Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

 

 

 

ЕКІ ЖАСТАН БАСТАП ҮШ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ

I СӘБИЛЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА  АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА 

 

БАЛАЛАРДЫҢ  ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ  СИПАТТАМА 

 

Бала  өмірінің үшінші жылында дене дамуы  әлі де қарқынды жүреді, алайда өткен  жылмен салыстырғанда бұл үдеріс баяу өтеді. Бұл кезеңде балалардың жүйке жүйесінің қызметі жетіле түседі, осыған байланысты белсенді сергектік  уақыты (6 сағ.-6,5 сағ. дейін) ұзарады. Бұл  жастағы балаларда өзін дұрыс  ұстау дағдылары жеңіл қалыптасады, себебі ол аз уақыт өз тілектері  мен әрекеттерін тежей алады. Алайда, 3 жастағы баланың тез  әсерленіп, тез шаршайтынын естен  шығармау керек.

Бала  өмірінің үшінші жылында жүйке жүйесінің  де дамуы қарқынды өтеді. Сәби психикасындағы үлкен өзгерістер тілдің ары қарай  дамуы және оның әсерінен ақыл-ойдың  дамуымен байланысты. Осы жастағы  балалардың сөздік қоры сан және сапасы жағынан өткен кезеңмен салыстырғанда, 3-4 есе артады. Сөздердің жеңілдетілген  формалары ғана емес, сонымен қатар  дұрыс айтылмайтын сөздер мүлде  жоғалады; балалар барлық сөз таптарын қолдана бастайды. Баланың қалыптасқан  ойлау қабілеті тілдің грамматикалық  құрылымында білінеді, ол жайылма  және құрамалас сөйлемдерді қолданады. Бұл жастағы балалар неге? неліктен? қайда? қашан? сұрақтарын көптеп қояды. Бұл сұрақтар дамыған танымдық қажеттілікті білдіреді.

Балалардың  түрлі сөз таптарын қолдануы мен  бала тілінде бағыныңқы сөйлемдер  мен сұрақтардың пайда болуы  ойлау қабілетінің дамуын сипаттайды; балалардың қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды жеке-жеке емес, олардың  арасында байланыс құра отырып, заттар мен құбылыстардың қасиеттерін  түсініп, салыстыра, теңестіре отырып қабылдайтындығын көрсетеді.

Баланың айналасындағы адамдардың тілін  түсінуде де елеулі өзгерістер болады. Бала өзінің айналасындағы өзіне, жан-дүниесіне  тікелей байланысты сөздердің мағынасын  түсінеді. Баламен тек осы уақыт туралы ғана емес, сонымен қатар өтіп кеткен уақыт жайлы да, келешек туралы да әңгімелесуге болады; мысалы, ол қайда барады, серуенде не істейді, кеше серуенде не болды, шыршаны қандай ойыншықтармен безендіруге болады, жазда орманда не жинайды, т.б. Едәуір күрделі жалпылау түрлері пайда болады, мысалы, ойыншықтар, киім сөзімен бала әртүрлі, бірақ қызметтері ұқсас заттары жалпылайды. Жалпыланған мағынаны заттың қасиеттерін білдіретін сөздер де иеленеді.

Бала  өз көзімен көрмеген оқиғалар мен құбылыстар туралы ересектердің әңгімелерін түсіне алады, бірақ әңгімеде қолданылатын сөздер оларға түсінікті болуы тиіс

3 жасқа  қараған бала тілінің тәрбиелік  мағынасы айтарлықтай өзгереді. Үйрету барысында көрсету әлі  де жетекші әдіс болғанымен, тілдің  үйрету мен тәрбиелеу құралы  ретінде ролі едәуір артады. Сөзбен  баланың қандай да бір әрекетін  тыюға, теріс қылықтарының алдын  алуға, өткенді еске түсіруге, жаңа әрекеттерге үйретуге, пайымдаулары  мен түсініктерін қалыптастыруға  болады. Бірақ, тілді дамытудағы  жетістіктерге қарамастан, балалар  тілдің грамматикалық құрылымын  меңгермегендіктен, тәжірибелері  әлі де жеткіліксіз болғандықтан, олардың тілдері ерекше болып  келеді.

3 жаста  баланың дыбыстарды дұрыс айтылуы  бекітілмеген, бірақ автоматтандырылған  болады. Көптеген дыбыстар жұмсақ  айтылады, бір сөз тіркесінде  дыбыстар дұрыс айтылса, енді  біреуінде қате айтылады. Бұл жастағы барлық балалар бірдей «р, л, с, ш, з» дыбыстарын дұрыс айта бермейді, айтуға тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырып айтады немесе тастап кетеді, орнын ауыстырады. Бірақ тіліндегі кемшіліктерге қарамастан бала басқа балалардың тіліндегі кемшіліктерді байқап, оларды жөндейді. Бұл балалардың тіл дыбыстарын қабылдауы дыбыстарды айта білуінен гөрі айтарлықтай жетілгендігімен түсіндіріледі.

3 жаста  балада өзін қоршаған орта  туралы түрлі ұғымдар мен түсінктер  қалыптасады. Бала тұрмыстық заттардың  қасиеттері мен қолданылуын біледі, оларды ажыратып қана қоймай, түрін, түсін, өлшемін атайды, негізгі кеңістіктік және уакыттық  қатынастарда бағдарлана алады.Балада  сан (көп, аз, артық, кем, бір)  туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Балалардың ұғымдары мен түсініктері әлі де жеткіліксіз, сондықтан қате қорытындылар жиі кездеседі.

Сенсорлық дамуы ары қарай жүзеге асады, бағдарлық-танымдық қызметте айтарлықтай  өзгерістер болады. Баланың негізгі  әрекетінің бірі бақылау болып табылады, оған ерекше назар аударған жөн, себебі ол сенсорлық дамудың маңызы құралы болып табылады. Егер ересектер баламен  бірге бақыласа, бала сұрақтарды көп  қояды, сондықтан зейінді болған жөн. Баланың қоятын сұрақтары қоршаған ортаны танып-білуге бағытталады.

Бала  өмірінің үшінші жылында іс-әрекет күрделенеді және, түрленеді. Оның келесі түрлері бар: заттық іс-әрекет (пирамида, мозаика, алмалы-салмалы ойыншықтармен  айналысу); сюжеттік ойындар (қуыршақпен ойнау); бақылаулар; суреттер мен кітаптарды қарастыру; еңбек әрекетінің элементтері (дербес тамақтану, киіну, ойыншықтарын жинастыру); құрылыс материалдарымен  ойындар; бейнелеу өнерінің бастауы (мүсіндеу мен сурет салу). Іс-әрекет түрлерінің сәбидің ойлау қабілетін дамытуда ерекше маңызы бар. Баланың қалыпты  дамуы бұл іс-әрекеттерсіз мүмкін емес.

Көптеген  іс-әрекеттердің ішінде сюжетті ойындар  ерекше орынды иеленеді, оның сипаты 2 жастағы баланың ойынымен салыстырғанда  күрделірек болып табылады. Бала, ойнай  отырып, айналасындағы адамдардың көптеген әрекеттерін бейнелей алады («жұмысқа барады», «түскі ас дайындайды», «науқас  адамды емдейді»).Бала әрекеттердің біртінділігі мен өзара байланысын бейнелеп қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көрсететін болады. Мысалы, қуыршақпен ойнай отырып, қайырымды болады, қамқорлық жасайды немесе оған ренжиді, ескертулер жасайды, жазалайды. Рөлдік ойындардың элементтері пайда болады.

Бала  өмірінің үшінші жылында дамудағы жаңалық  қандай да бір істі бастамас бұрын  мақсатын анықтай білу болып табылады: «Мен үй саламын», «Мен қуыршақты емдеймін». Жоспарлау элементтерінің пайда болуы - бала әрекетінде маңызды. Бұл жаста бала құрылыс материалдарымен айналысқанды жақсы көреді. Ол өзі күрделі құрылыстарды жасай алады (мысалы, гараж, оған баратын жол, шарбақтар) және олармен ойнайды.

Іс-әрекеттің жаңа түрлері: мүсіндеу мен сурет салу пайда болады. Бала қарындаш, ермексаздың көмегімен бір нәрсені бейнелеуге, үш жастың соңына қарай жол, жауын, кішкентай сақиналардың суреттерін салып, таяқшал, сақина, шелпекті илеп жасауды, бірнеше таяқшалар мен сақиналардан тұратын саңырауқұлақ пен пирамидаларды мүсіндеуге болатынын түсіне бастайды.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас барысында балада айналасындағы адамдар мен құбылыстарға белгілі қарым-қатынасы, соған сәйкес мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Жағымды мінез-құлықтың барлық түрлерін осы жастағы балаларда қалыптастыра бастау қажет. Осы кезеңдегі балалардың сезімдері де әртүрлі болып келеді. Олар рақаттану, қуану, өкіну, қорқу, ұялу, бауыр басу, өкпелеу сезімдерін білдіреді.

3 жас  - бала дербестігінің қарқынды  даму кезеңі. Дербестік баланың  іс-әрекеттері мен өмірінің барлық  жағында көрінеді: өзіне-өзі қызмет  ету дағдылары, ойындар, ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті, қарапайым еңбек  әрекеттері әбден жетіледі. Бала  бойында құрбыларына оң қарым-қатынастарын  білдіруі қалыптасады: жақсы көру, көмектесу, бірге жасау, қызықты  затты бақылау.Дербестігінің артуына  байланысты бала өзінің «Мен»-ін  түсіне бастайды және ересектерге  ұқсағысы келеді, сондай тәуелсіз, дербес болғысы келеді. Артық  қамқорлық жасағанда, тәрбиелік  тәсілдерді орынсыз қиындату  салдарынан «мінез-құлық дағдарысы»: баланың мінез-құлқында жағымсыз  жайттар - ерегесу, қыңырлық, еркелік  пайда болуы мүмкін. 

 

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ 

 

Үйде

Ұйқыдан ояну, таңертеңгі шаралар

6.30-7.30

Мектепке дейінгі ұйымда

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика

7.00-8.00

Таңғы ас

8.00-8.00

Ойындар, сабаққа дайындық

8.30-9.00

Шағын топпен ойын-сабақ

9.00-9.15

9.15-9.30

Серуенге дайындық

9.30-9.50

Серуен

9.50-11.30

Серуеннен оралу, гигиеналық шаралар

11.30-11.50

Түскі ас

11.50-12.30

Күндізгі ұйқы

12.30-15.00

Ұйқыдан ояну, сауықтыру шаралары

15.00-15.30

Бесін ас

15.30-16.00

Шағын топпен ойын-сабақ

16.00-16.50

Серуендеу, қимылды ойындар

16.50-17.40

Серуеннен оралу

17.40-18.00

Кешкі ас

18.00-18.20

Балалардың үйге қайтуы

18.20-19.00

Үйде

Серуен

19.00-19.50

Сабырлы ойындар, гигиеналық шаралар

19.50-20.20

Түнгі ұйқы

20.20-6.30 (7.30)


 

  

 

«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ  МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын меңгеруге саналы қатынасын, салауатты өмір салты әдеттерін қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық  мазмұны:

- ұйымдастырылатын  оқу іс-әрекеті - дене шынықтыру;

- балалардың  өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу  арқылы - өздігінен қозғалу әрекеті,  мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты  өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру  шаралары ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінде жүзеге асады. 

 

 

 

Дене шынықтыру

Мақсаты: балалардың дене сапасы мен қозғалу дағдыларының негізгі қимылдарын дамыту.

Міндеттері:

1. Балалардың  денсаулығын сақтау мен нығайтуды жалғастыру, шамадан тыс шаршаудың алдын алу. Баланың балабақшада және отбасында физиологиялық және психикалық жай-күйінің қолайлы болуын қамтамасыз ету.

2. Дене  шынықтыру сабағында және ертеңгілік  жаттығуларды орындау барысында  негізгі қимылдарды жетілдіру.

3. Ересек  адамның көрсетуімен дене жаттығуларын  орындауға үйрету.

Мазмұны:

Қол, дене, аяққа арналған жалпы  дамыту жаттығулары: ересектердің көрсетуі мен ауызша айтуына сәйкес дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шар, сақина, гантель және т.б.) қолдануға үйрету.

Негізгі қимылдар: бір уақытта үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Жүру және жүгіру. Топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Жіптен, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүру.

Топқа бөлініп және бүкіл топпен түзу бағытта, әр түрлі бағытта (бірін-бірі итермей), бірінің соңынан бірі, бір қатармен тәрбиешінің соңынан жүгіру.

Доғадан, орындықпен, жолмен нысанаға дейін еңбектеу.

Ауданы 50 × 50 см, биіктігі 10 см болатын подиумға, саты-баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.

50-60 см  арақшықтыққа доптарды (диаметрі 10-15 см) екі қолмен бастан асыра және кеуде тұсынан лақтыру. Тәрбиеші лақтырған допты қағып алу.

Кішкентай доптарды, қапшықтарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанға дәлдеп лақтыру.

Бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіру.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ересектердің  ауызша айтуы немесе көрсетуімен  дене жаттығуларын орындауды;

- гимнастикалық  атрибуттарды (жалауша, шарлар, сақина, гантель және т.б.) қолдануды;

- топқа  бөлініп және бүкіл топпен  жұлтасып, шеңбер бойымен, қол  ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше жүруді, аяқтың ұшымен, жіптен, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүруді;

- топқа  бөлініп және бүкіл топпен  түзу бағытта, әр түрлі бағытта,  бірінің соңынан бірі, бір қатармен  тәрбиешінің соңынан жүгіруді;

- доғадан,  орындықпен, жолмен нысанаға дейін  төрт тағандап еңбектей білуді;

- саты-баспалдаққа,  гимнастикалық қабырғаға өрмелеуді;

- допты  екі қолмен бастан асыра және  кеуде тұсынан, алысқа лақтыру,  тәрбиешінің лақтырған добын  қағып алуды;

- кішкентай  доптарды, қапшықтарды дәлдеп лақтыруды;

- бір  орында және алға жылжи отырып  қос аяқтап секіруді білуі тиіс.

Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мақсаты: тұрмыстағы мәдени-гигиеналық дағдыларды және өз-өзіне қызмет ету дағыларын тәрбиелеу, салауатты өмір салтына жағдай туғызу.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері