Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 21:14, реферат
Жұмыспен қамтамасыздық маңызды макроэкономикалық сипат. Ол жұмыспен қамтылған жұмысқа қабілетті адамдар саны. Жұмысқа қабілетті, бірақ жұмысы жоқ адамдар жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар сомасы экономикадағы еңбек ресурсын (белсенді халық санын) құрайды. Жұмыссыздық түрлері: 1. Фрикциондық жұмыссыздық орын ауыстыру қажеттілігінің объективтілігімен байланысты; 2. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс орыны құрылымының жұмыс күші құрылымына сәйкес келмеуінен болады; 3. Циклдық жұмыссыздық экономикалық құлдырауға байланысты жұмыссыздық.
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсызыдық белгілері
Жұмыссыздық пен нфляция экономикалық тұрақсызыдық белгілері.
Жұмыспен қамтамасыздық маңызды макроэкономикалық сипат. Ол жұмыспен қамтылған жұмысқа қабілетті адамдар саны. Жұмысқа қабілетті, бірақ жұмысы жоқ адамдар жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар сомасы экономикадағы еңбек ресурсын (белсенді халық санын) құрайды. Жұмыссыздық түрлері: 1. Фрикциондық жұмыссыздық орын ауыстыру қажеттілігінің объективтілігімен байланысты; 2. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс орыны құрылымының жұмыс күші құрылымына сәйкес келмеуінен болады; 3. Циклдық жұмыссыздық экономикалық құлдырауға байланысты жұмыссыздық. Толық жұмысбастылық экономикада фрикционды және құрылымдық жмыссыздар болса да орын алуы мүмкін. Жұмыссыздық деңгейі= жұмыссыздар саны/жұмыс күші *100% Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметік салдары болады: ЖҰӨнің потенциалды деңгейінен қалыс қалуы, әртүрлі әлеуметтік топтар арасында жұмыссыздық шығындары әркелкі таралады, жұмысшылардың квалификациясы жойылады. Мемлекет еңбек рыногын үш бағытта реттей алады: еңбек биржалары арқылы жұмыссыз дарды қайта оқыту, еңбек қатынастарын құқықтық қамтамасыз етеді, жұмыссыздықтан зиян шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету. Инфляция бағаның өсуінен көрінетін, ұлттық шаруашылықтағы пропорциялар мен сұранс ұсыныс арасындағы баланстың бұзылуы. Ашық және жасырын инфляция болуы мүмкін. Ашық инфляция бағаны қымбаттатады, жасырын инфляция товарлардың жоғалып кетуімен сипатталады.
Ашық инфляцияны төмендегідей жіктеуге болады:
1. Баға өсімі қарқынына қарай: баяу, секірмелі, гиперинфляция;
2. Товар топтары арасында бағалардың әркелкілігіне қарай: балансыланған, балансыланбаған;
3. Инфляцияның күтілуіне қарай: күтілген, күтілмеген инфляциялар болады.
Инфляцияның екі типі орын алуы мүмкін: сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясында сұраныс жағынан теңдік бұзылады, толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайында жиынтық сұраныстың артықшылығынан баға қымбаттайды. Ұсыныс инфляциясы шығын инфляциясы деп те аталады, баға өндіріс шығындарының өсуіне байланысты қымбаттайды. Инфляция салдары әркелкі: Кейнс пікірінше, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, инвестициялау процесін жылдамдатады. Ақшаны көп шығару қатаң шектелген жалақы алатын адамдар жағдайын нашарлатады, жинақ азаяды; мемлекеттік жабық ақша конфискациясы жүргізіледі; кәсіпкерлік қызмет төмендейді, капитал өндіріс сферасынан айналым сферасына немесе шет елге ауысады.
Инфляцияға қарсы саясаттың екі бағыты бар: инфляцияға бейімделу, инфляцияны жою. Біріншісінде, бағаға бақылау жасау, индексация жүргізу шаралары қолданылады. Екіншісінде, жұмысыздықтың және экономикалық құлдырау есебінен инфляцияны төмендету шаралары (Филлипс қисығы: жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі бағаны қымбаттатады (жалақы өседі)). Өндіріс стагнациясымен, жоғары жұмыссыздық пен баға деңгейімен қатар жүретін инфляция стагфляция деп аталады. Стагнация экономикалық өсімнің жоқ екендігін білдіреді.
Инфляция философиясы мынада, ұдайы өндіріс процесінің тежелуінде экономиканың бас көтеруінің уақытша факторына айналатындығында. Экономикалық өсудің қарқынына төмендеп, пропорциясы бұзылады, қаржылық валюталық және ақша – несие механизмі босаңсады,әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Ол халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшінің ұдайы өндіріс жағдайын қиындатады, экономикалық қылмыс пен көлеңкелі экономиканы және т.б активтелді.Инфляция жағдайында несие беруші банкілер мен мекемелер жоғалтулар жүктейді. Әлеуметтік салдары ретінде ол ұлттық табысты қайта бөлуді жүргізеді, және тауарлар мен қызметтерге бағаның кенеттен өсуінен нақты, сондай – ақ номиналды еңбекақының өсу қарқынының қалуына мүмкіндік жасайды. Инфляциядан жалдамалы жұмысшылардың барлық категориялары; бос маманды тұлғалар, зейнеткерлердің табысы инфляция қарқынына қарағанда өз мөлшерде жоғарылайтындықтан зиян шегеді. Орталықтандырылған экономиканы реформалау жағдайында инфляцияны басқару апробировалық сияқты инфляция табиғатын, оның болу себептері мен шараларды қолдануды жөн көреді. Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады, бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Көптеген зерттеушілер стагфляцияның болу себебін инфляциялық күтумен байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өндіріс факторларының қожайындары өздерінің табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екендігін ескере отырып өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды.
Бұл өндіріс шығындарының өсіне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болды. Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс көлемінің төмендеуі орын алады.
Стагфляция себептері туралы теориялық даудың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін де үлкен практикалық маңызы бар, себебі біз қазірде терең стагфляция жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мамандардың пікірінше, стагфляцияны сәйкессіздіктер диспропорциялар, қалыптасқан басқару нысаны, тағы басқа жағдайлар тудырады. Мысалы, ішкі сомдық аймақта төлем дағдарысынан туындаған өнім өткізу дағдарысы халық шаруашылығының құлдырауына әкеліп соқтырып отыр. 1992 - ші жылдың шілдесінен бастап Россияның орталық банкісі мемлекеттер арасында төлем айыруларды ұлттық банктердің бір тұтас есебі арқылы өткізуді жүзеге асыруы, шын мәнінде есеп айырысудың күрткідіруіл туғызды және іс жүзінде сом аймағының ыдырауын бастап береді. Бұндай жағдайда, дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің теңгермелілігі мен тұрақтылығы, оған деген сенімді нығайту қажет. Онсыз құнсызданған Ресейдің ақша бірлігі – рубль барған сайын бартерлік айырбаспен немесе халықаралық айналыс құралы қабілеті бар валюталармен ығыстырылады, ал рубльды ондай валютаға айналдыру өте күрделі мәселе.
Қорытынды
Инфляция әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Оның қоғамға әкелетін зардаптары мен салдары әр ел экономикасында күрделі мәселелерді тудырады.
Инфляция ең алдымен бағаның өсуіне соның нәтижесінде сұраным мен ұсынымның теңсіздігі пайда болуына байланысты.
Инфляция – сұранымға қатысты ұзақ уақыт теңсіздік нәтижесінде елдегі жалпы баға деңгейінің өсуі, яғни инфляция жиынтық сұраным мен жиынтық ұсынымның сәйкес келмеуі.
Енді осы жұмыста жазылып өткен тауарларды қорытындылар болсақ, жиынтық ұсыным қисық сызығына келешектегі инфляцияда кіреді. Инфляция орын алған кезде, жалақы тез өседі, сөйтіп жиынтық ұсыным қисығын жоғарлатады.
Инфляция жалақы өзгергенде, яғни ол жаңадан бекітілген жалақы ретінде бағаға енеді. Инфляция жиынтық ұсыным қисығында баяу жұмыс атқарады. Сондықтан бұл процесс инфляциялық енжарлықты көрсетеді. Қазіргі нарықты экономика жағдайында экономикалық өсуді жоғарлату мақсатында жүргізіліп отырған саясаттардың бірі осы инфляция процестерін реттеу болып отыр. Бұл бағытта еліміздің Үкіметі, Ұлттық Банк, Қаржы министірлігі бірігіп жұмыс жасауға және ол жұмыстарының нәтижесі бар. Инфляция деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген .
Информация о работе Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсызыдық белгілері