Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:08, курсовая работа

Краткое описание

Ал, құқықтық қарым-қатынастың қандай белгілері болады деген сұраққа жауап іздесек, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
1) құқықтық қарым-қатынас – пайда болуы мен жүзеге асу механизмі әлеуметтік қарымқатынастың орнатылуы мен жүзеге асуының жалпы заңдылықтарына бағынышты қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың бір түрі;
2) құқықтық қарым-қатынастың тараптары ретінде құқық субъектісіне тән сипаттарды иелене алатын тұлғалар ғана табыла алады;
3) құқықтық қарым-қатынастың мазмұны ретінде нысаны әдетте құқықтық нормативпен реттелген осы қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың өзара әрекеті көрініс табады; ал, мұның мақсаты болса тараптармен көзделіп отырған және заңға сәйкес келетін нәтижеге жету болып табылады;
4) қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрінің шегінде ғана субъективтік құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен қолдануы, құқықтық міндеттердің орындалуы жүзеге асырылады;
5) қазіргі қоғамда құқықтық қарым-қатынастар қалыптасқан құқықтық тәртіп пен заңдылық шеңберінде адамның алға қойған мақсаттарына жету, мүдделері мен ниеттерін жүзеге асырудың негізгі заңды жолдарының бірі болып табылады;
6) әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне қарағанда құқықтық қарым-қатынастардың өзара құқықтық қатынастың үлгісін қамтып ғана қоймай, яғни құқықтық қарым-қатынастың мазмұнын, осы үлгінің бұзылуынан қорғайтын әдістер мен шараларға көрсететін құқықтық нормативпен тығыз байланысы бар.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................2-3

1-Бөлім. Азаматтық құқықтың объектілері......................................4

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері................4-7
Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде..............................8-12
Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде .................................13-14
Бағалы кағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері....................15-18
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге
айналған нәтижелері.......................................................................19-20
Мүліктік емес өзіндік құқықтар.........................................................21-24

Қорытынды....................................................................................................25-26
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................27

Файлы: 1 файл

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

    Оның ішінде энергияның әртүрлі түрлерін, сұйық және газ түріндегі әртүрлі заттарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін және оның жекелеген өкілдерін, тіпті табиғи ортасынан бөлініп алынған бактериалар мен вирустарды да, көрсетіп кетуге болады. 

     Азаматтық құқықтар объектілерінің келесі ерекше белгісі  –  олардың айналым қабілеттілігі. Айналым қабілеттілігі дегеніміз объектілердің белгіленген тәртіп бойынша бір субъектіден екінші субъектіге берілу (өту) қабылеті. Азаматтық құқықтар объектілерінің айналымы  –  тауарлардың экономикалық айналымының құқықтық нысаны. 

     Мүліктің барлық түрлері де, егер заңдарда  өзге тәртіп көрсетілмесе, айналымға қабылетті болып табылады. Азаматтық қықтардың айналым қабілеттілігі тек кодекспен ғана емес, басқа да арнайы заңдармен реттеледі. Мысалы, жер учаскелері мен жерді пайдалану құқығының айналым қабілеттілігі Жер туралы Жарлықпен анықталады; құнды қағаздар бойынша құқықтардың өтуі (берілуі) Азаматтық кодекстің (АК) 132-ші бабымен және Құнды қағаздар туралы заңмен айқындалады; валюта құндылықтарының 

 айналым  қабілеттілігі Валюталық реттеу  туралы заңмен белгіленеді; авторлардың  мүліктік құқықтарының айналым қабілеттілігі Авторлық құқықтар туралы заңмен реттеледі; өнертабыстарға құқықтың өту тәртібі  

     Қазақстан Республикасының Патенттік заңымен бекітілген; тауарлық белгілер мен қызмет көрсету белгілеріне құқықтардың берілуі  –  Тауарлық белгілер туралы, қызмет көрсету белгілері туралы және тауарлардың шығу жерінің аталымы туралы заңмен қарастырылған.  Айналымнан алынып тасталған заттардың тізімі өте қысқа және көбінесе олар мемлекеттік меншік объектілері болып табылатын заттар, мысалы, табиғи объектілер. 

      Қоғамдық құрамдарына байланысты заттар құқық объектісі бола алады, сондай-ақ құқық субъектісі ретінде заңды құралдармен оның нақты құрамдарына әсерін тигізе алмайды, бірақта соңғы заттың құқықтық режиміне әсерін тигізеді. Айтылған құқықтың зат түріндегі мүлік объектілеріне әсері кейбір түсініктемелерді талап етеді. Бір қарағанда зат пайдалану құқығының субъектісі заттан нақты пайдалы құрамын алатын объект ретінде көрінеді. Затты пайдалана отырып субъект оған тек қана заңды емес, сондай-ақ фактілі әсерін тигізеді. Бірақ пайдалану құқығының өзі – бұл мүліктен пайдалы құрамын алатын заңи мүмкіндік, бірақ бұл пайдалы құрамдардан фактілік алу болмайды. құқық пайдаланушылық және фактілі пайдалану, мүмкіндік және шынайлық сияқты заңи және фактілік болып ерекшеленеді. Осыдан  келе заңи және фактілік әсер объектісі ретінде мүлік ерекшеленеді.

     Заттар мүлік сияқты әртүрлі болады және үнемі құқық субъектісіне қатысты белгілі қарым қатынаста болады. Зат түсінігінде әртүрлі табиғи ресурстар және адам еңбегінің өнімдері жатады. Заттар құрамына әртүрлі энергия түрлеріде жатады. (мысалы: жылу энергиясы, электр энергиясы)    

    Өсімдіктер және жануарлар да зат болып табылады. Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) Батырбаев Н.Б.

Тұран баспасы. Түркістан 2007 *29-30*

 

 

 

 

 


Информация о работе Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері