Міндеттемелердің арнайы аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 12:42, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
аудиттің сатылары мен функциялары;
аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
міндетті аудит, оның мазмұны;
міндетті аудиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен негізгі қойылатын

Оглавление

Кіріспе
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі
1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
2 Аудиттің түрлері
2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
2.2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
3 Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны
3.1 Міндетті аудит түсінігі
3.2 Міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен талаптары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Файлы: 1 файл

аудит не доконченный.docx

— 88.47 Кб (Скачать)

Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен  осы аспектілерді өзара тығыз  байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономикалық нақты секторындағы ШЖС-дің  жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде  болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын  жетілдіру бойынша, ұсыныстарды  жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

 

 

1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы

 

 

Аудит нарықтық экономика  жағдайында барлық шаруашылық процесіне  қатысушылардың қызметінде маңызды  рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы  басқарушылық шешімдерді іріктеу мен  кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды  әзірлеу, сондай-ақ  қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, ШЖС-лер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі –  ШЖС-дің қаржылық есеп берулерінің  нақты екендігін анықтау болып  табылады.

Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда  үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды  сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы  мемлекетке, меншік  иелеріне, акционерлерге, инвесторларға,  кредиторларға және  олардың бизнес бойынша серіктестеріне  қажет.  Негізгі  есеп  тұжырымдамасы  бойынша  Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақталған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит ҚР-ның заңында  белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір  білдіру мақсатында заңды тұлғалардың  қаржылық есептілігін тексеру болып  табылады».

Таным теориясына орай, бір  ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін  немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға  болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикасындағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым  салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі  бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген  салалардың өндірістік қатынасының  даму ерекшеліктерін зерделейді.

Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айыпмашылығын  көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:

  1. ғылымның мақсаты мен мазмұны;
  2. өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
  3. зерделеу объектісі;
  4. ақпарат көздері.

Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі  дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.

Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылауы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне ШЖС-нің  қаржылық қызметіне кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру  болып табылады.

Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудиттінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды,салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды  әзірлеуді,  ШЖС-дің кірістері  мен  шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыру жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне  кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің  жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, ШЖС-дің өз ішінде қабылданған есептік  саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға  және ережелерге қаншалықты сәйкестігін  тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне  барлық шаруашылық қызметтері кіретін  болса,онда мақсат – осы қызметтің  тиімділігін бағалау, шығынды барынша  кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек  өнімділігін арттыру, жұмыстың аса  жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу  үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік  қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің  коммерциялық қызметін жақсартатын  жоғары сапалы кеңес беру қызметі  болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді  керек:

  1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа

жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы  деңгейге дейін азайту;

  1. Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру

үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;

  1. Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
  2. Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
  3. Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, ШЖС-дің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
  4. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
  5. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
  6. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері  мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы  рәсімдері акценттерінің өзгеруіне  қарай артады.

Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді  қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша  күрделі қызмет түрлері.

Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині  латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.

ТМД елдерінде әдетте «ревизия»  ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т. Белухинде «тексеру (ревизия)» - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа  бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында  ріктемесі құжаттық  дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері  мен әдістік тәсілдер, әр түрлі  ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы  нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты  тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы  және т.б.)

Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.

Аудит қаржылық көрсеткіштердің  анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді  жою мен ШЖС-лер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзгеше бір сараптамасы ретінде баяндалады.

Кәсіби аудиттің осы заманғы  даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық  қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі. Аудиторлық қызмет бұрын қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Аудиттің түрлері

 

2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу

 

 

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері  бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша  аудит түрлерін жіктеу  әлдеқайда  орнықты болады:

  • аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
  • құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;
  • қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
  • толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды,жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
  • әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша;
  • жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перланентті (ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық (перспективалық, яғни келешегі бар);
  • қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;
  • қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке және комиссиялық;
  • аудит жүргізілетін субъектілерімен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;
  • тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингттік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер (2 - кесте).

 

1 - кесте 

Аудиттің түрлері

 

Критерийлер

Түрлері

1

Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты

  • сыртқы
  • ішкі

2

Заң талаптарына қатысты

  • міндетті
  • бастамашылық (ерікті)

3

Аудит объектілері бойынша

  • банктік аудит
  • сақтандыру 
  • биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті
  • мемлекеттік аудит
  • жалпы аудит                   

4

Тағайындалуы бойынша

  • қаржылық есеп беру аудиті
  • салықтық аудит
  • сәйкестік аудиті
  • операциялық аудит
  • арнайы(экологиялық, операциялық және т.б)

 

 

Жүзеге асырылу мерзімі  бойынша

  • бастапқы
  • келісілген

6

Тексеру сипаты бойынша

  • дәлелдеуші
  • жүйелі бағытталған
  • тәуекелдікке негізделген аудит

 

Ішкі аудитті ұйымдастыру  мәселелерін қысқаша қарастырайық. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары  қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат  беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит  ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті  өзгерістерді іске асыру үшін қажет.

Ішкі аудиторлардың белгілі  бір қызметін басшыға немесе директорлар  кеңесіне немес акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың  тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

  • активтердің жағдайын бақылау, шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
  • жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
  • ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің тиімділігін талдау;
  • басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

Информация о работе Міндеттемелердің арнайы аудиті