Операциялық жүйелердің қазіргі түрі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:30, реферат

Краткое описание

Windows 8 - Microsoft корпорациясының Microsoft Windows отбасына тиесілі оперциялық жүйесі. W3Schools веб-аналитикалық талдау нәтижесінде, 2013 жылдың қаңтар айында әлемдік операциялық жүйелерді қолдану статистикасы бойынша Windows 8 4,8 %-ды құрады. Бұл критерий бойынша қазірше ол Windows Vista-ның алдында ғана тұр. Windows Server 2012 серверлік версиясы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Современные ос.docx

— 37.13 Кб (Скачать)

Windows 8

Windows 8  - Microsoft  корпорациясының Microsoft Windows отбасына тиесілі оперциялық жүйесі. W3Schools веб-аналитикалық талдау нәтижесінде, 2013 жылдың қаңтар айында әлемдік операциялық жүйелерді қолдану статистикасы бойынша Windows 8  4,8 %-ды құрады. Бұл критерий бойынша қазірше ол  Windows Vista-ның алдында ғана тұр. Windows Server 2012 серверлік версиясы болып табылады.

Жаңалықтар мен өзгерістер

Сыртқы түрі мен Modern жаңа интерфейсі

Алдыңғы Windows 7 мен Windows XP операциялық жүйелерінен айырмашылығы – жаңа Modern интерфейсі қолданылады. Бұл интерфейс жүйені іске қосқанда бірден пайда болады, қызмет ету жағынан жұмыс үстеліне ұқсас – бас экранда приложения плиткалары бар (ярлыктармен туыстас), бұл плиткаларды басу нәтижесінде приложение іске қосылып, сайт немесе папка (бума) ашылады.

Сонымен қатар жүйеде «классикалық» жұмыс үстелі бар, бөлек приложения ретінде «Пуск» менюінің орнына интерфейсте басқанда бас экран ашылатын «белсенді бұрыш» қолданылады. Modern-интерфейсінде прокрутка тік бағытта жүреді. Сонымен қатар кішірейту арқылы  немесе экранның төменгі жағындағы «минус» батырмасына басса, бас экранның барлығы көрінеді. Бас экрандағы плиткаларды орын ауыстыруға, топтастыруға болады, оларға ат беруге, өлшемлдерін өзгертуге болады. Экранның мүмкіндігіне қарай, жүйе автоматты түрде плиткаларға қатар санын анықтайды – стандартты планшет компьютерде 3 қатар плиткалар бар. Бас экранның түсі жаңа басқару тақтасында өзгереді, сонымен бірге артқы фондағы орнамент те өзгереді.

Windows 8 - Windows 7-нің жетілдірілген түрі, жұмыс үстелімен жұмыс істеу әдістері дәл солай. Modern-интерфейсте приложениялар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан да «Видео» приложениясынан «Почта» приложениясының көмегімен кез келген видеоны интернет арқылы жіберуге болады.

Басты жаңартулары

Майкрософт есеп жазбасы мен параметрлердің синзхронизациясы: Windows-қа Live ID көмегімен кіруге мүмкіндік. Бұл пайдаланушының профиліне кіруге және интернет арқылы настройкаларын жүктеуге болады, сонымен қатар SkyDrive-тан интеграцияны қосады.

Windows Store приложенилар дүкені: Metro-приложенияларды және де  Windows RT-ға арналған приложенияларды сатып алу мен жүктеудің жалғыз тәсілі.

Пайдаланушының  аутинтефикасына арналған 2 жаңа тәсілдер: 3 рет саусақ ұшымен тигенде жүйеге кіруге пайдаланушыға мүмкіндік беретін сурет-пароль және 4-таңбалы PIN-код, сонымен қатар биометрикалық қондырғылардың кіріктерме қолдауы. Пайдаланушының  шектеусiз есептiк жазба паролі Майкрософт есеп жазбасының паролімен сәйкес келеді.

Internet Explorer 10.  Windows 8-де   IE 10 жұмыс үстеліне және сенсорлы түрде, яғни 2 түрлі вариантта қосылған. Сенсорлы түрі плагиндер мен  ActiveX-ті қолдамайды, бірақ Adobe Flash Player проигрывателінің версиясын өзіне қосады. Ал ол өз кезегінде сенсорлы басқаруға оптимизацияланған.

Сілтеуіш. Сілтеуіште Ribbon-лентасы бар (Microsoft Office пен Windows Essentials – тағы ленталарға ұқсас). Файлдарды тасымалдау мен көшіруде туындаған қиындықтарды шешуде жақсартуға тырысады.

Жүйенiң қалпына  келтiруi.  2 жаңа функциялар қосылған: Жаңарту -  Обновление (англ. Refresh) және Тастау - Сброс (англ. Reset). Жаңарту барлық настройкалары мен файлдар, приложенияларды сақтай отырып, барлық файлдарды қалпына келтіреді. Ал тастау  функциясы компьютерді бастапқы күйіне келтіреді.

Жаңа тапсырмалар  диспетчері. Windows 8-де тапсырмалар диспетчері барынша өзгертілген.  Жаңадан өнімділіктің кестелері қосылған, орындалатын приложениялар, фон процессорларымен және  «өнiмдiлiк» біртұтас  қыстырмасының қызметімен басқару оптимизациялаған. Сонымен бірге «Конфигурации системы», яғни Жүйенің кескінінен автожүктеуді басқару көшірілген болатын.

«Отбасылық қауіпсіздік» функциясы. Бұл басқару тақтасында жүзеге асады.

Келесі қолдаулар  енгізілген: USB 3.0, Bluetooth 4.0, DirectX 11.1 және NET.Framework 4.5.

Персонализация: жүйені іске қосқаннан кейін экранда ағымдағы уақыт пен сағат көрсететін сурет шығады. Сәлемдесу экранын ашып, жұмыс істеуді бастау үшін кез келген батырманы басу керек. Суретті настройка көмегімен өзгертуге болады. Жұмыс үстелінің түсін автоматты түрде өзі анықтайтын функция қосылған.

Жаңа басқару  тақтасы Metro UI стилінде, жүйенің кейбір настройкаларын жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.

Жетілдірілген іздеу: Іздеудіжүзеге асыру үшін бастапқы экранда тек кез келген пернені басу жеткілікті.

Пернетақтаның орналасу ерекшелiгiнiң ауыстырып қосуы:  пернетақтаның орналасу ерекшелiгiн өзгертуін сонымен қатар «Windows» + «Space» немесе «Shift» + «Alt» пернелерінің  тіркесі арқылы жүзеге асыруға болады.

Қысқаша тарихы

13 қыркүйек 2011 жылы Windows 8 Developer Preview версиясы шықты.

29 ақпан 2012 жылы ОС Windows 8 Consumer Preview бірінші бета – версиясы қол жетімді болды.  Оның шығуы туралы Mobile World Congress – те жарияланды.

31 маусым 2012 жылы соңғы көпшілікке көрсетілетін алдын-ала версиясы ОС Windows 8 Release Preview шықты.

1 тамыз 2012 жылы RTM-версиясы шықты.

15 тамыз 2012 жылы  MSDN жазылушыларына RTM - версиясын жүктеуге мүмкіндік болды. Ол 36 тілде, соның ішінде орыс тілі де қосылды.  

26 қазан  2012 жылы опрециялық жүйе сатылымға шығырылды.

 

Сатылымы

ОЖ 26 қазан 2012 жылы сатылымға шықты. 2 маусым 2012 жылы Windows-тың алдыңғы  версияларын пайдаланушыларға Windows 8 Pro операциялық жүйесіне 2013 жылдың 31 қаңтарына дейін төмен бағалармен көшуге мүмкіндік болатынын жариялады.

Microsoft мәліметтеріне сүйенсек, сатылымға шыққан соң алғашқы күндері Windows 8-ң  4 миллион жаңартылулары сатылды. Ал 1 айдан кейін операциялық жүйенің 40 млннан астам лицензиялары сатылды. Алайда, аналитиктер бұл опрерациялық жүйенің сатылымын өте төмен деңгейде болжаған болатын. Net Applications компаниясының мәліметтері бойынша, Windows жүйелерінің ішінде Windows 8-дің нарықтық үлесі 2012 жылдың соңына қарай 1,72 %-ды құрады. Ал  Windows Vista – 2,2 %, Windows 7 — 6,2 %.

Windows 8-дің шығуымен қатар  Microsoft корпорациясы өзінің планшетті  дербес компьютерлерін шығарды  -  Surface. 2013 жылы сатылым қараша айына қарағанда сатылым азайды, бұл планшетті компьютерлердің жоғары бағасымен түсіндіріледі.

 

Критика

Windows 8 туралы пайдаланушылардан негативті пікірлер айтылды, себебі олардың компьютерлері сенсорлы дисплейді  колдамайды және Metro интерфейсінің гаджеттері басым болып келеді. Сонымен қатар пайдаланушылар өзгерген интерфейске сын айтып, оны оқып үйренуіне уақыт көп кететініне риза болмады. Алайда жаңартулар жайлы  анықтама жүйесінде толық жазылған. Анықтама жүйесі  F1   перенсін басу арқылы шығады.

Жаңа өнімнің ерекшелігі ол - сенсорлық дисплейге арналып жасалған. Енді тек пернетақтаның көмегімен ғана емес, экранды саусақ ұшымен басқаруға болады. Осылайша жаңа операциялық жүйенің базасындағы құрылғы мобильді әрі портативті ғана емес, компьютердің қызметін де толық атқаратын болады. 
Корпорация өкілдерінің айтуынша, Windows 8 - компьютерлер, планшеттер мен смартфондарға арналған әлемдегі алғашқы бірыңғай жүйе болып отыр. Сонымен қатар, компания сенсорлық құрылғылармен интернетте жұмыс істеу үшін Internet Explorer 10 жаңа браузері мен планшеттерге арналған Windows RT операциялық жүйесін шығарады. 

Жаңа операциялық жүйе әлемнің 37 тіліне аударылған. Microsoft компаниясы Windows-8-дің арқасында жоғарғы технология нарығындағы Apple және Google компанияларының  өнімдерімен бәсекеге түспек. Соңғы  нұсқа орнатылған компьютерлердегі барлық операцияларды енді саусақпен  басып жасауға болады. Алдағы уақытта Microsoft компаниясы тағы да жаңа гаджеттер  шығармақ. Сондай-ақ, келешекте ұялы телефон жасап шығаруды жоспарлап  отыр.

 

OS X Mountain Lion

 

OS X Mountain Lion  (альтернативті атаулары: OS X 10.8, «горный лев», «кугуар») - Apple компаниясы өндіретін опрециялық жүйесі. OS X жүйесінің 9-шы негізгі шығарылымы(major release) болып келеді. Алдыңғы жүйелермен салыстырғанда бұл жүйеде 200 жаңа функциялар бар.  OS X Mountain Lion 2012 жылдың 25 шілдесінде шықты. Дәл алдыңғы версия сияқты, яғни OS X Lion 10.7 , Apple бұл операциялық жүйеге де «Mac OS X» емес, «OS X» деген атау берді.

Анонс

Developer Preview атты алғашқы  версиясының шығуы 2012 жылы 16 ақпанда көпшілікке күтпеген жағдай болды.  Apple бірінші рет 2 жылдық жаңарту жүйесінен бір жылдық жүйеге көшті, яғни бұрын ол жылына 2 рет жаңартылатын, енді жылына бір рет жаңартылуға шешім қабылдады.

Жүйелік  талаптар

  • Mac OS X v10.6.8 немесе одан да жаңа
  • 2 ГБ RAM
  • 8 ГБ бос орын (HDD)
  • Кейбір функциялар интернетке қосылуды талап етеді.
  • Power Nap функциясы тек SSD типті негізгі қатты дискідегі компьютерлермен жұмыс істейді.
  • Кейбір функциялар Apple ID – ң болуын талап етеді.

 

Қолдайтын компьютерлер

Mac компьютерлерін қолдайтын түрлерінің толық тізімі:

  • iMac (Mid 2007 не одан да жаңа)
  • MacBook (Late 2008 алюминді, 2009 алдыңғы моделі не одан да жаңа)
  • MacBook Pro (Mid2007 не одан да жаңа)
  • Xserve (Early 2009)
  • MacBook Air (Late 2008 не одан да жаңа)
  • Mac mini (Early 2009 не одан да жаңа)
  • Mac Pro (Early 2008 не одан да жаңа)

 

10.7 нұсқасымен  салыстырғандағы жаңартылулары

  • Диктовка – Сөзді мәтінге түрлендіруге мүмкіндік береді (әзірше орыс тілін қолдамайды).
  • iCloud (тар интеграция) – енді «бұлтқа» (облако) барлық ескертулер, документтер, күнтізбе және файлдар сақталады. Компьютерлер арасындағы мәліметтердің синхронизациялануы автоматты түрде орындалады.
  • Хабарланудың орталығы – кез келген приложениядан жетімді бүйір тақта (боковая панель). Соңғы мәлімдемелерді компьютерде және өшірілген сервистерде,  кіріс поштасын, хабарламалар, күнтізбелердегі оқиғаларды, т.б.  қоса бейнелеп көрсетеді.
  • Messages - iChat приложениясының толық алмасқан нұсқасы. OS X ортасына iMessage технологиясының кіру идеологиясын жалғастырады. iOS қондырғыларын пайдаланушылармен тегін араласумен қоса,  AIM, GTalk, Jabber, Yahoo протолкадарын қолдайды. Приложения интерфейсі iPad-та қолданылатын интерфейстейпен бірдей.
  • Белгілеулер -  Mac-та енді қарапайым және түсінікті «Белгілеулер» пайда болды. Интерфейс iPad пен iPhone аналогтарын түгелімен көшірген. Мұндай белгілеулерге суреттерді, файлдарды қыстыруға, почта немесе iCloud арқылы нәтижемен алмасуға болады.
  • Ескетулер (еске салулар) – кіріктірме жүйе мобильді версияның функцияларын түгелімен қайталайды.
  • Share Sheets – Интернетте ақпарат алмасудың жаңа жүйесі. Барлық программаларда дерлік  share батырмасы пайда болып, оның көмегімен сілтемелерді, суреттерді, документтерді почта  немесе желі арқылы жылдам жіберуге болады.
  • Twitter – енді Twitter тек iOS-та қана емес,  ОS X –те де қолданылады. «Твитнуть» батырмасын басқанда экранда дәл iOS 5-тегі сияқты терезе-карточка (окно-карточка) пайда болады.
  • Facebook – жаңа жүйедегі Facebook толығымен интрегралданған. «Разместить статус» батырмасы.
  • Gatekeeper – бұл жүйе пайдаланушының қандай файлдарды, программаларды ашуын бақылап, қауіпті операциялардан қорғайды.
  • Game Center  - жүйенің компьютерлік версиясы. Мобильді жүйеден айнымайды.
  • AirPlay Mirroring – енді кез келген Mac ( 2011 модельдері мен одан да жаңа) экраннан суреттерді Apple TV өшірілген медиприставкаға жібере алады.
  • Power Nap – автоматты түрде жаңа почтаны жүктеуге, резервті көшірмелер жасауға, компьютер ұйқы режимінде болғанда, программалық жабдықтауды жаңартуға мүмкіндік береді.

 

Қолдайтын тілдері: ағылшын, араб, гаолланд, венгер, грек, дат, испан, итальян, каталон, қытай, корей, неміс, поляк, португал, орыс, румын, француз, түрік, украин, чех, жапон, т.б.

Версиялар тарихы

Версия

Сборка

Дата

Имя ОС

Примечания

Автономная загрузка

10.8

12A269 (GM)

25 июля 2012

Darwin 12.0

Оригинальный розничный  релиз в Mac App Store

 

10.8.1

12B19

23 августа 2012

Darwin 12.1

Обновление

Индивидуальное обновление

10.8.2

12C54

19 сентября 2012

Darwin 12.2

Обновление

Индивидуальное обновление 
Комбинированное обновление (включает 10.8.1)

10.8.2

12C60

4 октября 2012

Darwin 12.2

Обновление (дополнительное обновление)

Дополнительное обновление

10.8.2

12C2034

23 октября 2012

Darwin 12.2

Версия для Mac Mini (Late 2012) 

 

 

Ubuntu

Ubuntu (рус. Убу́нту; зулу ubuntu — человечность, адамгершілік) -  Debian-ға негізделген операциялық жүйе. Негізгі жасаушысы және спонсоры Canonical компаниясы болып табылады. Қазіргі кезде проект қоғамда еркін қолданылып, белсенді даму үстінде.

Ubuntuды 20 миллион пайдаланушылар  қолданады, бұл өз кезегінде  Linuxтың ең танымал дистрибутиві болып келетінін дәлелдейді. Веб-серверлерге арналған ең танымал операциялық жүйелердің ішінде 4-ші орынды иемденеді. Оның танымалдылығы жылдам түрде өсіп келеді.

Ubuntu серверлер мен жұмыс  станцияларына арналған программалық  жабдықтаулармен қамтамасыз  етіледі.  Жұмыс  үстеліндегі дербес  компьютерлерге LiveCD, LiveUSB немесе мәтіндік орнатушы көмегімен орнатылады. LiveDVD версиясының мүмкіншіліктері көбірек – тек графикалық қана емес, сонымен қатар мәтіндіік режимде орнату мен жүйені қалпына келтіру режимінде жүктеуден басталып, толық локализациялау және дисктегі үлкен мөлшердегі пакеттермен аяқталады. i386, amd64, ARM сияқты архитектураларын қолдайтын версиялары да бар. Онымен қоса 2013 жылдан бастап ARM және x86 смартфондарына арналған версиялары жасалуда.

Информация о работе Операциялық жүйелердің қазіргі түрі