Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:08, курсовая работа

Краткое описание

Ал, құқықтық қарым-қатынастың қандай белгілері болады деген сұраққа жауап іздесек, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
1) құқықтық қарым-қатынас – пайда болуы мен жүзеге асу механизмі әлеуметтік қарымқатынастың орнатылуы мен жүзеге асуының жалпы заңдылықтарына бағынышты қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың бір түрі;
2) құқықтық қарым-қатынастың тараптары ретінде құқық субъектісіне тән сипаттарды иелене алатын тұлғалар ғана табыла алады;
3) құқықтық қарым-қатынастың мазмұны ретінде нысаны әдетте құқықтық нормативпен реттелген осы қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың өзара әрекеті көрініс табады; ал, мұның мақсаты болса тараптармен көзделіп отырған және заңға сәйкес келетін нәтижеге жету болып табылады;
4) қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрінің шегінде ғана субъективтік құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен қолдануы, құқықтық міндеттердің орындалуы жүзеге асырылады;
5) қазіргі қоғамда құқықтық қарым-қатынастар қалыптасқан құқықтық тәртіп пен заңдылық шеңберінде адамның алға қойған мақсаттарына жету, мүдделері мен ниеттерін жүзеге асырудың негізгі заңды жолдарының бірі болып табылады;
6) әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне қарағанда құқықтық қарым-қатынастардың өзара құқықтық қатынастың үлгісін қамтып ғана қоймай, яғни құқықтық қарым-қатынастың мазмұнын, осы үлгінің бұзылуынан қорғайтын әдістер мен шараларға көрсететін құқықтық нормативпен тығыз байланысы бар.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................2-3

1-Бөлім. Азаматтық құқықтың объектілері......................................4

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері................4-7
Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде..............................8-12
Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде .................................13-14
Бағалы кағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері....................15-18
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге
айналған нәтижелері.......................................................................19-20
Мүліктік емес өзіндік құқықтар.........................................................21-24

Қорытынды....................................................................................................25-26
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................27

Файлы: 1 файл

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

                                                       Жоспар

 

Кіріспе..................................................................................................2-3

 

1-Бөлім. Азаматтық құқықтың объектілері......................................4

 

    1. Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері................4-7
    2. Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде..............................8-12
    3. Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде .................................13-14
    4. Бағалы кағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері....................15-18
    5. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге

 айналған    нәтижелері.......................................................................19-20

    1. Мүліктік емес өзіндік құқықтар.........................................................21-24

 

Қорытынды....................................................................................................25-26

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................27

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Кіріспе

    

      Азаматтық құқық объектілеріне қатысты проблеманы талдау алдында, менің ойымша, ең алдымен жалпы құқық объектілеріне, олардың ұғымы мен ерекше белгілеріне, сондай-ақ осы құқық объектілерінің құқық жүйесіндегі, соның ішінде құқықтық қарым-қатынастардағы орны туралы мәселеге көңіл бөлген дұрыс сияқты.  Сонымен, осы мәселені аталған тұрғыдан қарастыратын болсақ, біз құқық теориясына сүйенуіміз керек. Құқық теориясына қатысты әдебиеттерде құқық объектілеріне қатысты мәселелер құқықтық қарым-қатынастар жөніндегі тарауларда қарастырылады. Яғни, құқық объектісі құқықтық қарым- қатынастардың бір бөлігі деп айтуға болады. Шынымен де, құқық теориясы бойынша әдебиеттерде құқықтық қарым-қатынасқа анықтама берген кезде оны "мемлекетпен қорғалатын заңды құқықтар мен міндеттер арқылы өзара байланысты субъектілердің қоғамдық қарым-қатынасы", - деп анықтайды. 

Басқа әдебиеттерде де осыған ұқсас анықтама берілген. Мысалы, профессор М.Н.Марченконың редакциясымен 1998 жылы Мәскеуде шыққан "Общая теория государства и права" деген оқулықта "құқықтық қарым-қатынас заңмен белгіленген немесе заңға, сондай-ақ құқықтың басқа да қайнар көздеріне қайшы келмейтін мүдделерді жүзеге асыру және нәтижеге жету мақсатында құқық субъектілерінің әлеуметтік өзара қарым-қатынастарының айрықша нысаны болып табылады", - делінген. 

   Ал, құқықтық қарым-қатынастың қандай белгілері болады деген сұраққа жауап іздесек, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:

   1) құқықтық қарым-қатынас – пайда болуы мен жүзеге  асу механизмі әлеуметтік қарымқатынастың орнатылуы мен жүзеге асуының жалпы заңдылықтарына бағынышты қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың бір түрі;

  2) құқықтық қарым-қатынастың тараптары ретінде құқық субъектісіне тән сипаттарды иелене алатын тұлғалар ғана табыла алады;

  3) құқықтық қарым-қатынастың мазмұны ретінде нысаны әдетте құқықтық нормативпен реттелген осы қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың өзара әрекеті көрініс табады; ал, мұның мақсаты болса тараптармен көзделіп отырған және заңға сәйкес келетін нәтижеге жету болып табылады;

  4) қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрінің шегінде ғана субъективтік құқықтар мен  бостандықтардың қорғалуы мен қолдануы, құқықтық міндеттердің орындалуы жүзеге асырылады;

   5) қазіргі қоғамда құқықтық қарым-қатынастар қалыптасқан құқықтық тәртіп пен заңдылық шеңберінде адамның алға қойған мақсаттарына жету, мүдделері мен ниеттерін жүзеге асырудың негізгі заңды жолдарының бірі болып табылады;

  6) әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне қарағанда құқықтық қарым-қатынастардың өзара құқықтық қатынастың үлгісін қамтып ғана қоймай, яғни құқықтық қарым-қатынастың мазмұнын, осы үлгінің бұзылуынан қорғайтын әдістер мен шараларға көрсететін құқықтық нормативпен тығыз байланысы бар. 

     Осыған ұқсас белгілерді профессор В.Н.Хропанюк та атайды. Оның ойы бойынша құқықтық қарым-қатынастардың негізгі белгілеріне жататындар келесілер:

    1) құқықтық қарым-қатынас құқықтық нормалардың негізінде қалыптасатын іс жүзіндегі қоғамдық қарым-қатынастың нысаны болып табылады;

    2) құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылар өзара заңды құқықтар мен міндеттерге ие болады (яғни, міндетсіз құқық болмайды, құқықсыз міндет болмайды);

    3) құқықтық қарым-қатынастар ерікті-саналық сипатқа ие (мысалы, экономикалық қарым-қатынастар адамның санасына не еркіне байланысты емес);

   4) қажетті жағдайларда құқықтық қарым-қатынастарға мемлекет кепілдік береді және қажетті жағдайларда оларды мәжбүрлеу күш арқылы қорғайды. 

    Сонымен, құқық объектісі құқықтық қарым-қатынас ұғымына тікелей қатысты және оның бөліктерінің бірі десек те болады. Бұл ойды дәлелдеу үшін құқықтық қарым-қатынас ұғымын құрайтын элементтерді атап өтуіміз керек. Әдебиеттерде осындай элементтер ретінде құқықтық қарым-қатынастың:

   1) субъектісін; 2) объектісін; 3) құқығы мен 4) міндетін, - нақты көрсетіледі.

                      1-Бөлім. Азаматтық құқықтың объектілері

          1.1 Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері

 

       Азаматтық кұкыктың нормаларымен реттелетін коғамдық қатынастар азаматтық құқықтың объектісі деп аталады. Мүліктік және мүліктік емес игіліктері, сондай-ақ кұқыктар азаматтық құқык обьектілері бола алады. Мұндағы құқық - мемлекетке, заңды ұйымдарға және азаматтарға тиесілі субъективтік құқықтар.

    Азаматтык кодекстің 115-бабында азаматтык құқык объектілерінің кең тізбегі көрсетілген.

Олар:

   1) мүліктік игіліктер мен құқыктарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, кызмет, шығармашылык- интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құкықтар мен басқа да мүлік жатады;

   2) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі мен денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке қүпия мен отбасы қүпиясы, есім алу қүқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сүқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар;

Мүліктік құндылықтарға барлық материалдық пәндер мен құндылыктар, сонымен қатар азаматтық Құқық нормаларымен реттелетін, құқык субъектілерінің материалдық және өзге қажеттіліктерін қанағат тандыратын энергия, жұмыс пен кызмет көрсетулер де жатады. Табиғаттың тек қана табиғи ресурс болып табылатын және адам қызметініц объектісі ретінде пайдаланылатын, меншік объектісі бола алатын табиғи объектілері ғана мүліктік құндылыкка жатады.

  

      Мүлік әр түрлі күйде болуы мүмкіп. Олар: қатты зат, энергия, сұйықтық, газ, жануарлар немесе өсімдік әлемі, тіпті табиғи ортадан бөлінетін вирустар мен бактериялар.

 

    Мүліктік құкык болып мүліктік кұндылыққа ие болу, пайдалану және иеліктен шығаруға байланысты субъективтік кұқықтар жатады. Мүліктік құкықтар заттық (АК-тің 118 және 195-баптары) және міндеттемелік (АК-тің 268-бабы) болып бөлінеді. Азаматтық құқықтардың пайда болу негіздері АК-тің 7- бабыңда көрсетілген.

   АК-те  азаматтық кұқықтың объектілерінің  бірқатары көрсетілген. Бірақ ол көрсетілген тізіммен шектелмейді, мәселен, ақпарат та негізгі күрделі объектілердің бірі болып табылады.

     Азаматтық құқық объектілерін ерекшелейтін белгілер және объектілердің тҥрлері Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз азаматтық құқық объектілеріне тоқталуымыз керек.  Ол үшін ең алдымен Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық құқықтың объектісі қалай айқындалғанын және біздің заңдарымыз қай концепцияға негізделгенін анықтауымыз қажет.  Тәуелсіз Қазақстанда азаматтық құқық бойынша белгілі ғалымдардың ұжымымен ең алғаш рет шығарылған "Гражданское право" оқулығында азаматтық құқық объектісіне деген қазақстандық ғылымның көзқарасы мүлдем көрсетілмеген. Осы оқулықтың 83-ші бетінде: "Цивилистердіңкөпшілігінің пікірі бойынша азаматтық құқықтық қарым-қатынастың объектісі болып осы қатынастың негізі болған нәрсе табылады",  - деп қана қойылған.  Сондықтан-да, алдымызға қойылған сұраққа жауап беру үшін заңдарымызға көңіл аударып көрейік. 

     1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (жалпы бөлім) 3-ші тарау толығымен азаматтық құқықтардың объектілеріне арналған. Байқасақ, бұл жерді азаматтық құқықтың объектісі емес, құқықтардың объектілері туралы айтылған. Ал, азаматтық құқық пен азаматтық құқықтардың қандай айырмашылығы бар? 

   Біздің ойымызша, азаматтық құқық дегеніміз  -  жалпы құқықтың бір саласы. Ол, осы саладағы барлық құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде көрініс табады, яғни бұл жерде біз азаматтық құқық туралы объективтікқұқық ретінде айтамыз. Ал, азаматтық құқықтар дегеніміз – ол, азаматтық құқық субъектілерінің иелегінде бола алатын құқықтар. 

    Құқық теориясына сүйенсек, азаматтық құқықтың объектісі болып белгілі бір қарым-қатынастар ғана табыла алады. Ал, азаматтық құқықтардыңобъектісі ретінде Азаматтық кодекстің 115 бабындағы 1-ші тармақта  көрсетілгендей мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар қарастырылады.  Енді, азаматтық құқық субъектілерінің осы игіліктері мен құқықтары қандай жағдайда азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа айналады?  -  деген сұраққа жауап беріп көрейік. Бұл жерде тағы да жалпы құқық теориясына сүйенуіміз керек. Осы теория бойынша субъектілердің жеке құқықтары мен игіліктері іс жүзінде жүзеге асырылған жағдайда ғана құқықтық қарым-қатынас пайда болады. Осыған орай, субъектінің жеке құқықтарының да, азаматтық құқықтың да объектісі бір десек қателеспейміз. Демек, бұл жерде объекті ортақ болып отыр, яғни Азаматтық кодексте белгіленген азаматтық құқықтардың объектілерін біз азаматтық құқықтың да объектілеріне жатқызсақ болады. 

    Мұны  Қазақстанның  белгілі  ғалымдарының  Азаматтық кодекс берген түсініктемесі де дәлелдейді. Субъективтік азаматтық құқықтардың объектісі ретінде  (бұл құқықтар тек азаматтық қарым-қатынастар арқылы көрініс табады) түсіндірілетін 115-ші бап бойынша мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар қарастырылады, -  дейді бұл түсініктеменіңавторлары.  

        Бұл құқықтар мен игіліктер азаматтық құқық субъектілерінің әсер ететін пәні болып табылады, өйткені жалпы түрде объект дегеніміз субъектінің әсерететін нәрсесін түсіну керек. Бұл жағдайда құқық субъектісінің құқық объектісіне жасайтын әсері айрықша болып табылады. Ол объектінің табиғине өзге де қасиеттерін өзгертпейді, тек заңда көзделген шекте объектінің құқықтық белгілері мен жағдайына ықпалын тигізеді. Алайда, жалпы түрде айырмашылық бар болса да, шынайы түрде азаматтық құқық пен азаматтық құқықтардың объектілері бір (ортақ),  - деген тұжырым жасауға болады. Бұл тұжырым "Гражданское право" оқулығының авторларымен де дәлелденеді, өйткені олар оқулықтың тиісті бөлігін азаматтық құқықтық қарым-қатынастардың объектілері,  - деп, - атай отыра, оның құрамында Азаматтық кодекстегі 115 бапқа сүйенген.   Азаматтық кодекстің 115  -  ші бабына келетін болсақ, ол  -"Азаматтық құқықтар объектілерінің түрлері",  -  деп аталады. Мұндай түрлерге мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатқызылған. 115-шы баптың 2-ші  тармағында мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, құнды қағаздар, жұмыстар, қызметтер, творчестволық интеллектуалдық қызметтің көрінісін тапқан нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өнімдерге жеке сипат беретін өзге де құралдар, мүліктік құқықтар және өзге де мүлік,  - делінген.  

    115 баптың 3-ші тармағы жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға – тұлғаның өмірі, денсаулығы, қадыр-қасиеті, ар-намысы, жақсы аты, іскерлік репутациясы, оның жеке өміріне қол сұқпаушылығы, жеке және отбасылық құпиясы, есімінің болу құқы, автор болу құқы, шығармасына ешкімнің деқолсұқпаушылығы құқы және басқа материалдық емес игіліктер менқұқықтарды жатқызады.

 

 

 

                     

                                 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       1.2 Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде

 

      Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданылатын  заңда айтылмаған, оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Сонымен, зат дегеніміз, азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бұлігі. Заттар  мүліктің ең көп тараған түрлерінің бір түрі болып табылады. Заң әдебиеттерінде заттар ретінде адамға қатысты материалды әлемде адаммен жасалған сондай-ақ табиғат жаратқан нақты құрамдарға ие заттар ретінде түсіндіріледі.  Қоғамдық құрамдарына  байланысты заттар құқық объектісі бола алады, сондай-ақ құқық субъектісі ретінде заңды құралдармен оның нақты құрамдарына әсерін тигізе алмайды, бірақта соңғы заттың құқықтық режиміне әсерін тигізеді. Айтылған құқықтың зат түріндегі мүлік объектілеріне әсері кейбір түсініктемелерді талап етеді. Бір қарағанда зат пайдалану құқығының субъектісі заттан нақты пайдалы құрамын алатын объект ретінде көрінеді. Затты пайдалана отырып субъект оған тек қана заңды емес, сондай-ақ фактілі әсерін тигізеді. Бірақ пайдалану құқығының өзі  –  бұл мүліктен пайдалы құрамын алатын заңи мүмкіндік, бірақ бұл пайдалы құрамдардан фактілік алу болмайды. құқық пайдаланушылық және фактілі пайдалану, мүмкіндік және шынайлық сияқты заңи және фактілік болып ерекшеленеді.

      Осыдан  келе заңи және фактілік әсер объектісі ретінде мүлік ерекшеленеді. Заттар мүлік сияқты әртүрлі болады және үнемі құқық субъектісіне қатысты белгілі қарым қатынаста болады. Зат түсінігінде әртүрлі табиғи ресурстар және адам еңбегінің өнімдері жатады. Заттар құрамына әртүрлі энергия түрлеріде жатады. (мысалы: жылу энергиясы, электр энергиясы) Ӛсімдіктер және жануарлар да зат болып табылады.

     Заң бойынша заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайда, яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттілігіне байланысты. 

Информация о работе Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері