар.
Кіріспе………………………………………………………………...............4
1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік...............................................................6
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі........................................................7
1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі..............9
2. Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу.............................................................................................................................25
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі..................................................................27
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі.........................................................30
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...............36
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау...........................41
Қорытынды......................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................50
Қосымшалар.....................................................................................................51
Дт 2423 Кт 2413
- объектінің баланстық құнына
Дт
7410
Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне тиісті үйлер мен ғимараттарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал - саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект жарғысында бұл іс - әрекеттер көзделмеген болса, оларды баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал - жабдықтардың есептен шығару табиғи және моралдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда, құрылыс жүргізгенде, кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жарақтандырып, кеңейткенде, негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда, табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде, баланстан тегін бергенде, сыйлағанда, шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде сатқанда, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Жою толық және ішінара объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде болады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғат зіл - заласы мен апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жөне оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруте болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал - жабдықтар, сондай - ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал - сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасын топтап көрсетеді.
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі
Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:
Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны
мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген
топтарына мысалдар келтірілген: жер учаскелері;жер
учаскелері және ғимараттар; машиналар
мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері;
автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік
жабдықтың салынатын элементтері; және
кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының
ішінде қайта бағалау активтерді таңдап
қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне
шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы
болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне
енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде
жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау
қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса,
және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын
болса, активтер тобы сырғымалы кесте
бойынша қайта бағалануы мүмкін.
Егер активтің баланстық
құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын
болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған
өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде
көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада
немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда
танылған сол активті қайта бағалаудан
залалды реверстейтін дәрежеде танылуға
тиіс.
Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.
Активті тану тоқтатылған
жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер
мен жабдықтар объектісіне
Негізгі қордың толық
бастапқы құны тасымалдау мен монтажға
жасалған шығындарды қосқандағы әрбір
түрін сату немесе иемдену процесінде
төленген нақты сомамен анықталады. Оған
пайдалану процесінде еңбек құралдарының
кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді.
Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін
төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда
бастапқы құнға жабдықталуға төленетін
пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы
құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі
іс-әрекетінің балансына жатқызылады.
Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта
бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың
бұл түрі меншікке салынатын салықтың
шамасына және амортизациялық төлемдерді
анықтауға қолданылады.
Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.
Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.
Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.
Негізгі құралдарды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің
24 «Бухгалтерлік қызметтің
Негізгі құралдар түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
Түгендеуді:
Негізгі құралдарды мүліктік
түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен
баланстарды жасау алдында,
«КазТрансОйл» АҚ тобының ҚЕХС-ға сәйкес әзірленген
2008 жылдың аралығындағы пайда мен залал туралы біріктірілген есеп беруі
КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ АТАУЫ |
НК |
ЕК |
Түзетуге дейін |
Түзетуден кейін |
1 |
4 |
5 | ||
1.Өнімді сату мен қызмет ұсынудан түскен табыс |
75 222 520 |
64 421 060 |
75 222 520 + 64 421060 |
391 648 580 |
2. Топ ішіндегі өнімді сату мен қызмет ұсынудан түскен табыс |
60 000 |
|||
3.Жалпы табыс |
75 222 520 |
64 481 060 |
139 648 580 | |
4. Сатылған өнім мен ұсынылған қызметтердің өзіндік құны |
40 224 597 |
38 292 831 |
40 224 597 + 38 292 831 |
78 517 428 |
5. Топ ішіндегі сатылған
өнім мен ұсынылған |
50 000 |
|||
6. Жалпы табыс |
34 997 923 |
26 112 8229 |
61 131 152 | |
7. Кезең шығындары |
668 957 |
809 308 |
668 957 + 809 308 |
1 478 265 |
8. Салық салуға дейінгі пайда (залал) |
34 328 966 |
25 318 921 |
34 328 966+25 318 921 |
32 969 256 |
9. Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар |
68 657 |
50 637 |
65 938 | |
10.Салық салуға кейін пайда (залал) |
34 260 309 |
2 526 884 |
32 903 318 |