Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай  қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу  қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді.

Екінші  жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады: белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер  шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады.

2 жастың  соңына қарай тіл өзінің негізгі  қызметі - қоршаған ортамен қарым-қатынас  қызметін атқара бастайды. Бала  тілді, ең алдымен, ересек адамдармен  әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі  өздеріне жақсы таныс қарапайым  сюжеттерді түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің кейбір  сұрақтарына жауап бере алады.  Бала үшін тіл қоршаған ортамен  қарым-қатынас жасау құралы, ал  ересектердің тілі балаларды  тәрбиелеудің негізгі құралы  болып табылады.

Бала  үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция  жасаумен айналысуды жалғастырады: алмалы-салмалы  ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта  кигізеді. Заттармен әрекет жасай  отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу  қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында біртіндеп  күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды, «үй», «гараж» құрастырады, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы басқа  заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді.

1 жас  3 айдан бастап, 1 жас 6 айға дейін  бала жаңа іс-әрекеттерді орындай  бастайды, ересектер мен жасы  үлкен балалардың іс-әрекеттеріне  қарай отыра, тәрбиешінің қимылын  қайталап, көргендерін орындайды.  Ол бейнелеу әрекеттері деп  аталады, 2 жастың соңына қарай  біртінділікті қажет ететін сюжеттік  ойындарға ауысады. Өйткені, бір  жарым жасқа дейін бала көзбен  көргенінің әсерінде болады, оның  тәжірибелері мардымсыз, ойындары  тұрақсыз, ал ойын жағдайын тәрбиеші  дайындайды. Келесі жарты жылда  ойын едәуір тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер  орындайды. Егер бір жарым жасқа  дейін бала бір іс-әрекетпен  2-4 минут айналысса, екі жасқа  қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре  отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса  алады. Біртіндеп ойын барысында  ойлау қалыптаса бастайды: бала  ойында ауыстырғыш заттарды қолданады,  үлкендердің қимылына еліктейді,  өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға  ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды  ойлау қабілетінің негізі қалыптаса  бастайды.

Ересектер балаларға белгілі талап қойып, оларды орындауға көмектеседі. Өзін-өзі  ұстаудың қарапайым ережелерін орындап, ұқыптылықты сақтауға үйретеді. Белгілі  міндеттерге сәйкес үй тұрмысындағы заттарды қолдана білу біліктерін қалыптастырады. Құрал ретінде кейбір тұрмыстық  заттарды қолдана білу қабілеттерін дамытады. Баланың мінез-құлқын жетілдіруде, тілді меңгеруде және ойын әрекеттерін  дамытуға баланың еліктеу қабілеті маңызды орын алады: бір жарым  жастан кейін бала ересектердің қимылдарын қайталап қана қоймай, өзі көрген қимылдарды қайталай бастайды.

Екі жаста  негізгі қимылдардың барлық түрлері  жетіледі, ол кейбір анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктерге байланысты: бұл жастағы  баланың аяқтары қысқа, басы үлкен, денесі ұзын; қимылдарды үйлестіру  мен сыртқы белгілерге сәйкес ауыстыру іскерліктері жеткіліксіз.

Екінші  жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің бойымен  жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын  сәйкестендіру, кеңістікте бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа  балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді  аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп  қояды. Екінші жылдың бірінші жарты  жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі - бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен қатар далада, шөптің үстінде  жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді, үлкендердің көмегімен  сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу  жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың  қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің  қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды.

Балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі  қимылдар орындағанды жақсы көреді. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеруіне байланысты заттар мен олардың  қасиеттерін (пішіні, көлемі, түсі, т.б.) қабылдау қабілеттері жетіледі. Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен  орналасу орнына қарамастан, тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша  заттарды іріктей алу қабілеттері  пайда болады. Балалар өздерінің  іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың  қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді.

Екі жастағы  бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын  музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым  ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен  сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда  болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.

Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен  баланың қоршаған ортамен байланысы  кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің  талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып  әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда  болады: бала құрбылары мен олардың  әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық  танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Екі жастағы балалардың дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда  болады, сондықтан да тәрбие жұмысында  әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. 

 

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ 

 

Үйде

1 жас-

1 жас 6 ай

1 жас 6 ай-

2 жас

Ұйқыдан тұру, таңертеңгі тазалық шаралары

7.40-8.00

7.30-8.00

Мектепке дейінгі ұйымда

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар

8.00-9.00

8.00-9.00

Тақғы ас

9.00-9.50

9.00-9.40

Баланың дербес ойындары

9.50-10.00

 

Ұйқы

10.00-11.40

Үлкендердің жетекшілігімен пәндік іс-әрекет немесе серуен

 

9.40.-11.40

Біртіндеп тұру, түскі ас

11.40-12.00

 

Түскі ас

 

11.40-12.30

Ұйқы

 

12.30-15.00

Белсенді сергектік

12.00-12.40

 

Екінші ұйқы

12.40-15.20

 

Ұйқыдан біртіндеп тұру, сауықтыру  және гигиеналық шаралар

15.20-16.00

15.00-15.40

Бесін ас

16.00-16.40

15.40-16.30

Пәндік іс-әрекет немесе серуен

16.40-18.00

16.30-18.00

Балалардың үйге қайтуы

18.30-ғадейін

18.30-ға дейін

Үйде

Серуен

Кешкі ас, сабырлы ойындар

18.30-19.00 19.00-20.00

18.30-19.30 19.30-20.00

Түнгі ұйқы

20.00-7.40

20.00-7.30


 

  

 

«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ 

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: Бала денсаулығын нығайту, оның ағзасының қызметі мен жүйесін дамыту.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- дене шынықтыру;

- балалардың  өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру  - дербес қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық  дағдылар, салауатты өмір салты  мен сауықтыру-шынықтыру шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Дене шынықтыру

Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.

Міндеттері:

1. Жүру  және басқа да негізгі қимыл түрлерін (еңбектеу, өрмелеу, допты лақтыру, жүгіру және жоғары секіру және т.б.) жетілдіру, тепе-теңдікті дамыту, дұрыс дене бітімін қалыптастыру.

2. Май  табанды болдырмаудың алдын алу  шараларын жүзеге асыру және  қимыл үйлесімділігін дамыту, басқа  балалармен кейбір қимылдарды  бірге орындауға үйрету.

Мазмұны:

1 жас - 1 жас 6 ай

Жүру және тепе-теңдік сақтау:

- белгілі бағытта жолмен жүру (клеёнка);

- еденде  жатқан таяқшалар, ленталар мен  жіптерден аттап, көлбеу тақтай  бойымен жоғары көтерілу, төмен  түсу;

- жәшікке  шығу (биіктігі 10-15 см).

Еңбектеу, өрмелеу: үстелдің, жіптің, доғаның астынан еңбектеуге жаттығу.

Еңбектеп  бөренеден асып өту, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өту; шығыршық ішінен, орындықтың астынан өту.

Лақтыру, домалату, қағып алу: түрлі көлемдегі доптар мен шарларды, әртүрлі ойыншықтарды жинау, бір орыннан екінші орынға ауыстыру дағдыларын дамыту. Допты бір немесе екі қолмен төменгі жақтан алға лақтыру, кәрзеңкеге салу.

1 жас  6 ай - 2 жас

Жүру және тепе-теңдік сақтау:

- бір-бірінің  қолынан ұстап үлкендердің артынан,  бірінің артынан бірі, топпен  бірге (5-7 адам) жүру;

- шеңбер  бойымен жүру;

- таяқша  мен жіптен аттап жүру;

- жол  бойымен, көлбеу тақтай үстімен  жүру;

- гимнастикалық  орындықтың үстімен (тәрбиешінің  көмегімен) жүру;

- жәшіктің  үстіне (10-15 см) шығып, түсу.

Жүгіру: түзу бағытпен жүгіруге үйрету.

Жалпы дамыту жаттығулары: ересектердің көрсетуімен қимылдар жасауға үйрету - қолды жоғары көтеріп, түсіру; қолды алға созу; қолды артқа жасыру; саусақтарды ашып-жұму; еденді тықылдату (тізе бүге отырып); бір-біріне заттарды бере отыра, оңға, солға бұрылуға үйрету

Еңбектеу, өрмелеу:

Еңбектеп  бөренеден асып өту, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өту; шығыршық ішінен, орындықтың астынан еңбектеп өту, сатыға (биіктігі 1,5 м) өрмелеу.

Лақтыру, домалату, қағып алу: допты жоғары лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-біріне беру, гимнастикалық орындық пен тартылған жіп (бала көзінің деңгейінде) арқылы әртүрлі заттарды бір-біріне лақтыру.

Жыл аяғында  бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- белгілі  бағыт бойымен жүру: жолмен, көлбеу  тақтай бойымен жоғары, төмен,  жіпті, лентаны, таяқшаны аттап  жүруді;

- түзу  бағытта жүгіруді;

- бөренеден  еңбектеп асып түсуді, параллель  жатқан жіптердің арасынан еңбектеп  өтуді;

- шығыршық  іші мен орындықтың астынан  еңбектеп өту, сатыға (биіктігі 1,5 м) өрмелеуді;

- ересектердің  көрсетуімен жалпы дамыту жаттығуларын  орындауды;

- допты  жоғарыға лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-біріне  беруді;

- гимнастикалық  орындық пен тартылған жіп арқылы әртүрлі заттарды бір-біріне лақтыруды білуі тиіс.

Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мақсаты: балалардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру, олардың сергек күйін қолдау және шаршаудың алдын алу, қарапайым өзіне-өзі қызмет ету мен ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балалардың  қозғалыс белсенділігін ынталандыруға, қозғалыстың негізгі түрлерін дамытуға мүмкіндік туғызу, қимыл-қозғалыс тәжірибелерін жинақтауға жағдайлар жасау.

2. Балалардың  бойында тазалық пен ұқыптылыққа  деген қажеттіліктерін қалыптастыру. Алдын ала меңгерген мәдени-гигиеналық  дағдыларды бекіту және жаңа  біліктерді қалыптастыру.

Мазмұны:

Дербес қимыл іс-әрекеті:

Балаларды түрлі қозғалыс белсенділігіне ынталандыру. Бөлмеде және серуенде түрлі қимылдарды қолданып, арбалармен, ойыншықтармен дербес ойындарды ұйымдастыру. Қимылды ойындарға қатыстыру, ересектермен жұптасып түрлі қимылдарды орындау.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

1 жас  - 1 жас 6 ай

Тамақтануда:

- үнемі  тамақтану алдында баланың қолын жуу;

- 1 жастан  бастап 1 жас 3 айға дейін қасықпен  қою тамақты, ал 1 жас 4-5 айдан  бастап кез-келген тамақты өз  бетімен іше білуге үйрету;

- нанды  сорпа ішу кезінде жеу;

- тамақты  өз ыдысынан ғана ішу;

- балаларға  арналған орындыққа өз бетімен  отыру, ересек адам орындықты  үстелге жақындатады, тамақ ішіп  болған соң, ересектердің айтуымен, өз орындығын орнына итеріп  қою.

Дәретханаға дұрыс отыруға үйрету.

Баланың қолдарын өз бетімен жууын, киімдерін  киюін және шешуін, бәтеңкесінің бауын  байлауын, киімінің түймесін ағытуын, бас киімін шешуін мадақтау.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері