Бастапқы құжаттарды классификациялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:38, реферат

Краткое описание

Ұйымдарда экономикалық мазмұны мен үлгі пішіміне қарай көптеген бастапқы құжаттар қолданылады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде қолданылатын бастапқы құжаттардың атқаратын міндетін, бұлардың рәсімдеудің жолдарын, құжаттарды өңдеу әдістерін білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы кезеңін қалыптастыратын құжыттыр сыртқы пішім үлгісіне,атқаратын міндеті мен мазмұнына және шаруашылық фактілерін тіркеу әдістері мен ерекшеліктеріне қарай біртекті топтарға топтастырылады. Топтасу деп – бастапқы құжаттарды біртектес нышандарына қарай классификациялауды айтамыз.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 15.40 Кб (Скачать)

Бастапқы құжаттарды классификациялау

Ұйымдарда экономикалық мазмұны мен үлгі пішіміне қарай көптеген бастапқы құжаттар қолданылады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде қолданылатын бастапқы құжаттардың атқаратын міндетін, бұлардың рәсімдеудің жолдарын, құжаттарды өңдеу әдістерін білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы кезеңін қалыптастыратын құжыттыр сыртқы пішім үлгісіне,атқаратын міндеті мен мазмұнына және шаруашылық фактілерін тіркеу әдістері мен ерекшеліктеріне қарай біртекті топтарға топтастырылады. Топтасу деп – бастапқы құжаттарды біртектес нышандарына қарай классификациялауды айтамыз.

Бастапқы құжаттар төмендегі нышандарға (признаки) қарай  классификацияланады:

-      атқаратын міндетіне;

-      жинақтау дәрежесіне;

-      шаруашылық фактілерін тіркеу әдісіне;

-      жасалған орындарына;

-      шаруашылық фактілерінің сипатына.   

   Атқаратын міндетіне қарай құжаттар ұйымдастыру мен әміршілікс

растаушы, бухгалтерлік рәсіндеуші және қиыстырушы болып бөлінеді.    

Ұйымдастыру мен әміршілік құжаттары ұйымдар қызметін жалпы басқару жұмыстарын іске асыруға арналған. Мұндай құжаттарға белгілі бір шаруашылық әрекеттерді орындау жөнінде берілген бұйрық, сондай — ақ материалдықұндылықтар алуға берілген сенім хат, банктерден ақша алуға берілген чектер, төлем-тапсырма құжаты жатады.

Растаушы құжаттарды шаруашылық фактілерінің орындалуы мен рәсімделінуіне жауапты адамдар жасап, қолдарын кояды. Жауапты адамдар шаруашылық фактілерінің орындалғандығын растайды. Бұлар материалды құндылықтырдың алынғандығы мен өз орнымен дұрыс жұмсалғандығына әрқашанда жауапты болады.   

  Бухгалтерлік рәсімдеуші құжаттар есеп жазуларын жүйелеу мен счеттар корреспонденциясын анықтау үшін ұйымдастыру мен әміршілік және растаушы құжаттар негізінде рәсімделеді. Мұндай құжаттар әміршілік етуші және растаушы құжаттардың қосымшасы түрінде танылып, мұндай құжаттардың қосымшасы түрінде танылып, мұндай құжаттардың жеке мағынасы болмайды.   

Қиыстырушы құжаттар әртүрлі құжаттар нышанынан құралады. Мысалы: 1)әміршілік және растаушы (еңбек ақы төлеудің есептесу-төлеу ведомостысынан),растаушы және бухгалтерлік рәсімдеуші (аванстық есеп),әміршілік,және бухгалтерлік рәсімдеуші (кассаның шығыс ордері); 2)кассаның шығыс ордерінде ақшаның төленуі жөніндегі әмірлік (әмірлік етушінің қойған қолы),ақшаның төленгендігі жөніндегі кассирдің және ақшаны алғандығы жөніндегі алушының қойған қолдары,сондай-ақ операцияның мазмұнын тиісті счеттарға жазу жөніндегі счеттар корреспонденциясы көрсетіледі.    

Жинақтау дәрежесіне (жасау тәртібіне) қарай құжаттар бастапқыдағы бірінші кезеңдегі рәсімдеу және екінші кезеңдегі жинастырушы құжаттарға бөлінеді. Бастапқы рәсімдеу құжаттары шаруашылық фактілерінің орындалған сәтінде (қабылдау актілері,счет-фактуралар,тауар тасымалдау накладнойлар,шығыс накладнойлар,кассалық ордерлер т.б.) рәсімделеді.Екінші (жинастырушы). Мысалы, кіріс және шығыс құжаттарының негізінде қойма меңгерушісінің жасаған материалдық есебі (отчеты);жол жүру белеті,қонақ үйге төлеген ақшаның түбіртегі т.б. негізінде тапсырған жауапты адамның аванстық есебі (отчеты) екінші жинастырушы құжаттарға жатады.

Шаруашылық фактілерін тіркеу әдісіне қарай құжаттар бір реттік және жинақтаушы құжаттар болып бөлінеді.

Бір ретті құжаттар шаруашылық фактісінің бір –ақ рет орындалғандығына (кіріс және шығыс ордерлер, материалдардың берілуіне қойылған талап және басқалар) арналған.

Жинақтаушы құжаттар біртектес бірнеше операциялар мен әр екзеңде (апта, онкүндікте, ай ішінде)бірнеше рет мазмұны жағынан қайталананып отыратын шаруашылық фактілерін (мысалға жұмыс наряды, шектеп алу картасы т.с.с.)жинақтауға арналған.   

Жасалған орындарына қарай құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі құжаттар ұйымның өзінде рәсімделіп, осы ұйымның әшәнде қолданылады. Ал сырты құжаттар басқа заңды және жеке тұлғаларда жасалынады.    

Шаруашылық фактілерінің сипатына қарай құжаттар кассалық,банктік, материалдық, есеп айырысу болып сипатталады. Сонымен қатар, құжаттар авторлық, қызметтік, жеке, стандартық және стандартық емес,түп нұсқалық, көшірме құжаттар болып та сипатталады.


Информация о работе Бастапқы құжаттарды классификациялау