Қазақстан және әлемдік экономиканың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:20, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды:
• Қазақстанның даму эволюциясын зертеу және оның ішкі саясаты;
• Аса дамыған кезеңдерін бөліп алып зерттеу және стратегиялық мақсатын көрсету;
• Еуро Одақтың даму тенденцияларын зерттеу;
• Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы байланыстарды зерттеу.

Оглавление

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------3
Тарау 1. Әлемдiк экономиканың процестерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау.---------5

Тарау 2.Еуропалық Одақ және Қазақстан
2.1. Еуропалық Одақ құрылуы мен қызметі---------------------11
2.2.Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар-------------------------------------------------12

Қорытынды--------------------------------------------------------- 19

Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------------21

Файлы: 1 файл

1 Қазақстан және әлемдік экономиканың дамуы 21 бет.doc

— 101.00 Кб (Скачать)

Аймақтық ынтымақтстығы дамыту, жанжалдарды реттеу , еропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен  Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одақтың өсе түсіп отырған ролі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болыуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Бруссельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстанның өкілдігі ашылды.

Еуропалық Одаққа  қатысты Қазақстанның саясаиты оның әлемдегі экономикадағы ролімен және Еуропаның 15 дамыған елдері кіретін ос бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады. Еуропалық Одақ біздің еліміздің ең ірі сауда орталығы.1999 жылы біздің еліміздің Еуропалық Одақ мемлекеттерімен сауда айналымы 2,2 млрд долларды құрады.[8] 2000 жылы Еуропалық Одақ / ЕО/ елдерімен сауда көлемі 3 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт - 2 млрд жуық доллар, импорт - 1 млрд доллар.[9] Біздің еліміздің экономикасына Еуропалық Одақ / ЕО/тікелей инвестицияларын береді. Еуропалық Одақ / ЕО/ ішіндегі негізгі инвестрлар Ұлыбритания, Нидерланд, Италия.

Қазақстан Батыс Еуропа елдерімен егемендікті және аумақтықты құрмет тұту, бір-біріне шабуыл жасамау және ішкі істеріне араласпау, күш қолдану қаупін болдырмау, теңдік әрі өзара тиімділік принціптерін баяндайтын саяси шарттар жасасты. Еуропалық Одақ елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың шарттық-құқықтық базасы екіжақты сауда- экономикалық қатынастардың өсіміне ықпал етеді. Біздің еліміздің экономикасы құрылымдық қайта құруға және оның өнеркәсіптік әулетін дамытуға белсенді түрде қатысып  жүрген елдермен қол қойылған құжаттар айырықша маңызды. Мәселен, Австрия мен ГФР 1993 жылы кредиттік желілерін ашты. ЕҚДБ, ЕЭҚ сияқты еуропалық құрылымдармен Қазақстанға қаржылық көмек көрсету жөнінде келісімдерге қол қойылды және олар жемісті түрде жүзеге асуда. Еуропалық елдердің ішінде Ұлыбританиямен, Германиямен, Франциямен, Нидерландпен, Швецариямен ынтымақтастық анағұрлым жемісті дамып келеді.

Біздің еліміз инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы,сондай--ақ қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдер жасасу жолымен өз экономикасына шетелдік капиталды тарту үшін дәйекті түрде құқықтық режим құруда. Мұндай келісімдер Еуропалық Одақтың елдерімен жасалды.

Саяси диалогты жандандыру және экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстандағы өзінің ықпалын кеңейту жөнінде Еуропалық Одақтың күш-жігерін еселеуі заңды болып табылады.

1993 жылы күшіне енген Еуропалық Одақ туралы Маастрих шартында оның сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының бірі демократияны дамыту мен нығайту , заңның үстемдігі, адам құқығы мен негізгі бостандықтарды құрмет тұту болып табылады деп көрсетілген. Сондықтан біздің еліміздегі демократиялық реформалар процесіне байланысты мәселелер барлық уаққытта қазақстандық-еуропалық қатынастардың басты назарында болды.

Энергетикалық ресурстардың ірі тұтынушысы ретінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы мүдделілігі үлкен. Болашақта энергоресурстарды тұтынудың болжамданатын өсімін ескере отырып, Еуропалық Одақ энергия көздерін өндіруге, мұнай және газ құбырлары желілерін құруға байланысты инвестициялық жобаларға қатысуға зор көңіл бөлуде.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы техникалық ынтымақтастық сондай-ақ басқа да бірқатар бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда, мәселен: ИНТАС / ТМД елдерінің ғалымдарын қолдау жөніндегі халықаралық қауымдастық/, КОПЕРНИКУС, Европартенариат және т.б.

1992 жылдың аяғында Алматыда Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету жөніндегі  Еуропалық Одақ Бюросы ашылды, ол ТАСИС және ТЕМПУС сияқты Еуропалық Одақтың бағдарламалары шеңберінде құрылды.

ТАСИС бағдарламасын 1991 жылы Еуропалық Одақтың Министірлер кеңесі бекітті және бағдарлама мемлекеттік, сондай-ақ жекеше мекемелерімен байланыстар орнату арқылы тәжирибе әрі арнайы білімдер алмасуға көмек көрсету үшін жәрдем ақша беріп, қолдауға бағытталған. Бағдарлама консультативтік қызмет көрсетуді, кейбір жобаларды қаржыландыруды көздейді. Бағдарлама бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады, олар еуропалық тараптың пікірі бойынша қайта құру процесін жеделдету: жекеше секторды дамыту, әлеуметтік қызмет пен білім жүйелерін реформалау және басқалары үшін айырықша маңызды. ТАСИС бағдарламасы, мәселен, Қазақстан кәсіпкерлері конгреске қолдау көрсетті, шағын және орта кәсіпорындарды, банк секторын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды жүзеге асырды. ТАСИС экономика министірлігінің шеңберінде болжамдау мен жоспарлаудың макроэкономикалық үлгісін әзірледі және  соңғы макроэкономикалық амалдар бойынша министірлік қызметкерлерін даярлаудың бағдарламасын өткізді. ТАСИС орта бизнесті дамытуды қолда, жекешелендіру және құрылымдық қайта құру , адам ресурстарына инвестициялар салу жобаларын жүзеге асыруға барлығы 130 млн. доллар қайтарымсыз көмек бөлінді, мұның өзі біздің елімізге көрсетілген барлық батыстық техникалық көмектің жртысынан астамын құрайды. 2000-2002 жылдар кезеңінде қосымша 24 млн. евро бөлінеді. 1992 жылдан бастап ТАСИС біздің елімізге 120 млн. евро сомасында қолдау көрсетті.[10]

Ұлттық бағдарламамен қатар ТАСИС шеңберіндегі ынтымақтастық бірқатар  аймақтық бағдрарламалар бойынша да жүзеге асырылды, олар экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге, сауда-саттықты дамытуға, көліктік және энергетикалық желілерді кеңейтуге бағытталған. Олардың бірі Орталық Азия

және Закавказья елдерінің сауда-саттық және коммуникациялық мүмкіндіктерін дамытуға қызмет ететін ТРАСЕКА жобасы. Осы жобамен талшықтық - оптикалық кабель төсеу жоспары да байланысты, аталған жоспар Еуропа-Азия желісінде байланысты қамтамасыз етеді. ТРАСЕКА біздің елемездің транзиттік әлеуетін іске асыру жөнінде қлоға алынып жатқан күш-жігер тұрғысында, сөз жоқ, Қазақстанның мүдделелігін туғызады.

1995 жылы басталған мұнай мен газды тасымалдаудың ИНОГЕЙТ мемлекетаралық бағдарламасы Энергетика саласында инфрақұрылымды қалыптастыруға көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарлама энергоресурстарды Каспий және Қара теңіз арқылы Еуропаға тиімді түрде шығаруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бағдарламаны іске асыру - аймақ елдерінің тәуелсіздігін нығайтуға және энергоресурстарды  тасымалдауға арналған   экспорттық жолдарды дамытуға мүмкіндік береді. Көп жақты ынтымақтастық негізінде энергия көздерін тасымалдаудың проблемасын Қазақстанның шешуінің маңыздылығын ескертетін болсақ, бұл жобаның тиімділігі еселеп өсе түседі.

Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық  Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады. Осы бағытта Еуропалық Одақ Еуропалық қайта құру жіне даму банкісімен анағұрлым белсенді түрде жұмыс істеуде. Еуропалық Одақпен ынтымақтастық БҰҰ-ны, ЕҚЫҰ-ны Энергетикалық хартия жөніндегі конференцияны қоса алғанда, халықаралық форумдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды да қамтиды.

1995 жылғы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ол 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді. Бұл өзара қатынастың дәрежесі мен сипатын анықтайтын, оларды ұзақ мерзімді және тұрақты әріптестік деңгейіне көтеретін ауқымды халықаралық - құқықтық құжат болып табылады.

Жоғарыда аталған келісімге Ынтымақтастық кеңесі,  Ынтымақтастық комитеті, Парламенттік ынтымақтастық комитеті сияқты органдар құрылды. Келісім күшіне енгенге дейін ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерімен " Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" Бірлескен комитеті тікелей айналысты, Комитет өзінің үш отырысын өткізді. 1996 жылғы маусым, 1997 жылғы мамыр және 1998 жылғы мамыр.

Келісімге сәйкес саяси салада еуропалық және ғаламдық қауыпсіздікті нығайту мүддесі жолында халықаралық проблемалардың бүкіл спекторы бойынша саяси диолог пен консультациялар жүйесі орнатылады. Осы мақсатта үкімет мүшелері, атап айтқанда, сыртқы істер министірлері деңгейінде диолог өткізіледі.

1999 жылы шілдеде Ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысында сауда- саттық пен инвестиция, сот әділдігі мен есірткілердің заңсыз айналысына қарсы күрес , қоршаған орта , аймақтық ынтымақтастық, сондай-ақ демократияны дамыту салаларында екі жақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды.

Еуропалық тарап Арал теңізі мен Семей полигоны аймақтарының проблемаларын шешу үшін ТАСИС желісі бойынша бөлінетін техникалық көмек көлемін ұлғайту  туралы Қазақстанның ұсынысымен келісті

Еуропалық тарап сондай-ақ ет өнімдерін Еуропалық Одақ рыногына түсіруге қатысты Қазақстанның өтінішін қарауғаміндеттенді.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық әріптесіне айналды, мұның өзі айтарлықтай деңгейде біздің ішкі саяси тұрақтылығымызға байланысты мүмкін болды.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды


Еуро Одақ Еуропа елдерінің  экономикасын көтеруде  басқа дамыған елдерге қарағанда едәуір алда.  Еуро Одақтың әлем нарығындағы орыны өте жоғары, ақша бірлігі - еуро құнының құндылығы да көп елдер арасында жоғары, көптеген экспорттық импорттық операциялар осы валюта негізінде жүргізіледі. Еуро Одақ ұстанған саясат өзінің ішкі құпиялылығымен де ерекшелінеді. Ал сол саясатты іске асыру барысында ешқандай қайшылықтар болмағаны дұрыс, бұл дегенім соғыс сынды қауып түғызарлық жағдайлар.

Еуро Одақ мүдделілігі біздің экономиканың барлық саласының, әсіресе келешекте біздің жас мемлекетіміздің қауыпсіздігінің шешуші элементтері болатын салалардың тепе-тең дамуын қамтамасыз етуге ұмтылуымызбен ұштасады. Коммуникация, көлік, кен өндіру, өңдеуші, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, жоғары технологиялы өнімдер, тамақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, туризм саласындағы ынтымақтастық басым болып табылады. Осы секторлардың бәрінде дерлік іс жүзінде Еуро Одақ жетекші орын алғандығы даусыз. Олардың қажетті технологиялары, құралдары, тәжирибесі және басқарудың жаңаша әдістері бар. Байланыс, коммуникациясы және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың келешегі аса зор. Мұндай технологиялардың Еуро Одақта және әлемнің басқа да елдерінде жедел дамуы жағдайында орташа мерзімді келешекте мемлекеттің әл- ауқаты, ұлттық экономиканың жұмыс істеуі, коммуникациялардың жаңа түрлерінің дамуы, ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолданбалы пайдалану деңгейімен айқындалады. Халықтың әлеуметтік әл- ауқатының деңгейі компютерлік-коммуникацияларлық сауаттылыққа тікелей тәуелді болмақ.

Еуро Одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мәселелерінде техникалық көмек көрсетіп отыр.

Қазақстан экономикасы үшін кадрлар даярлау проблемасының маңызы да кем емес. Қазіргі кезде Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынас жоғары дамыған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Макконелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс; Принципы, проблемы и политика,       М.;-1992.
2. А. Р. Кифирева, Э. М. Щагина "Новейшая история Отечества 20 век" : Учеб. Пособие для ВУЗОВ: В 2 т./  М.: Владос, 1998, 448 с.
3. Демократия Западной Европы ХХ века. М., 1996.

4. " Экономикс" журнал. М  2001 6-9 бет

5. " КазГУ хабаршысы" А. 2005 11-бет

6. " Панарама" газеті  № 5 2005 3-4 бет

7. Ерманов В.А. “Казахстан в современном мире”. // Алматы, 1998 г.

8. Касымов С. “Национальная экономика в изменяющемся мире”. // “Аль - пари”, 1998г.

9. “Место Казахстана среды стран СНГи США”. // “Внешняя эко - номическая деятельность”,1997г. № 5.

10. " Мировая экономика и международные отношения" 1998

 

 

 

 

2

 



[1] "Тәуелсіз Қазақстан" Н.Назарбаев. А. 2005 ж  3 б

[2] " Қазіргі Қазақстанның экономикасы" Н.Р. Құнхожаев А-2004,  70-74 б

[3] "Мировая экономика и международные отношения" 1998

[4] "Экономикс" 2001 23-25 б

[5] "Қаржы-қаражат" 2005 №2 15-б

[6] Қаржы-қаражат 2005 №2 16-б

[7] " КазГУ хабаршысы №5 2004 6-б

[8] Ясин Е. Структурный маневр и экономический рост. Вопросы экономики, № 8, 2003, с.6.

[9]“Место Казахстана среды стран СНГи США”. // “Внешняя эко - номическая деятельность”,1997г. № 5.

[10]Ерманов В.А. “Казахстан в современном мире”. // Алматы, 1998 г


Информация о работе Қазақстан және әлемдік экономиканың дамуы