Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:08, курсовая работа

Краткое описание

Ал, құқықтық қарым-қатынастың қандай белгілері болады деген сұраққа жауап іздесек, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
1) құқықтық қарым-қатынас – пайда болуы мен жүзеге асу механизмі әлеуметтік қарымқатынастың орнатылуы мен жүзеге асуының жалпы заңдылықтарына бағынышты қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың бір түрі;
2) құқықтық қарым-қатынастың тараптары ретінде құқық субъектісіне тән сипаттарды иелене алатын тұлғалар ғана табыла алады;
3) құқықтық қарым-қатынастың мазмұны ретінде нысаны әдетте құқықтық нормативпен реттелген осы қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың өзара әрекеті көрініс табады; ал, мұның мақсаты болса тараптармен көзделіп отырған және заңға сәйкес келетін нәтижеге жету болып табылады;
4) қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрінің шегінде ғана субъективтік құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен қолдануы, құқықтық міндеттердің орындалуы жүзеге асырылады;
5) қазіргі қоғамда құқықтық қарым-қатынастар қалыптасқан құқықтық тәртіп пен заңдылық шеңберінде адамның алға қойған мақсаттарына жету, мүдделері мен ниеттерін жүзеге асырудың негізгі заңды жолдарының бірі болып табылады;
6) әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне қарағанда құқықтық қарым-қатынастардың өзара құқықтық қатынастың үлгісін қамтып ғана қоймай, яғни құқықтық қарым-қатынастың мазмұнын, осы үлгінің бұзылуынан қорғайтын әдістер мен шараларға көрсететін құқықтық нормативпен тығыз байланысы бар.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................2-3

1-Бөлім. Азаматтық құқықтың объектілері......................................4

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері................4-7
Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде..............................8-12
Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде .................................13-14
Бағалы кағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері....................15-18
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге
айналған нәтижелері.......................................................................19-20
Мүліктік емес өзіндік құқықтар.........................................................21-24

Қорытынды....................................................................................................25-26
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................27

Файлы: 1 файл

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

      Құқықтық режимі байланысты жылжитын және жылжымайтын мүліктің ерекшеленеді. Жылжымайтын мүлік құқығына пайда болуы, болмысы, тоқтатылуы және берілуіне байланысты жылжымайтын мүлік ережеге сәйкес арнайы мәні мен құндылықты иеленеді. Жылжымайтын мүлікпен мәміле жазбаша немесе нотариалды тіркеу арқылы жасалады, ал жылжымайтын мүлікке құқық, олардың пайда болуы және тоқтатылуы, ауысуы мемлекеттік тіркеуге жатады.

      Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда, әуе және теңіз кемелері, ғарыш объектілері қозғалмайтын түрге жатқызамыз.

     Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша кәсіпорын термині екі мағынада қарастырылған. Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады. Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ьғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауынабелгілейтін белгілер, яғни фирманың атауы, тауар белгілері  заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе және тағы басқа айрықша құқықтар болады. мүліктік кешеннен қандайда бір обектіне алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы және өзгеде құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады. Қозғалмайтын заттарға жатпатын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалматын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгенен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді.

     Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін. Бөлінетін мүлік дегеніміз – бөлу нәтижесінде бөліктері өз мақсатын жоғалтпайтын мүліктер. Мысалға алатын болсақ, ешқандай шығынсыз азық-түлікті, жанармайды, материалдарды және сол сияқты заттарды бөлуге болады, және немесе бұл заттардың әр бөлігін бұрынғы өз мақсатына сәйкес пайдалануға болады.           

     Құқықтық көзқарас бойынша бөлінбейтін мүлік дегеніміз  -  өзінің шаруашылық мақсатын өзгертпе бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік. Мысалы, автокөліктер, музыкалық аспаптар, үй жиһазы және тағы басқа заттарды жатқызуымызға болады.  Жалпы ережеге сәйкес бөлінбейтін заттар физикалық тұрғыда өз бетімен болатын бір түрлі немесе әртүрлі заттардың кешенді болатын  тобының жиынтығы. Олар жалпы шаруашылық немесе басқа мақсаттағы заттар, мысалы, мебель гарнитуры, ас үй сервизі, арнайы кітапхана және тағы басқалар. 

   Егер әр текті заттар тек бірігу мәні белгілейтін мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат (күрделі зат) деп қаралады. Күрделі зат жөнінде айтылған мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлық құрамдас бөліктеріне қолданылады.  Күрделі зат келесідей белгілермен ерекшеленеді: біріншіден, өз құрамына әртүрлі заттарды қосатын және өзінің құрамдары бойынша бір-бірінен ерекшеленетін заттар. Екіншіден, көрсетілген әртүрлі заттар өз мақсаты бойынша бір құрамда болады. Үшіншіден, толық бір құрамды құрайтын күрделі заттардың мақсаты заттардың қосылуымен  белгіленеді.             

    Мысалға, күрделі зат ретінде жер учаскісімен байланысты құылыс немесе басқа да жылжымайтын мүліктерді қарастыруға болады. күрделі зат әртүрлі заттармен қатар өз құрамына біртүрлі заттарды қосады. Мысалға, өзіне бірнеше бірдей кеселерді, тарелкаларды, сондай-ақ басқа түрдегі шайнекті және тағы басқаларды қосатын сервизді айтуға болады. Күрделі заттарда әртүрлі заттардың саны екеуден кем болмауы керек. Бұл заттарға аяқ киім, қолғап, шаңғы және т.б. жатады. Күрделі заттың қатарына саны жағынан көп болатын заттарда жатады, мысалы, құқықтық объектісі ретінде кәсіпорын, жиһаз гарнитуры, техника комплектісі соның ішінде қосымша техника құралдары бар тракторды айтуға болады.

      Күрделі заттың түсінігі бөлінбейтін заттың түсінігіне ұқсас болып келеді. Сондықтан оған бөлінбейтін заттың құқықтық режимінің ерекшеліктері қолданылады. Күрделі зат сондай-ақ физикалық тұрғыда бірнеше заттардан тұратын, бөлінбейтін заттың құқықтық режимінің ерекшеліктерін иеленетін бөлінбейтін затың ерекше түрі.

      Азаматтық заңда затты басты және керек жарақ (қосалқы) деп бөледі. Басты зат деп дербес бола алатын және азаматық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек жарақ (қосалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылы мақсаты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді. Мысалы, құлыптың кілті, скрипканың қылшыбығы, музыкалық құрал және оның қорабы, картина және оның рамасы және т.б.. Мұнда олардың біреуі, яғни бұл жағдайда музыкалық құрал және картина негізгі мәнді иеленіп басты зат болып табылады. Басқалары яғни қорап және рама ережеге сәйкес негізгі мәнге ие болмайды және басты затқа қызмет етеді. Ал, ресей әдебиетінде басты жылжымайтын мүліктердің, яғни жердің, фабрикалардың, заводтардың және  үйлердің керек жарақтары көрсетілген. Олардың жерге қатыстылары үйлер, диірмендер, көпірлер, өзендер, көлдер, арықтар, батпақтар, жолдар, бұлақтар және сонымен қатар жер үстіндегі және астындағылардың барлығы жатады. Завод және фабрикаларға қатыстылары олар: завод және фабрика құрылыстары, ыдыстар, құрал-жабдықтар, жерлер, ормандар, кен көздері және т.б. үйлердің керек-жарақтары: едендері, обойлары, тас пештері, айналар, үйдің сыртқы және ішкі беттеріне орналасқан алуға болмайтындай ғимаратпен тығыз байланысты заттар.

     Азаматтық заңда жемістер, азық түлік және табыс деген заттарда қаралған. Бұл  –  затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістердеп отырғанымыз малдың төлі, жүні, сүті, жұмыртқасы, жеміс ағаштарының жемісі, шай жапырақтары және т.б., ал азық-түлік дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады. Азық түлік ретінде еңбек процесі нәтижесінде басқа заттарды пайдалана отырып жасалған заттар. Мысалға, наубайхананың шығарған өнімі, тігін өндірісінің шығарған өнімдері және т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіретін және оған жалдамалы ақы, пайыздар, банк салымы бойынша пайыздар және тағы басқалар жатады. Өндірістік қызметтен немесе заттарды пайдаланудан түскен, сондай-ақ ақшалай табыстар.

     Жануарларды да азаматтық құқықтың объектісі ретінде қарастырамыз. Сондықтан жануарларға заттар сияқты құқықтың объектісі ретінде  азаматтық құқықтың жалпы нормалары қолданылады. Сонымен қатар нормативті құқықтық актілерде құқықтың тірі объектісі ретінде жануарлардың спецификасы қарастырылған, яғни жануарларға қатыгездікпен қарауға жол берілмейді. Қазақстан Респубикасының Конституциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес жануарлар дүниесі табиғи ресурс ретінде мемлекетің меншігінде болады деп көрсетілген. Жануарлар дүниесін пайдалану және қорғау арнайы заңдармен регламенттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           1.3 Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде

 

    Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес қасиеттері заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақшалай сомма  төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал ірі  - ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.

  Экономикалық әдебиеттерімен саралануына байланысты ақшаның экономикалық функциясы көптүрлі болады. Ақшаның негізгі мәні экономикалық, қоғамдық-саяси мінездемеде бекітілген. К. Маркстың көзқарасы бойынша ақша  –  тек қана зат емес оның негізгі мәні темір мен қағаздың бөлшегі емес сондай-ақ ол қоғамды қатынастарды көрсетеді.

     Материалды әлемнің пәні ретінде нақты ақша, ақша белгілері нысанында банкноттық және монеталық   зат болады. Заңи тұрғыдан қарағанда ақша басқа заттарға ауыстырылады және азаматтық айналымға қатысады. Қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшаның арасындағы айырмашылыққа қарамастан азаматтық құқық әдебиеттерінде ақша заттар ретінде қарастырылады.

     Осындай сипатпен ақшаны азаматтық құқықтың объектісі ретінде келесі жағдайда анықтауға болады: ақша зат ретінде (нақты ақша) азаматтық құқықтың объектісі және кез-келген мүлікке ауыстылылатындай құрамға ие (қолма-қол ақшасыз) ақша.

      Мүліктің түрлеріне шетел валютасын жатқызуға болады.  Шетел валютасы ерекше объект ретінде валюталық объектілер категориясына енгізілген. Валюталық құндылықтар болып табылатын мүлік түрлері заң актілерімен белгіленеді. 1996 жылғы 24 желтоқсандағы валюталық реттеу туралы ҚР заңына сәйкес  валюталық құндылықтарға мыналар жатады:бағалы қағаздар, төлем құралдары, шетел валютасы бағамы ретінде көрсетілген номинал, сондай-ақ құйма түрінде аффинирленген алтын.

      Шетелдік валюта  –  бұл шетел мемлекеттерінің төлем құралы ретінде қабылданғанақша бірлігі. Осындай сипатпен шетел валютасы  –  шетел мемлекетінің ұйымдарының немесе арнайы органдарының эмитентерінің активтерімен қамтамасыз етілетін шетел мемлекеттерінің ақшасы.

     Шетел валютасы нарықтық қатынастардың дамуына және кәсіпкерлердің ішкі экономикалық қызметтерінің кеңейуіне байланысты ерекше мағынаға ие болды. Бұл қызмет шетел валютасын алудың негізгі көзі болды. Шетел валютасын пайдалану ережесі ауыр және жеткілікті негізде күрделі.

      Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібімен шарттар заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негіздерде қорғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     1.4  Бағалы кағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері

     

     Азаматтық құкықтың обьектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабьша сәйкес, бағалы қағаз-мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.

   Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:

   1.құжатты және құжатсыз;

   2.эмиссиялық және эмиссиялық емес;

   3.атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.

         Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы кағаздын мазмұнын арнаулы техникалык құралдарды пайдаланбай-ақ тікелей оқу мүмкіндігі болатын кағаз немесе өзге де материалдық жеткізуші) шығарылған бағалы қағаздар.

       Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар.

      Эмиссиялық бағалы қағаздар - бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірдей жағдай негізінде орналастырылатын және айналымда болатын, біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар.

     Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - эмиссиялық бағалы қағаздарға сәйкес келмейтін бағалы қағаздар.

      Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

       Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құкықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

       Ордерлік бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар азаматтық кодекстің 132 бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен берілген жағдайда, басқа тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

          Бағалы қағаздың ерекше сипаттары бар. Оның:

     1) бағалы қағаз - түрі мен мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландыратын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндеті реквизитгері, бағалы қағазы нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе солардың белгіленген тәртібі бойынпіа бөлінеді. Ал, мідетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

     2) бағалы қағаз онын неленушісінің мүліктік құқығын куәландырады.

    3) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құкық іске асырылады.

     Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны зат деп іе көрсетеді. Өйткені, кез-келген құжаттың түп төркіні материалдың дүниеге қатысты келеді. Тек заңмен белгіленген шарттың белгілері сақтануға ғана бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, оның құны тиісгі материалдың игіліктің құқығына негізделеді.

     Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшін бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткілікті. Атаулы бағалы қағаз бойынша қуқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның жаңа иесіне басқа бағалы қағаз беріледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнұсқасы болады, ал түпнұсқаны ұсынушы келесі тұлғаға корсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Яғни ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді.

Информация о работе Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері