Кәсіпорынның қаржылық есептілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 17:37, курсовая работа

Краткое описание

Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар, қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Инкабекова Дана.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

 

     

   Басшы         Мустафина Дарина Дарыновна                ________________ 
                                         (аты-жөні)                                                      (қолы)

   Бас бухгалтер Инкабекова Дана Женисовна                 ________________ 
                                         (аты-жөні)                                                      (қолы)     

     Мөр орны 

      I. Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының қозғалысы

      II. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының  қозғалысы

      III. Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты мен олардың эквиваленттерінің қозғалысы

      Операциялық қызмет

   Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражатының  ағыны басым түрде субъектінің  пайда әкелетін қызметінен алынады. Осылайша, әдетте, олар пайданы немесе залалды айқындау кезінде ескерілетін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаты ағынының мысалдары мыналар болып табылады:

   1) тауарларды сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін ақшалай түсімдер;

   2) алымдардан, комиссиялық сыйақылардан түсетін ақшалай түсімдер және өзге де түсім;

   3) берушілерге тауарлар мен қызметтер үшін ақшалай төлемдер;

   4) қызметшілерге және олардың атынан ақшалай төлемдер;

   5) ақшалай төлемдер немесе олар инвестициялық немесе қаржылық қызметке жатқызылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, пайдаға салынатын салықты өтеу;

   6) ақша қаражатының түсімдері және мәмілелер жасау үшін немесе қайта сату үшін арнайы сатып алынған қорлар ретінде қаралатын сауда мақсаттарында ұсталатын инвестициялық шарттар, қарыз шарттары мен өзге де шарттар шеңберіндегі төлемдер.

   Жабдықтың бір бірлігін сату сияқты кейбір операциялар  қызметтің нәтижесіне енгізілетін пайданың немесе залалдың туындауына әкелуі мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражатының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы болып табылады.

   Инвестициялық қызмет

   Инвестициялық қызметтен түсетін ақша ағыны  болашақ кірісті және ақша қаражатының  ағынын генерирлеуге арналған ресурстарды  қалыптастыру мақсатында жүргізілген шығындарды білдіреді.

   Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаты қозғалысының мысалдары мыналар  болып табылады:

   1) негізгі құралдарды (өздігінен жүргізілген қаражатты қоса алғанда), материалдық емес активтерді (өңдеуге арналған күрделенген шығындарды қоса алғанда) және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу үшін ақша қаражатын төлеу;

   2) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатудан түсетін ақшалай түсімдер;

   3) басқа да субъектілердің үлестік немесе борыштық құралдарын және бірлескен қызметтегі қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражатының баламалары немесе мәмілелер жасауға немесе сауда мақсаттарына арналғандары ретінде қаралатын құралдарға төленетін төлемдерден басқа);

   4) басқа да субъектілердің үлестік немесе борыштық құралдарын және бірлескен қызметтегі қатысу үлестерін сатудан түсетін ақшалай түсімдер (ақша қаражатының баламалары немесе мәмілелер жасауға немесе сауда мақсаттарына арналғандары ретінде қаралатын құралдардан түсетін түсімдерден басқа);

   5) басқа тараптарға берілген ақша қаражатының аванстық төлемдері мен кредиттер;

   6) басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттерді қайтарудан түсетін ақша қаражатының түсімдері;

   7) фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер, осы келісім-шарттар мәмілелер жасау үшін немесе сауда мақсаттарында ұсталатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде сыныпталатын жағдайлардан басқа жағдайларда;

   8) фьючерстік және форвардтық келісім-шарттардан, опциондар мен своптардан түсетін ақшалай түсімдер, осы келісім-шарттар мәмілелер жасау үшін немесе сауда мақсаттарында ұсталатын немесе түсімдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде сыныпталатын жағдайлардан басқа жағдайларда.

   Қаржыландыру  жөнінде қызмет

   Қаржылық  қызметтен түсетін ақша қаражаты қозғалысының мысалдары мыналар  болып табылады:

   1) акциялар эмиссияларынан немесе басқа да борыштық құралдардан түскен ақшалай түсімдер;

   2) субъектінің акцияларын алу немесе сатып алу үшін иегерлерге ақшалай төлемдер;

   3) қамтамасыз етілмеген облигацияларды, қарыздарды, вексельдерді, қамтамасыз етілген қарыздарды, бетбелгі қағаздары мен ұзақ мерзімді қарыз қаражатын шығарудан түсетін ақшалай түсімдер;

   4) кредитке алынған сомалардан алынған ақшалай өтемдер; және

   5) қаржылық жалға алу жөніндегі өтелмеген берешекті азайту үшін жалға берушінің ақшалай түсімдері.

      Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру 2 әдіспен жасалады: тура және жанама әдіс.

      Тура  әдіске басымдлық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.

      Тура  әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен  олардың төлемдері туралы ақпарат  екі тәсілмен алынуы мүмкін:

  • біріншіден, журналдар, қосымша ведомость бойынша кәсіпорынның есептік жазулары;
  • екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнмің өзіндік құның және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолмен;

  • 2.4 Капиталдағы өзгерістер  туралы есеп
  •    

  •   Капиталдағы өзгерістер туралы есептіңөзінде тікелей берілуге тиіс ақпарат: Капиталдағы өзгерістер туралы есеп кезеңдегі пайда немесе залалды, кезеңде капиталдың құрамында танылған кірістер мен шығыстардың баптарын, кезеңдегі есеп саясатындағы қателерді түзету мен өзгерістердің әсері, және есеп форматына байланысты субъект ұстанатын капиталдағы өзгерістер туралы есепті – субъект капиталының иелері жүргізген соманы және оларға кезеңде төленген дивидендтер мен өзге де бөлулердің сомасын қамтиды.
  •    Субъект тікелей есептің өзінде мыналарды  көрсете отырып, капиталдағы өзгерістер туралы ұсынуға тиіс:

       1) кезеңдегі пайда немесе залал;

       2) осы Стандарттың талаптарына сәйкес тікелей капиталдың құрамында танылатын кезеңдегі кіріс пен шығыстың әрбір бабын және мұндай баптардың жиынтық сомасын;

       3) кезеңдегі кірістер мен шығыстардың жалпы сомасы (басты ұйымның үлестік құралдарының иелеріне және азшылықтың үлесіне жататын жалпы сомаларды жеке көрсетіп, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын сомалау жолымен есептелген);

       4) капиталдың әрбір құрамдас бөлігі бойынша есеп саясатындағы өзгерістердің және осы Стандарттың 10-бөліміне сәйкес танылған қателерді түзетудің әсері.

          Сол сияқты капиталдағы өзгерістер туралы есептің немесе өзінде немесе ескертпелерде  мынадай ақпаратты беруге тиіс:

          1) капиталдың иелері жүргізген сомалар және дивидендтердің және акцияларды шығарудан алынған сомаларға бөліп, оларға өзге де бөлулердің сомалар, сатып алынған акциялармен жасалатын операциялар бойынша сомалар мен үлестік құралдарды ұстаушыларға өзге де бөлулер бойынша сомалар;

          2) есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы бөлінбеген пайданың сальдосы (яғни жинақталған пайда немесе залал), сондай-ақ кезеңнің ішіндегі өзгерістер;

        1. енгізілген капиталдың әрбір сыныбының және әрбір өзгерісті жеке ашып, кезеңнің басындағы және аяғындағы капиталдың құрамында тікелей танылатын кірістер мен шығыстардың әрбір бабының баланстық құны арасындағы салыстырма.
     

       Қазақстан Республикасы

       Қаржы министрінің 
    2007 жылғы «23»мамырдан 
    № 184бұйрығына

       (4-нысан)       

       Ұйымның атауы Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік  «Карағанды-RENT» 

       2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл бойынша          

       капиталдағы өзгерістер туралы есеп 
                                           
      мың теңге

            Бет коды    Бас ұйымның капиталы    Аздық 
    үлесі
       Капи- 
    тал- 
    дың 
    жиыны
       Жарғы-лық  капитал    Резер- 
    втік 
    капи- 
    тал
       Бөлін- 
    беген 
    пайда
       Бар- 
    лығы
       Есеп  беру жылының 1 қаңтарына арналған сальдо    010    109200    -    -    -    -    109200
       Есеп  саясатындағы өзгерістер    020    -    -        -    -    -
       Қайта есептелген сальдо (бет 010+/-020 бет)    030    109200    -    -    -    -    -
       Активтерді  қайта бағалаудан түскен пайда/залал    031    -    -        -    -    -
       Ақша  ағындарын хеджирлеу      032    -        -            -
       Шетелдік  қызметтің бағам айырмасы    033    -    -    -    -    -    -
       Тікелей капиталдың өзінде танылған пайда/залал (бет 031+/-бет 032+/- бет 033)    040    -    -    -    -    -    -
       Кезеңдегі пайда/залал     050    -    -    -    -    -    -
       Кезеңдегі пайданың /залалдардың барлығы (бет 040+/-бет 050)    060        -            -    -
       Дивидендтер    070    -    -    -    -    -    -
       Акциялардың эмиссиясы    080    -        -    -        
       Сатып алынған меншік үлестік құралдар    090    -    --    -    -    -    -
       Есеп  беру жылының 31 желтоқсанына  арналған сальдо (бет 030 + бет 060 -бет 070 + бет 080 - бет 090)    100    109200    -    -    -    -    -
       Алдағы  жылға ауыстырылған  1 қаңтарға сальдо  
       110
       -    -    -    -    -    -
       Есеп  саясатындағы өзгерістер    120    -    -    -         -    -
       Қайта есептелген сальдо (бет 010+/-020 бет)    130    -    -    -    -    -    -
       Активтерді  қайта бағалаудан түскен 
    пайда/залал
       131    -    -    -    -    -    -
       Ақша  ағындарын хеджирлеу      132    -    -    -    -    -    -
       Шетелдік  қызметтің бағам айырмасы    133    -    -    -    -    -    -
       Тікелей капиталдың өзінде танылған пайда/залал (бет 131+/-бет 132+/- бет 133)    140    -    -    -    -    -    -
       Кезеңдегі пайда/залал      150    --    -    -    -    -    -
       Кезеңдегі пайданың /залалдардың барлығы (бет 140+/-бет 150)    160    -    -    -    -    -    -
       Дивидендтер    170    -    -    -    -    -    -
       Акциялардың эмиссиясы    180    -    -    -    -         -
       Сатып алынған меншік үлестік құралдар    190    -    -        -    -    -
       Алдағы  жылдың 31 желтоқсанына арналған сальдо (бет 130 + бет 160 - бет 170 + бет 180 - бет 190)    200    -    -    -    -    -    -

     

          

       Басшы         Мустафина Дарина Дарыновна                ________________ 
                                             (аты-жөні)                                                      (қолы)

       Бас бухгалтер Инкабекова Дана Женисовна                 ________________ 
                                             (аты-жөні)                                                      (қолы)     

         Мөр орны

        

      1. Айналым ведомосі
     

       Есептік деректердің жазуының дұрыстығы  мен толықтылығын тексеру үшін айналым  ведомостері жасалады.

       Айналым ведомосі – бухгалтерлік есептің  шоттарында көрсетілген есептік-ақпаратты  жинақтаудың тәсілі.Айналым ведомосі айдң басындағы және соңындағы қалдықтар және шоттың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналымдары туралы шот деректері негізінде ай соңында жасалады. Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінде әрбір шотқа жеке жол беріледі. Бұл ведомосте қосарланған үш баған болады.Оларда әрбір шот бойынша бастапқы сальдо,шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар және соңғы сальдо жазылады. Бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылатын болса, баған жиындарында міндетті түрде қосарланған теңдік болуға тиіс, яғни дебеттік бастпқы сальдо жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуға тиіс, шот бойынша дебеттік айналым жиыны- кредиттік айналым жиынына,  дебеттіксоңғы сальдо жиыны-  кредиттік бастапқы сальдо жиынына тең болуы тиіс. 
     

       

    Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық есептілігі