Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 11:24, курсовая работа
Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгі құрал– жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.
Кіріспе
І. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.
1.2 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын ролі.
1.3 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау.
ІІ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының ұзақ мерзімді активтер есебін ұйымдастыру
2.1 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі филиалының экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы мен есеп саясаты.
2.2 Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы.
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі.
ІІІ.
3.1
3.2 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау.
3.3 Ұзақ мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Мүліктік құқықтар
Басқада да
меншік объектілері
1 сызба - Инвестициялық қызметтің объектілері
Инвестицияларды әр түрлі
белгілері бойынша жіктеуге болады.
Инвестицияларды жіктелу
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз –бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Инвестиция түрлері
Инвестициялау объектілері бойынша
Нақты (тікелей)
Қаржылық (қоржындық)
Инвестициялау мерзіміне қарай
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Кәсіпорынның инвестиция барысында қатысу сипатына қарай
Тікелей
Тікелей емес (жанама)
Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай
Жеке
Мемлекеттік
Аралас
2 сызба -Инвестициялардың
негізгі белгілері бойынша
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялар - бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Ұзақ мерзімді инвестициялар деп - кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның инвестиция
барысында қатысу сипатына қарай
тікелей және тікелей емес инвестициялар
болады. Тікелей инвестициялар
Инвестицияланатын қаражаттардың
меншік белгісіне қарай жеке және
мемлекеттік инвестицияларды
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршендігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
а) инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару- бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуде, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
ә) жеке инвестициялық
жобаларды басқару – бұл
б) жеке кәсіпорынның инвестициялық
қызметін басқару – бұл кәсіпорын
тарапынан инвестициялау
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды
басқару капитал салымдарының ең
тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Осы орайда кәсіпорындардың
Инвестицияларды басқару кезеңдері
Елдегі инвестициялық жағдайды талдау
Инвестициялық қызметтің нақты бағыттарын таңдау
Инвестициялаудың нақты
Инвестициялардың өтімділігін бағалау
Инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін
анықтау
Инвестициялық тәуекелдерді басқару
3 сызба - Инвестицияларды басқару барысы
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі - бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
- мемлекеттік инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;
- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының даму деңгейі.
Келесі кезең кәсіпорынның
экономикалық даму стратегиясын ескере
отырып, оның инвестициялық қызметінің
нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде
кәсіпорын инвестициялық
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компъютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және тағы басқалары. Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4- топқа бөлінеді.
Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноухау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіктік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. «Ноухау» - құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде керінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарды қолданылатын термин.
Кең мағынасына «ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патентелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизинге, «кілті қолма-қол» тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
«Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-хау» сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол оның иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патентерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. «Ноу-хаудың» субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы, шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары
бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды
құру кезеңінде пайда болған шығындар
ұйымдастыру шығындарына
ЭЕМ бағдарламасымен
жабдықтау – кәсіпорын
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасы қалай пайдаланамын десе де, толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.
Таңбалар сөз түрінде, көркем сурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болмауы мүмкін, олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқада айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделлер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.
Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы-тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса және басқа да ерекшілеліктері арқылы сипатталады.
Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауы паудалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банктілерде және басқа да тауарда шаруашылық айналымда енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.
Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы бәсекелестің әрекет етуші құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасалынған өнімдер арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын «Белорусь» (трокторлары), «Зенит» (фототауарлары), «Новое Заря» (парфюмериясы), «Лада» (автомобильдері), «Рахат» (конфеттері), «Славо» және «Чайка» (сағаттары) және т.б. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен, тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды да, қамқорлыққа алғаны жөн, себебі, мұндай қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл сондай шетелдік тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездей-соқ қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал енді географиялық белгілеулерге келсек, олардың арасының тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардың сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.