Міндеттемелердің арнайы аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 12:42, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
аудиттің сатылары мен функциялары;
аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
міндетті аудит, оның мазмұны;
міндетті аудиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен негізгі қойылатын

Оглавление

Кіріспе
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі
1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
2 Аудиттің түрлері
2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
2.2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
3 Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны
3.1 Міндетті аудит түсінігі
3.2 Міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен талаптары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Файлы: 1 файл

аудит не доконченный.docx

— 88.47 Кб (Скачать)

Алдын-ала жоспарлау. Алдын-ала жоспарлаудың құрамына тексеру жүргізіп жатқан объект жөнінде толық мәлімет алу, аудиттің объектісіне қолданылатын нормативтерді және есеп стандарттарын, құқықтық міндеттемелерді талдау, аудиттің негізгі тәуекелдіктері мен міндеттерін алдын-ала анықтау, басқа да аудиторлық  құрылымдар  тарапынан қажетті көмекті бағалау кіреді.  Аудиттің объектісі жөнінде толық мәлімет алу үшін аудиторлар алдымен осы объект жайлы тұрақты ақпараттарды зерттейді.                                                                                                                                       

Тәуекелдікті  бағалау. Аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен оларды жүргізу үшін қажетті ресурстарды анықтаудың негізі болып табылатын кәсіпорынның қандай да бір бөлімшесіне тән тәуекелдіктерді жүйелі түрде бағалау процессі. Мұндай бағалаулар ішкі аудиторлық қызметтің басшыларына аудиттің қандайда бір объектісінің «тәуекелдігін» есепке ала отырып тексерулерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Тәуекелдікті бағалаудың қажетті алғы шарты болып аудиттің объектісінің сипаттамасын алу саналады. Объекті жөнінде құжатталған ақпараттың массиві операциялардың әр түрлі типтерін, ақпараттық алмасуларды ішкі бақылау сауалдарын, жұмысқа тартылған қызметкерлерді, қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп шоттарын қамтиды.

Аудиттің жалпы  жоспары мен бағдарламасын жасап  шығару. Ішкі аудит қызметі жұмысының жоспары кем дегенде жылына бір рет жүргізілетін тәуекелдіктерді бағалаудың негізінде жасалуы керек. Жоспарды жасаған кезде жоғарғы басшылардың ұсыныстарын ескеру қажет.

Операциялық аудит – жүйесінің  жұмысын жетілдіру мақсатымен басқарудың әр түрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру  қызметін тәуелсіз және жүйелі түрде  бағалау. Мұнда басты назар ішкі  бақылау жүйесі  жұмысының және  кәсіпорын  қызметтері жұмысының сенімділігіне аударылады. Қаржылық қорытынды есеп аудитімен салыстырғанда операциялық аудит бірыңғай емес. «Операциялық аудит» термині «басқару аудиті» терминіне ауысады. Мүмкін бұл операциялық аудиттің қандай да бір шаруашылық жүйесінің қандай да бір кіші жүйелерінің өнімділігі мен тиімділігін анықтау үшін қажет етілуінен шығар.

Э.А.Аренс, Дж.К.Лоббек операциялық  аудит пен қаржылық қорытынды  есеп аудиті арасында үш негізгі айырмашылықтарды келтіреді:

  • аудиттің тағайындалуы;
  • қорытындылардың ұсынылуы;
  • операциялық аудит саласына қаржылық емес салалардың қосылуы.

Операциялық аудит тек  бухгалтерлік ақпаратты пайдаланумен ғана

шектелмейді, өйткені оның шеңберінде кәсіпорынның өндірістік, қаржылық, сатып-өткізу қызметіне, ұйымдық  құрылымына, ішкі бақылау жағдайының бағалануы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

   

 

 

3 Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны 

 

    1. Міндетті аудит түсінігі

 

Заң талаптарына қатысты  аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңының «Аудит және оның түрлері» деген 4-бабында «Аудит түрлері  міндетті аудит және бастамашылық аудит  болып табылады» деп көрсетілген.

Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.

Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.

Аудиторлық қызметті реттейтін негізгі нормативтік - құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 20.11.98 г. № 305-1 «Аудиторлық қызметі» туралы заңы болып табылады. Бұл заң бойынша ҚР-ның шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік стандарттары мен қаржылық есеп талаптары реттеліп отырылады.

Міндетті аудиттің негізгі мақсаты - клиенттің ағымдағы және болашақтағы жағдайын түсіну үшін ағымдағы және болашақ рентабельділігі, өтімділігін ( қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілеті) және капитал жеткіліктілігін(ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілетттілігі және сәйкесінше  қаржы өсуі)  зерттеу болып табылады.  Міндетті аудит жүргізер алдында аудитор алдын - ала жоспарлау бланкінде келесідей сұрақтарды  құрастыру қажет:

  • табыс құрылымы мен өсу тенденциясының басқа негізгі экономикалық көрсеткіштерімен байланысы қандай?
  • қолма – қол  ақша қаражаттарының  қозғалыс тенденциясы қандай?
  • қолма – қол ақша қозғалысы мен табыс арасындағы  айырмашылық нәтижесінің себебі неде?
  • қолма – қол ақша қозғалысының сенімді болжау дайындалған ба?
  • өтімділікке байланысты қандай ереже болады?
  • ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелері бар ма? 
  • күмәнді талаптар бойынша күрделі соммалар бар ма?

Өндірістік шаруашылық қызметі.

  • негізгі өндірістік жолдары қандай және қалай олар тапсырыс берумен байланысты?
  • әрбір өнім рентабелділігіне басқарушылық талдау жасай ма?
  • қандай негізгі өндірістік жоспарлар жасалады?
  • қандай  өндіріс күштілігімен клиент  жұмыс істейді (толық., толық емес)?
  • қандай шикізаттар мен материалдарды сатып алады, сонымен қатар қызмет көрсетуді пайдалану кім негізгі  пайдаланушы  болып табылады?
  • альтернативті  жеткізу көздері бар ма? 
  • еңбек даулары бар ма ( қаншалыұты олар  өндірістік- шаруашылық қызметке әсер етеді)?
  • өнім  сапасына байланысты  проблемалар болады ма?
  • дайын өнімге баға қалай белгіленеді?
  •   өнімнің сапасына деген жоғары талаптар және жеткізуге байланысты  қатаң шартты келісім – шарттар  бар ма?

Әрбір тексеріс жасаған кезде сұрақтар шеңбері,  алдын –ала  жоспарлау бланкінде қарастырылған,  клиент қызметінің талаптары мен мүддлеріне байланысты кеміп немесе артып отырады.  Қаржылық есептілікке тексеріс жүргізу үшін аудиторлық ұйым қызметкерлер тобын жинақтайды. Аудит жүргізуші үшін персонал таңдау  аудитті қамтамасыз ету үшін   мұқияттылықты  талап етеді. Аудитті техникалық және кәсіби сапаға сәйкестігі бар тұлғалар жүзеге асыра алады. Кең ауқымды міндетті  аудиторлық тексеріс жүргізу кезінде оның басқарушысы бірнеше  қызметкерлер, сонымен қатар заңдар мен салықтық сұрақтар бойынша кеңес берушілер және басқа да мамандардың қатысуына болады. 

Жоспарлау процесінде аудитор  қандай аудиторлық процедураларды орындау  керектігін шешіп алу үшін қолайлы  процедураны таңдап, қандай құжаттарды және мәліметтерді зерделеу керектігін анықтап алуы керек. Бұл арада  аудиторлық процедураны былай ұғуға  болады: тексеру кезеңін, нақты элементтерді және таңдама көлемін өзгертетін аудиттің әр кезеңіндегі мәліметтер типін алудың ерекшеліктері туралы нақты нұсқау. Жоспарлау кезеңдері  мен мәліметтерді алу өзара тығыз  байланыста болады. «Жоспарлау» термині  аудит көлемінің, өткізу мерзімінің, тексерудің детальдық тәсілдемесін және жалпы стратегияны әзірлеуді  білдіретін болса, онда екінші кезеңде  аудиторлар өз пікірлерін растайтын  жеткілікті дәрежеде шындыққа жанасымды  мәліметтерді жинауы керек.

 

 

    1.  Міндетті аудитті жүргізу шарттары мен талаптары

 

 

Жыл сайынғы міндетті аудиттік тексерілуге  тиісті субъектілерге

келесілер жатады::

  • банктер;
  • несиелік серіктестіктер;
  • құнды қағаздар нарығында өз қызметін жүргізетін және банктік операциялардың жеке бір түрін жүргізетін ұйымдар;
  • сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары,инвестициялық қорлар және зейнетақы қорларының активтерін басқаратын компаниялар;
  • шынайы монополия субъектілері;
  • шет ел қатысатын кәсіпорындар;
  • ұлттық ұйымдар.

3- кесте

Операциялық аудит пен  міндетті аудиттің айырмашылық белгілері:

 

Айырмашылық белгілері

Операциялық аудит

Міндетті аудит

Мақсаты

Экономикалық потенциалдың пайдалануын жақсарту бойынша ұсыныстар  әзірлеу

Міндетті аудиттің негізгі  мақсаты клиенттің ағымдағы және болашақтағы жағдайын түсіну үшін қаржылық есептеме көрсеткіштерінің дұрыстығын растау

Аудиттің міндеті

Қызметтің тиімділігі мен  өнімділігін зерттеу

Міндетті аудит белгілі  бір ұйымның ұсынған бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығын және дәлдігін тексеру, шаруашылық операцияларының  дұрыс көрініс табуын тексеру

Стандарттардың, нормалардың, ережелердің сақталуы

Аудитті  жүзеге асырудың белгіленген стандарттары, нормалары, ережесі мен процедуралары жоқ

Міндетті аудитті жүргізу  кезінде аудитор қызмет бағытын  белгілейтін барлық заңмен бекітілген ережелерді  сақтауға,аудит стандарттарынан ауытқымауға тиіс.

Әдістер, тәсілдер

Кешенді бағалау және елеулі талдау, диагноз қою, логикалық және экономикалық-математикалық әдістер

Жаппай, кешенді ұйымның  қызметінің барлық салаларын, бухгалтерлік есептің барлық шоттарын тексеру, филиалдардың қызметін бағалау т.б.

Тексерудің аспектілері, объектілері және салалары

Қызметтердің, оның түрлері  мен салаларының көп қырлы  болуы

Есептеменің объективтілігіне қатысты негізгі мәселелермен шектелген

Қорытындыны ұсыну

Әкімшіліктің немесе меншік иелерінің қызмет бабымен пайдаланылуына арналған

Тексеру қорытындысы қызығушылық  білдірген  пайдаланушылардың қолына тиюі мүмкін

Аудиттің субъектілері

Ішкі және сыртқы аудиторлар; консал-тингтік, ғылыми, салалық және басқадай құрылымдар

Сыртқы тәуелсіз аудиторлық фирмалар немесе маманданған аудиторлар


 

 

Міндетті аудиттің жүргізілу  себептері:

1) міндетті аудиттің субъектілері  халықтың ақша қаражаттарымен  жұмыс істейді. Олар банктер,  сақтандыру компаниялары, мемлекеттік  емес зейнетақы қоры және де  ашық акционерлік қоғамдар. Қарапайым  халық бухгалтерлік есептілікті  ұғынып оқуды, қаржылық көрсеткіштерді  талдауды, дұрыс шешім қабылдауды  білмейді. Аудитор бұндай экономикалық  субъекттерге аудит жүргізу кезінде  осы тексеріліп отырған ұйымдар  мен оның қызметіне қызығушылық  білдіретін қолданушылар арасында  делдал ретінде қызмет атқарады;

2) мемлекет аудитор ретінде сатумен айналысатын ұйымдардың қызметін ірі салық төлеуші ретінде бақылай отырып, олардың есептілігінің дұрыстығын тексереді.

Осы міндетті аудит жүргізу  жөніндегі аудиторлық ұйымдарға  қойылатын біліктілік талаптар «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

Ұйымдардың міндетті аудитін  жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай  біліктілік талаптарына сәйкес келуі  тиіс:

1) аудиторлық қызметті  жүзеге асыруға арналған лицензиясының  болуы;

2) аудиторлық ұйым басшысының  «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгiнің  болуы;

3) аккредиттелген кәсіби  аудиторлық ұйымда мүшелігін  растайтын құжаттың болуы;

4) аудиторлық ұйымның  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  міндетті сақтандыру шартының  болуы.

3. Ұлттық компаниялардың  міндетті аудитін жүргізу үшін  аудиторлық ұйым осы Біліктілік  талаптарының 2-тармағында көзделген  біліктілік талаптарына қосымша  мынадай біліктілік талаптарына  сәйкес келеді:

1) халықаралық қаржылық  есептілік стандарттары бойынша  сертификатталған кемінде 2 (екі)  маманның болуы; 

2) халықаралық қаржылық  есептілік және аудит стандарттарына  сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген  ұйымның болуы;

3) аккредиттелген кәсіби  аудиторлық ұйымның аудиторлық  ұйым жұмысының халықаралық аудит  стандарттарына сәйкестігі;

4) халықаралық кәсіби  аудиторлық ұйымдар желісінде  іс жүзінде мүшелігі.

4. Қаржылық ұйымдардың  міндетті аудитін жүргізу үшін  аудиторлық ұйым осы Біліктілік  талаптарының 2-тармағында көзделген  біліктілік талаптарына қосымша  мынадай біліктілік талаптарға  сәйкес келеді:

1) аудиторлық қызметпен  айналысу мерзімі 3 (үш) жылдан  кем емес;

2) «аудитор» деген бiлiктiлiк  куәлiгi және соңғы 2 (екі) жыл  ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті  саласында жұмыс тәжірибесі бар  кемінде 3 (үш) қызметкерінің болуы;

3) халықаралық қаржылық  есептілік стандарттарына сәйкес  кемінде  
10 (он) аудиттелген ұйымның болуы.

Клиент пен аудитор  арасындағы келісім – шарт 4 статья ҚР – ның  «аудиторлық қызмет туралы» заңына сәйкес қарастырылады. Әрбір келісім – шарттың қорытындысы алдын – ала келіссөзде қаралады.  Міндетті аудит  жүргізу туралы келісім болғанда екі жақ жұмыс талаптары бойынша жазбаша құжат ұсынуға міндетті. Аудитор клиенттің қойған талаптарымен келіскен жағдайда оның  қойғвн талаптары мен қанағатын анықтау қажет, сонымен қатар аудит жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық сұрақтарды қарастырылады. Ол үшін  клиент аудиторлық  ұйымның мекен -  жайын ресми түрде  аудит жүргізу туралы ұсынысын  келісім - хат арқылы жібереді немесе сәйкесінше қызмет көрсету. Бұндай хат ерікті түрде құрылады. Онда аудит жүргізу мерзімі, оны жүргізу қажеттіліг, соынмен қатар шешімін талап ететін сұрақтар,  мүмкін болатын гонорар көлемі және т.б. көрсетіледі. Келісім – хат алғаннан кейін аудиторлық ұйым алдын - ала  жоспарлау аудитін жүргізеді. Қаржылық есептілікке тексеріс жасауға шақыру себебін бағалаған кезде аудиторларға ең  көп мүмкіндік болатын пайдаланушыларды анықтау керек. Егер кәсіпорын сатылуға дайындалған болса немесе оны қайта құру қаралса,онда олар есептіліктің нақты екенін дәлелдейтін кең көлемде материалдар дайындау керек.

Клиент және аудиторлық ұйым аудит жүргізуге байланысты келісім-шарт талаптарын біркелкі түсінуі қажет.Түсінбестілікті  минимумға апару үшін, бұл талаптпарды  келісім-шартта анықтап белгілеу керек. Міндетті хаттың құрамында міндеттер  аудитті жоспарлау үшін маңызды, себебі ло тестер жүргізу және жалпы  аудитті орындау мен басқа  да қызмет көрсету мерзімінің шарттарын  қвмтиды. Аудиторлық қызмет көрсету  туралы келісім-шарт Қ.Р-ң Азаматтық  Кодексінің 384 статьясына сәйкес қызмет көрсетуі қайтарымды келісім-шарт категориясына  жатады.Келәсәм-шарт қорытындыланғаннан бастап күшке енеді және екі жақ  үшін де міндетті болып табылады және белгіленген мерзіміне дейін  әрекет етеді. Егер соңғысы көрсетілмесе, онда келісім-шарт сонда берілген уақытқа  дейін әрекет етеді деп танылады. Әрекет ету мерзімі тоқтатылады егер:

  • келісім- шартта негізделген иіндеттерді атқару мүмкін емес болған жағдайда (Қ.Р. Азаматтық Кодексінің 374 статья бойынша)
  • белгіленген тәртіпке байланысты екі жақтың банкрот деп мойындаған болса;
  • келісім-шарт жасаған мемлекеттік мүшесін алып тастаған немесе өзгерткен жағдайда (Қ.Р. Азаматық Кодексінің 404 статья бойынша)

 

Аудиттің бағдарламалары кейде алдыңғы зерттеулердің  нәтижелері, жүзеге асыратын қызметтің  сипаттамасы, ағымдағы мақсаттар, кадрлық  өзгерістер, заңдардың өзгеруі, басшылықтың  саясатының өзгеруі, ерекше мүдденің аясы немесе жіңішке жолдар, тәуекелді бағалаудың нәтижелері сияқты факторларды есепке ала отырып модификацияланады. Аудиторлық тексеру кезіндегі аудиттің бағдарламаларын түзету мен өзгертудің қажеттілігі, әдетте, төмендегілерге байланысты болады:

Информация о работе Міндеттемелердің арнайы аудиті