Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана
Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:26, доклад
Краткое описание
«Отбасы — көзбе-көз» ата — аналар жиналысының әдістемелік дайындау конкурсы
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Файлы: 1 файл
алгашкы ата ана.doc
— 157.00 Кб (Скачать)Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек
қана ата-аналармен бірге, жалпы
күш-жігерді біріктіру
Қорытынды
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.
Сынып жиналысының хаттамасы:
(Айы, күні, жылы)
Кімдер қатысты:
- Абуова Т.
- Әміржанова Б.
- Бәйкенов М.
- Қапанова С.
- Балахметова Б.
- Имакова Ж.
- Кириллова А.
- Абуов Қ.
- Таласпаев Н.
- Қажрахимова Р.
- Мухамеджанова Ә.
- Нукенова Г.
- Смайыл Л.
- Семенычева Л.
- Шалова Б.
- Сәрсекеева Ж.М. — психолог
Тақырыбы: «Алғашқы ұстаз — ата-ана»
Күн тәртібі:
А) Кіріспе
(сынып жетекшінің сөзі)
Ә) «Жанұядағы бала тәрбиесінің ерекшелігі»
атты сауалнама
Б) Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың
атқаратын рөлі»
В) Ата-анамен ынтымақтастығы (пікір алысу)
Г) Оқушының білім сапасын көтеру
Жарыссөзге қатысқандар: Нукенова З., Қапанова С., Балахметова Б., психолог Сәрсекеева Ж.М.
Қабылданған шешім:
Ата — аналар жиналысының шешімі:
- Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
- Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
- Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.
- Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
- Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).
Төраға: Бәйкенов М.
Хатшы: Абуова Т.
Ескертпе
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес:
- Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
- Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
- Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
- Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
- Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
- Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Бастауыш мектеп» журналы № 4 2005 жыл
- «Бастауыш сыныпта оқыту» № 2 2008 жыл
- «Тәрбие құралы» журнал № 5 2006, 2008, 2007
- «Сынып жетекшісі» журнал № 3, № 6 2007 жыл
- «Сынып жетекшісі» кітабы С.Ш. Әденбаев