Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:15, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр»
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------20
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау----------------24
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------28
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------32
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------38
Қорытынды--------------------------------------------------------------------41
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------43
Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту меселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда - делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды .
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы - ұсынымның көбеюі— сүранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін
жасау монополияға қарсы
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын тандау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады. Базалық технологиялық шекте - шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор .Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу
бастапқы ( қол жеткен ) деңгейден
еңбек өнімділігінің нақты
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрлымын жақсартуда болады . Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық- импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша тендікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сүранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляция-лық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.
Ұлттық Банктің
негізгі міндеті ретінде
Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады. /16, 511б./
Ұлттық Банк
рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен
айқындалатын кейбір дәлізде үстап
тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді.
Сонымен бірге инфляциялық
Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер — "базалық инфляция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді. /16, 512б./
Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:
- ашық рынок
операцияларын кең ауқымды
- өзінің бағалы
қағаздар портфелін ұлғайту;
- бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;
- трансмиссиялық
тетіктің үлгісін, яғни репо
мөлшерлемесі өзгерісінің
- инфляциялық
таргеттеуді пайдалана отырып, шешім
қабылдау қағидаттарын іске
Жоғарыда жазылған
мәселелерді қортындылай келе қазіргі
таңда біздің экономикамызда жүргізіліп
жатқан ақша-кредит саясатындағы ең тиімді
жолы – инфляциялық таргеттеуді қолдану.
Әлемдік тәжірибе көрсеткедей бұл ең дұрыс
та, тиімді бағыт болып табылады.
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары
2008 жылы 10 қарашада
Премьер- Министр Кәрім
10 қарашадағы
жағдай бойынша еліміздегі
Үкімет еліміздегі
жанар-жағармайдың бағасын
Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік бағасы 9,5 пайызға көтеріліп, еліміздегі инфляцияның жалпы өсуіне 3,9 пайыз әсер еткен. Азық-түлік емес тауарлар 6,5 пайызға артып, жалпы инфляцияның өсуіне 2,1 пайыз әсер еткен. Солай бола тұрса да 4 қарашадағы мәлімет бойынша бірқатар тауарлардың бағасы атап айтқанда, картоп - 4,5 пайызға ( 64 теңге ), сиыр еті - 8,5 ( 573 теңге ), қой еті - 5,6 (594 теңге), күнбағыс майы - 3,9 ( 318теңге), қант - 2,6 ( 113 теңге ), ұнның бірінші сорты - 1,2 пайызға ( 80 теңге ) төмендеген. Ал қырыққабат - 4,3 пайызға, жұмыртқа - 4 пайызға, «Ақмаржан» 1,04 пайызға қымбаттаған.
Тұтыну тауарларының төмен бағасы – Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ең қымбат баға – Астана, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында көрініс тапқан. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторинг өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауарларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды азық-түлік тауарларының, оның ішінде өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған сүттің жеткілікті қоры жасалған. Биыл өсімдік майын өндіретін дақылдардың шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің өсімдік майына деген сұранысының 80 пайызын ғана қанағаттандырады. Қызылорда облысында 310 мың тонна күріш жиналды. оның 130 мың тоннасы азық түліктік сорт. Бұл еліміздің күріш дақылына деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша 1,8 миллион көкөніс, 1,9 миллион тонна картоп жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша да жағдай тұрақты. Үстіміздегі жылы барлық мал түліктерінің өсімі 4 - 5 пайызды құрады.
Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы 34,9 тонна болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын 210 АҚШ долларынан 139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын 130 доллардан 95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.
2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қақынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне, демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік азық түлік тауарлары рыногындағы бағаның шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.
Жоспардың мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.