Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:08, курсовая работа

Краткое описание

Ал, құқықтық қарым-қатынастың қандай белгілері болады деген сұраққа жауап іздесек, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
1) құқықтық қарым-қатынас – пайда болуы мен жүзеге асу механизмі әлеуметтік қарымқатынастың орнатылуы мен жүзеге асуының жалпы заңдылықтарына бағынышты қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың бір түрі;
2) құқықтық қарым-қатынастың тараптары ретінде құқық субъектісіне тән сипаттарды иелене алатын тұлғалар ғана табыла алады;
3) құқықтық қарым-қатынастың мазмұны ретінде нысаны әдетте құқықтық нормативпен реттелген осы қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың өзара әрекеті көрініс табады; ал, мұның мақсаты болса тараптармен көзделіп отырған және заңға сәйкес келетін нәтижеге жету болып табылады;
4) қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрінің шегінде ғана субъективтік құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен қолдануы, құқықтық міндеттердің орындалуы жүзеге асырылады;
5) қазіргі қоғамда құқықтық қарым-қатынастар қалыптасқан құқықтық тәртіп пен заңдылық шеңберінде адамның алға қойған мақсаттарына жету, мүдделері мен ниеттерін жүзеге асырудың негізгі заңды жолдарының бірі болып табылады;
6) әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне қарағанда құқықтық қарым-қатынастардың өзара құқықтық қатынастың үлгісін қамтып ғана қоймай, яғни құқықтық қарым-қатынастың мазмұнын, осы үлгінің бұзылуынан қорғайтын әдістер мен шараларға көрсететін құқықтық нормативпен тығыз байланысы бар.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................2-3

1-Бөлім. Азаматтық құқықтың объектілері......................................4

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері................4-7
Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде..............................8-12
Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде .................................13-14
Бағалы кағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері....................15-18
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге
айналған нәтижелері.......................................................................19-20
Мүліктік емес өзіндік құқықтар.........................................................21-24

Қорытынды....................................................................................................25-26
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................27

Файлы: 1 файл

Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

      Ордерлік бағалы кағаз бойынша міндетті субъект құжат мәнінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу - индоссамен арқылы беріледі, Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы керек. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам құқықтың болуы үшін ғана емес, онын жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамен құжатта жазылады және онын екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқык мираскорынын аты жазылады, ал екіншісі бланктік болады, онда бағалы қағаздын тапсырылғандығы туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.

      Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретімен жазылады. Ал мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады.

     Облигация - шығару кезінде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және онын айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немеее өзге де мүліктік балама түрдегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жергілікті атқарушы органдар, коммерциялык ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы.

    Облигацияда оның атауы, яғни "облигация" деген сөз болуы, облигацияның түрі, фирмалық атауы, мекен- жайы мен эмитентгің банктік реквизиттері, шығарылымның мемлекеттік тіркеу күні мен номері, бағалы қағаз туралы Ұлттық комиссия берген облигацияның ұлттық идентификациялық номері, сол шығарылымдағы облигацияның жалпы көлемі, тиісті мүліктік құқықтармен қатар облигацияның сериясы мен номері, уәкілетті тұлғаның қолы мен эмитенттіц мөрі болуы тиіс.  

      Облигацияның келесі бетінде меншік иесі туралы моліметтер мен басқа да шарттар көрсетіледі.

     Акция - акиионерлік коғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік коғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.

      Акцияда мынандай реквизиттер болуы тиіс: АҚ мекен-жайы мен фирмалық атауы, бағалы қағаз атауы мен оның реттік номері, шығарылған күні, акцияның түрі акцияны ұстаушының аты жөні, акцияны шығарған кездегі қаржылық қорының көлемі, шығарылған акциялар саны, акция эмиссияеының мемлекеттік тіркеу номері, дивиденд төлеу мерзімі және басқарма төрағасы мен бас бухгалтердің қолы.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             1.5Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің  объектіге

                                            айналған    нәтижелері

   Интеллектуалды  меншік  дегеніміз  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың интелектуалдық  шығармашылық  қызметтерінің  нәтижесі  болып табылады.

     Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесіне мыналар теңестіріледі: 1) фирмалық атаудағы фирманың атаудағы заңды тұлғаның құқық субъектісі ретіндегі жекешелендіру құралы. 2) құқық объектілерінің  (жеке және  заңды тұлғалардың  қызмет  және  жұмыс  атқару  нәтижесіндегі  өнімдері) жекешелендіру  құралдары.  Азаматтық   заң  актілерінде  белгіленген  реттер мен  тәртіп  бойынша  азаматтың  немесе  заңды  тұлғаның  шығармашылық интеллектуалды  қызметтің  нәтижелеріне  және  оларға  теңестірілген  заңды тұлғаны  дараландыру  құралдарына,  жеке  немесе  заңды  тұлғаның  өзі орындайтын  жұмысының  немесе  қызметінің  өнімдеріне  ерекше  құқығы танылады. Ол өнімдер: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б. Интеллектуалды  меншік  құқығы  –  бұл  оны  иеленушінің интеллектуалдық меншік  объектілерін өзінің қарауы бойынша  заңмен  тиым салынбаған тәсілмен билік ету, басқа тұлғаға өз құқығын толығымен немесе ішінара  беруге,  интелектуалды  меншік  объектісін  басқа  тәсілдермен  билік етуге жол береді.

    Интеллектуалдық  меншік  құқығына  жататындар:  ғылыми  еңбектер, әдебиет пен мәдениет, аудиовизуалдық шығармалар, ойлап табу нәтижелері, қажетті  моделдер,  өндірістік  үлгілер,  селекциялық  жетістіктер,интегралды схема топологиясы,  интеллектуалдық шығармашылық  қызметтің басқада

нәтижелері,  фирмалық  атаулар,  тауарлық  белгілер  және  қызмет  кӛрсету 

белгілері.

    Ойлап  табу  нәтижелері,  қажетті  моделдер,  ӛндірістік  үлгілер, селекциялдық  жетістіктер,  интегралды  схема  топологиясы,  тауар  белгілері және  қызмет  кӛрсету  белгілері  және  кейбір  басқа да  объектілерді  заң интеллектуалдық  меншіктің  түрі  ретінде  қарастыра  отырып  ӛндірістік меншік деп атайды.

    Шығармашылық  интеллектуалдық  қызметтің  нәтижелері  мен  ерекше құқықтардың  (интеллектуалды меншіктің) объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге  асырады. Ал келісім болмаған жағдайда  заң  актілерімен белгіленген жауапкершілік  туындайды.  Интеллектуалдық  меншік  құқығынан интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерін және интеллектулдық меншік  объектісіндегі  матералдық  сипаттағы  меншік  құқығын ерекшелендіріп  алу  қажет.  Бұл  құқықтар  бір-бірінен  тәуелсіз  болады.   Мысалы:  музыкалық шығармасы  бар  кассета  және  кітапты  иеленуші  тұлға бұларға  билік  ете  алады.  Бірақ  кітапта  жазылған  әдеби  шығармаға  және кассетада  жазылған  шығармаға  құқықты  кітап  немесе  кассета иеленуші иеленбейді,  ол  құқық  әдиби  және  музыкалық  шығарманың  авторының иелігінде  болады.  Сондықтан  кітап  және  кассета  иеленуші  әдеби  және музыкалық  шығарманың  авторының  рұқсатынсыз  жанағы  жазылған  кітап пен кассетаны тарату мен шығаруға құқығы жоқ.

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               1.6 Мүліктік емес өзіндік құқықтар

     

          Азаматтық құқықтық қатынас объектілерінің бірі мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады (АК-тің 1-бабы). Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емее жеке қатынастар азаматтың заңдармен реттеледі, өйткені, олар заң күжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәніиен туындамайды (АК-тің 1-бабының 2-тармағы).

    Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматқа тиесілі мүліктік емес озіндік игіліктер мен құқықтардың үлгі тізбесі келтірілген, оған жататындар: жеке адамнын өмірі, денсаулығы, кадір-қасиеті, абыройы, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы кұпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық объектілерінің бүл тобының ерекшелігі мынада:

    1) бұл кұқық өзіндік, яғни тиесілі тұлғадан ажырамайды;

    2) мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық (мүліктік) мазмұны болмайды;   

    3) абсолютті құқықтың санатына жатады, яғни бұл қүқықтарды ешкім де бұза алмайды;

    4) бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін құқық.

 

        АК-тің 143-бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінін ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай келетіндігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге қүқылы.

      Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар, атап айтқанда:

     1) ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін;

     2) жауапкер арқылы таратылғаң;

     3) шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар   теріске шығарылады.

 

      Азаматтардың және үйымдардың ар-намысыңа жәңе абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар танылады: баспа жүзінде жариялаған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралык құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметпк, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолдаган хаттарда көрсетілгең көпшілік алдында сөйлеу кезінде лауазымды адамдарға немесе басқа да, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер. Жеке айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату дел есептеуге болмайды.

     Қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастар, бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындықі жатпайтын мәліметтер олардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, отбасында, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс- шаруашылық жұмысын жаманатты ететін мәліметтер). Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мо;:імлтер шындыққа жатса талапкердің ондай мәлім:і герді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді деп есептеуге болмайды.

 

    Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе заңды тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет-қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының манызын іштей түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызды түйіндерге негізделеді.

    Абырой деген - өз рухани байлығы, рухани санасын, Қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.

Жұмыскерлік атақ немесе іскерлік бедел деген - адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделдеріне қогам пікірі бойынша дүрыс берілген баға.

       Ар-намысқа және абыройға кір келтіретіп мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жагдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.

       Егер де жариялауда аты-жөні көрсетілмеген оның мағынасында кім жөнінде айтылып тұрганы анық көрініп түрса, сонымен қатар кір келтіретін мәлімдеме сол әулеттің қайтыс болған мүшесі жөнінде немесе заң жүзінде мұрагерге жататьш жақын туысы жөнінде болса, мүдделі адам АІЖК-нің 8-бабы бойынша сот арқылы ар- намысты жәңе абыройды қорғау туралы талап қоюға құқылы.

       Кір келтіретін мәлімдеме кәмелетке толмаған ңемесе заң жүзінде ешбір қабілеті жоқ деп таңылғандар жөнінде таратылған болса, олардың заңды өкілдері ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде талап қоюға құқыкты.

     Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кі{ келтіретін мағлүматтар бүқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптары тегін теріске шығарылуға тиіс. Егер мағлүматтар ұйымнан шыққан құжатта болса бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлаңа отырып, мұндай құжат алмастырылуға немес кері сұратып алынуға тиіс.

     Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңдғ тұлғаға қатысты олардын қүқықтарына немесе заңді мүдделеріңе нұқсан келтіретін мағлұматтар жарияласг олар сол бұқаралық ақпарат кұралдарында өз жауаптарын тегін жариялауға құқылы.

      Азаматтың жеке кұпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға қүқыгы бар. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.

       Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторынын келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсы бірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін.

        Қандай да бір адамның суреттік бейнесін оның келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерінің келісімінсіз пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ.

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қорытынды

 

     Азаматтық құқық объектілерінің келесі ерекше белгісі  –  ол, осы объектілердің негізі болып табылатын заттардың мүлік сипатына ие болуы. Біз қарастырып отырған Азаматтық кодекстің 115-ші бабы объектілер қатарына кез келген құқықтар мен игіліктерді жатқызбайды, бұл бап олардың мүліктік сипаты болуы керек деп талап етеді. Кез келген зат мүлік бола алмайды, ол  үшін бұл зат тауар қасиетіне ие болуы керек, яғни мұндай заттың экономикалық құны мен тұтыну құны болады. Яғни, мүлік болу қасиеті табиғи емес, әлеуметтік қасиет десек қателеспейміз. Мүлік түрлерінің тізімі 115-ші баптың 2-ші тармағында берілген, бірақ бұл  тізім толық емес, өйткені мүліктің түрлерін бір тізбек арқылы бекіту мүмкін емес. Мысалы, бұл тізімде жоқ мүліктің түрлеріне "ақпарат" пен "радиочастоталық спектрді" жатқызуға болады. 

   "Мүлік" деген жалпы ұғым тек мүліктік құқықтар мен игіліктерді ғана емес, олардың жиынтығын да, сондай-ақ мүліктік талаптар мен қарыздарды (мысалы, Азаматтық кодекстің 119 бабының 2-ші тармағы) қамтиды.   

    Сонымен қатар, мүлік деген ұғымға мүліктік кешен де жатқызылады (мысалы, Азаматтық кодекстің 119-шы бабы бойынша кәсіпорын  мүліктік кешен болып табылады).  Ал, енді "мүлік" ұғымын құрайтын заттар дегеніміз материалдық игіліктердің әлеуметтік сипаты бар материалдық заттар болып табылады.

Информация о работе Азаматтың кұкыктың объектілерінің түсінігі мен түрлері