Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:45, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік қүжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылық құжаттар мен осыған орай пайда болған жәңе есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ақ түсіндірме жазбада келтіріледі.

Оглавление

І Кіріспе бөлім

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Корпорациялар қаржысын ұйымдастырудың ішкі жүйесі
2.2 Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері

ІІІ Қорытынды бөлім
IV Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Корпор срс.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

          -корпорациялардың қор нарығымен бағалы қағаздар бойынша қаржылық қарым-қатынастары;

   Жоғарыда аталған топтардың  әрбіреуінің өзіне тән салалық  ерекшеліктері бар. Бірақ олар  екі-жақты сипатта болады және  оның материалдық негізі болып  ақшалай қаражаттардың қозғалысы табылады.

 

 

    2.2 Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері

 

Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

    Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылдық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастароының жүйесі болып табылады.

     Капитал активтің пайда болатын көзі.

Кіріс тауар  сатудан алынатын және өзге операциялық  және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.

     Ақша қоры тұтыну, жинақтау және  резерв қорына бөлінеді.Ақша қоры-көзделген  мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субьектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі.Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.

 Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.

Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына қарай  келесі бағыттарда топтастыруға болады:

-корпорацияны құру сәтінде жарғылық  капиталды құрумен байланысты  құрылтайшылар арасында пайда  болатын қатынастар;

-өнімді (тауарды, жұмысты және  қызметті) өндірумен байланысты  корпорация  мен ұйымдар арасындағы  қатынастар;

-корпорация  мен оның бөлімшелері  арасындағы қатынастар;

-табыстарды бөлу және пайдалану,  акциялар мен облигацияларды  шығару және орналастыру, сыйақылар  мен дивидендтерді төлеу және  т.с.с. барысында корпорация мен  қызметкерлер арасындағы қатынастар;

-корпорация мен жоғарғы ұйымдар,  корпорацияның мүшелік ететін  одақтар мен ассоцияциялар арасындағы  қатынастар;

-корпорация мен мемлекеттің  қаржы жүйесі арасындағы қатынастар;

-корпорация мен банк жүйесінің  арасындағы қатынастар;

-корпорация мен сақтандыру компанияларының арасындағы қатынастар;

-корпорация мен инвестициялық  институттар расындағы қатынастар.

Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын  қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар  қаржысы келесідей қызметтерді  орындайды:

-ұдайы өндірістік;

-бөлу;

-бақылау.

2. Кәсіпорын мен корпорацияның  қаржысын ұйымдасчтыру принциптері  оның қызметінің мақсаттарымен  және міндеттерімен тығыз байланысты.

    Корпорацияның қаржысын  ұйымдастыру принциптері не төмендегілерді  жатқызуға болады:

шаруашылық қызметті өэін-өэі реттеу;

өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі  қаржыландыру,

айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу;

қаржы резервтерінің болуы.

      Өзін-өзі  реттеу принципінде –корпорацияға қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.

    Өзін-өзі өтеу  принципі-коропорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амаортизациялық аударымының есебінен өтелуге негізделеді.Осы қаражат корпорацияға тиесіліменшік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

     Өзін-өзі  қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше,кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурстарывн, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алдады.

     Айналым  қаражатын қалыптастыру кәзін  меншік және қарыз қаражатқа  бөлу- шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын. Қалыптастыруда қарыз көздерініғң үлесі артуда.Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.

    Қаржы резервін құру  нарық жағдайы ықтимал ауытқитын,  сонымен бірге өз міндеттемелерін  орындау үшін әріптестер алдында  материалдық жауапкершілік артқан  жағдайда корпорацияның тұрақты  жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.Акционерлік қоғамда қаржы резерві корпорацияның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырады.

 

  3. Бизнесті ұйымдастырудың  басқа нысандарымен салыстырғанда  өзінің меншік иелерінен дербес  тіршілік ететін оның негізгі  ерекщелігі болып табылады.Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.

    Корпоративтік шаруашылық  жүргізуі келесі экономикалық  нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.

  - деңгейлес корпорациялау;

  - сатылас корпорациялау;

  - әртарптандырылған карпорацйиялау.

     Деңгейлес  корпорациялау- бір тектес өнім нарғында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады.Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып,саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады.Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылқ ретінде қарастырылады.Олардың арасынан бұйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны;инновациялық әлнуетті, өндірістік және бұйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін :сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызхмет стратегиясының болуын ерекше атап өту қажет.

     Сатылас  корпорациялау- шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңестікте үйлесетін жүйелілік принципіне сүйенеді.Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылшыми –техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жеткізген үздіксіз өндірісте артады.

    Әртараптандырылған  корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру есебінен қалыптастырылады.Коропрациялаудың осы нысанында кәсіпкерлік қызметттің тәуекелді,сонымен бірге «біртектес өнім» нарығының жағдайынане тәуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалық негіз қамтамасыз етіледі,жаңа қызмет аясында бәсекелік артықшылыққа, сондай-ақ сфйымды нарыққа жеткізіледі, ұзақ мерзімді келекшекте жоғары пайда алады.

    4. Қаржы саясаты қаржын  корпорацияның құрылтай құжатында  белгіленген стратегиялық және  тактикалық міндеттерге, тауар  нарығында жайғасымды күшейту,  сатудың қолайлы мөлшеріне, актив  пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіліктің және баланстың өтімділігін сақтау , меншік иелерінің әл-ауқатын арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін орынды пайдалануды қарастырады.

5 .Корпорациядағы қары жұмысын  арнайы қызметі немесе бухалтерия жүзеге асыраы.

   Қаржы қызметіне мына  міндеттер жүктеледі:

өндірістік-коммерциялық қызметті ақша ресурстарымен,яғни корпорацияның  тұрақты төлем қабілетінің және оның баланысын өтімділікпен қамтамасызх  ету;

активтің меншік капиал мен сатудың  кірістілігіәнің өсуін қамтамасыз ету;

есеп айыврысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің  алдындағы қаржы міндетттемесін орындау;

жедел және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын әзірлеу;

ақша ресурстарының ұтымды қозғалысын бақылау.

 Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негігі бағытта жүзеге асырылады;

Қаржыны жоспарлау.

Ақша айналымын басқару жөніндегі  жедел қызмет.

Бақылау-талдау жұмысы.

  Қаржыны жоспарлау  –қаржы жоспарының сан алуан түрлерін әзірлеу және олакрдың орындалуын талдау.

   Корпорация жедел қаржы жұмысына мына әріптестермен ақшалай өзара тұрақты қарым қатынастарды қамтамасыз етеді;

материалдық құндылық пен қызметті жеткізушілермен (сатып алуды төлеу, өндірістік запасты басқару және т.б);

даяр өнім мен қызметті сатып  алушылармен (төлем алу және дебиторлық берешекуті басқару);

мемлекеттің бюджет жүйесіменҒ

қызметкғерлермен (еңбекақы төлеу, әлеуметтік және дивиденд төлемі);

банкілермен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық қорлармен және т.б.;

талдап туындаған жағдайда сотпенг  және т.б.

     Бақылау-талдамалы  жұмысына шорландырма және жергілікті бюджеттің орындалуын, капиталдың құрылымын, сонымен бірге негізгі және айналым қаражатының пайдалануын, сондай-ақ корпорацияның баланысын төлеуге қабілеттілігі мен өтімділігін бақылауды жүйелі бақылауды жүзеге асыру жатады.

    Компания бюджеттерінің  қаржы көрсеткіштері қаржыны  бақылаудың маңызды обьектісі  болып табылады.Бюджеттің орындалуын  бақылауды жүзеге асыру үшін  екі деңгейлі жүйені пайдалану  ұсынылады.

    Төменгі деңгей- компанияның  құрылымдық бөлімше бюджетініңғ орындалуын олардың басшылары жүзеге асырады.

     Жоғарғы деңгей- компарнияның  құүрылымдық бюджетінің орындалуын  бақылау.

 

Корпорация капиталының  құны мен құрылымы

 

1. Капиталдың экономикалық табиғаты 

2. Капитал тарту тәсілі мен көзі

3. Капитал қалыптастырудың әдістемелік  тәсілдемесі

4. Капиталдың орташа олшенген  құны және корпорация қызметінде  оны пайдаланудың аса маңызды  аспектілері.

5.Капиталдың оңтайлы құрылымын  есептеу әдісі құрылымды оңтайландыру.

 

    1. Капитал – қаржы  менеджментінің ең өзекті ұғымдарының бірі болып табылады. Қаржы менеджменті көзқарасынан қарастырғанда капитал корпорацияның активіне (мүлкіне) салынған қаражаттың ақшалай, материалдықө және материалдық емес нысанындағы жалпы мөлшерін білдіреді..

     Капитал- корпорация мен басқа да шаруашылық жүргізуші субьектісінің арасында оны қалыптастыру мен пайдалану қатысында туындайтын ақшалай қатынасын білдіреді.

    Капитал салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталы құрылады.Негізгі капитал жұмыс істеу процесінде айналымнан тыс актив нысанына, ал айналым капиталы –айналым активі нысанына айналады.  Корпорацияның айналым активіне авансыланған ақшалай ресурсы айналым қаражаты болып табылады.

   Капиталды салу нысаны бойынша кәсіпкерлік және несие капиталы болып бөлінеді.

   Кәсіпкерлік капитал- корпорацияның нақты , материалдық емес және қаржы активіне пайда алу және оны басқару құқығын алу мақсатында авансыыланады.

   Несие капиталы-кепілзат  қайтарымды, ақылы, шұғыл болса  және қамтамасыз етілсе кредитке  берілетін ақша капиталы.

     Меншікті капиталдң бағасы- акционерлік капитал үшін акция бойынша дивидендтің сомасы немесе үлестік салым мен онымен байланысты шығын бойынша төленген сомасы.

      Қарыз капиталының сомасы- кредит немесе облигацилық қарыз және онымен байланысты шығын үшін төленген пайыздың сомасы.

      Тартылған капиталдың сомасы- кредиторлық берешектің құны. Ол пайда боғаннан кейін үш айдан астам мерзімде немесе шартта белгіленген мерзімде өтелмеген кредиторлық берешектің айыппұл санкцияның сомасын білдіреді.

      Капитал – корпорацияға  кіріс әкелетін қаражат көзі  болып табылады.

      Капитал оның иелерінің  ағымдағы және келешектегі кезеңде  әл-ауқатының негізгі көзі ретіндғе  болды.Капитал – фирманың нарықтық  құнының негізгі өлшеушісі болып  табылады. Бұр ең алдымен таза активтің мөлшерін анықтайтын меншікті капиталға қатысты.

    Капитал мына белгілері  бойынша жіктеледі:

1.Корпорацияның тиесілігі бойынша  меншікті және қарыз капиталы  болады.

    Меншікті капитал корпорайияға  меншік құқығында тиесілі  және активтің айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады.

    Қарыз капиталы корпорацияны қаржыландыруға арналған қайталылатын және ақылы негізде тартылатын ақшалай қаражатты білдіреді.Қарыз капиталының барлық нысаны корпорация белгіленген мерзімде өтеуге тиіс міндеттемеміне жатады.

2.Капитал айналу мақсаты бойынша  өндірістік, несиелік және жалдаптық  (спекулятивтік) болып бөлінеді.Жалдаптық капитал қайталама қор нарығында айналымдағы акцияның құны әжептәуір көтерілуі салдарынан пайда болады.Жалдаптық операция барынша жоғары кіріс табу үшін жасалады.

3.Инвестициялау нысаны бойынша шаруашылық серіктестік пен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақшалай, материалдық және материалдық емес нысандағы капитал болады.

4 Капитал инвестициялау обьектісі бойынша негізгі және айналым ккапиталы болып бөлінеді.   Негізгі капитал айналымнан тыс капиталдың барлық түрлеріне ( материалдық және материалдық емес) салынады, ал айналым капиталы өтімділік дәрежесі әртүрлі айналым активіне (запас, дебиторлық берешек, қаржы салымы мен ақшалай қаражат) салынады.

5 Меншік нысаны бойынша мемлекеттік , жеке меншік және аралас капитал болады.

6 Қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша  акционерлік, үлестік және отбасы шаруашылығына тиесілі жеке капитал болады.

7 Капитал өндірістік процесте қатысу сипаты бойынша қолданыстағы және әрекетсіз (жөндеудегі, резервтегі, мконсервациядағы, аяқталмаған құрылыстағы негізгі құрал-жабдық).

8.Меншік иесінің (иелердің) пайдалану  сипаты бойынша тұтынылатын және жинақталатын (қайта инвестициялатын, капаиталдандырылатын) капитал болады. Тұтынылатын капиталға дивиденд және әлеуметтік сипаттағы басқа да төлемге жұмсалатын сома жатады. Қайта инвестицияланатын капиталға есепті  және өткен жылдың бөлінбеген пайдасы жатады.

 

Қорытынды

      Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.

     Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру 
принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.

Информация о работе Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру