ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

В работе исследуется история возникновения исламской религии на Аравийском полуострове в первой половине 7-го века6 рассматривается история распространения религии в ближайшие страны, определяются основные предпосылки экспорта ислама, причины исламизации близлежащих стран, изучаются основные направления и секты в исламской религии

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15



І-тарау. VII ғасырдың басындағы Арабстан және ислам дінінің пайда

болуының алғышарттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33



ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық соғыстары және ислам дінінің
әлемдік дінге айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49


ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64



Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67

Сілтемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші . . . . . . . . . . . . . 72-74

Файлы: 1 файл

ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать)

      Осылайша, VII ғасыр басында Арабстан саяси, әлеуметтік, идео-логиялық дағдарыстарды басынан өткізіп жатты. Бұл дағдарысты тай-палардың бірігуіне, орталықтанған мемлекет құруға, тайпалық көп құдайлықты және әлеуметтік қайшылықтарды жоюға бағытталған жаңа идея арқылы шешуге мүмкін еді. Сол кездегі араб қоғамындағы адам-дардың сана сезіміне әсер ететін негізгі күш дін болғандықтан, және орта ғасырлық тарихи жағдайларға байланысты бұл мәселені тек жаңа діни идеология ғана шеше алатын еді. Бұл идеология ислам діні болды.

      Жаңа діннің негізін салушы Мұхаммед. Ол кедейленген хашим руынан шыққан. 570 жылы Меккеде туып, 632 жылы Мединада қайтыс болады. Ол өз уағызын туған қаласы Меккеден бастап, 622 жылы Йасрибке қоныс аударды, кейінірек бұл қаланың аты Медина (дәлірек айтқанда аль-Мадина «Пайғамбар қаласы дегенді білдіреді», «Мадинат ун-наби» қысқартылып алынған) деп өзгертілді. Мұхаммед үйіне жал-ғастырып өзі салған мешітіндс (Масджид ун-наби) жерленгсн.

      Мұсылман тарихнамасында исламға дейінгі араб тарихының кезеңі «джахилийа» (қараңғылық - надандық) деп аталады. Бұл сөз Құранда да қолданылады. Исламтануда әдеттс бұл терминді «түтқа табынушылық» деп аударады. Пайда болған кезінде ислам Арабстан түбегі халқының арасында таралған бірқатар сенімдер мен діндердің элементтерін сіңірген синкретті дін болды.31 Алғашқы кезде исламның діни сипатына әсер етуші сенімдерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: исламға дейінгі ежелгі діни сенімдер, иудаизм, христиан діні және маздеизм.

      Исламға дейінгі пұтқа табынушылық-фетишизм, тотемизм, таби-ғат күштері мен құбылыстарына, әсіресе аспан шырақтары және поли-демонизмге бас ұру элементтерінің ретсіз қосылысы болды. Перілср ұрпақ беретін екі жыныстың антропоморфты және антропопатты тірі организм ретінде көрсетілді.

      Кейбір құдай перілер тайпалар арасында кең таралды. Бұл көбі-несс астральды денелерді бейнелейтін әйел құдайларына қатысты, атап айтқанда Лат, Уэза және Манат. Меккеде тұратын күрейш тайпасы үшін, құдай «қара тас» үлгісінде көрсетілгсн Алла болды. Бұл исламға дейінгі және өзінің жалпы семиттік түбірімен Эл, Элохамен байла-нысты құдайдың өте ежелгі аты.

      Алғашқы кездегі исламға, иудаизмның ықпалы, ежелгі араб діни сенімдерінен қарағанда біршама артық болмаса, кем емес.31 Арабстанда иудаизм жолын ұстаушылар аз болған жоқ. IV ғасырда Йемен иуда-измді ресми түрде қабылдағаны белгілі. Екі өсиеттегі Ной-Нұх, Ав-раам-Ибрахим, Моисей-Мұса Мұхаммедтен бұрын өмір сүрген пайғам-барлар Құранда орын алды.

     Христиан дінінің әсері де байқалды. Бұл уақытта Месопатамия, Ирак, Сирия, Палестинада тұратын араб тайпаларының едәуір бөлігі христиандар болды және де олар христиандықтың несториан, монофи-зит формаларындағы жолын ұстады. Иисус Христос Иса есімімен Мұхаммедтен бұрын болған пайғамбарлар арасында тікелей өз орнын алды. Кейбір жаңа өсиеттік үзінділер де Құраннан көрініс тапты.

      Иудей-христиандық және белгілі мөлшерде зороастрлық ықпал-дарды ислам ханифизм арқылы қабылдады. Ханифизм діни өнегелік ілім ретінде Йеменде қалыптасып, бүкіл батыс Арабстанға тарады. Бұл елде бірқұдайлық идеясы мен тақуалық әдеттен тыс құбылыс болмады, өйткені халықтың көпшілігі христиан, иудаизм сияқты монотеистік діндердің ықпалын сезінген еді және бірқатары ханифизмді сол діндер-дің бірі ретінде қабылдады.

      Ханифизм монотеизмнің арабтық формасы ретінде политеизммен күрес жүргізе бастады. Ең алдымен ханифтер оның пұтқа табынушылық ретінде көрінген түрімен күресті. Тайпалық және жергілікті құдайларға қарсы өздерінің рахманын қарсы қоя біліп, жалпы арабтарға ортақ дін идеясын таратты. Меккеде ханифтер өте табанды күрес жүргізуі керек болды, өйткені басқа тайпалармен салыстырғанда мұнда политеистік діннің негізі берік, салт жоралары жақсы ұйымдастырылған болды.

     «Сира» Мұхаммедтің діни қызметінің бастапқы кезінде оны қатардағы ханиф ретінде көрсетеді. Мекке ханифтерінің діни ілімдері Құранның «рахмандық» сүрелерінде баяндалған.

      Тарихи аңыз және буржуазиялық еуропалық исламтануышлары ханифизмнің меккелік формасын Мұхаммедпен байланыстырады, бірақ ол Меккеде кең тарай алмады. Бұл құбылыстың себебін, күрейш билік етуші топтарының жаңа ілімге қарсылық көрсетуінен ғана іздемеу керек. Ханифизмнің Меккеде таралуын шектейтін әлеуметтік себептер де өте маңызды болды. Тайпалармен салыстырғанда, бұл қаладағы әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар шиеленіскен жағдайда болды. Меккеліктер билік етуші топтың озбырлығынан, өсімқорлық қанаудан құтылуға тырысты. Меккелік ханифизм болса қаналған және кедейлен-гендерді қанағаттандырып, өздеріне тарта алмады. Ол әлем апатының келешегін қызығарлықтай көрсетпеді, жақсы өмір өлгеннен кейін ғана болады деп, діндарлар назарын о дүниелік өмірге аударды. Болашақта-ғы ақырзаман апаттарымен және тамұқтағы азаппен қорқыту сол кез-дегі арабтарға айтарлықтай ықпал етпеді. Мұны о дүниелік өмірге сен-беудің кең таралғанымен және меккеліктердің іскерлігімен түсіндіруге болады.

      Халықтың әлеуметтік қажеттіліктерінің әсерімен, Мекке хани-физмі өз дамуының келесі кезеңіне өтті, бұл кезенді «ислам» деп атал-ған жаңа діннің қалыптасуы деп қарастыруға болады.

      Исламның пайда болған кездегі діни ілімдері «меккелік пайғам-барлық» сүрелерде көрініс тапты. Онда Алланың бірлігімен қоса «Алла елшісі» (расул Аллах) жайлы тағы бір догма айтылды. Ол адамдар мен жоғарғы күш иесі аралығындағы жалғыз елші екендігі айтылады.32

      Тарих аңыздарға сәйкес Мұхаммед және оның жолын қуушылар-дың барлығы дерлік, қалың бұқараның орта және кедейленген тобынан шыққан. Мұхаммед ықпалы жоқ, кедейленген хашим руынан шыққан.

     Алғашқы мұсылмандардың Меккедегі қызметі сәтсіздікке ұшы-рады. Мұхаммедтің өз уағызымен көпшілік алдына шығып сөйлеуге мүмкіндігі бола бермейтін, оны тындау үшін және оның жолын қуушы-лардың намаз оқуы үшін оларға қала сыртында немесе қудалаудан қорыққандықтан тау «шатқалдарына» жиналуларына тура келді.

      Исламның Меккеде сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі оның әлеуметтік мазмұнында болды. Мүліктік және әлеуметтік теңсіздік Құранда Алла белгілеген тәртіп ретінде қарастырылған. Демек ол жойылмайды және өзгертілмейді. Құлдық та әлеуметтік институттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылған. Байларды және билеп төстеу-шілерді жазалау қиял ғажайып о дүниелік өмірге ауыстырылған, тек өлгеннен кейін ғана дін тәртібін ұстаушылар жұмақ бағына түсіп, бар-лық тұрмыс ауыртпалығы мен материалдық мұқтаждықтардан құтыла-ды. Жердегі өмірде дін тәртібін ұстаушы о дүниедегі жақсы өмір үшін әрқашан «көнгіштік» және «төзімділік» көрсетіп отыруы қажет. Құран бойынша бұл қасиеттср Алла мен оның елшісіне сенім сияқты өте қажет.

     Аңыз бойынша Мұхаммед, уағыздау қызметін 610 жылы, қырық жасында бастады, тек он екі жылдан кейін ғана туған қаласында табыс-қа жетудің мүмкін еместігіне көзі жетті. Көршілес Тайф қаласынан жақтастар табу әрекеті де табыссыз болды: оны тұрғындар бұршақша тас атып қарсы алды. Алғашқы мұсылмандар бұл жағдайдың шешімін Йасрибке (кейінірек Медина) қоныс аударудан тапты. Бұл қоныс аудару 622 жылдың күзінде болды.

      Йасриб, елді мекендері бір-бірінен өнделген егістіктермен, бақ-тармен, бақшалармен және пальма шоқ тоғайларымен бөлініп жатқан кең оазис. Негізгі тұрғындары, кейнука, курейза, надир деп аталатын үш еврей тайпасы мен аус, хазрадж деп аталатын араб тайпалары.33

      Мединада Мекке қоныс аударушылары «мұхаджирлер», яғни хижраны жасағандар дегенді білдіреді, ал Мұхаммедтің діни беделін мойындаған мединалықтар өз атауларын сақтап, «насара» сияқты «н-с-р» түбірінсн «ансарлар» деп аталды. Мединада мұхаджирлер мен ансарлар ерекше ұйым – «діни қауым» – «умманы» құрды. Оның Арабстандағы адамдар бірлестігінен айырмашылығы сол, оның қыз-меті, мүшелерінің бір дін құрамында болуымен негізделді.

     Мұсылман уммасы теократиятық ұйым болды: оның құрамында-ғылар, бізді Алла өз елшісі арқылы басқарып отыр деп сенді. Мұсыл-ман қауымы (умма) муминун – «діншілдерді» біріктірді. Оның жоғарғы тобында мұхаджирлер тұрды; олардың арасынан қауым басшылары шықты; көпшілікті құрайтын ансарлар бағынышты жағдайда болды. Құранда муминун «діншілдерге» «муслимун» яғни бас иіп бағындыр-ғандар қарсы қойылды. Олар қауымға саяси тәуелді болды, оның бас-шыларының бұйрықтарын орындады, қауым қазынасына зекет төледі.

     «Сираға» сәйкес Мұхаммед Мединаға хазрадж тайпасының шақы-руымен келіп, осы тайпаның қонағы болады. Бірақ ол өзге тайпаға тәуелді, оның қорғаштауында болмай, бірден дербес өмір сүрді.

      Қоныс аударудан кейін бірнеше жылдан соң Мединаның барлық араб тұрғындары мұсылман қауымының құрамына кірді, ал «еврей» тайпалары жартылай қырып жойылды немесе көшірілді. Алламен тұрақты қарым қатынаста болатын дін оқытушысы ретінде Мұхаммед, Мединаның билеушісі, әскербасы және қазылық қызметін атқарды.

      Күрейштерге дұшпан мединалықтар Мұхаммедті қуана қарсы алды (оның анасы Йасрибте туып өскен). Мұхаммед Мединаға келген-нен кейін, бұл қала тұрғындарының көпшілігінің ислам дініне енуі зор табыс болды. Сондықтан 622 жыл, жаңа мұсылман дәуірінің (арабша-хижра) бірінші жылы болып есептеледі. 34

      Таптардың пайда болу процесі және тайпалар ішіндегі әлеуметтік қайшылықтардың өсуі, Арабстанның саяси бірігуінің негізгі алты шарты болды. Ислам өзінің қатаң монотеизмімен және тайпалық бөлі-нулерге қарамастан, барлық мұсылмандардың «бауырластығын» уағыз-дауымен Арабстанды біріктірудің нағыз идеологиялық құралы болды. Сондықтан мұсылмандық қысқа мерзімде саяси күшке айналды. Мұсылман қауымы Арабстанның саяси бірігуінің орталығына айналды. Осы кезде мұсылман қауымының арасында қайшылықтар көріне бас-тады. Жер шаруашылығындағы және көшпелі бұқара халық барлық мұсылмандардың «бауырластығы» ілімін әлеуметтік теңдік бағдарла-масы ретінде қабылдап, өсімқорлар мен саудагерлердің ұясы ретінде, төменгі әлеуметтік топтар Меккеге жеккөрінішпен қарап, оған қарсы жорыққа шығуды талап етті. Мұсылман қауымының билеуші табы болса, Мекке көпестерімен келісімге келуге тырысты. Меккенің билеу-ші табы да, мұсылмандарға деген көзқарасын өзгерте бастады, олардың бастауымен Арабстанның бірігуін, Мекке мүддесіне пайдалануға тырысты. Мұсылман басшылары, Мекке күрейштерінің басқарушысы, Омейя руынан шыққан аса бай құлиеленуші және көпес Абу Суфьянмен құпия келіссөз жүргізе бастады. Ақырында олар 630 жылы Худайби келісіміне қол қойды, ол бойынша меккеліктер Мұхаммедті пайғамбар және Арабстанның саяси басшысы ретінде мойындап, исламды қабыл-дауға келісім берді. Күрейш тайпасының билеуші топтары өз ықпалын сақтап қалды. Кааба жалпы мұсылмандық ғибадатханаға айналып, тай-палық пұт құдайларынан тазартылды. Осылайша, Мекке қажылық орны болып қала берді және экономикалық маңызын да жоғалтпады. 632 жылы Мұхаммедтің Меккеге арнайы қажылығы бұл қаланың статусын бекітіп бергендей болды. Көшпелі және отырықшы араб тайпаларының бір халық болып бірігуінің алғышарттары қалыптасты: VII ғасырдан бастап көшпелі және отырықшы араб тайпаларында біркелкі террито-рия және ортақ тіл, араб тілі қалыптаса бастаған еді.35

      Мұхаммед өмірінің аяғында, Арабстан түбегін түгел дерлік алып жатқан ислам теократиялық державасы қалыптасты. Сөз жүзінде бүкіл түбек халқы мұсылман болды; ал шындығына келгенде бұл мүлде олай емес еді. Тайпалардың аз бөлігі ғана ислам жолын ұстады, көпшілігінде бұл діннің оларға қоятын талабы туралы түсініктер де болмады, демек олардың пайғамбарға бағыныштылығы тек қана саяси бағыну болды. Діни және саяси көзқарастары бойынша исламға оппозиция құрған топтар да болды, олар: Йемендегі ханифиттер, сонымен қатар иудей мен христиан діндеріне адалдық сақтағандар болды. Пайғамбардың жолын қуушылардың арасында ынтымақ болмады. Мекке қоныс ауда-рушылары-мұхаджирлер мен Мединада қосылған ансарлар арасында тұрақты бақталастық орын алды, қозғалыстың ықпалды элементін құраған бедуиндер үнемі толқып отырды.

      Жалпы араб мемлекетінің діни және саяси басқару формасы, діни және ақсүйектік (әмірлік және имандық) биліктің Мұхаммедтің қолын-да болуымен белгіленді. Бұл оның жеке басының пайғамбар мәртебе-сімен түсіндірілді. Мұхаммедтен кейін басқаруға қатысты бұл жағдай өзгеріссіз қалды, себебі оның мирасқорлары «халифтер», яғни оның қызметін атқаратын, пайғамбардың орынбасарлары болды. Діни тұрғы-дан өзгерген тек, пайғамбар-құдай елес арқылы жіберетін ашылулар және оның жекелеген үзінділерін басшылыққа алады делінсе, халифтер мұндай қатесіз шешім көзінің иесі болмады.36

      Мұхаммед 632 жылы, шамамен 27 мамыр мен 25 маусым аралы-ғында қайтыс болды. Мұхаммед өз мирасқорларына, дербес діни ілімге қажеттінің бәрін, адам мен құдай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы концепциясынан бастап, діншілдердің туған тілінде, оларға үй-реншікті бейне мен түсінік жүйесіндегі нақты ережелерге бағындырыл-ған, ырым жораларға дейін қарастырған айтарлықтай жекеленген және аяқталған діни жүйе қалдырды. Бірақ оның жолын қуушылар қауымы әр жолдармен жүрді: Арабстан түбегі халқының діні болу немесе шы-нымен орын алғандай оның шегіне шығып, әлемдік үш діннің бірі болу.

      Алайда бұл жолдардың ешқайсысы діннің өзінің мәнімен бағдар-ланбады: тендей таласта, діни ілім ретінде ислам, теологияға қызмет еткен антикалық философия мен логиканың мықты арсеналы бар хрис-тианствоны ығыстыруы күмән келтірді. Монотеизмнің арабтық вариан-ты, Арабстан тұрғындарының кабылдауына ыңғайлы болғанмен, көне өркениет елдерінің халқына жақын болмады. Арабстан шегінен тыс, экспансия жолымен жүру үшін ислам мемлекеттік дін болуы керек еді.

      Мұхаммед бір тайпаны немесе ауданды, басқа тайпаның басып алуымен байланысты емес (көптеген тайпалар исламды кабылдауды күрейштерге бағыну деп бағалағанмен) тайпалықтан тыс жаңа бірлес-тікке кіру қажеттілігі ішкі сана сезіммен бекітілді. Бірақ бұл әлі ұйым-дасқан қаржы жүйесі, әкімшілік аппараты, армиясы болған мемлекет болған жоқ. Мұсылман бірлестігін мемлекеттік құрылым ретінде басқа-руға қатысты, жекелеген үлгілер мен жаңа идея бағыттарында қайта ойластыру қажет, пұтқа табынушы тайпалардың саяси тәжірибесінен басқа арнайы ұйғарым болған жоқ.

Информация о работе ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ