Міндеттемелердің арнайы аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 12:42, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
аудиттің сатылары мен функциялары;
аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
міндетті аудит, оның мазмұны;
міндетті аудиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен негізгі қойылатын

Оглавление

Кіріспе
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі
1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
2 Аудиттің түрлері
2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
2.2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
3 Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны
3.1 Міндетті аудит түсінігі
3.2 Міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен талаптары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Файлы: 1 файл

аудит не доконченный.docx

— 88.47 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе

1  Аудиттің теориялық негіздері

1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі

1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы

2  Аудиттің түрлері

2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу

2.2  Аудиттің сатылары және негізгі функциялары

3  Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны 

3.1 Міндетті аудит түсінігі

3.2 Міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен талаптары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:

  • аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
  • аудиттің сатылары мен функциялары;
  • аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
  • міндетті аудит, оның мазмұны;
  • міндетті аудиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен негізгі қойылатын

талаптар.

Жалпы аудит терминіне  келетін болсақ, ол латын сөзінен  шыққан, аудармадағы мағынасы «ол  естиді» немесе «естуші» дегенді  білдіреді. 

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы  мен объективтілігі туралы пікір  білдіру мақсатында заңды тұлғалардың  қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Курстық жұмыстың мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер  мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін  бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға  қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі  болып табылуында.

Курстық жұмыстың мақсаты  – аудиторға қаржылық қорытынды  есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің  дайындалғаны жөнінде қорытынды  беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың  мүдделеріне қол жеткізуге болып  табылады. Олар:

  • экономикалық субъектілер (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
  • салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
  • қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
  • аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға  басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат  қажет. Сыртқа пайдаланушылар да ұйымның  қаржылық жағдайына қызығушылық  білдіреді.Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Аудиторлық қызметтің  негізгі міндеті экономикалық субъектінің  қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін  заңның сақталуын, бухгалтерлік есептіңжүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды  сапалы тексеруді қамтамасыз етуде  болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды  есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындысымен дәлелденбеген кәсіпкерліктерге сенім  аз  болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.

  Осы курстық жұмысты жазуға әдіснамалық нұсқаулық ретінде мемлекеттік бағдарламалар, елбасының бухгалтерлік есептілікті жүргізу туралы бұйрығы, нормативтік – құқықтық актілер, және сонымен қатар экономика саласындағы әдеби кітаптар негіз болды.

  Қорытынды бөлімінде осы тақырыпқа негізделген қорытынды жасалған. Ал курстық жұмыстың өзі кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, және қосымша материалдардан құралған.

I. Аудиттің теориялық  негіздері

 

    1. Аудиттің мәні және қажеттілігі

 

 

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің  негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит- бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемде (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау  аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

  1. кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
  2. өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
  3. экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
  4. компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметі мұқтаж;
  5. қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
  6. пайдаланушылар қабылдайтын шешімдер салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің  және басқа да ШЖС-дің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру  қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялықмазмұны жағынан бір-біріне жақын болса  да, ревизия мен аудит екеуі  бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары  мен түрлерін кемітпей, керісінше  толықтырады.

Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы  есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан  бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында  аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибеде салаларының  рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Тексерудің мақсаты – кемшіліктерді  құрту жәнежамандықты жою, ал аудиттың мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

Әкімшілік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні  клиент өз қалауымен қаламайды. Бұған  керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен  таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас  деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру және бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені  бұл  ұғым  қаржылық  көрсеткіштердің  шындыққа  жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізінде шығындарды ұтымды өту мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және ШЖС-дің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Аудиттің мазмұнын анықтамалар  арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі  түсінікті болған сияқты. Сонымен  қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру  мақсатымен мына үш бұрыш үлгісімен беруді ойластырдым (1-сызба).

 

  


 

 



1-сызба. Аудит мазмұнының  үшбұрыш үлгісі

 

  1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға  қызмет  көрсету; 
  2. шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған     аудитор қорытындысы

керек. Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді;

  1. мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты

болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру  барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге, қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.

Екіншіден, «аудит жұмысы»  үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, аудит тексеруі барысында кәсіпорынның табыс-пайда  сомасы салық нақты анықтамадан  қанша сома салық төлеу керек  екенін, “салық есебінің” дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексеру арқылы анықтайды. Қандай бір елде болмасын үлкен экономикалык мәселе ол – салықтың тиісті көлемде жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өз тарапынан “салық есебін” жүргізуге мәжбүр, оған қоса тек қана “салық есебіне” аудиттік тексеру жүргізіп, аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді.

Бизнес аудитін жүргізу  үшін белгілі бір салалар мен  компаниялар іс-әрекеттің жағдайы  туралы шындыққа жанасымды ақпарат  алудың кең ауқымды мәселелерін  жан-жақты зерделеу қажет.

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы  белгілі бір салалар  мен ШЖС-лер іс-әрекетінің жағдайы  туралы мәліметтерді алу бойынша  бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар 310 «Бизнесті білу»  атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда  қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері  әдетте экономиканың әр түрлі салаларында  болатын оқиғаларды, процестерді  және құбылыстарды бағалауда өзіндік  ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге  және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудиттің озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда аудитті  және талдауды уақтылы жүзеге асыру  ШЖС-дің қызметін қаржылық - кредиттік, материалдық - техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктерімен белгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.

Бизнесті басқару жүйесін  нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің  құрамдық бөлігі ретінде қарастыру  қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың  тұрақтылығына қол жеткізбейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты  пайдалануды жақсартпайынша, ШЖС-дің  жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті  оңтайлы жасау мүмкін емес. 

Нарықтық экономика жағдайында бизнестің кәсіби аудитін дамыту  мәселесінің көп қырлы болуы  мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп  көрсетуге мүмкіндік тудырады:

  1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес  аудиті  мен талдауының  принциптері  мен  компоненттерін,  постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;
  2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,

бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін  таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және ШЖС-дің  қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;

  1. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау

механизмдерінің, құқықтық-нормативтік  және ақпараттық базалардың мағынасын ашу, аудиторлық бакылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін  зерттеу  аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

  • бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
  • шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық әдістерін анықтау;
  • қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің  озық  түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
  • бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақтарту бойынша залықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;
  • бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;
  • бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономикалық-математикалық әдістерді қолдану, ШЖС-лер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

Информация о работе Міндеттемелердің арнайы аудиті