Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 16:36, реферат
Мүндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық қүқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастар- ды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мүндай қүқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән қүқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міңдеттейді.
Кіріспе
1. Қылмыстық құқық
2. Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері
3. Жауап алуды жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнінде
3.Айыпталушының қылмыс жасаудан өзінің кінәсін
4. Жәбірленушіден іс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ өзара қарым-қатынас туралы жауап алынады. Егер ол өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, жәбірленуші хабарлаған мәлімет дәлелдеме бола алмайды.
1) сезіктімен
2) айыпталушымен
3) куәлармен
Куәдан кез-келген іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде
1) айыпталушының,
2) жәбірленушінің жеке басы туралы,өзінің олармен
Айыпкерді білетін, көрген адамдардан оның қай жерде, қайда кеткенін сұрау арқылы жауап алынады. Бірақ ол қылмыстық іске қатынасы жоқ. Куә ретінде жауап алынады. Жауап алу арқылы алынатын мәлімет қылмысқа байланысты емес, бірақ қылмыскерді ұстауға байланысты мәліметтер осы жауап алу арқылы анықтаймыз. Жауап алудың мәлімет беру шеңбері басқа тергеу әрекетіне қарағанда кеңірек.
Мысалы: іс бойынша екі тергеу эксперименті жүргізілуі мүмкін. Жауап алу - негізгі тергеушінің жұмыстарына әсер ететін тергеу әрекеті.
Тергеу процеcсі
кезінде әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде
тергеуші қылмыстың жағдайы туралы шындыққа
жету үстінде қарама -қайшылықтардың түрлі
формаларымен кездеседі.Яғни, жауап алу
үстінде жауап алынатын адам мен жауап
алынатын адамдардың негізгі бағыттары
қарама-қайшы болуы мүмкін, ал осы қарама-қайшылықтар
Алдын ала тергеу процесі кезінде тергеу процесінің динамикалық сипаттарының бірі - тергеуші мен айыпталушы және басқа да қатысушыларының арасында өзара байланыс, диалог туындайды.
Шындықты іздеп анықтау үшін диалогты тергеушінің дұрыс қолдана білуін біз тергеудің жоғарғы мәдениетті белгісі есебінде танимыз. Бұл үшін тергеушіден әрекет етуші заңды дұрыс, жақсы білуі және процессуалдық заң нормаларын тиімді қолдануы, және де этика нормаларын сақтауы талап етіледі. Көбі жауап алуды тергеуші мен жауап алынатын адам арасындағы күрес деп түсінеді. Бұл түсінік дұрыс емес, бұл көзқарас 30-40 жылдардағы күштеу саясатымен байлаyысты.
Гуманизм принциптеріне сүйене отырып жауап алуды - шындықты іздеу және анықтау процесіндегі тергеуші мен жауап алынатын адам арасындағы диалог есебінде қарастыруымыз керек. Екіншіден, жауап алу занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады.
Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жәбірленушіден, куәдан, сезікті адамнан және айыпталушыдан жауап алу деп бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді.
Кімнен жауап алынса да, ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті. Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда жауап алынатын адамның психологиясын ұға білу қажет.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, судьяның оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді.
Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Ал тергеу процесінде қылмыскер есебінде- сезікті немесе айыпталушы болуы мүмкін. Сезіктіні қылмыскер-ау деп сезіктенеміз, ал айыпталушыны қылмыс жасады деп айыптаймыз. Бірақ сезікті мен айыпталушыны нақты қылмыскер деп санауға болмайды. Өйткені кінәсіздік презумциясы бойынша айыпталушыны кінәлі деп тану туралы сот үкімі шықпайынша оны қылмыскер деп те тануға болмайды. Сондықтан да іс бойынша негізгі сұрақты шешу кезінде, яғни, сезіктінің немесе айыпталушының қылмысты жасағандығын немесе жасамағандығын анықтау үшін, олардың психологиясын түсіну керек.
Кінәлі адам қылмысқа қатыстылығын жасыру үшін және жауаптылықтан құтылу үшін өз қылмысын жасырады. Сондықтан да, олардың психикалық процесстерінде өз сезімін жасыру және жалған сезімдер қалыптастыру тенденциялары пайда болады.
Егерде сезікгі мен айыпталушы процессуалдық жағдайларында көптеген айырмашылықтар болса, психологиялық аспектілерінде айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Әдетте, сезікті бірде өзіне сенімді болып, белсенді әрекеттер жасаса, кей жағдайларда керісінше депрессиялық жағдайда болады.
Сезіктіге қарағанда айыпталушы іс бойынша көптеген мән-жайларды және тергеудегі дәлелдемелердің мазмұнын көбірек біледі. Бірақ алды ала тергеуде сезіктіде де, айыпталушыда да ұқсас психологиялық жағдайлар байқалады. Осыған байланысты олардың ниеттері, әрекеттері және де тәртіптерінің ерекшеліктері де ұқсас болып келеді.
Сезіктіні және айыпталушының психикалық жағдайы, олардың әрекеттерінің ниеті және жеке ерекшеліктері олардың алдын ала тергеудегі тәртібін анықтайды, ал мұның бәрі тергеушіге қандай тиімді тактикалық және психологиялық әдістерді қолдануына, олармен психологиялық қатынастар тудыруына септігін тигізеді.
Қылмыс жасаған адам қылмысының әшкереленуінен және оны күтіп тұрған жазадан қорқады. Мұның бәрі қылмыскердің психикасына әсер етеді, яғни, оның жағдайды дұрыс бағалауына кедергі келтіреді, өзін-өзі ұстауын, өзін-өзі қадағалауын нашарлатады, яғни, сезікті мен айыпталушыны депрессиялық жағдайға әкеледі. Әдетте қылмыстық жазаға тартпас бұрын қылмыс жасаған адамның бетінде қорқыныш байқалады. Мұндай психологиялық жағдай жауап алынатын адаммен психологиялық қарым-қатынас жасауға, жауап алу әдістерінің тиімділігіне кері әсер тигізеді.
Жауап алу кезінде айыпталушының жаны тынышсыз, қобалжу күйінде болады, істеген әрекеті жайында туған - туыстары, жолдастары, әріптестері, кәршілері біліп қояды деп қорқып, ұялады. Мұндай жағдайда тергеушінің мақсаты -жауап беруші адамға әділ және толық жауап беруін, және де тек осы жағдайда ғана оған жақын адамдардың көз қарастары сақталатынын түсіндіру.
Әдетте, тергеушілер айналадағы адамдардың ойы оларды ойландырмайтын айыпталушылармен ( рецидивистермен) де кездеседі. Мұндай айыпталушылар әрине "ұрлық үстінде ұсталмаған адам ұры емес", "ақшаның иесі жоқ" деген принциптерді басшылыққа алады. Мұндай айыпталушылар бір нәрседен айырыламыз деп қорықпайды. Сондықтан да жауап алу кезінде әділ жауап беруден жалтарады.
Сонымен қатар, әділ жауап беруден жалтаратын адамдар - бұл бірінші рет қылмыс жасаған адамдар. Олар қылмыскердің арасына баруға және күтіп тұрған жазадан қорқады, сол себептен, яғни, жазадан құтылып кету мақсатында жалған жауап береді. Мұндай жағдайда тергеуші айыпталушының психологиялық жағдайын пайдаланып айыпталушыға шын жүректен, ағынан жарылып шынын айтса, қылмыстың ашылуына көмектессе, сот оған жауаптылығын жеңілдетіп жағдайларды қолданатынын түсіндіреді.
Өмірде сезікті немесе айыпталушы ретіндегі кінәсіз адамның психологиялық жағдайы ерекше орын алады. Осындай жағдайдағы сезіктімен айыпталушылар таңғалу, күйіну, ренжу сезімдерін сезінеді, өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеуге тырысады, мұндай негізсіз кінәден тезірек арылуға асығады, сонымен қатар кінәлі еместігін дәлелдей алмаудан қорқады.
Жауап алудың тиімділігі көбінесе сезікті мен айыпталушының
психологиялық жағдайымен тығыз байланысты.
Тергеуші жауап алу кезінде жауап алуға қолайлы
психологиялық жағдайларды
Қылмыскерде қылмыс жасалғаннан кейін қылық уликасы
Тағы да бір айтатын жағдай, қылмысты мойындап өз қателігін дұрыс түсінген айыпталушылардан аса маңызды мәліметгер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Соңдықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойынына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қортындысына ғана негізделуі тиіс.
Ғылым ретінде жауап алудағы заң психологиясының мақсаты
- тергеушінің жауап алу кезіндегі
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәгер жәбірленушіден не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін , әр жауап алғанда қандай мәселелерге назар аудару керек екендігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгіленген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде осы адамның мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, қандай адам екенін біліп онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта , қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәгердің денсаулығы, жасы есепке алынуы керек. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып , көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытын белгіленгенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мүқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекетгері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәгерден жауап алғанда педагог, дәрігер не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәгердің ата-анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады. Жауап алынатын әр адамға арнап құрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз жас тергеушілерге өте қажет. Көп эпизодты істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 82-бабы куәнәі процессуалдық жағдайын қарастырған, ал осы заңның 86-бабы куәгердің процессуалдық жағдайын қарастырады. Осыған орай, айтылып отырғандар екі бір-біріне тәуелсіз екі бөлек тұлға болса керек еді, ал бірақта ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде куәні бірде «куә» деп, бірде «куәгер» деп көрсете береді. Ал ҚР Қылмыстық кодекстің 352- және 353-баптарына сай көрінеу жалған жауап бергені үшін және жауап беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін «куәні» емес «куәгерді» қылмыстық жауапқа тартуды қарастырған. Осы заң шыққанға дейін «куәгер» (ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында көрсетілген тұлға) әртүрлі аталып келді. Мысалы, «айғақтар», «айғақтаушы адамадар» және басқалар.