Қазақстан Республикасындағы инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:15, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр»

Оглавление

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3

І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------20
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау----------------24

ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------28
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------32
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------38
Қорытынды--------------------------------------------------------------------41
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------43

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инфляция .doc

— 269.00 Кб (Скачать)

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай  бес бағытта шоғырланатын болады:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру.
  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.
  3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
  5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.
       

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі  «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты  мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.         

 Жоспарды  іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.     

2007-2008 жылы қабылданған  шараларға келер болсақ ағымдағы  жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.    

Экономикалық  өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит  саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы 7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.     

Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.    

Жалпы алғанда  тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру  арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік  қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі 2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Сонымен қатар жоспарға сәйкес, 2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді.    

Қорытынды            

Зерттеу жұмысының  І – бөлімі «Инфляцияның теориялық  аспектілері»  деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

      - Инфляция  түсінігі, пайда болу себептері;

      - Инфляция  түрлері мен факторлары;

      - Инфляция  әлеуметтік - экономикалық салдарлары.     

 Инфляция  қоғамда ақшаның құнсыздануы,  бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы  түрде жүреді, тауар тапшылығы  асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.    

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.    

Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  жәнге  осығарн  байланысты  мемелкет  кірічстерінің  құнсыздануынан туады.    

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының  номиналды деңгейін көтеру туралы талап  қояды.     

Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Қазақстан республикасындағы  инфляция және   оны реттеу» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

    - Қазақстандағы  инфляцияның пайда болуы және  ерекшеліктері;

    - ҚР инфляцияның  қазіргі кездегі даму қарқынын  талдау;

    - Инфляция  салдарынан туындайтын проблемалар     

2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.    

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету
      

Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.     

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер  келтірілді:

    -ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары;

    - Инфляцияға  қарсы саясатты жетілдіру жолдары;

    - Қазақстан  Республикасының инфляцияға қарсы  2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл  жоспары;    

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /18, 4б./     

Қазақстан экономикасында сақталып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге  көшуге бағыт алды.     

Еліміздегі макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы  секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.    

Ұлттық Банктің  ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары  мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.    

Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып жатқан мәселелерді жай сөз ретінде қалдырмай онымен күресу шараларын жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек.    
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі     

 

  1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 
        

     Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»   Алматы «Экономика»-2000ж
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
        

 Алматы «Экономика»-2000ж

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997
  6. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат  -1996ж
  7. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
  8. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
  9. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.
  10. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
  11. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
  12. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.
  13. «Банки Казахстана»  №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
  14. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
  15. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.
  16. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
  17. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
  18. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляция