Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 11:24, курсовая работа
Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгі құрал– жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.
Кіріспе
І. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.2 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын ролі.
1.3 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау.
ІІ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының ұзақ мерзімді активтер есебін ұйымдастыру
2.1 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты.
2.2 Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы.
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі.
ІІІ.
3.1
3.2 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау.
3.3 Ұзақ мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
І. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.2 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын ролі.
1.3 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау.
ІІ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының ұзақ мерзімді активтер есебін ұйымдастыру
2.1 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе
магистралды желі бөлімшесі
2.2 Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы.
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі.
ІІІ.
3.1
3.2 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау.
3.3 Ұзақ мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
І. Ұзақ мерзімді активтер есебі және оның теориялық негіздері.
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері
Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдаланылатын айналымдылығы баяу активтер болып табылады.
Ұзақ мерзімді активтер: материалдық (негізгі құралдар және аяқталмаған күрделі құрылыс); материалдық емес; басқа да ұзақ мерзімді активтер; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (өтелу мерзімі бір жылдан артық) болып бөлінеді. Материалдық емес активтер– бұлар натуральдық–физикалық формасы жоқ, алайда «болмашы құндылығы бар» соған сәйкес субъектіге ұзақ уақыттар бойында немесе үнемі қосымша табыс түсіретін активтер. Оның үстіне материалдық емес активтер алынып қосылу қабілетіне де ие болуға тиіс. Материалдық емес активтерге тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың шығарылатын тіркеулі жерлері, гудвилл («фирма бағасы»), «ноу–хоу», патенттер мен өнеркәсіп үлгілері, лицензиялар, интеллектуальды меншік пен ұйымдастыру шығындары, табиғи ресурстарды пайдалану құқы, ЭВМ–мен бағдарламалық қамтамасыз ету және басқалары жатқызылады.
Нарықтық экономиканың дамуына қарай метериалдық емес активтердің субъектілер мүліктеріндегі маңызы мен үлгісі ұлғая түседі, мұның өзі техника мен технологияның дамуымен, ақпараттың таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен сабақтас.
Негізгі құралдар–материалдық активтер ұзақ уақыттар бойында (бір жылдан астам) материалдық өндірісте де, өндірістік емес салада да еңбек құрал–жабдықтары ретінде қызмет атқарады.
Негізгі құрал–жабдықтарға: тұрақты мүліктер (жер учаскесі, ғимараттар, құрылғылар, көп жылғы екпе өсімдіктер және жерге тығыз байланысты, басқа орынға көшіру оның әуелгі мақсатына нұқсан келтірмей қоймайтын басқа да объектілер); транспорт құралдары; құрал–жабдықтар; балық аулау саймандары; өндірістік және шаруашылық мүліктері; ересек жұмысшы және өнімді мол; құрал–саймандар мен басқа да негізгі құралдар жатады.
Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгі құрал– жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.
Материалдық және материалдық емес активтерді негізгі құралдар объектілері ретінде тану сәтінде бағалаудың біріңғай жолы қажетті шарт болып табылады.
1.2 Ұзақ мерзімді
активтердің экономикалық
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі болып отыр. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтердің алатын орны үлкен.
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын, кәсіпорындардың құқықтың, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнатақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар ұйымдар
тарапынан қазіргі заман
Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойынша пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса, болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің рөлі анықталса, субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса, бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер – нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал- жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осылай; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Бұған, қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердіңде есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке тенестірілуі мүмкін, мысалға; патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланысты шығарылуы мүмкін: мұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сенім деңгейіне негізделеді
Қоғамдық өндірістің
тиімділігін негізгі өндірістік
қорларды жақсы пайдалану арқылы
арттыру - бүгінгі таңдағы өткір
мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл мәселелерді тек өнеркәсіпт
Жекелеген кәсіпорын немесе бірлестік жағдайында негізгі қорларды пайдаланудың жақсаруы еңбек өнімділігінің артуын, өнім шығару қарқынын өсіруге, олардың өзіндік құнын азайтуға, табыс көлемінің және өндірістік рентабелінің артуын қамтамасыз етеді.
Ұйымдардағы ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастырудың жағдайын қарастырғанда бұл есеп ұйымдарды басқару құралдарының ең маңыздыларының бірі екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол талдау жұмыстары үшін негізгі ақпараттар көзі болып табылады және оның бағыттарын анықтайды.
Негізгі құралдардың есебі - ақпараттардың тұрақтылығының жоғары деңгейімен сипатталады, ол тұрақты ақпараттар тасушыларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыстың бұл бөлігін автоматтандыру қажет. Негізгі құралдар есебін ЭЕМ автоматтандыру олардың оперативті-техникалық және бухгалтерлік есебінің ақпараттар базасын тездетуге, есеп беру жүйесін жеңілдетуге, тозу құнын есептеудің тәсілдерін автоматты түрде таңдауға жол береді. Бұл мұндай есептің нәтижелерінің тұтыну құндылығын арттырудың кейбір бағыттарын болжауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар негізгі құралдардың қолда барының талдамалық есебінің деңгейін арттыру оларды басқаруды мұнан басқа жалпы объектінің ғана емес оның құрамды бөліктерінің сақтығына, техникалық және пайдалану жағдайына бақылауды күшейтеді.
Активтер үш сатыдан: анықтау , тану және бағалаудан тұрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп бақылауына түскен ұйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады.
Активтерді тану деп активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады.
Активтер дәстүрлі әдістермен, бастапқы құнымен бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі құнымен яғни:
- бастапқы өзіндік құнымен;
- қалпына келтіру құнымен;
- жоюдағы құнымен;
- ағымдағы құнымен (немесе базарлы құнға келтіру әдістерімен) бағаланады.
Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі. Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз-бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялар салымдарды әр түрлі нысандарды жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1-сызбада көрсетілген.
Интеллектуалдық (ғылыми) меншік құқықтары
Жаңадан
жасалатын негізгі құралдар
Мақсатты ақша салымдары
Инвестициялық қызметінің объектілері
Ғылыми-техникалық өнімдер
Құнды қағаздар