Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 14:51, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: негізінен мемлекеттің экономикалық саясатын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
мемлекеттік саясаттың демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуын қарастыру;
экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ашу;
мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуын айқындау;
Курстық жұмыс негізінен кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Оглавление

Кіріспе
І Экономикалық саясат принциптері мақсаты мен қайшылықтары
1.1. Экономикалық саясаттың қалыптасуы мен субьектілері
1.2. Экономиканы реттеудің әлеуметтік экономикалық мақсаттыр
1.3. Экономикалық саясат мақсатының қайшылықтары
ІІ Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының ерекшеліктері
2.1. Мемлекеттік экономикалық саясатының негізгі түрлері
2.2. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты
2.3. Қазақстандағы ақша несие саясатының мәні мен құралдары
ІІІ Қазақстандағы экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру
3.1. Қазақстан 2030 даму стратегиясының жүзеге асырылуы
3.2. Қазақстан экономикалық саясатының тиімділігін арттыру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Файлы: 1 файл

Мемлекет эконом саясаты.doc

— 182.00 Кб (Скачать)

        Депозиттің  салмағының  өсуі  заңды  тұлғаларының  салымдарының  үлесімен  21,6 %,  762,8  млрд  теңгеге  өзгерді,  ал  жеке  тұлғалардың  салымдары  тек  1,8 %,  414,2  млрд  теңгеге өсті.

        Халықтың  салымдары  ( резидент  еместерді  есептегенде )  екінші  деңгейлі  банктердің  көрсеткіші  бойынша  1,6 %  ( жыл  басынан  22,6 %-ға )  өсті.  Мерзімді  депозит  бойынша  сыйақы  мөлшері  4,0  % заңды  тұға  бойынша  жеке  тұғалар  9,2  %  (8,7 %)  [13]

        2009  жыл бойынша депозит нарығында өсу дәрежесі  тұрақты қарқында  болуда.  Резиденттердің  жалпы депозиттер  көлемі  2005  жылдың  басына  қарағанда 1,6 %-ға,  яғни  1465,5  млрд  теңгеге өсті.

        2009  жылдың  ортасында  депозиттердің  ұлттық  және  шетел  валютасында  өсу  дәрежесі  байқалуда.  Ұлттық  валютада  депозит  өсімі  аз,  0,6 %  852,8  млрд  теңге  болса,  шетел  валютасында  2,9 %-ға  613,7  млрд  теңгеге  өсті.  Нәтижесінде  депозиттің  жалпы  салмағы  58, 7  %-дан  58,2 %-ға  өсті.

        Заңды  тұлғалардың  депозиттері  1,4 %  954,5  млрд  теңгеге  өсті,  ал  жеке  тұлғалардың  депозиттері  2,0 %,  512,1  млрд  теңгеге  өсті. Халықтың  салымдары  (  резидент  еместердің  есебін  қоса  алғанда )  2,1 %-ға  520,4  млрд  теңгеге өсті.  Мысалы  шілде айында  теңгедей  салынған  депозиттер  2,8 %-ға  238,7  млрд  теңгеге өсті,  ал  шетел валютасында 2,8 %-ға  238,7  млрд  теңгеге өсті.  Сыйақы  мөшері  орта  мерзімді  депозиттерге  3,8 %  ( 2005  жылдың  маусым  айында  3,0 % )  жеке  тұлғалардың  үлестік салмағы  54,4 %-дан  54,1 %-ға  дейін  төмендеді. 

ІІІ Қазақстандағы экономикалық саясаттың тиімділігін  арттыру

3.1. Қазақстан 2030 даму  стратегиясының жүзеге  асырылуы

      Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

  •  Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
  • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлікқоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
  • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
  • Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
  • Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
  • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
  • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
 
 
 
 

3.2. Қазақстан экономикалық  саясатының тиімділігін  арттыру жолдары

           Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді: 
      - стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру; бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау; бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету; бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту; бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.

     Әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру жөніндегі  атқарылуға тиісті міндеттер:

- елдегі  индустриялық-инновациялық күштерді  қалыптастыру және нығайту. Бұл  саладағы іс шаралар Қазақстанның  Даму банкі мен Қазақстандық  инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады;

- мемлекеттік  мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық  дамудың мақсаттарына сай қайта  құру. Бұл білім, ғылым қаржы  фискалдық және тарифтік саясатты  жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты;

- индустриялық-инновациялық  дамуды халық  арасында насихаттау, мемекеттік және жеке құрылымдар  арасындағы түсіністік механизмін қалыптастыру.

     Қазақстанда экономикалық дамудың үлгісі біртіндеп  қалыптасып келеді, сондықтан біз  үшін осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай  экономикалық ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі өте  қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылымына көптеп қолдау  көрсетілуде.

     Ал, ұлттық экономиканың бәсекелестігі  - бұл экономиканың, соның ішінде өнеркәсіптік өндірістің озық технологиялар мен жаңалықтарды игеруі арқылы ішкі және әлемдік нарыққа сапалы да, бәсекелес өнімдер шығарып, оларды өткізуде бәсекелестік артықшылықты пайдалану, сондай-ақ өндірісті заман талабына сай жаңғырта білу қабілетін сипаттайды.

     Әлемде  барлық жағынан бірдей бәсекелестік қабілеті күшті бірде-бір ел екендігін есте сақтау қажет. Сондай-ақ бәсекелестік артықшылықтарға жеткізген, бірақ оны ұзақ уақыт бойы ұстап отырған да ел жоқ. Жоғарғы жетістіктерге жеткен елдердің көбі бәсекелестік қабілеті әлеуетін жақсартудың біршама сатыларын басынан өткізген.

     Бірінші сатыда тұрған елдердегі экономиканың жетекші салалары негізгі өндірістің базалық факторлары мен ресурстары есебінен артықшылықтарға жеткізеді. Сондықтан мұндағы бәсекелестік жағынан қабілеті экономиканың салаларының  қатары да аз, олар өз өнімдеріне төменгі баға белгілеу арқылы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізеді. Олардың сыртқы нарыққа шығуына бірлескен негізде құрылған шетелдік кәсіпорындар ықпал етеді. Мұндай сатыдағы экономика әлемдік нарықтағы болатын өзгерістерге өте сезімтал келеді. Қазіргі жағдайда ондай экономиканың қандай да бір нақты жетістіктерге жетуіне мүмкіндігі аз. Бұл сатыны қазіргі дамушы елдердің көбі басынан кешіруде.

     Екінші  саты (инвестициялау) негізінен экономиканың мүмкіндіктеріне кеңейтуге жұмсалатын инвестицияларға және оны модернизациялауға тікелей тәуелділігін көрсетеді. Бұл сатыда өндірісте пайдаланылып отырған технология, әлемдік шамаларға қарағанда, алдыңғы емес, бірақ біршама жеткізуге дамыған деуге тұрады және ол жиі жетілдіруді талап етеді. Мұндай технологияны жетілдіру сол елдің қол жеткізген маңызды көрсеткіштерін көрсетеді. Нәтижесінде ондай экономиканың әлемдік шаруашылықтағы ашықшылығы айқындалып нарықтағы бәсеке күшейе түседі. Пайдаланылып отырған технологияны жетілдіру өндірістің факторларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл сатыда уақытында көптеген дамыған елдер өткен, сонымен қатар дамушы елдер арасында Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Бразилия, Мексика сияқты елдер өтуде.

     Үшінші  сатыда экономиканың негізгі қозғалысы  инновацияларға тәуелді инновациялар арқылы сол елдің қандай да бір ресурстар мен факторларға кемтігінің орнын толтырады. Көптеген салалар инновацияларды пайдаланып қана қоймай, оларды үнемі жасайды және орналастырады. Осы сатыдағы елдің жалпы көрсеткіштеріне машина жасау кешенінің және ғылыми сыйымдылығы және өндіріс салалаларындағы бәсекелестік қабілеттілікті кеңейту де жатады. [7; 13] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне  ену кемел келешектің маңызды  сатысы. Алайда соңғысы емес. Елулік - әлеуметтік-экономикалық саясаттағы бүгінгі меже. Ал басты мақсаттың одан да биік болуы заңдылық. Межені бағындыру, негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу мақсатындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылым мен инновацияға тікелей қатысты. Ғылыми-инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес.

     Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыратын халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, қазып шығаратын және өңдеу салалары, өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақ та бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде-бір мемлекет ойдағыдай дами алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады.

     Дүние жүзілік тәжірибе бойынша бір  елдің ішінде экономикалық реформалар, халық шаруашылығының құрылымын  қайта құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары мен міндеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек  бөлісу негізінде әлемдік шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді енбей ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді.

     Экономикалық  егемендік және нарыққа ену кезінде  Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою және республиканың региондардың, кәсіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу.

     Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысы арқылы өнеркәсіп және ауылшаруашылық, қазып шығаратын және халық тұтынатын заттар шығаратын орындарының дамуы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында экономикалық өсудің негізгі бағыты айтылады. Жолдауда ұлттық өндіріс көлемінің өлшеуіші жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерін ұлғайту және халықаралық стандартқа сай өнім өндіру мен қызмет көрсету бәсекенің даму негізінде реттеледі. Ел экономикасын дамытуда инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту бағыты тұр.

     Еліміздің  экономикалық саясатының өсуін дамыту үшін мынадай ұсыныстар қаралады:

- Жеңіл  өнеркәсіпті, ауыр өнеркәсіпті,  ауылшаруашылық салаларының түрлерін  көбейту арқылы жұмыссыздықты  жою;

-Білім  сапасын арттыру арқылы мамандардың  қызметін, классификациясын жоғарлату;

-Сонымен  қатар жұмысшылардың, кәсіпкерлердің, мамандардың жалақысын жоғарылату  арқылы қол жеткізуге болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы