Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 11:24, курсовая работа
Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгі құрал– жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.
Кіріспе
І. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.2 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын ролі.
1.3 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау.
ІІ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының ұзақ мерзімді активтер есебін ұйымдастыру
2.1 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты.
2.2 Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы.
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі.
ІІІ.
3.1
3.2 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау.
3.3 Ұзақ мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Жұмыс істемейтін өндіріс процессіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған, басы артық жабдықтар жатады. Сақтауға тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орынына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады. Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді.
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлы –материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы материалдық қорлар құрамында есептелігнеді. Шаруашылық субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.
ІІ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының ұзақ мерзімді активтер есебін ұйымдастыру
2.1 «ҚТЖ» ҰК»
АҚ Ақтөбе магистралды желі
бөлімшесі филиалының
«Қазақстан
Темір жолы» Ұлттық компаниясы»
Қоғам қызметінің мәні:
Филиал
Қоғам қызметкерлерінің ұтымды,
өнімді қызмет етуі үшін
«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральды желі бөлімшесі» филиалының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 ақпанынан «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңының» №234-ІІІ заңына, Халықаралық қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған. Жалпы баптар саны 966. Есеп саясатының принциптері барлық құрылымдық бөлімшелерге де қолданылады.
Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:
Есеп саясаты бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральды желі бөлімшесі» филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.
Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:
Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз ішінде қоғамның:
Есеп саясаты 2008 жылы 24 желтоқсанда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы шешімімен бекітілген.
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есеп беруінде мынандай ақпараттар ашылып көрсетілуі керек:
Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар үшін есеп беру кезенінің соңында мынаңдай ақпараттар ашылып, көрсетілуі тиіс:
Кәсіпорын қызметіне таддау жүргізу барысында қолданылатын ең негізгі ақпарат көздері бухгалтерлік баланс болғандықган, "Қазақстан темір жолы" үлттық компаниясы акционерлік қоғамының балансы алынып отыр.
Халықаралық бухгалтерлік стандарттарының қағидаларының негізінде жасалған ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттеуші және негізгі нормативтік құжат болып табылады. Сонымен қатар Типтік бухгалтерлік шоттар жоспарының негізінде және қызмет көлемінің түріне байланысты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының жұмыс шоттар жоспары жасалған.
Барлық жүргізілетін шаруашылық операциялар салалық, типтік қүжаттар арқылы есепке алынады. Сонымен қатар есеп-қисап жұмыстары белгіленген бухгалтерлік регистрлер арқылы жүргізіледі.
Кәсіпорынның әрбір мүшесі оның қызметіне жеке еңбек үлесін қосуға міндетті. Олардың жеке еңбек үлесінің сипаты мен тәртібінің жалпы жиналыста айқындайды және жалпы жиналыстың хаттамасымен рәсімделеді.
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральды желі бөлімшесі» филиалының қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі.
Кесте 1- «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральды желі бөлімшесі» филиалының қорытынды есебі
(мың тенге есебімен)
№ |
Көрсеткіштердің аталуы |
табыстар |
шығындар | ||
2011 |
2012 |
2011 |
2012 | ||
Өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен табыс |
3060107 |
282860 |
|||
Сатылған өнімдердің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны |
276038 |
242949 | |||
Жалпы табыс |
30979 |
39911 |
|||
Есепті кезең шығындары, -Жалпы және әкімшілік шығындары -Сату жөніндегі шығындар -Пайыздық шығындар |
14602 5257 9345 - |
20100 7236 12864 - |
1-ші кестенің жалғасы
Негізгі қызметтен түскен табыс |
16377 |
19811 |
|||
Негізгі қызметке жатпайтын табыс |
3033 |
3555 |
|||
Салық салынғанға дейінгі табыс |
19410 |
23366 |
|||
Табыс салығы жөнінегі шығындар |
2538 |
3055 | |||
Салық салығынан кейінгі табыс |
133702 |
201290 |
|||
Төтенше жағдайдан шеккен зиян |
- |
- |
|||
Таза табыс (зиян) |
133702 |
201290 |
Серіктестіктің қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижесі жоғарыдағы кестеде көрсетілген. Өнімдерді өткізген (сатудан) түскен табыс 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3060107 мың теңгеден 282860 мың тегеге дейін төмендеген. Оның басты себебі өндіріс көлемінің азайтқанымен байланысты болып отыр. Сатылған өнімдердің өзіндік құны өндіріс көлемінің азайғанына байланысты 242949 мың теңгені құрайды, яғни 12 пайызға 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы төмендеген. Жалпы табыс 2010 жылы 39911 мың теңге 2009 жылмен салыстырғанда 8932 мың теңгеге көбейген.
Есепті кезең шығындары үлкен мөлшерде қалып отыр. Ол 2010 жылы 20100 мың теңге болып, 5498 мың теңгеге немесе 37%, 2009 жылмен салыстырғанда жоғарылап отыр. Бұл шығындардың басым көпшілігі, жалпы және әкімшілік шығындардың үлесінде, яғни 2010 жылы 7236 мың теңге болса, 2009 жылы 5257 мың теңгені құрап отыр.
Шығындардың қалған бөлігі сатуға байланысты шығындар ол 2010 жылы 12864 мың теңге болса, 2009 жылы 9345 мың теңге болған немесе 16109 мың теңгенің көлемін құрап, 37% жоғарлаған. Негізгі қызметтен түскен табысқа келетін болсақ, (жалпы табыс пен есепті кезең шығындарының айырмасы) бұл көрсеткіш 2010 жылы 19811 мың теңгені құраған, 2009 жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Негізгі қызметке жатпайтын табысқа келетін болсақ, ол негізгі құралдарды жалға беруден және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерден түскен табыстардан құралған, оның көлемі 2010 жылы 3555 мың теңге болса, 2009 жылы 3033 мың теңгеге немесе 17%,-ға өскен. Салық салынғанға дейінгі табыс 2009 жылы 19410 мың теңгені құраған болса, 2010 жылы 23366 мың теңгеге дейін өсіп 20% көтерілген.