Бюджет шығындары қайта қаралады

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:36, реферат

Краткое описание

Қаржы министрлігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғырту – Қазақстан дамуының бас­ты бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді және ел Үкіметінің кеңейтілген отыры­сын­да Елбасы айқындаған бар­лық тапсырмаларды іске асыру жауапкершілігі жүктелген тұғыр­лы министрліктердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Қаржы министрі Болат Жәмішев алқа отырысындағы өзінің баян­да­масында нақ осы міндеттерге бай­ланысты ойларын ортаға салды.

Файлы: 1 файл

Бюджет шығындары қайта қаралады.docx

— 18.27 Кб (Скачать)

Бюджет шығындары қайта қаралады

Сейсенбі, 31 қаңтар 2012 8:12

Кеше Премьер-Министр­дің орынбасары Қайрат Ке­лім­бетовтің, сонымен бірге, Пре­зидент Әкімшілігі Қауіп­сіздік Ке­ңесі, ор­талық  және өңірлік мемлекеттік органдар өкілдерінің, Парламент де­путаттарының қатысуымен Қаржы министр­лі­гі­нің кеңей­тілген алқа отырысы болып өтті. Онда Қаржы министр­лі­гінің 2011 жылғы жұмы­сы­ның қорытындысы және Ел­басының Қа­зақстан халқына арнаған Жолдауын іс жүзіне асыру жолындағы 2012 жыл­ға арналған міндеттері ту­ра­лы мәселелер қаралды.

Қаржы министрлігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғырту – Қазақстан дамуының бас­ты бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді және ел Үкіметінің кеңейтілген отыры­сын­да Елбасы айқындаған бар­лық тапсырмаларды іске асыру жауапкершілігі жүктелген тұғыр­лы министрліктердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Қаржы министрі Болат Жәмішев алқа отырысындағы өзінің баян­да­масында нақ осы міндеттерге бай­ланысты ойларын ортаға салды.

Алдымен Қаржы министрі 2011 жылғы республикалық бюд­жет­тің атқарылуы туралы жан-жақты мәлімдеді. 2012 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, рес­публикалық бюджеттің кірісі 102,4 пайызға орындалған. Рес­пуб­ликалық бюджеттің кірістері жоспардағы 4 триллион 346 миллиард теңгенің орнына 2,4 пай­ызға немесе 105,5 миллиард тең­ге­ге артық орындалған. Жалпы түсімдер 4 триллион 451 теңгені құраған. Оның ішінде  жоспар­да­ғы 2 934,9 миллиард теңгенің ор­нына 3 001,2 миллиард теңге са­лық түсімдері түс­кен. Салық емес түсімдер бой­ынша белгіленген жоспар 126,1 пайызға орын­далған. Негізгі капиталдарды сату бойынша түсім жоспары 113,4 пайызға, трансферттер бойынша түсім 101,1 пайызға орындалған.  Ми­нистрдің айтуынша, кірістер бойынша жоспардың арты­ғы­мен орындалуы негізінен салық тү­сімдерінің 66,3 миллиард тең­ге­ге, салықтық емес түсім­дер­дің 22,6 миллиард теңгеге, транс­ферт­тердің түсімі 14,7 мил­лиард теңгеге артық орын­далуының нәтижесінде мүмкін болған. Елбасы биылғы Жолдауда экономикалық өсім мен халық­ты жұмыспен қамтуды қамта­масыз етпейтін барлық бюджет шы­ғын­дарын түбегейлі қайта қарау жө­нінде міндет қойды. Осыған бай­ланысты Қаржы министрлігінің алдында бюд­жет қаражатын пай­даланудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар белгілеу, 2012 жылғы республикалық бюджетті нақтылау және 2013-2015 жыл­дарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде осы мә­селелерді жан-жақты ескеру міндеті тұр, деп атап көрсетті Болат Жәмішев өз баянда­ма­сында.

Биыл «Электронды үкі­мет­ті» дамыту мақсатында үсті­міздегі жылдан бастап «Қазы­на­шылық – Клиент» мемлекеттік органдармен электронды құжат ай­налымы ақпараттық жүйесі» қанатқақты режімде құрылатын болады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік мекемелердің қызмет көр­сету жылдамдығын арттыруға, қа­ғаз, уақыт және көлік шығын­да­рын қыс­қар­туына игі ықпал ететін болады. Сондай-ақ баян­да­машы Қаржы ми­нистр­лігінің ақ­парат­тық жүйе­лерінің талда­ма­­лық қыз­метін күшейтуге мүм­кін­дік беретін Интегра­ция­ланған авто­мат­тан­дырылған ақ­парат­тық жүйе құру маңыз­дылығына да тоқталды.

Жолдаудан туындайтын міндеттерге байланысты Салық ко­митетінің алдында салықтық есеп беру жүйесін тағы да кемінде 30 пайызға қысқарту міндеті тұр. Осыған байланысты Қаржы министрі салықтық және кедендік әкімшіліктерді, оның ішінде осы органдардағы шы­ғын­ды оң­тайландыру мәсе­ле­лері бойынша тиімді шара­лар­ды іс-жүзіне асы­ру қажет­тігін атап көрсетті. Мемлекет басшы­сының Үкімет оты­ры­сында белгілеген  мемлекеттік сатып алу жүйесін қайта қарау жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, министрлік алдағы уа­қыт­та бұл мәселеде талда­малы модуль құруды жоспарлап отыр. Онда сатып алынатын тауар­лар­дың, жұмыстар мен  қызмет­тер­дің бағалары бой­ынша өткізі­ле­тін байқаулар нақ­ты көрініс та­батын болады. Мемлекеттік са­тып алуды ба­қылаудың және олар­ды өт­кізудің тиімділігін арт­тыру мақсатында министрлік ал­дағы уақытта мемлекеттік сатып алуды бақылау стан­дарттарын әзірлемек. Жолдауда Елбасы Үкі­меттің алдына мемлекеттік кә­сіп­орындар санын қысқарту міндетін қойды. Мемлекеттік кәсіп­орын­дардың жал­пы санының ішін­де 303 кә­сіпорын респуб­ли­ка­лық меншікке, 5 мың кәсіп­орын жергілікті ат­қа­ру орган­дары­ның меншігіне жатқызыл­ған. Алдағы уақытта Бәсекелес­тік­ті қорғау агенттігі «Бәсеке­лес­тік тура­лы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заң­дар­ға сәйкес осы кәсіпорындардың қызметін тексермек. Моно­по­лия­ға қарсы ор­ган­ның тексерісінен өтпеген мем­лекеттік кә­сіп­орындар жекешелендірілетін болады. Осы ретте баяндамашы мемлекеттік кә­сіп­орындарды ЖШС-ға ай­налды­ру­ға толық тыйым салу қажет­тігін атап көрсетті.

Өткен жылы министрлікке қа­расты Кедендік бақылау ко­ми­те­тінің қызметкерлеріне  қа­тыс­ты 65 қылмыстық іс қозға­лыпты. Жемқорлыққа жол бергендері үшін 40 лауазым иесі орнынан алынған. Өткен жылы еліміздің кеден органдары  мемлекеттік бюджетке 1 триллион 142 миллиард теңге қаржы тү­сірген.

Отырыста Салық комитеті­нің төрағасы Дәулет Ерғожин, Кедендік бақылау  комитетінің төр­ағасы Серік  Баймағанбетов, Жекешелендіру және мемлекеттік мүлік комитетінің  төрағасы Эду­ард Өтепов және басқалар күн тәртібіндегі мәселеге бай­ланыс­ты есеп беріп, өз ведом­ство­ларының атқарған жұмысы мен алда тұрған міндеттер  ту­ралы баян­дады.

Алқа отырысын қорытын­ды­лаған Премьер-Министрдің орын­­­басары  Қайрат Келімбетов Қар­жы министрлігіне 2012-2014 жыл­дарға арналған рес­пуб­ли­ка­лық  бюд­жетке өзге­рістер енгізу туралы заң ж­о­басын әзірлеуді тапсырды. Со­ны­мен бірге ол Елбасының  биыл­ғы Жолдауы­нан туын­дай­тын міндеттерге бай­ла­нысты министрлік­тің ве­дом­ство­ла­рына қатысты нақты  тапсыр­ма­лар берді.

Республикалық бюджетті нақтылау кезінде оның кірістері елеулі өзгерістерге ұшырап, 338,4 млрд.теңг


Информация о работе Бюджет шығындары қайта қаралады