Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негіз

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 12:46, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі. Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.

Файлы: 1 файл

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТҰЖЫРЫМДАЛАРЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ.docx

— 34.17 Кб (Скачать)

     БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТҰЖЫРЫМДАЛАРЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ 
 

     Бухгалтерлік  есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі. Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.

     Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.

     Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.

     Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.

     Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.

     Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.

     Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі де мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты   қаржылық   есеп   беру   стандартын   дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тэжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия, Канада, Мексика, ¥лыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келісімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бүл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтұстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:

  • қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
  • ақпараттық жүйені құру принциптері;
  • осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
  • қаржылық есеп берудің элементтері;
  • өлшеу және мойындау критерийлері.

     Қаржылық  есептің мақсаты — кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:

  • қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім 
    қабылдауға қажетті мәлімет;
  • ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға 
    қажетті мәлімет;
  • ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін 
    бағалауға қажетті мәлімет;
  • басқару    органдарының    жұмысын    бағалауға    қажетті 
    мәлімет.

     Қаржылық  есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі жатқызылады. Қалған төрт элементі кэсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығьс, пайда және зиян деп аталатын топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және жеке — деп аталатын екі түрге бөлуге болады.

  • Жалпы тұжырымдама бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп 
    туралы көзқарасын білдіреді.
  • Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін 
    бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.

     Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартында қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі танда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалпы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық тұжырымдама қатар жүргізіліп келеді. Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен және араласуымен түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы бойынша салық органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған және оның негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған елдердің қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.

     Америкалық  тұжырымдаманың континенттік (еуропалық) тұжырымдамадан өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді АҚШ, Канада, ¥лыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка Республикасы жэне тағы басқа елдер қолданып отыр.

     Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің бухгалтерлік есебін континенттік (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік (еуропалық) тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік  есеп  стандарттары  Американдық  (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылып жасалғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден — осы тұрғыдан, ал екіншіден — елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.

     Бухгалтерлік  есептің принциптері. Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы зандылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан - бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:

  • есептеу;
  • үздіксіз (ұдайы);
  • түсініктілік;
  • мәнділік;
  • маңыздылық;
  • сенімділік;
  • әділетті әрі тура көрсету;
  • бейтараптық;
  • сақтық;
  • толықтылық;
  • салыстырмалық;
  • дәйектілік.

    Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип - бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

    Түсініктілік  принципі. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.

    Маңыздылық  принципі. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:

  • алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
  • бұрын  жасалынған   болжамдардың  барысында  алынған 
    нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

     Бухгалтерлік  ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.

  1. Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пай- 
    даланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл 
    мәліметттің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық 
    деңгейін төмендетеді.
  2. Болжамның құндылығы.  Өткен немесе  қазіргі  кездегі 
    жасалынған  болжаулардың нәтижесінде  алынған  бухгалтерлік 
    ақпараттық мэліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
  3. Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

    Сенімділік  принципі. Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.

    Салыстырмалық принципі. Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік   есеп   мәліметтері (қаржылық    есебі)    өткен   уақыттардағы    мәліметтермен    са-лыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.

    Сақтық  принципі. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

    Есептеу принципі. Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

    Үздіксіз  принципі. Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

    Мәнділік  принципі. Ұйымның    бухгалтерлік    есеп    ақпараттары    пайдаланушылардың   қажеттілігін   қанағаттандыруы   қажет.    Сондай-ақ пайдаланушылардың   кәсіпорын   жұмысына   (қызметіне)   баға беруіне көмектесуі керек.

     Бейтараптық принципі. Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.

     Әділетті  әрі тура көрсету  принципі. Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы жэне ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.

     Толықтылық  принципі. Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз жэне маңызсыз болады.

     Дәйектілік  принципі. Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті тұрде қолдануы қажет.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негіз