Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 16:36, реферат

Краткое описание

Мүндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық қүқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастар- ды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мүндай қүқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән қүқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міңдеттейді.

Оглавление

Кіріспе
1. Қылмыстық құқық
2. Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері
3. Жауап алуды жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

жауап алу тактикасы.docx

— 47.17 Кб (Скачать)

Жоспар 

 

 

 

Кіріспе 

1. Қылмыстық құқық

2.  Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері 

3.  Жауап алуды жүргізу

Қорытынды  

Қолданылған  әдебиеттер   

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

        Қылмыстық құқық жеке қүқық  саласы ретінде адамды, оның құқықтары  мен бостандықтарын, қоғамды және  мемлекетті қылмыстық қол сүғушылықтан  қорғауға бағытталған қоғамдық  қаты- настарды реттейді. Мүндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық қүқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастар- ды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мүндай қүқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән қүқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міңдеттейді. Сонымен, қылмыстық қүқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты кылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қьшмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.    Екіншіден, қылмыстық қүқық нормасы арқылы жазамен қорқытьш, тыйым сальнған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бүзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық қүқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген қүқықтық функдияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық қүқық қылмыстық қүқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді үстауда әрбір азамат занда белгіленген тәртіппен қорғануға қүқылы. Бүл мәселе тек қылмыстық қүқықтық норма арқылы реттеледі. Қылмыстық қүқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық қүқық — бүл жалпы қүқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы үғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық қүқық курсы деген түсінікті білдіреді. Қылмыстық қүқық пәнін қүқық саласы ретінде қарастырған- да жалпы қүқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы қүқық саласына да тән екеңдігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық қүқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке қүқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмүн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар қүқық саласы болыптабылады. Қүқық саласы ретінде қылмыстық қүқық заң шығарушы оргаңдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жау аптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарт- тарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормаларының жиынтығы болып табылады.  Басқа қүқық салалары сияқты қылмыстық қүқықтың да негізгі зандылық базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық қүқықтың ережелері мен институттарының мазмүны қолданылып жүрген қылмыстық қүқықтың нормаларында анық корсетілген. Қылмыстық құқык нормалары мазмүнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық қүқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.

Бүл нормалар қылмыстық қүқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.

Екінші бір  нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің  немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын  жазаньщ түрлері мен шегіп  белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық  қүқықтың Ерекше бөлімінің мазмүнын қүрайды.

Қылмыстық қүқық  жеке қүқық  саласы ретінде мынадай  өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:

Қылмыстық қүқық  пәні қылмыс істеуге байланысты пайда  болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мүндай ретте қылмыстық қүқықтық қатьшастардьщ субъектілері болып бір жағьшан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мем- лекет атынан шара қолданатын мемлекеттік қүқық қолдану және қүкяқ қорғау органдары болады.

Белгілі бір  әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тыйым салып, оны бүзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормалар- ды белгілеу — мемлекеттің қүзыреті. Осы түрғыдағы қоғамдык катынастарды ретке келтіру кылмыстық күқыққа ғана тән әдіс болып табылады.

Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен түрады.

Қылмыс пен  жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың  негізі және одан босату, қылмыс құрамыңың түсінігі, қылмыстық заңньщ кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайьшдаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық қүқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және қүқық тәртібін қылмысты қол сүғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір-біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178-бабьша жүгінеміз. Бүл бапта тонаудың зандылық , үғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс қүрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29 - баптарына жүгініп, сонда көрсетілген зандылық үғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немёсе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.        

 Қылмыстық қүқық қүқық саласының  жеке саласы болуымен бірге  ол басқа қүқық салаларымен  де тығыз байланысты. Сонымен  бірге қылмыстық қүқық өзінің  бағыты, атқаратын ролі, мәні мен қүқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа қүқық салаларынан оқшауланьш, ажыратылады.

Бүгінгі күні қылмыстық істер  бойынша дәлелдемелердің 80 % жуығы  куәлердің, жәбірленішулердің берген жауаптарына негізделіп отыр. Қылмыстық  істерді тергеу занда көрсетілген  тергеу әрекеттерін қолданып, өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер  кезінде ашып, керекті  дәлелдемелерді кідіртпей, дер кезінде жинап  алу үшін тергеуші заңда көрсетілген  тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерін шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде  дәлелдемелер жинап алу үшін осы  сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер  мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыстың  ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған  айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша  объективті дәлелдемелер жинау.

Мұндай әдісті, тәсілді  қолдану криминалистік тактиканың бірі жауап алу тактикасы қолданылады. Жауап алу тарихы ертеден бастау алған. Әрине, ол замандардың жауап алуы заңдармен реттелмеген, бірақ азамат тарихының даму барсында барлық қоғамдық қатынастар, соның ішінде жауап алу да заңдық реттеуін тапты.

Қазақстан Республикасының  Қылымыстық іс жүргізу кодексінде жауап  алудың процессуалдық негіздері, түсінігі, мақсаттары мен түрлері айқын  көрсетілген.  

Соңғы жылдары елімізде  қылмыстың өсуі,   оның қауіпті  сипат алуы байқалады. Қылмыстың  алдын алу оның болуына   себеп болған жағдайды жою  үшін арнайы әдістерді қолдануды  талап етеді. Мұндай талаптың  бірі жауап алу әдістерімен,  тәсілдерін талқылайық.

Жауап алғанда қылмысты оқиғаға  қатысты мынадай мәліметтер:

- қылмыстың болған уақыты,

- оның орны,

- амал-әдісі,

- қылмысты кімдердің жасағаны,

- оған қанша адамның  қалыптасуы,

- істеген  қылмыстың   зардабы,

- залалы,

- сипаты мен мөлшері  және қылмысты оқиғаның басқа  да мән-жайлары анықталады.

Бұлар занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар. Қылмысты   оқиғаға тікелей  қатынасы бар деректі мәліметтер де алынады. Қылмыскердің қайда жүргенін оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің  ең жақын адамдарына жауап алуға  тура келеді. Жауап алудың  мұңдай аралық түрінің,  қылмысты  оқиғаға  тікелей қатынасы   болмаса  да,  істі тез ашуда,  қылмыскерді  тауып  ұстауда,  істің  кейбір жайын  анықтауда  үлкен маңызы  бар. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын  қылмыскердің  өзінен  артық ешкім  білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап өз қателігін    дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады.  Өйткені істегі деректердің дәлелдемелік күштері  бірдей, бірінің бірінен артықшылығы  жоқ.

            Жауап  алу  дегеніміз - заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. 

Жауап  алу – дәлелдеме жинаудың ең көп тараған тәсілі. Сонымен қатар, жауап алу күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу сатыларында  жауап алудың түрлері кездеседі. Мысалы жауап берушінің процессуалдық  жағдайына байланысты жауап алудың мына түрлерін білеміз:

  • куәдан жауап алу;
  • жәбірленушіден жауап алу;
  • сезіктіден жауап алу;
  • айыпталушыдан жауап алу;
  • сотталушыдан жауап алу.

Жауап алушының процессуалдық  жағдайына байланысты жауап алудың түрлері:

  • аймақтық инспектордың алған жауабы;
  • жедел өкілеттің алған жауабы;
  • анықтаушының алған жауабы;
  • тергеушінің алған жауабы;
  • прокурордың алған жауабы;
  • соттың алған жауабы.

Қылмыстық іс жүргізідің қандай сатысында жауап алғандығына  байланысты жауап алудың түрлері:

  • анықтама кезінде алынған жауап;
  • алдын-ала тергеу кезінде алынған жауап;
  • сотта алынған жауап (соттық тергеуде).

Жауап алудың ерекше бір түрі – беттестіру кезінде алынатын жауап.

Мұндай жауап алудың ерекшеліктері: біріншіден, бұрын жауап алынған  екі адамнан бір жерде, бір  мезгілде жауап алу; екіншіден, ол екі  адамның бір-бірінің алдында әртүрлі  жағдайларға байланысты мүлдем басқаша  жауап беруі мүмкін. Осы мән-жайларды ескере отырып, тергеуші жауап алуға  мұқият дайындалғаны орынды. Жауап  алдың кезектігіне сәйкес мынадай  түрлері бар:

  • алғашқы жауап алу;
  • қайталап жауап алу.

Жауап алудың көлеміне байланысты:

  • негізгі жауап алу;
  • қосымша жауап алу.

Қайталап жауап алу  алғашқы жауаптан соң жауап берушінің  жауабының 

дұрыстығынан күмән туған  жағдайда жүргізіледі.             

       Ал,қосымша жауап  алу алғашқы жауап алу кезінде  толық әрі нақты ашылмаған  мән-жайларды анықтау мақсатымен жүргізіледі.  

         Тергеу әрекетінің  осы түсінігіне тоқталатын  болсақ, жауап алу дегеніміз - бұл тергеушінің  заңда белгіленген тәртіп бойьнша  тұлғадан,  яғни 

1) куәден

2) жәбірленушіден

3) сезіктіден

4) айыпкерден

5) кәмлетке  толмаған жәбірленушіден

іс   бойынша   объективті   шындықты   ашу мақсатында, өзіне   белгілі   мән-жайларды  айтуды ұсыну,  сондай-ақ   сұрақтарды  қою  арқылы әңгімелесу   немесе  сот   психологиясы  тергеуші  мен жауап   алынушының   арасындағы    әңгіме,   диалог болып  табылады.

            Тергеуші  заңды   міндеттерін  орындаушы ретінде қылмыстық  оқиғаны    және  қылмыстық  тұлғаның толық  көлемде  және  объективтік информацияларды алу   мақсатының  ұйымдастырушысы  болып  табылады.

Жауап   алу үстінде   тергеуші   іс  бойынша мәліметттерді  алу үшін    заңды  көрсетілген  барлық тәсілдерді қолдануға, тактикалық әдістерді пайдалануға  тиіс.

Жалпы алғанда, жауап алу-тергеу әрекеттерінің бірі болғандықтан дәлелдеме  ретінде қарастырылады. Процеске қатысушыларды  олардың  заңмен  кепілдік берілген құқықтарымен айыру немесе оларды қысу жолымен немесе  қылмыстық процестің  өзге де ережелерін  бұзумен, оның  ішінде :

1) күш қолдану, қорқыту,  алдау сонымен бірге өзге де  заңсыз әрекеттер  арқылы;

2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің  салдарынан туындаған қылмыстық  процеске қатысушы адамдардың  өз  құқықтары мен  міндеттеріне  қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;

3)  іс  жүргізу  іс-әрекетін  осы  қылмыстық  іс бойынша   іс жүргізуді жүзеге   асыруға   құқығы жоқ  адамның  жүргізуіне  байланысты;

4) іс жүргізу іс-әрекетіне  қарсылық білдіруге жататын адамның  қатысуына  байланысты;

5) іс   жүргізу іс-әрекетін  жүргізудің тәртібін айтарлықтай   бұза  отырып, дәлелдеу  барысында   осы заманғы ғылыми білімге  қайшы келетін әдістерді  қолдану   арқылы  алынып, олар  істі  тергеу  немесе  сотта  қарау  кезінде   алынған  іс жүзіндегі деректердің   дұрыстығына   ықпал  ету   мүмкін болса, дәлел  ретінде   пайдалануға    жол  берілмейді  деп танылуы тиіс Қ.Р.Қ.І.Ж.К.  – 11б бабында көрсетілген.

Тертеушінің кәсіби позициясы, сонымен қатар кәсіптік тәжірбиесіне  және  өзіндік қабілеттігі   жауап алу   жүргізуде  маңызды   жолын  анықтайды.

1) Сезіктінің

2) Айыпталушының

3) Жәбірленушінің

4) Куәнің  айғақтары

Қ.Р.Қ.І.Ж.К  119 бабына сәйкес  анықтау және алдын  ала  тергеу процесінде жауап алуда олар жазбасына  немесе ауызша нысанда   хабарланған  мәліметтер.

1. Сезікті  өзіне   қарсы туып отырған сезік жөнінде,  сондай-ақ  іс бойынша  маңызы  бар  өзіне   белгілі өзге  де  мән-жайлар   мен  дәлелдемелер   туралы айғақтар  беруге құқылы.

2.Айыпталушы өзіне   тағылған сонымен бірге іс  бойынша маңызы  зор,  өзіне  белгілі 

Информация о работе Қылмыстық құқық