Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 13:11, творческая работа
Бастауыш сынып-білім берудің алғашқы сатысы. Оқушылардың сыныпта алған, меңгерген білімін, жеке пәнге қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыра түсу мақсатында және шығармашылық қабілетін, логикалық дағдысын арттыру мақсатында, бастауыш сынып оқушылар арасында жыл сайын апталық, онкүндік, ертеңгіліктер жоспарлы өткізіліп тұрады.
Апталық – абыройлы іс
Бастауыш сынып-білім
берудің алғашқы сатысы. Оқушылардың
сыныпта алған, меңгерген білімін, жеке пәнге
қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар
арқылы арттыра түсу мақсатында және шығармашылық
қабілетін, логикалық дағдысын арттыру
мақсатында, бастауыш сынып оқушылар арасында
жыл сайын апталық, онкүндік, ертеңгіліктер
жоспарлы өткізіліп тұрады.
Осы мақсатпен бастауыш сынып мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен апталықты өткізу
жоспарын жасап, әр мұғалімге міндеттер
бекітіліп, апталықтың жоспары кұрылды.
Өткізілу барысы:
Апталықтың тақырыбы: «Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Дүйсенбі күні: «Табиғат – екінші үйіміз» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары оздырылды.
Сейсенбі күні: «Әсем табиғат аясы» сурет салу, өлең шығару, табиғи материалдардан сыйлықтар бұйымдар жасау.
Сәрсенбі күні: «Ой ойласаң, кең ойла» ребус, сөзжұмбақтар шешу.
Бейсенбі күні: «Тылсым табиғат сырлары» Activ studio бағдарламасы бойынша деректі фильм қаралды.
Жұма күні: Біздің «Қызыл кітап» кітапша жасау.
Сенбі күні: Апталық қорытындыланды. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен бірге әр сыныптан 5 оқушыдан алынып, 3 топқа бөлінді.
I топ Өсімдіктер
II топ Жануарлар
III топ Құстар
Әр топ жұмбақ шешіп, мақал айтып, өлең құрастырып, тыйым сөздер жазып, өз топтарын атына сай қорғай білді.
Қатыспаған көрермен оқушылар 1 сынып оқушылары «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс» ойынын, 2 сынып оқушылары «Ұйқасын тап», 3 сынып оқушылары «Қай құсқа теңеген?» ойынын ойнап, 4 сынып оқушылары қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді.
Жеке үздік көрсеткішке жеткен оқушылар мадақталып, сыйлықтар тапсырылды.
Міне, біздің бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің істеріне аса ыждағаттылықпен қарап, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен пайдалана, оқытудан еш жалықпайтын, өз еңбектеріне сын көзбен қарай білетін ұстаздар.
Қараөзен мектеп-лицейінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Мұханғалиева А.Н.