Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:35, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және:
1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде - макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын;

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік.doc

— 25.50 Кб (Скачать)
 

     Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы     

1. Әлеуметтік-экономикалық  дамудың және бюджеттік параметрлердің  болжамы стратегиялық және бағдарламалық  құжаттарды ескере отырып әзірленеді  және: 
      1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде - макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын; 
      2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде - өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын; 
      3) үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын қамтитын құжат болып табылады. 
     2.Бюджеттік параметрлердің болжамы: 
      1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде: 
      Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын; 
      мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын; 
      республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін; 
      2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде: 
      өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын; 
      тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын; 
      жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуға тиіс. 
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін. 
      4. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджеттік параметрлердің болжамы индикативтік сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының езгерістері, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау, басқа да ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып, кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлеу кезінде нақтылауы мүмкін. 
      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын, жылжымалы негізде әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді. 
      6. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

Информация о работе Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы