Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 17:37, курсовая работа
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар, қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
- негізгі
құралдарды және тауарлы –
материалдық қорларын қайта
Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар – жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі, сонымен бірге оның құрамына құрал – сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау; құрылыс – монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар – жоғы анықталуы керек; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен банктерді полистік (сақтандыру куәлігі) қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке “Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен” рәсімдейді.
Кассадан түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кассаны түгендеу, қатаң есеп барумен құжаттар және бланкілерді (әуе – және теміржол билеттері, жанар – жағай май (бензин) талондарын және т.б.) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады. Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта есептеліп, кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі. Түгендеу басталғанша (бірнеше касса) оларға сүргі салынады, яғни мөрленеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған сомма қалған жоқ, деген қолхат алынады. Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады. Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады. Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады.
Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме, касса талапқа сай жарақталған ба, сейф кілттерінің дубликат (көшірме нұсқасы) қайда сақталады.
Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 тенге артық шықты. Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері жазылып, мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нәтижесіне кірістеледі ( жатқызылады ):
1010 “Кассадағы ақша қаражаты”1011 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты”шот дебеті
6280 “Өзге кірістер” шот кредиті 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 тенге кем шықса , мұндай жағдайда :
- анықталған кем сомаға кассалық шығыс ордері жазылады :
1280 “Өзгеқысқа мерзімді дебиторлық берешек” шотының “Құндылықтардың жетіспеушіліктері мен бұзылудан болғанысыраптары қаралмаған кесімдері бойынша”субшоты - шот дебеті
1010 “Кассадағы ақша қаражаты”1011 “Кассадағы
валютамен ақша қаражаты” -шот кредиті
- кассирдің мойнына ақшы салу ;
1250 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарыз” шот дебеті
1280 “Қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” шот кредиті 5 000 теңге
- кассирмен кем шығуды жабу ( кассалық кіріс ордері жазылады ) :
1010 “Кассадағы ақша қаражаты”1011 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шот дебеті
1250 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарыз” -шот кредиті 5 000 теңге .
Тексеруге жататындар :
- есеп беруші тұлғалармен есеп айрысу - Қазақстан Республикасы заңында белгіленген іс сапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына , субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес шаруашылық , өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді .Ақшалай қаражатты беру және шығын кәсіпорындардағы 24 “ Шығын кәсіпкерлік субъектілердің есебі және есеп беруі” Стандартына сәйкес тексеріледі ;
- кредиттерді алу және өтеу бойынша банкпен есеп айырысу– тексеру барысында ағымдық , корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады .Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне ( кредиттік келісімшартпен анықталады) сәйкес көрсетіледі;
- сатып алушылар және тапсырыс берушілермен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу– субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді . Мынаны есте ұстау керек: талап қою мерзімі 3 жылды құрайды ( Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178– бабы , Салық кодексінің 219– бабы , 1– тармағы , 1– тармақшасы) . Талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру (қарызды төлеу мерзімін өткізіп алу) сәтінен басталады . Талап қою мерзімі біткен (өтіп кеткен) дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады (БЕС 5 “Табыс” және оған әдістемелік ұсыныс болып табылатын “Күмәнді қарыздар бойынша пайда болған резерв” ) немесе резерв құрлмаған болса , онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып , салық салғанда түзетуге кіреді ( Салық көдексінің 219 – бабы);
- еңбекақы бойынша субъектінің қызметкерге берешегі – комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы білдіреді (Салық кодексінің 149 – бабы , 2 – тармағы)
- есептеудің дұрыстығы , мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері жинақтаушы зейнетақы үшін ұсталымдар , сондай -ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы ;
- алдағы кезең шығындары - құжат бойынша шотта көрініс табатын сома , сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді ;
- жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша .
Инвестицияны түгендеу құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын құжаттар , олардың дұрыс ресімделуі , құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы ,уақтылығы және қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі .
Материалдық емес активтерді түгендеу олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы , субъектінің оны пайдалану құқын растайтын ( патент , лицензия , тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі .
Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актілерінің қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы , олардың бастапқы құны , амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер көрсетіледі .
Қаржылық есеп беру – субъектілердің пайдалануына ұсынылатын қаржылық ақпараттардың сипаты және көлемі.Экономикалық шешім қабылдау барысында олар субъектілердің қаржылық есептеріне сүйенеді .
Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары :
1. Ішкі
2. Сыртқы
Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді :
1. Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар .
2.
Субъект қызметіне жанама
Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар :
1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар .
2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
3. Сатып алушылар .
Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар :1. Салық органдары
2. Реттеуші органдар
3. Статистикалық органдар
2.1 Кәсіпорынның Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Бухгалтерлік
есептің негізгі және басты міндетінің,
атқаратын қызметі мен
Баланс
- белгілі бір сәттегі
Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қоплану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымның активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделерін танытады және ол активтің жиынтық сомасына міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - кредитор өз алашығын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
АКТИВ=МЕНШІКТІ КАПИТАЛ+МІНДЕТТЕМЕ
Бұл теңдікті кейбір шетелдерде келесі түрде көрсетеді:
АКТИВ-МІНДЕТТЕМЕ=МЕНШІКТІ КАПИТАЛ
Әдетте
кәсіпорынның бухгалтерлік балансы
есеп беретін уақытқа қарай
Актив | Пассив |
Ағымдағы активтер
|
|