Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 14:51, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: негізінен мемлекеттің экономикалық саясатын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
мемлекеттік саясаттың демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуын қарастыру;
экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ашу;
мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуын айқындау;
Курстық жұмыс негізінен кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Оглавление

Кіріспе
І Экономикалық саясат принциптері мақсаты мен қайшылықтары
1.1. Экономикалық саясаттың қалыптасуы мен субьектілері
1.2. Экономиканы реттеудің әлеуметтік экономикалық мақсаттыр
1.3. Экономикалық саясат мақсатының қайшылықтары
ІІ Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының ерекшеліктері
2.1. Мемлекеттік экономикалық саясатының негізгі түрлері
2.2. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты
2.3. Қазақстандағы ақша несие саясатының мәні мен құралдары
ІІІ Қазақстандағы экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру
3.1. Қазақстан 2030 даму стратегиясының жүзеге асырылуы
3.2. Қазақстан экономикалық саясатының тиімділігін арттыру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Файлы: 1 файл

Мемлекет эконом саясаты.doc

— 182.00 Кб (Скачать)

     Инновацияның  яғни жаңалықтың жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа енгізілген дүниенің халыққа берері мол болады.

     Шағын және орта бизнесті дамытуда өзекті элемент болып табылады. Бюджет табысының проценттік ставканы көтеру есебінен емес, салық салынатын базаны кеңейту және салық төлеушілерді қамту есебінен көбейіп отырғанын атап көрсетуге болады. Кәсіпорындар үшін ойластырылған жеңілдік жүйесі жұмыс істейді, сондықтан бизнесті ашық жүргізу тиімді. Бюджеттің 70 пайызы дағдарысты 1998 жылдың өзінде салық есебінен толықтырғаны кездейсоқ емес.

     Қазақстандық  еңбек нарығындағы жастардың  жағдайын талдау екі түрлі маңызды  жағдайға негізделеді. Біріншіден еліміздегі жұмыссыз халық құрылымындағы 15-24 жас аралығындағы азаматтар үлесі 26,3 % болса, 25-29 жас аралығындағы азаматтар 17,4% құрайды. Екіншісі ең негізгісі жастар елдің болашағы.

     Еңбек нарығындағы жағдайды бағалайтын маңызды  көрсеткіштер жұмыссыздық деңгейінің динамикасы, еңбек нарығының сыйымдылығы мен коньктурасы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және оның құрылымы.

     Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар бюджеттік  қаражаттармен қатар жеке кәсіпорындардың  инвесторлардың қаражаттарын тарта  отырып, экономиканың келешегі бар, дамыған салаларында жұмыс орындарын ашуды және қайта құруды ынталандырады. Сонымен қатар әлеуметтік сауалнама мәліметтері негізінде еңбек нарығында жастарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін төмендегідей бағыттар ұсынылып отыр:

  1. жастарды еңбек нарығына дайындау;
  2. оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мәселелері;
  3. жастарды қолдау бағдарламалары;
  4. жастардың кәсіби дайындығына ықпал ету;
  5. жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарға қолдау көрсету;
  6. тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру;
  7. жасөспірімдер мен жастарды екінші рет жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға мүмкіндіктер тудыру;
  8. жастарды жұмыспен қамтуға раналған мекемелер мен кәсіпорындар инфрақұрылымын құру.

     Тәуелсіздік жылдары Елбасының халыққа Жолдауы  дәстүрге айналды. Президент жолдаулары елдің болашағын анықтайтын стратегиялық құжаттар немесе манифестер. Оларда көтерілген соны мәселелер, асқақ міндеттер, ел өркениетінің келесі жоғары сатылары, орларға жету жолдары, өзінің жаңашылдығымен ел назарын бірден өзіне аударады және болашақ іс-қимылдың негізгі арқауы болады. Осы жолдауларды мен әлем өркениетінің жоғары деңгейіне сатылап жетудің қазақстандық бағдарламалары дер едім. [4. 145]

     Жекешелендіру науқанында қалтамызда көп қаржының болмауынан және тәжірибе мен мамандардың  аздығынан мемлекеттік меншіктің қомақты үлесі шетелдіктерге тиеді. Мысалы, елдегі мұнай-газ қорларының 90%-ға жуығы трансұлттық яғни шетелдік компаниялардың қолында. Бұл экономика саласында қауіпсіздік туғызбайды. Қазір ел қалтасы қалыңдады, жат жұртағы Қазақстан мүлігін біртіндеп сатып алып, өз меншімігізге айналдыратын кез келді. Осы туралы бір ұтымды мемлекеттік бағдарлама жасау күн тәртібіне сұранып ақ тұр. Әлем тарихында бұл тұрғыдан үлгі – тәжірибеде аз емес.

     Өткен жылдары-ақ  «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге  барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Президенттің халыққа кезекті жолдауы жарияланды. Осыдан екі жыл бұрынғы жолдауында экономиканың халықтың жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жолдауында тек бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50 елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көсретіп отыр.

     Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекеттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде ұлттық дамудың келешектегі баста мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея. [5. 78]

     Әлем  елдерімен бәсекеге қабілеттіліктің  тағы бір басты көрсеткіші іскерлік, бизнес ортаның, кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі. Бүгінгі таңда әр ұлт, әр мемлекет өз кәсіпкерлерінің, өз кәсіби ортасының іскерлігімен, кәсіпкерлік  белсенділігімен басқа елдермен бәсеке сайысында. Бұл да жаһанданумен келген заманның талабы.

     Дамудың жаңа тұжырымдамасында сапалық көрстекіштердің  мәні артып, әлемдік деңгейге бағдарланған тұрмыстың әлдеқайда жоғары стандарттары басымдылыққа ие болған.

     Барынша биік мақсаттарға қол жеткізу қалыпты бола бастайды. Әлемдік тәжірибе ресурстық, ғылым мен білімнің индустриялық әлеуметті жұмылдыру шаруашылық жүргізу ортасының жаңарып жеделдетіп, бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуын Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүргізу үрдістеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ететінін дәлелдеп берді.

     Еліміз  Президенті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясы» атты биылғы Жолдауында «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып  келе жатқан ел болуын қалаймыз.

     Әлемдегі  жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүзілік шаруашылықтан  шағын болса да өзіне лайық  орнын иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге  қабілетті ел болуын қалаймыз деп  атап көрсетуі жаңа экономика инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады. 
 
 
 

2.2. Қазақстан Республикасының  қазіргі салық  жүйесіне сипаттама  және бюджет салық  саясаты

      Салықтар  – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан айрықшаланады. Салықтарды жинау құқығы әрқашан мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады. Салықтар біржақты тәртіпте белгіленеді. Шаруашылық жүргізудің нарықтық  кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді. Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып салық саясаты бөлініп шықты. Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі. 
Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады. 
Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады,  яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді. Қазақстан Республикасында салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.

      Мемлекет  тарапынан өндірушілерге ықпал  етудің шаралары тікелей (баға белгілеудің  белгілі ережелерін анықтау жолымен) және жанама (еңбекақы төлеу,  салық  салу сияқты экономикалық тұтқалар арқылы)

      Бағаны  мемлекеттік тарапынан реттеу фермерлік  бағаларды қолдау түрінде жүзеге асырылады, яғни ұлғаймалы өндіріс  үрдісін қамтамасыз ететіндей табыстар мен қор жинауды қамтамасыз етуі тиіс.

      Қазақстанда бағаны мемлекеттік реттеу жұмыстары. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері баға сферасы бойынша бірнеше ірі шаралар жүргізілді:

  1. бағаны еркін жіберді, тек қана бірінші қажет тауралар мен маңызды шикізаттарды ңбағасын мемлекет өзі бақылайды. Баға белгілеу либерилизациялау нарықты реттеп, сұраныс пне ұсынысты, бәсекелестікті қалыптастыратын маңызды көрсеткіш болды.
  2. Ауыл шаруашылық саясатын либеризациялады, ауыл шаруашылығы сферасында көп түрлі бағытқа негіз болды.
  3. Өзінің ұлттық валютасы-теңгені енгізді, оның өзі тәуелсіз қаржылық жүйені қалыптастыруға маңызды қадам болды. Бағаны реттеу максимальды пайда әкелетін және тұрақты бәсекелестікті қамтамасыз ететін бағаны белгілі бір деңгейін қалыптастыру үшін жүргізілетін мемлекеттің іс-әрекеті болып табылады. Мемлекет саясатының барлық баға қалыптастырушы факторларын қамтитын шаралар жүйесі мен кешені ретінде қарастырылады.
 

 
 

2.3. Қазақстандағы ақша  несие саясатының  мәні мен құралдары

      Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің  қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

     Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді  шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету,  тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

     Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.

     Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына  әкелуі мүмкін.

Ақша-несие  саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.

     Валюталық режимін либерализациясын реттеудің  негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық  операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету. Орталық Банк "қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

     Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

        Қыркүйекте  орташа  сыйақы  мөлшерлемесі  мерзімді  депозиттер  бойынша  заңды  тұлғаларға  2,7 % ( 2010  жылдың  тамыз айында  2,2 % )  жеке  тұлғалардың депозиті  бойынша  - 9,8 %  ( 9,1 % ). [13]

        2009  жылдың  соңғы айында  резиденттердің  жалпы депозит көлемі  13,8 %-ға  ( жыл басынан бері  6,7 % )  өсті,  яғни  1177,0  млрд  теңге ( 9 млрд АҚШ долларына ) өсті.

        Ұлттық  валютада  депозиттер  8,2 %-ға,  624  млрд  теңгеге,  ал  шетел  валютасында  20,8 %-ға  553,0  млрд  теңгеге  ( 4,3 млрд  долларға  жуық )  өсті.  Нәтижесінде депозиттердің үлес  салмағы 55,8 %-дан 53 %-ға  дейін төмендеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы