Қазақстан Республикасындағы инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:15, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр»

Оглавление

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3

І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------20
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау----------------24

ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------28
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------32
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------38
Қорытынды--------------------------------------------------------------------41
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------43

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инфляция .doc

— 269.00 Кб (Скачать)
    

Ұлттық Банктің  инфляциялық таргеттеуге көшуінің қажеттілігінің терең түсіндіру  үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық  таргеттеудің негізін көрсетуге  болады:

  1. күшті жақтары (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);
      

Күшті жақтары.    

Соңғы жылдардың  қорытындылары бойынша Қазақстан  бұрынғы Кеңес Одағы республикалырының  арасында көшбасшылық позиция тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дифицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты рөлдерді алады. /22, 58б./    

2004 жылдан бастап  қаржы нарығындағы бақылаушы  және тұрақтандандырушы функцияларды  Қазақстан Республикасының бақылаушы  және тұрақтандандырушы Агенттігі  атқарады. Қаржы нарығындағы бақылаушы  және реттеуші функцияларының  бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары бар бірғана банк.     

Ұлттық Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге  бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.     

Елдегі инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін  қазіргі таңда аса маңызды  және оптималды құралдарының бірі ақша нарығындағы айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.     

Ақша-кредит құралын  қолдану деңгеінде де, Ұлттық Банктің  дербестігі инфляциялық таргеттеуді  енгізудің ең бірінші талабы болып  табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес болса да, өз құралдарын фискалдық  бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі. 1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді : «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы». /22, 59б./    

Соңғы жылдары  теңге енгізілгені кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың АҚШ  долларына шаққанда тұрақтандырылғаны  байқалды және ол Қазақстанның бүкіл  қаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы  коммерциялық банктердің депозит базасының деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесін құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне себепші болады.    

Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған  экономикасы, экспортқа шығарылатын  көлемі мен дүниежүзілік шикізат  ресурстарының бағасына тәуелділігі  төлем балансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.     

Қазақстанның  қаржы секторы реалды секторға қарағанда жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.     

Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың  әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындағын көрсетеді. Экономикадағы  «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және Қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.    

Ұлттық Банктің  бағалы қағаздар портфелі көлемінің  жетіспеушілігі – ашық рынокта кең  көлемде операциялар жасауға  кедергі келтіреді. Міне осы операциялар инфляциялық таргеттеуге жоғары талаптар қояды.    

Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және Қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. /22, 60б./Бұл өз кезегінде экономиканың дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.      

Инфляция инфляциялық  таргеттеу кезінде маңызды рөлді  атқарады. Сонымен қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталық бағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модель дайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.    

Бүкіл әлемдік  мұнайға деген баға тербелісі  Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты болмай мұнай шығару экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінде «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін. Көрші елдердегі экономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикасына зардабын тигізу қаупі бар.     

Отандық қаржы нарығының сиымдылығының жеткіліксіздігі оған шетел капиталын толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа мерзімді спекулятивті капиталдың келуі экономиканың күйреуіне, сонымен қатар, елде экономикалық кризиске қақтығысу қаупі болуы мүмкін.    

Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады.             

3.2 Инфляцияға қарсы  саясатты жетілдіру  жолдары     

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы   болады:    

1) бейімделу  саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;     

Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

  Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды  өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша  көздерін іздестіреді және т.с.с.

  2)  инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .    

Инфляцияны жою  жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік —  экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді  қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.    

Сұраным инфляциясын  жоюға ақша жөне фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.    

Инфляцияга қарсы  саясатинфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.    

Дефляциялык, саясатмемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.    

Кірістер саясатыбағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /16, 506б./     

Инфляцияға қарсы  саясат ақшалай ұсынымды шектеудің  әр түрлі әдістерін кіріктіреді:     

1.  Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.    

2.  Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредитер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.    

3.  Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.    

4.  Сондай мақсаттарда Орталық банктің кедитерін тікелей қысқарту.     

Инфляцияға қарсы  фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде мемлекеттік бюджеттің  тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.     

Салық саясаты  инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:    

бірішіден, мемлекеттік  бюджеттің тендестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;    

екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен  айырбас сферасында экономикалык белсенділікті  жандандыру қажет.    

Инфляцияға қарсы  салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың  инфляциялық сипаты болады, өйткені  олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.     

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.    

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына  да, мемлекеттің шаруашьшық жүргізуші  субьектілеріне қатысты материалдық  өндіріс сферасына да таратуды қажет  етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған  жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне - шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.     

Жалпы мемлекеттік  және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт  барлық мүмкін болатын баптар бойынша  оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.    

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:     

а)  тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;    

ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;    

б)  қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;    

в) мемлекеттік  бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен.     

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.    

Мыналардың нәтижесінде  инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен  туатын инфляцияны жою проблемаларын  шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:     

1)  жалақыны көбейту;     

2)  үйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;    

3) шикізат жөне  энергетикалық ресурстар иелерінің  инфляциялық тосулары, осыған қарай  олар өндірістің бастапқы өнімдеріне  бағаны көтереді.    

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою  өзара байланысты проблемалардың бірнеше  күрделі блоктарын шешуді қажет  етеді. /16, 508б./    

Инфляцияны төмендету  проблемаларының бірінші блогы  экономикалық тұрақтандырудың бүкіл  жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ұшырайды.     

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляция