Долгосрочные активы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 11:24, курсовая работа

Краткое описание

Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгі құрал– жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.

Оглавление

Кіріспе

І. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.2 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын ролі.
1.3 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау.

ІІ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының ұзақ мерзімді активтер есебін ұйымдастыру
2.1 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты.
2.2 Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы.
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі.

ІІІ.
3.1
3.2 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау.
3.3 Ұзақ мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Файлы: 1 файл

Дипломная.doc

— 364.00 Кб (Скачать)

Таза табыстың көрсеткіші ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Белгілі кезеңде  түскен пайданы қандай көздермен  қызметтерден қалыптасқандығы жөніндегі мәліметтерді толығымен қамту үшін жасалынатын қорытынды есептің бұл түрінің атқаратын рөлі зор.

Жауапкершілігі шектелген  серіктестік «Дарынның», «табыстар  мен шығындар» жөніндегі қорытынды  есебіне   талдау жасай келіп, бұл ұйымның бірқалыпты ұтымды жұмыс істеу барысында, ауылшаруашылығын өнімдерінен табыс алып отырғаны белгілі болып отыр.

Кәсіпорынның қаржы  шаруашылық қызмет туралы есеп беруі  халықаралық қаржылық есептіліктің №1 „Қаржылық есептілікті ұсыну” –деп аталатын стандартында және Қазақстан  Республикасының 2010-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  -деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып  Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 21-маусым 2008-жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік –деп аталатын стандартында қарастырылған. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральды желі бөлімшесі» филиалының қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі “қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері” кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:

Актив айнылымдылығы = негізгі  құралдардың орташа жылдық құны/өндірілген өнім көлемі

Қор сиымдылығы = негізігі құралдардың орташа жылдық құны/өнімді өткізуден түскен табыс

Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден түскен табыс/негізгі құралдардың орташа жылдық құны

Сату рентабелділігі = Таза табыс/өнімді өткізуден түскен табыс 

Активтердің рентабелділігі = Таза табыс/активтердің жалпы орташа құны*100%

 

 

 

 

Кесте 2  - «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральды желі бөлімшесі» филиалының қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өткен жыл (2012 ж)

Есепті 

жыл (2013 ж)

Ауытқулар

Сомада

%

1

Өткізуден (сатудан) түскен табыс (мың.тг)

299862,2

382993,31

+83131,11

28,0

2

Өнімнің өзіндік құны (мың.тг)

291463,4

371550,29

+80086,89

27,0

3

Салық салынғанға дейінгі  табыс (мың.тг)

-23667,1

-47237,18

-23570,08

 

4

Таза табыс (мың.тг)

-23667,1

-47237,18

-23570,08

 

5

Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны (мың.тг)

236111,97

245508,53

+9396,56

 

6

Қор қайтарымдылығы (мың.тг)

1,27

1,56

0,29

23,0

7

Қор сиымдылығы (мың.тг)

0,30

0,001

0,299

11,1

8

Сату табыстылығы (рентабелділігі), % 

0,0006

0,004

0,0034

6,4

9

Активтердің пайдалылығы (рентабелділігі), %

0,0004

0,005

0,0046

12,5


 

Мұндағы көрсеткіштер қаржы  шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 2010 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2009 жылы 291463,4 тг. болса, 2010 жылы 371550,29 тг. болған.

2010 жылы сатудан түскен  табыс 382993,31 тг. болып, өнімнің  өзіндік құны 371550,29 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған  байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.

Сондықтан ұйым корпоративтік  табыс салығын төлемейді. Өйткені  салық салынғанға  дейінгі табыс  мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның  қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2009 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993,31 тг. болса 2009 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы (+83131,11 тг.) болды. Мұнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен салыстырғанда сату мөлшері (+83131,11 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны (+80086,89 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мұнда әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.

Ұйымның есепті жылғы, яғни 2010 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2009 жылы 3491636 тг. болса, 2010 жылы 12766806 тг. жоғарылаған. Бөлінбеген пайда 2009 жылы (-48424407 тг.) ал, 2010 жылы (-93598568 тг.) құраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір  дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз – бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2009 жылы  79448 тг. , 2010 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық “мезгіл дефицитін” кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады [6]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2.2 Кәсіпорынның  негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы.

 

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

   Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  -деп аталатын №234-III заңының 3-тарау 13-бабында қаржылық есептіліктің элементтері белгіленіп көрсетілген. Сол элементтердідің бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі ғалым, професор Қ.К.Кеулімжаев өзінің Бухгалтер лік есеп принциптері –атты еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді. Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.

Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылджан артық) пайдаланылатын айналымдылығ баяу активтер болып табылады.  Ал қысқа мерзімді активтер дегеніміз өзінің құнын тез арада басқа өнімге айырбастай алатын өтімділігі жоғары активтер болып табылады. Соған сәйкес ұзақ мерзімді активтерді айналымнан тыс активтер депте атайды. Ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Диплом жұмысын орындау барысында марериалдары пайдаланылған Алматы қаласындағы  “ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамының №4 филиалында  материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар болмағандықтан біз негізгі құралдар есері мен оның аудитіне көбірек тоқталуды жөн көрдік.

Негізгі құралдар материалдық  өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт қызмет етеді.  Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады [7].

Кәсіпорында негізгі  құралдардың есебі  ҰҚЕС №2 немесе ХҚЕС №16 стандарттарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, ұйымға жататын меншік құқығын, шаруашылық және оперативтік  басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып  табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізігі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізігі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі  құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз – ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші “Жер”, 122-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 123-ші “Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары”, 124-ші “Көлік құралдары”, 125-ші “Басқа да негізгі құралдар”, 126-шы “Аяқталмаған құрылыс” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді. Заманның ағымына қарай бухгалтерлік есептің Халықаралық Қаржылық Есеп Стандартына көшуіне байланысты осы шоттар келесідей өзгереді.   2411-ші “ Көлік құралдары ”, 2412-ші “ Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары ”, 2413-ші “ Басқа да негізгі құралдар ”, 2414-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 2415-ші “Жер”, 2930-шы “Аяқталмаған құрылыс”

Пайдалану сипатына қарай  негізгі құралдар жұмыс істеп  тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай  негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, ғимарттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.

Әр ұйымда негізгі  құралдар пайдалану мақсатын қарай  және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш бертеін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа м


Информация о работе Долгосрочные активы