Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негіз

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 12:46, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі. Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.

Файлы: 1 файл

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТҰЖЫРЫМДАЛАРЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ.docx

— 34.17 Кб (Скачать)

     Бухгалтерлік  есептің әдістері. Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тэсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.

     Бухгалтерлік  есептің әдістері келесідей түрлерден  түрады:

  • құжаттау;
  • түгендеу;
  • шоттар;
  • екі жақты жазу;
  • бағалау;
  • калькуляциялау;
  • бухгалтерлік баланс;
  • есеп беру.

     Құжаттау. Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толықтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні және тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.

     Түгендеу. Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады. Соған байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің нақты қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырьш отырады.

     Шоттар. Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз—шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып    табылады.    Жалпы    шоттар    ұйымның    шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Шоттар кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай, оларды экономикалық манызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады. Жалпы айтқанда ұйымның активтері мен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.

     Екі жақты жазу әдісі. Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитіңде бірдей сомада көрсетілуі қажет. Ұйымдардағы мұндай күңделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.

     Калькуляциялау әдісі. Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі (өнім өндіру, қызмет көрсету, сатып алып-сату тағы басқалары сияқты). Осы үдерістерді орындау барысында кэсіпорын жұмысшы күшін, еңбек қүралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бүл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік қүнын құрайды. Сондай-ақ ол үйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнның аныктау әдісін калькуляциялау деп атайды.

     Багалау әдісі. Бухгалтерлік есепте материалдық кұндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің (активтердің) және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айландырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды. 
 
 
 
 

     Халықаралық Бизнес Университеті 
 
 
 
 
 
 

     

     Тақырыбы: Бухгалтерлік есептердің тұжырымдамалары және принциптері 
 
 
 

         Орындағандар: Нурлыбаева Балнур, Рустемова Роза 202 топ 

         Тексерген: Сүгірбаева Мұхтар Қалдыбайұлы  
     
     
     
     
     

     Алматы 2009 жыл

      

Информация о работе Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негіз